ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ
ДЕМАЛЫС УАҚЫТ
Ы
Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының
өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің
ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады.
Жұмыс уақыты жəне оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы
тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат
тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен
шектелмеді жəне жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау
уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Əдетте, бұл
кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды жəне жұмыс уақытының
ұзақтығы барлық шектерден асып, тəулігіне 14-16 сағатқа дейін
жетті.
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі
талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап етті.
Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс
уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті.
Жұмысшылар
қозғалысының
нəтижесінде
ХІХ
ғасырдың
ортасында əйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту
туралы заңдар қабылданды. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да
таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал
əйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң
қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі,
мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады.
1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші
Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған
жөн болар.
Қазіргі кезде аталған уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы
ұзақтығы болып табылады жəне ол қызметкерлердің басым
көпшілігіне таралады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы
1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сəйкес
еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты
болып есептеледі.
Жұмыс уақытының түсінігі жəне түрлері. Жұмыс уақыты –
бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық жəне жеке еңбек
шарттарына, ішкі тəртіп ережелеріне сəйкес еңбек міндеттерін
орындайтын уақыт.
Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған
уақыт та, сонымен қатар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек
құқығының нормаларына сəйкес жұмыс уақытынан алып тастауға
болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің тоқтап тұруы,
төленбелі үзілістер жəне т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда
белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да
жұмыс уақытына кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы
төленуі керек.
Демалыс жəне тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы
сақталмайтын демалыс уақыты, сонымен қатар, жұмысқа кешігіп
келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын кету жұмыс
уақытының құрамына енбейді.
Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты белгілі бір дəрежеде
қызметкерлердің өмірінің деңгейіне əсер етеді. Оның ұзақтығы
демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның
дамуына, адамдардың мəдени жəне өзге де қажеттіліктерінің
қанағаттандырылуына əсер етеді.
Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты туралы
заңдардың нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл
жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы
үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға жəне қызметкерлердің
демалуға
жəне
еңбекті
қорғауға
қатысты
құқықтары
бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті.
Қолданыстағы еңбек туралы заңдар жұмыс уақытының келесі
түрлерін
көздейді:
қалыпты
ұзақтықтағы,
қысқартылған
ұзақтықтағы жəне толық емес жұмыс уақыты.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы
2. Жұмыс уақытың қалыпты ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір
сүруіне жəне дамуына зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек
ұзақтығы. Қызметкерлердің кəсіпорындардағы, мекемелердегі,
ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-б. 2-т.).
Аталған ереженің күші меншік нысанына, экономика саласына,
кəсібіне,
мамандығына,
лауазымына
қарамастан
барлық
қызметкерлерге таралады.
Қазіргі кезде мемлекет жұмыс уақытының шектелген
ұзақтығын ғана бекітеді. Ал жұмыс уақытымен байланысты өзге
мəселелердің барлығын (жұмыс уақытын қысқартуды, ауысу
сменаларының кестесін, жұмыс режимін) ұйымдардың өздері
шешеді.
Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңына сəйкес
қызметкерлердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына
40 сағаттан аспауы тиіс. Яғни, ұжымдық шартта да, жеке еңбек
шартында да жұмыс уақытының аптадағы ұзақтығын 42 немесе 45
сағат деп көздеуге болмайды. Алайда, жұмыс уақытының
ұзақтығын тараптардың келісімі бойынша қысқартуға болады.
Сонымен, жұмыс уақытының аптасына 40 сағаттық ұзақтығы
шекті норма болып табылады жəне заңда көзделген жағдайларды
санамағанда, оны тараптардың келісімімен көбейтуге болмайды.
Жұмыс уақытының ұзақтығын шектеудің мақсаты –
қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, олардың жұмысқа
қабілеттіктерін арттыруға, оның тұлғасының дамуына, жұмыс
уақытынан тыс бос уақытта біліктілікті көтеруге немесе қосымша
кəсіп иеленуге жəне еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы
1. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін
- аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін -
аптасына 36 сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36
сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
2. Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға
құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен
қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте
зиянды) жəне (немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті)
жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының
ауырлығын жəне өзге де бірқатар факторларды ескере отырып,
тараптардың өзара келісімі бойынша аптасына 36 сағаттан
аспайтын жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы
белгіленуі мүмкін (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы):
· он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан
аспайтын; он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін
- аптасына 24 сағаттан;
· ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан
аспайтын болып белгіленеді. Бұл жұмыстар ерекше тізімде
көзделген;
· жоғарылатылған эмоционалдық, ақыл-ойлық ізденуді қажет
ететін қызметкерлер санаты үшін (мысалы, оқытушылар,
дəрігерлер жəне еңбектің ерекше жағдайларында жұмыс істейтін
өзге де қызметкерлер). Мысалы, мемлекеттік білім беру
мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері үшін апталық
нормативтік оқу жүктемесі келесідей белгіленеді: жалпыға білім
беру мекемесінің бастауыш сатысы үшін – 20 сағаттан аспайтын;
жалпыға білім беру мекемесінің негізгі жəне жоғары сатысы,
бастауыш кəсіби жəне орта кəсіби білім беру ұйымдары үшін – 18
сағаттан аспайтын; мектепке дейінгі ұйымдар үшін – 24 сағаттан
аспайтын; мектептен тыс ұйымдар үшін – 18 сағаттан аспайтын
(балалар жəне жасөспірімдердің спорт мектептері үшін – 24
сағаттан аспайтын) (ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 1999
жылғы 27 тамыздағы № 1262 «Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу
жүктемесін бекіту туралы» қаулысы). Жоғары жəне орта білім беру
мекемелерінің оқытушылары үшін орташа алғанда 6-сағаттық
жұмыс күні белгіленген. Бұл сағат ішіне тек оқу жұмысы ғана емес,
сонымен қатар ғылыми жəне əдістемелік жұмыс та енеді. Еңбектің
ерекше жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер тізімі олардың
қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы көрсете отырып
заңдарда белгіленеді;
·
медициналық
қызметкерлер
(емхана,
амбулатория,
диспансерлер жəне т.б. дəрігерлері) үшін;
· І жəне ІІ топ мүгедектері (көз аурулармен, ауыр науқастармен
ауыратын) болып табылатын қызметкерлер үшін.
Қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақытында жұмыс істеуге
құқылы тұлғалар санаттарын анықтау үшін жұмыс уақытының
ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың,
кəсіптер мен лауазымдардың тізімін, сонымен қатар, еңбек
жағдайлары зиянды жұмыстар тізбесін басшылыққа алу қажет.
Қысқартылғын ұзақтықтағы жұмыс уақытындағы еңбек
қалыпты ұзақтықтағы жұмыс уақытының нормалары бойынша
төленеді.
Толық емес жұмыс уақыты – бұл белгіленген жұмыс
уақытының қалыпты немесе қысқартылған ұзақтығының бөлігі.
Толық емес жұмыс уақытын жұмыс беруші мен қызметкер
жұмысқа тұрар кезде де, содан кейін де өзара келісім бойынша
толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы түрінде
белгілеуі мүмкін. Толық емес жұмыс күні кезінде күнделікті
жұмыстың ұзақтығы жұмыс күндерінің саны сақтала отырып
азаяды. Мысалы, толық емес жұмыс күнінде қызметкере күн сайын
8 сағаттан емес, 5 сағат жұмыс істейді. Толық емес жұмыс
аптасында күнделікті жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы
сақтала отырып жұмыс күндерінің саны азаяды. Мысалы, толық
емес жұмыс аптасында қызметкер үш күн 8 сағаттан жұмыс істейді.
Немесе төрт күн 6 сағаттан жұмыс істеуі мүмкін.
Бұл жағдайлардың барлығында еңбекке ақы төлеу жұмыс
істеген уақытына қарай төленеді.
Толық емес жұмыс уақыты қысқартылған жұмыс уақытына
қарағанда өзгеше. Біріншіден, қысқартылған жұмыс уақыты толық
жұмыс уақытына саналады, ал толық емес жұмыс уақыты толық
жұмыс уақытының бір бөлігі ғана. Екіншіден, қысқартылған
жұмыс уақыты үшін жалақы толығымен, ал толық емес жұмыс
уақытында жалақы жұмыс істеген уақытқа қарай төленеді.
Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс қызметкерлер үшін ақы
төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына, еңбек стажын есептеуге
жəне т.б. еңбек құқықтарына қатысты қандай да бір шектеулер
туғызбайды. Еңбек кітапшаларында қызметкердің толық емес
жұмыс уақытында жұмыс істегені көрсетілмейді.
Жұмыс уақыты ұзақтығының апталық нормасын белгілеу еңбек
заңдарында жұмыс аптасының екі түрінің болуымен байланысты,
олар: бес күндік (5 жұмыс күні, 2 демалыс күні) жəне алтыкүндік (6
жұмыс күні, 1 демалыс күні).
Көптеген қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік
жұмыс аптасы белгіленген. Өндірісінің сипаты мен жұмыс
жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз
ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы
белгіленеді. Көп жағдайда, бұл – білім беру, медициналық, сауда
жəне өзге де халыққа қызмет көрсететін мекемелер.
Жұмыс күні ретінде заңда белгіленген бір тəулік бойындағы
жұмыс уақыты танылады. Еңбек заңдарында белгіленгендей, алты
күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы
апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға,
апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 24
сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс («ҚР еңбек туралы» заңның
47-бабы).
«ҚР еңбек туралы» заңының 48-бабы
Түнгі уақыттағы жұмыс
4. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі
уақыт болып есептеледі.
5. Жүкті əйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға
олардың келісімімен ғана жол беріледі.
6. Түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған
адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын
медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар
жіберілмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген
ұзақтығы 1 сағатқа қысқарады. Бұл ереже жұмыс уақытын
қысқарту көзделген қызметкерлер мен жұмысшыларға таралмайды.
Мысалы, еңбек жағдайы зиянды жəне ауыр өндірістерде жұмыс
істейтіндерге. Қысқартылған уақыт үшін кейін еңбекпен өтеу
көзделмейді.
Жекелеген жағдайларда қызметкерлердің кейбір санаттары үшін
түнгі
жұмыстың
ұзақтығы
күндізгі
жұмыс
уақытымен
теңестіріледі. Бұл мына қызметкерлерге қатысты белгіленеді:
1. олардың ауыр дене жұмысында жəне зиянды еңбек
жағдайларындаға жұмыста істеуіне байланысты қысқартылған
жұмыс уақыты бұрыннан көзделген қызметкерлер үшін;
2. өндірістің жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда,
үздіксіз өндірістердің қызметкерлері үшін;
3. алты күндік жұмыс аптасы жəне бір демалыс күні
жағдайындағы ауысым жұмыстарының қызметкерлері үшін.
Түнгі уақытта жұмыс ауысымының ұзақтығы жұмыс
уақытының апталық нормасы сақтала отырып қысқартылады.
Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, егер қызметкер түнгі уақытта
жұмыс істеу үшін арнайы қабылданса (мысалы, күзетші ретінде),
онда түнгі жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылмайды.
«ҚР еңбек туралы» заңының 49-бабы
Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу
1. «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабында белгіленген
жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзімнен тыс
жұмыстар деп есептеледі.
2. Мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға, «ҚР еңбек туралы»
заңының 51-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда,
қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі.
3. Мерзімнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған
қызметкерлер жіберілмейді.
Еңбек туралы заңдарға сəйкес мерзімнен тыс жұмыстар ретінде
басшылықтың өкімі бойынша заңдарда немесе жұмыс уақыты
ұзақтығының ауысымдық кестелерінде белгіленгеннен артық
жұмыс істету танылады. Мерзімнен тыс жұмыстар ретінде ҚР «ҚР
еңбек туралы» заңның 45-бабында белгіленген жұмыс уақытының
ұзақтығынан тыс жұмыстар саналады. Мерзімнен тыс жұмыстарға
он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.
Қызметкердің қарапайым еңбек міндеттерін орындауына немесе
жұмыс берушінің тапсырмасын орындауына қарамастан, жұмыс
уақыты заңдарда белгіленген ұзақтықтан асып кетсе, онда ол
мерзімнен тыс жұмыс деп саналады.
Мыналар мерзімнен тыс жұмыстар деп саналмайды:
1) негізгі жұмысынан кейін қосымша қызметін белгіленген
жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс орындау;
2) ақысы сақталмайтын еңбек демалысының орнын толтыру
мақсатында істелген жұмыс;
3) жұмыс уақыты нормаланбаған тұлғалардың жұмыс істеуі;
4) жұмыстан сұрану үшін асыра істелген жұмыс.
Заңдар қызметкерлердің келісімі болған жағдайда жұмыс
берушінің оларды кез келген мерзімнен тыс жұмыстарға тартуына
рұқсат береді, ал жекелеген жағдайларда басшылық мерзімнен тыс
жұмыстарды қызметкердің келісімінсіз де қолдануы мүмкін. Бұл
жағдайлар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 51-бабында көзделген.
Əрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік
күн ішінде екі сағаттан (ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек
жағдайлары зиянды жəне (немесе) қауіпті жұмыстарда – бір
сағаттан) аспауға тиіс (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 50-бабы).
Алайда, заңдарда бір күнтізбелік жыл ішінде рұқсат етілген
мерзімнен тыс жұмыстар саны анықтамаған.
Еңбек жағдайлары өте зиянды жəне өте қауіпті кезде мерзімнен
тыс жұмыстарға тыйым салынады.
Мерзімнен тыс жұмыстар үшін ақы бір жарым есе мөлшерінен
кем төленбейді.
Мерзімнен тыс жұмыстар туралы заңдар бұзылған жағдайда
бұған кінəлі тұлғалар белгіленген тəртіп бойынша тəртіптік,
əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Кейбір қзыметкерлер санаттары үшін (жауапты қызметкерлер,
еңбегін есепке алу мүмкін емес немесе жұмыс уақытын өздерінің
еңбек функцияларының ерекшеліктерін немесе еңбектің сипатын
ескере отырып өз қалауымен пайдаланатын қызметкерлер, мысалы,
орманшылар) нормаланбаған жұмыс уақыты (нормаланбаған
жұмыс күні) белгіленеді. Бұл қызметкерлер өндірістік қажеттік
туындаған жағдайда өздері үшін белгіленген жұмыс уақытынан
тыс жұмысқа қосымша ақы төленбестен жəне бос демалыс күндері
берілместен тартылуы мүмкін. Соған қарамастан, мұндай
қызметкерлер нормаланған – қалыпты немесе қысқартылған жұмыс
уақытынан кем емес уақытта жұмыс істеуі қажет. Асыра жұмыс
істеу мерзімнен тыс жұмыс ретінде саналмайды жəне ол үшін
қосымша демалыс беріледі.
Түнгі уақыттағы кезекшіліктер – бұл қызметкердің басшылықтың үкімі
бойынша ұйымда жұмыстан тыс уақытта кейінге қалдырылмайтын
мəселелерді (мысалы, мереке, демалыс күндері, төтенше жағдайлар кезінде)
жедел шешу жəне тəртіп сақтау үшін жауапты болуы. Кезекшілерге күзетші,
вахтер, еден жуушы сияқты қызметкерлердің міндеттерін жүктеуге болмайды.
Жұмыстан тыс уақыттағы кезекшілікке тек ерекше жағдайларда айына бір
реттен жиі емес жол беріледі.
Жұмыс уақытын өлшеу мақсатында жұмыс аптасы, жұмыс күні
жəне жұмыс ауысымы түсініктері қолданылады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 47-бабы
Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс
аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде
күнделікті
жұмыстың
(ауысымның)
ұзақтығы
жұмыс
берушінің актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек
ұжымының пікірін ескеріп жəне жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші
бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді.
Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес
күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік
демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты
күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы
апталық норма 40 сағат болғанда -7 сағаттан аспауға, апталық
норма 36 сағат болғанда -6 сағаттан жəне апталық норма 24
сағат болғанда -4 сағаттан аспауға тиіс.
Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе
ұжымдық
шарттардың
талаптарымен
жұмыс
беруші
белгілейді.
Қазіргі кезде екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
жұмыс аптасының негізгі түрі болып табылады. Бұл ретте жұмыс
уақытының апталық нормасы (40 сағат, 36 сағат, 24 сағат) бес
күнге бөлінеді, сол себепті, күнделікті жұмыс уақытының
ұзақтығы көбейеді.
Соған қарамастан, жұмыс аптасының дəл осы түрі еңбек пен
демалысты тиімді үйлестіруге жəне қызметкердің толық демалып,
содан кейін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бес күндік жұмыс аптасында жұмыс беруші жұмыс аптасының
ұзақтығын сақтай отырып, күнделікті жұмыс уақытының
ұзақтығын өзі анықтайды. Бұл ішкі еңбек тəртібінің ережелерінде
көрсетіліп, жұмыс берушінің актісімен бекітілуі тиіс, ал
ауысымдық жұмыста – жұмыс беруші жұмыстың ерекшелігін жəне
еңбек ұжымының пікірін ескере отырып бекіткен ауысым
кестелерінде көрсетілуі тиіс.
Жұмыс ауысымы – бұл заңға, жеке еңбек немесе ұжымдық шартқа
сəйкес анықталған, қызметкердің тəулік бойына кестеге сəйкес
істейтін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығы.
Егер кəсіпорын екі немесе одан да көп ауысымда жұмыс
істейтін болса, онда жұмыс режимі ауысым кестесіне сəйкес
реттеледі.
Бұл ауысым кестелері күшіне енгенге дейін 1 айдан кешіктірмей
еңбек ұжымыны хабарландырылуы тиіс. Əдетте 40 сағаттық жұмыс
аптасында 8 сағаттық жұмыс ауысымдары белгіленеді. Ауысым
кестелері күшіне енгенге дейін еңбек ұжымында талқылануы тиіс.
Ауысым кестелерін жасау кезінде қоғамдық көліктің жүру уақыты,
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, мəдени-
тұрмыстық мекемелердің, дүкендердің жəне т.б. мекмелердің
жұмысы сияқты факторлар ескерілуі тиіс.
Əрбір
ауысымның
қызметкерлері
өздерінің
еңбек
функцияларын белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығында
орындауға міндетті. Қызметкерлер ауысым бойынша кезектесуді
бірқалыпты жүзеге асыруы тиіс. Ауысымдардың кезектесуі əрбір
апта сайын ауысым кестесінде белгіленген сағаттарда жүргізілуі
тіис.
Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға,
апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма
24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |