Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет119/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

көркемдiк 
құралдар 
жүйесiнде, 
олардың 
iшкi 
заңдылықтарынан өрбитiн байланыстары мен өзара қарым-қатынастары 
арқылы көрiнедi. Ал қаламгердiң өзiндiк көркемдiк әдiсi оның өмiрлiк 
материалды танып-бағалау, таңдау және бейнелеудегi өзiне ғана тән 
ұстанымдарынан келiп шығады. 
Демек, стиль мен әдiс – екi түрлi ұғым. Стильдi қарастыру көркемдiк 
құралдар жүйесiн өзара байланысты заңдылықтар аясында зерттеу болып 
табылады. Көркемдiк әдiстi зерттеу – қаламгер шығармашылығындағы 
өмiрдiң идеялық-көркемдiк концепция негiздерiн зерттеу. Бұл концепция 
көркем бейнелердiң заңды байланыстары мен өзара қарым-қатынастары 
арқылы танылады. Әдiс жазушының стилiн айқындайды. Нақтылай түсер 
болсақ, әдiс – стильдi туғызатын факторлардың бiрi, яғни әдiс стильдiк 
жүйенi анықтайды, алайда стильмен тең тұра алмайды. 
Бұл жағдай, әсiресе, жазушыға тән әдiстi статикалық сипатта, яғни 
оның шығармаларына тән негiзгi сипаттарды iрiктеп қарастырмай, жазушы 
дүниетанымының даму үрдiсiнде, ақиқатты танып-бiлудегi түрлi өзгерiстегi 
қалыпта, ұдайы қозғалыста қарастырғанда айрықша байқалады. 
Жазушы шығармашылығында көркемдiк әдiстiң маңызы зор. Ақиқат 
құбылыстарды дұрыс танып, бейнелеу үшiн таңдап алынған ұстанымдар 
өмiрлiк шындықтың iшiнен ең маңыздысын, ең қажеттiсiн шынайы 
суреттеуге сәйкес келсе, оның мән-маңызы тiптен арта түседi. Ал жазушы 
шығармашылығының өзегiне алынған ұстанымдар ақиқатты бұрмалауға, 
керiтартпа көзқарастарды насихаттауға негiзделсе, оның мән-маңызы да керi 
ықпалды болады. 
Жеке қаламгерге тән әдiс, сол өмiрлiк ақиқат құбылыстарды танып, 
бейнелеу ұстанымдарының (реалистiк, романтикалық, натуралистiк, т.с.с.) 
ұқсас түрiн ұстанатын тұтас бiр қаламгерлер тобының шығармашылығына да 
ортақ болып келедi. Қоғамдық сұраныстарға орай дүниеге келген көркемдiк 
әдiстердiң бәрi әдеби дамудың теориялық жинақтауы болып шығады. 
Ғасырларды қамтитын көркем әдебиет тәжiрибесi көркемдiк бейнелеу 
ұстанымдары белгiлi бiр көркемдiк әдiстiң шеңберiнде тұйықталып 
қалмайтынына, үздiксiз даму үстiнде болатынына айғақ. Бұл даму 
жазушының идеялық-көркемдiк жаңалықтарымен қаншалықты байланысты 


147 
болса, сол жаңалықтардың теориялық тұрғыдан танылып, олардың 
маңызының анықталуына да соншалықты тығыз байланысты болады. 
Мысалы, Пушкин, Гоголь жазды, Белинский, Добролюбов талдады. 
Көркемдiк әдiстердiң пайда болуы, дамуы және алмасуы әлеуметтiк-
тарихи жағдайларға қатысты. Қандай да бiр қоғамдық жағдайда пайда болған 
көркемдiк әдiс өзiнiң даму барысында түрлi өзгерiстерге ұшырайды, 
қоғамдық өмiрдегi өзгерiстерге сәйкес жаңа сипаттарға ие болады. Мысалы, 
осы күнге дейiн бiр ғана реализм әдiсi ағартушы реализм, сыншыл реализм, 
социалистiк реализм сияқты сатыларды бастан өткерiп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет