197
шыққанша «тар жол тайғақ кешіп», 1909 жылы басылып шығуы сол кездегі үзеңгілес
замандастарының еңбегінің арқасы еді.
Красноярскі өлкелік өлкетану мұражайында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның орыс
географы, этнографы, фольклортанушы, ботаник ғалымы әрі көсемсөзші Григорий Потанинге
1903-1906 жылдар аралығында жазған бес хаты мен бір жеделхаты (телеграмы) сақталыпты.
Соның ең алғашқысы маған өте қатты әсер қалдырды.
Әлихан Бөкейханов 1904 жылдың 11 мамырында Потанинге Ахмет туралы жазған
хатында былай делінеді:
«Менің бір таныс қазағым 41 мысал әңгімені, көбіне И.А. Крыловтан,
қазақ тіліне ғажап өлеңдермен аударыпты. Аударманың авторының қоғамдағы жағдайы онша
жоғары адам емес - Ақмола облысының халық училищелері директорының іс-қағаздарын
жүргізуші
ғана.
Аудармасында
генерал-губернаторының
кеңсесінен
шығатын
«Сельскохозяйственный листок» газетіне бөлім-бөліммен жариялау ниетімен автор Ахмет
Байтұрсынұлы өзінің бастығы – директор мырза Алекторовқа өтініш беріпті. Ол қолжазбаны
жарты жыл ұстап, Сухотин мырза «Сельскохозяйственный листокты»
жариялауға рұқсат
бермеді деген сөзбен қолжазбаны өзіне қайтарыпты
», - деген алаш азаматы Әлиханның
алғашқы қолжазбасының үзіндісінен байқағаным - жергілікті бұқаралық ақпарат
құралдарының өзіне рұқсат бермеуінен қазақ халқының өр рухты азаматтарының алдыңғы
қатарға талпынуына зор қиянат жасалғаны байқалды.
Ағартушы-педагогтің «Маса» атты өлеңдер жинағынан қазақ қоғамындағы
әлеуметтік, қоғамдық ойлар, оның азаматтық және халықтық идеялары айқын көрініс береді.
Мұндағы «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Жұртыма», «Туысыма», «Оқуға шақыру»,
«Жұбату»,
«Анама
хат»,
«Тілек
батам»,
«Тарту»,
«Жиған-терген»
атты
өлеңдерінде туған халқын сүю, оны өнер-білімге шақыру, халықтық салт-дәстүрлерді
қастерлеу, анаға мейірімділік,
бата-тілектің маңызы, қазақ халқының даналығы, оның
тәрбиелік мәні туралы кеңінен сөз болады. Мысалы, «Қазақ салты» атты өлеңінде әрбір азамат
туған халқын құлай сүйіп, оның бақыты мен болашағы жолында жұмыр басын құрбан етуге
әзір болу керектігін айтса, «Оқуға шақыру» өлеңінде «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Аллалап ал кітапты қолдарыңа» деп, жас ұрпақты оқу-білімге үндейді. Ал «Жиған-терген»
өлеңінен қазақ халқының қасіретке толы тарихы мен тағдыры көз алдыңа елестейді.
«Жұбату» өлеңінде көне халық жырауларының таңдаулы дәстүрінде сөзін тындаушыларына
тікелей арнау арқылы ықылым замандардан бермен қарай сахара елінің сәні болған, әр
қазақтың жүрегіне қымбат белгілердің бірте-бірте көз ұшынан ғайып болып, жоғалып бара
жатқанын
жырмен өрнектеп, ойын сауал түрінде жеткізеді.
Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін
мақсат тұтқан Ахмет атамыз өзінің «Қырық мысал» атты өлеңдер жинағында данышпан Абай
атамызға еліктеп, өз мысалдарын аса білімділікпен іріктеп, қиыннан-қиыстыра аударып, тілге
жеңіл, жүрекке жылы етіп жеткізіп, оқырмандарына ұсына білді. Сондай-ақ, аталмыш
жинаққа енген шығармалары білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін дәлелдейді. Ахмет
атамыздың «Қырық мысалдағы» аударма мысалдарының әдебиетке ғана емес, педагогикалық
тәрбиеге де қосқан үлесі зор, әлі күнге дейін өзектілігі жоғалмаған құнды дүние.
Бастауыш сынып және негізгі орта буын оқушыларына сыныптан
тыс оқыту кезінде
«Қайырымды түлкі», «Қара бұлт», «Иттің достығы», «Жас ағаш», «Жарлы бай», «Егіннің
бастары», «Бұлбұл мен есек», «Аққу, шортан, һәм шаян», «Екі шыбын», «Айна мен маймыл»,
«Жас ағаш», «Қарға мен түлкі» мысалдарын оқыта отырып, берген білімімізді тәрбиемен терең
ұштастыруға таптырмас дүние екендігін көруге болады.
Педогог ақынымыздың «Қара бұлт» мысалындағы қара бұлттың төніп келіп, қаусаған,
шөлдеген жерге, ығыры шыққан кедей шаруаға нөсерін төкпей, толқып жатқан теңізге құя
салып, асқар тауға мақтанған бұлттың іс-әрекетін әсерлі әшкерелеп, сөз соңында:
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
198
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа,
барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа, - деп, жас ұрпақты саналы түрде қолыңнан келгенше, өз
еліңе еңбек ету керектігін осы бір қасиетті шумаққа сыйдыра білді [1].
Ахмет Байтұрсынов «Қайырымды түлкі» өлеңінде жағымсыз түлкінің бейнесін
жағымды, қайырымды етіп көрсетеді. Қайырымдылықпен айналысқан түлкі жетім қалған
кішкентай балапандарды қамқорлыққа алып, барлық ормандағы құстардың барлығына
тапсырма беріп, қазақ халқының жетімін жетімсіретпейтінін тілге тиек етіп,
болашақ ұрпаққа
қиындыққа мойымай, өзіңнен шамалы артылып жатса, өзгеге қол ұшын беру керектігін
жырлайды.
Ал «Егіннің бастары» шығармасында әке мен бала арасындағы ақылдылықпен берілген
сұхбат арқылы адамгершіліктің асыл қасиетін егіннің арасындағы екі түрлі бидайдың
айырмашылығы арқылы түсіндіреді. Кішкентай балалардың көзбен көріп, қолмен ұстап қана
түсінетінін білген дара Ахмет атамыз егіннің бойында жүріп, өмірмен байланыстыра отыра:
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам» - деп, келешек ұрпақтардың тәккапарлық
мінезден аулақ болып,
кішіпейіл мінезді болуға тәрбиелейді [1].
Өз ойымды қорытындылай келе, Ахмет атамыздың құнды шығармашылық дүниесі
қазіргі заманауи өзгермелі заманда педагогикалық тұрғыдан өте тағылымды. Осы орайда мен
өз жүрегімнен шыққан жүрекжарды ойымды жыр шумақтармен білдірсем деймін.
Алаштың алтын діңгек ұлы едіңіз,
Алаш елін жырға қосып тербедіңіз.
Тар жол тайғақ кешіп өтсеңіз де,
Өр мінезді қалыптан таймадыңыз.
Бес арысым - байлығымның көзі дейміз,
Ахмет ата еңбектерінен білгендейміз.
Ғалымның өзі өлсе де, хатының өлмейтінін,
Жас ұрпаққа біз сізді мәңгі дәріптейміз.
Достарыңызбен бөлісу: