Ахмет Ясауи атындағы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#82105
1   2   3
Граната лақтыру
Бастапқыда гранатаны дұрыс ұстаудың тәсіліне үйрену керек. Содан кейін бір орында 
тұрып, тік нысанаға тура, жайлап лақтыруға кірісу керек. Нысанаға лақтыру қимылды 
дұрыс орындауды бақылауға жеңіл болады. Нысанаға лақтыруға үйренудің алғашқы 
кезеңінде лақтыратын жаққа қарай кеудені беріп тұру керек, сол аяқ біраз алға 


шығарылсын. Дене салмағы бұл кезде көбіне оң аяққа түседі. Міне, осы қалыпта 
гранатаны лақтыру керек. Гранатаны лақтырғанда ол жоғарыдан төмен қарай 
айналатындай етіп жіберу қажет. Лақтыратын қимылын меңгеріп, яғни кеудені 
лақтыратын жаққа қарай беріп тұрудан, қатты ышқынып лақтыруға машықтанған соң, 
нысанаға дейінгі қашықтықты ұлғайту керек.
Тік тұрған нысанаға (дуал, қалқан) жақсы тигізетін болған кезде көлденең нысанаға (окоп,
ор) лақтыруға көшуге болады. Жүгіріп келіп лақтыруға тек бір орында тұрып лақтыруды 
меңгергеннен кейін ғана көшу керек. Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын ең алдымен 
жүріп лақтыру арқылы үйренген дұрыс болады. Ең әуелі екі адымдап, содан кейін үш 
адымдап, қолды дұрыс сілтеуді үйрену керек. Алдымен қолды сілтеуді және лақтыруды 
үйренген соң, жүгіруді, алғаш адымдап басуды, оның ақырғы бөлігін – ақырын жүру 
арқылы қатты жүгіруді үйрену керек. Бұдан кейін жүгіріп екпін алудың барлығын баяу 
жүгірумен орындайды (бастапқы бөлігін ақырын жүгіріп, ал қорытынды бөлігін ақырын 
үдете жүгіру керек). Гранатаны лақтырған кезде оны сілтей лақтырып, қолдың басын 
граната айналып ұшатындай етіп ұстау керек.


Футболшының қозғалысы.


Допты алып жүру және тебу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет