«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет92/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Р. Сыздықова. «Ахмет Байтұрсынов». – Алматы, 1990. 
2. Құл-Мұхамед. «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтык көзқарастарының эволюциясы». – 
Алматы: Атамұра, 1998. 
3. И. Алтынсарин. Избранные произведения. Алма-Ата, 1965.
4. Алаш-Орда. Сборник документов / Под ред. Н.Мартыненко. Алматы, 1992.
5. Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса. Қазақстан жазушылары: /Анықтамалық/ 
Құрастырушы - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 


201 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ 
 
Тулегенова Аягоз Болатовна, 
Мұздахан Рысты Бейбітқызы, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Меңдіқара ауданы білім бөлімінің
А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 
Соңғы уақытта заманауи педагогикалық ғылым мен оны тәжірибеде қолдану түрлі 
өзгеріске ұшырап жатыр. Оның ішінде оқыту үрдісі, шәкірт тәрбиелеуде жаңаша көзқарастың 
болуы заңдылық. Себебі, мұның бәрі ХХІ ғасыр тұлғасын қалыптастыратынын ескерсек, білім 
сапасының маңыздылығына тікелей байланысты болмақ. Ұстаздар жөнінде: «Мұғалім қандай 
болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек 
білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогикадан, 
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов атаған еді [1]. 
Яғни, кез келген білімді оқушы бойына сіңіруде мұғалімнің шығармашылықты дұрыс 
пайдаланып, әдіс-тәсілді дұрыс қолдануы оның тапқырлығында деп айтар едік. Бұл салада 
ағартушы ғалымның өз еңбектерінде де айтылады. Биыл Ахмет Байтұрсыновтың туғанына
150 жыл толып отыр. 
Кез келген елдің тарихы мәдениеті мен тілінен басталады. Тіл білімі қашан да маңызды 
саналады. Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімі саласындағы ғылыми зерттеулері 
әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Ол өзінің еңбектерінде қазақ тіл білімін, құрылымын, 
әліпбиін, әдебиет теориясы туралы зерттеді. Ағартушы ғалым «Адамға тіл, құлақ қандай керек 
болса, бастауыш мектепте үйрететін білім де сондай керек» деп өзі айтқандай, туған халқының 
ғылымына ден қойып, білімді болуын қатты қалады [2]. Ауыл күйінің сол кездегі жағдайы 
жанына қатты батқандықтан, мектепке әліпби, оқу құралын жазу керектігін түсінді. Себебі, 
Ресей отарлау саясаты орыс мектептеріне жағдай жасап, қазақтарға орыс тілін насихаттағанын 
көзімен көрді. Бұл мәселені зерттей келе, білімді мұғалім мен оқу құралы, мектепке арналған 
бағдарлама керек екенін айтты. Осылайша, ұлттық жазу болғаны дұрыс деп есептеп, қазақ 
алфавитін ұсынды. Себебі, сол кезеңде араб алфавиті қазақтар үшін дыбыстық жүйеге сай 
келмейтін әрі сауатты жазуға мүмкіндік тудырмайтын еді. Осының бәрін растап, «Айқап» 
және «Қазақ» басылымдарына өзіндік пікір білдіріп, үлкен мәселе ретінде қозғады. Тіпті, осы 
туралы «Қазақ» газетіне «Ең әуелі – мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан 
хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы 
болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. 
Үшінші – мектепке керегі белгіленген программа» - деп жазған болатын [3]. Мұны өз қолына 
алған соң ол алдымен керек деген пәндердің оқулығын шығару керек деп санады. Сөйтіп, 
алғаш рет қазақша «Оқу құралын» жазды. 1912 жылы жазылған еңбегінің синтаксиске 
арналған бөлімі 1914 жылы, фонетика бөлімі 1915 жылы, морфология бөлімі 1916 жылы 
басылып шықты. Оқулықтың ішінде қазақ грамматикасына сай терминдер ұсынды. Яғни, 
қазіргі оқулықта қолданылып жүрген сөз таптарының атауы, сөйлем мүшелерінің барлығын 
А.Байтұрсынов өз оқулығында жазған. Сондай-ақ, «Оқу құралы» еңбегінде қазақ тіл білімінің 
саласының құрылымын арнайы зерттеп жазды. Мәселен, фонетика -дыбыс туралы, синтаксис-
сөйлем құрылысын зерттейтін, ал сөз құрамын морфология ғылым зерттейтінін талдап берді.
Ал Ахмет Байтұрсынов ұсынған жаңа «Әліпби» 1926 жылы басылып шықты. Бұл 
әліпби мазмұны қолдану жағынан балаларға қызық әрі жеңіл болды. Сонымен қатар жұмбақ, 
жаңылтпаш, аңыз-әңгімелер де пайдаланылды. Мұның барлығы баланың таным көкжиегін 
кеңейтіп, қызығушылықтарын арттырды. Қазақтың төл дыбыстарын айқындау үшін арнайы 
таңба ойлап тапты. «Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай 


202 
таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз» деп сөздің жіңішкелігін не 
жуандығын ажырату үшін «дәйекше» қоюды ұсынды [4]. Мәселен, жуан және жіңішке 
дыбыстарды бір-бірінен ажырату қиындық тудыратын еді. Ал «дәйекше» қою арқылы бұл 
қиындық жеңілдеді деп айтсақ болады. Дәйекше сөздің жіңішке дыбыстардан құралғанын, 
тіпті әріптің өзі жіңішке екенін білдірді. Бүгінде Қытай еліндегі қазақтар осы Ахмет 
Байтұрсынов енгізген әріптерді қолданады. Сонымен қатар дыбыс, әріп, жуан-жіңішке 
дыбыстар, еріндік-езулік дыбыстардың терминін ойлап тапты. Бұдан бөлек 1928 жылы 
Қызылордада «Тіл жұмсар» атауымен жарық көрген кітабында қолданбалы грамматика 
туралы жазылған. Ғалымның жазған оқулықтарының барлығы да қазіргі педагогика 
саласының іргетасы деп айтар едік. Себебі, қазақ тілінің құрылымын жүйелеп жазуда Ахмет 
Байтұрсынұлы зерделеп көрсеткен. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы етіс түрлерін салт, 
сабақтас, ортақ, өздік, өзгелік деп ерекше атаулар берген. Жалпы лингвистиканың негізін 
қалаған ғалымның қазақ тіл білімін өзгешелеу үшін енгізген жаңалығы көп. Мектеп 
бағдарламасы бойынша ғалым қазақ тілінде етістің 10 түрі мен райдың 15 түрін атайды. Бірақ, 
Ахмет Байтұрсынұлы грамматиканың кейбір терминдерін қолданбады. Атап айтқанда, 
когнитивті, коммуникативті, функционалды деген терминдерді мүлдем қолданыстан алып 
тастады. Оның орнына ұлттық негізге ала отырып, басқаша айтуға жеңіл терминдерді ұсынған.
Ахмет Байтұрсынов біз атаған қазақ тіл білімінің ғана емес, әдебиет теориясындағы 
мәселелерді де қарастырды. Балаларға дыбыстарды жылдам үйреніп, ажыратуы үшін түрлі 
әдіс-тәсілдерді ұсынды. Соның бірі ретінде көркем жазу мен мәнерлеп оқу сауаттылықтың 
негізі ретінде қазір де қолданылып келеді. Осыған байланысты «Әдебиет танытқыш» 
оқулығының ерекшелігін айтсақ болады. Бұл оның педагогика саласындағы үздік 
мұраларының бірі деп айтар едік. Себебі, әдебиетте терминдерді енгізген еңбек ретінде 
бағаланды. Балаларға арнап, ауыз әдебиетін, соның ішінде батырлар жырын жинақтап, 
жариялады. Осыларды жариялай отырып, жырдағы түрлі терминдерді түсіндірді, қолданысқа 
енгізді. Мысалы, теңеу, тармақ, шумақ түрлері, арнау, айтыс, т.б. барлық термин тіркестерін 
алғаш Ахмет Байтұрсынов қолданысқа енгізген болатын. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде 
мұның барлығын көре аламыз. Сонда зерттей келе, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл біліміне 
емес, әдебиет теориясында да еңбегі сіңген тұңғыш ағартушы ғалым екенін байқаймыз.
Қазіргі таңда оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру, оқыту қиындап отырғаны рас. Яғни, 
балалар қазақ тілін қиынсынып жүргенін байқаймыз. Ал Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріне 
сүйеніп, балаларды қазақ тіліне баулып үйретудің маңызы зор әрі пайдасын тигізеді. Қазақ 
тілін үйренуде ерекше әдістерді қолданып, өзгелерге үйрете алсақ, біздің ұтқан тұсымыз да 
осы болар еді. Осы ретте ғалымның: «...Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының 
керек қылуына қарай» деген тұжырымын басшылыққа алған абзал. Осы орайда «бүгінде 
мұғалімдер сол әдістерді ұтымды қолданып жүр ме?» деп жазғаны ойыңа оралады [5]. Демек, 
қазынамызды тиімді пайдаланғанымыз дұрыс.
Қорыта келе, ұлт ұстазы, рухани көсем Ахмет Байтұрсынұлы педагогика саласында 
жасаған барлық еңбегі қазақ халқына еткен қызметінің бір бөлігі деп айтар едік. Ол барлық 
салада да ғылыми зерттеулер жасап, өте мол мұра қалдырды. Ахмет Байтұрсыновтың 
зерттеген еңбектері мен жазған мақалалары, аудармалары зерттеген сайын сені қызықтыратын 
мол көмбе. Осы ретте Ахмет Байтұрсынов туралы айтқан Зейнолла Қабдоловтың: «Ахаң 
көзінің тірісінде өзге халықтардың бірде-бірінің тіліне таңғалған жоқ; қазақ тілінің байлығын, 
сұлулығын, икемі мен мүмкіндігін қазақ еместердің бірде-бірінің тілінен артық болмаса, кем 
көрген жоқ; өзге тілдердің қай-қайсысында қандай қиын сөз болмасын, қазақ тілінде оның 
баламы болмауы мүмкін емес деп білді және өзінің осы ұғымын іс жүзінде дәлелдеп кетті» 
дегеніне еріксіз бас шұлғисың. Ахмет Байтұрсынұлының жасаған әліпбиін, оның зерттеулері 
мен оқыту әдістемесін қазақ тілін оқыту жолында қолданып, ұрпақ санасына сіңіру қажет. Сол 
кезде ғана әлемдік деңгейде қазақ тілінің жазу тарихы сақталып, орын алатыны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет