Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. “Аталған реализм түрлерiнiң қайсысы әдебиет дамуында  маңызды роль атқарды?” деген сауалға қандай жауап қайтаруға болар едi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет120/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. “Аталған реализм түрлерiнiң қайсысы әдебиет дамуында 
маңызды роль атқарды?” деген сауалға қандай жауап қайтаруға болар едi? 
Жауап. Қандай да бiр көркемдiк әдiстiң, бағыттар мен ағымдардың 
құндылығы олардың өмiр шындығының заңдылықтарын танып, даму 
арнасын айқындау арқылы идеялық-көркемдiк мазмұнның әсерлiлiгi мен 
қуатына ықпал ету қабiлетiмен анықталады. Сонымен бiрге әдебиеттiң даму 
тарихында кездескен түрлi әдiстер мен ағымдардың жекелеген бағалы 
сипаттарының қазiргi дәуiрдiң эстетикалық талап-тiлегiнен өрбитiн 
көркемдiк әдiстерге де сiңiсiп кетуiн, өзiнiң тарихи-көркемдiк мәнiн 
жоғалтпауын заңды құбылыс деп бiлген жөн. Мұндай әдiстердiң қатарына 
XIX ғасырда кең тараған романтизм мен реализм әдiстерiн жатқызуға 
болады.  
Сұрақ. Осы тұста әңгiме арнасын әдебиет дамуынан белгiлi негiзгi 
көркемдiк әдiстерге бағыттасақ, олардың ерекшелiктерiн, тарихи даму жолын 
сөз ету барысында бұл мәселенiң мәнiне тереңiрек үңiлуге мүмкiндiк туары 
анық. Сондықтан әңгiме желiсiн әдебиеттегi романтизм және реализм 
әдiстерiне қарай бағыттап, алғашқы кезекте романтизм жайына тоқталсақ 
қалай болар едi?
Жауап. Романтизм Европаның көптеген елдерiнiң өнерi мен 
әдебиетiнде, сондай-ақ, америка әдебиетiнде XVIII ғасырдың соңы мен XIX 
ғасырдың бiрiншi жартысында аса iрi бағыттардың бiрi ретiнде пайда болған 
және әлемдiк сипат алып, кеңiнен таралған көркемдiк әдiс. 
“Жаңадан пайда бола бастаған бағытқа “романтизм” деген сөз қалайша 
атау болды?” деген сауалға жауап бере кетелiк. XVIII ғасырда өмiрде болуы 
мүмкiн емес, тек кiтаптарда ғана кездесетiн, фантастикалық, қалыптан тыс, 
түсiнiксiз атаулының бәрi “романтикалық” делiндi. XVIII ғасыр мен XIX 
ғасыр шенiнде “романтизм” сөзi классицизмге қарама-қарсы жаңа әдеби 
бағытты белгiлеген термин болып ендi. 
Романтизм өзiне дейiн бүкiл европа елдерiне жайылған ағартушылыққа 
қарсы қозғалыстардың ең жоғарғы нүктесiне айналды. Оның негiзгi 
әлеуметтiк-идеологиялық алғышарты – Ұлы француз революциясының 
нәтижелерiнен, тiптi барлық өркениет атаулыдан түңiлу болды. Алғашқы 
нышандары сентиментализм мен iлкiромантизмде аңдала бастаған 
буржуазиялық 
өмiр 
салтын 
жақтырмаушылық, 
пасықтық 
пен 


148 
бiрсарындылыққа, 
буржуазиялық 
қатынастардағы 
өзiмшiлдiк 
пен 
сезiмсiздiкке қарсылық сарыны романтиктерде ерекше өткiр сипат алды. 
Романтизм сол тұстағы буржуазиялық шындыққа деген көптеген 
қоғамдық топтардың наразылығын бiлдiрдi. Десек те, буржуазиялық 
шындыққа наразылық себептерi мен сипаттары әр деңгейдегi әлеуметтiк 
топтарда бiрдей болған жоқ. Феодалдық аристократия мен реакцияшыл ұсақ 
буржуазия 
революциялық 
қозғалыстар 
мен 
қалыптаса 
бастаған 
буржуазиялық құрылысқа қарсыласа отырып, өткендi қалпына келтiрудi, 
орта ғасырлық феодализмдi қайта оралтуды аңсады. Ал қарапайым бұқара 
революциялық қантөгiстердiң ақтық нәтижесi XVIII ғасырдың ұлы 
ағартушылары уәде еткен ақыл-ойдың, азаттық пен әдiлдiктiң жарқын 
патшалығының орнауына қол жеткiзер деп күттi. Әлеуметтiк түрлi 
топтардың 1789 – 1794 жылдардағы буржуазиялық революцияға деген 
осындай әрқилы көзқарастарына сәйкес романтизмнiң даму бағыттары да 
алуан арнада көрiндi. 
Сұрақ. Түсiнiктi. Ендi осы романтизмдегi бағыттардың алуан сипатта 
дамығандығын айқынырақ тануымыз үшiн солардың негiзгiлерiне тоқталып 
өткен де дұрыс болатын шығар. 
Жауап. Бiрiншiден, тарихи шындық “ақыл-ойға” бағынбайтын, құпиялар 
мен күтпеген жағдайларға толы, ал заманның дүниауи құрылымы 
(мироустройство) адам табиғаты мен оның азаттық аңсарына жат болып 
шықты. Европаның ең үлкен ойшылдары негiздеп, уағыздаған әлеуметтiк, 
өндiрiстiк, саяси және ғылыми прогрестiң мүлде керiсiнше сипат иеленуi, 
яғни жаңа қарама-қайшылықтар мен бiтiспес тартыстарды, рухани 
жұтаңдықты әкелуi, соның салдарынан туған сенiмсiздiк бiртiндеп түпсiз 
пессимизмге ұласты. Адамзат өмiрiнiң барлық жағын шарпыған бұл ахуал 
үмiтсiздiк, торығушылық, “әлемдiк қасiрет” ауанына ауысты. Бұған мысал 
ретiнде Ф.Шатобриан, А.Мюссе, Дж.Байрон, А.Виньи, А.Ламартин, 
Дж.Леопарди қаһармандарына және Г.Гейне, т.б. лирикаларына тән “дәуiр 
дертiн” айтуға болады.
Материалдық қатынастардың көзсiз үстемдiгi, жазмыш iсiнiң ой-санаға 
сыйымсыздығы, күнделiктi өмiрдiң ығыр қылған бiрсарындылығынан торығу 
сияқты мәселелердi қозғаған “Зұлымдық жастанған” ”құбыжық дүние” 
тақырыбы романтикалық әдебиеттiң бүкiл тарихын қамтып, әсiресе, 
Г.Клейст, Ф.Грильпарцер, Ц.Вернер тәрiздi қаламгерлердiң “жазмыш 
драмаларында” немесе ”жазмыш трагедияларында”, Байрон, К.Брентано, 
Э.Т.А.Гофман, Э.По шығармаларында ерекше айқын көрiндi. 
Екiншiден, жедел дамып, жаңарып жатқан дүниеге, өмiр ағынына, 
әлемдiк тарихи үрдiске ортақтық сезiмдерi де, тұрмыстың көзден қалтарыс 
байлығы мен шексiз мүмкiндiгiн түйсiну де романтизмге тән сипат. Өмiрдi 
романтикалық түйсiнудiң айрықша белгiлерiнiң бiрi – адамның азат 
рухының құдiреттiлiгiне сену, бүкiл дүниенi түбегейлi жаңартуға құштарлық. 
Қалың қауымды қамтыған айналадағы өмiрге көңiлi қалушылық, 
өркениет пен прогресс мүмкiндiктерiне сенiмсiздiкке қарама-қарсы 


149 
“шексiздiкке”, абсолюттi әмбебап идеалға деген романтикалық құштарлық 
қойылды. Романтиктер өмiрдi бөлшектей жетiлдiрудi емес, өмiрдiң бүкiл 
қайшылықтарын тұтастай шешудi армандады. Өзiнен бұрынғы кейбiр 
бағыттарда да байқалған идеал мен шындық өмiр арасындағы айырмашылық 
романтизмде ерекше қуатқа, айрықша маңызға ие болғаны соншалықты, 
романтизмде дүниеге қатысты екi мән құрады. Бұл тұрғыда Англиядағы “көл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет