150
көтерiлiсiндегi” Лаон мен Цитна бейнелерi. Романтиктер халық
шығармашылығын, орта ғасырлық әдебиет туындыларын кеңiнен танытуда
да көптеген iстер тындырды. Олар өз халқының өзiндiк өнерiн насихаттаумен
ғана шектелмей, өзге халықтардың көркем мұраларына да ұдайы назар
аударып, әр мәдениеттiң қайталанбас сипаттарын баса көрсетiп отырды.
Романтизм дәуiрiнде көркем аударманың биiкке көтерiлуiнiң себебi де
осында.
Фольклорға ден қою арқылы романтиктер аңыздарды баллада жанрында
жаңа сипатта пайдаланып отырды. Бұл үлгiдегi балладаларды немiс
романтиктерi, Англиядағы “Көл мектебi” ақындары, В.А.Жуковский сәттi
қолданды. Сонымен бiрге революцияшыл романтизм өкiлдерi ауыз
әдебиетiне сүйене отырып, ертегi-жырлардағы халықтың қанаушыларға
қарсы күресiн көрсететiн шынайы мазмұнды, күрескерлiк идеяны тануға
ұмтылады да, сол арқылы халықтың қуатын, жарқын келешекке сенiмiн
көрсетуге тырысады. Мәселен, Гейненiң “Германия”, т.б. да туындыларынан
аталмыш мазмұн мен идея анық көрiнедi.
Идеал мен ақиқаттың қарама-қарсылығының бiр көрiнiсi ретiнде
Достарыңызбен бөлісу: