141
өзiнiң архитектоникасы, сыртқы бейнесi, колоритiнде нақтылы көркем
мағынаны “заттандырып” (бiлдiрiп) көрсетуге қабiлеттi пiшiн (форма).
Жанрлық пiшiннiң мағыналылығын тiптi (“техникалық” деуге де
болатын)
сонет сияқты құбылыстан да көруге болады. Бұл жанр ренессанс
әдебиетiнде күрделi,
кейде тiптi кереғар, бiрақ қалайда толық аяқталған
түйiнi мен шешiмi бар лирикалық ойлау көрiнiсi ретiнде дүниеге келдi.
Сонеттiң осындай мазмұндық жалпы даралығы жүздеген жылдар бойына
өңделiп-жөнделiп, оның пiшiнiне де “көштi”. Бұл пiшiн, “жалпылама” болса
да, көп мағыналы мәнге ие. Әбден қалыптасқан бұл пiшiнге назар аудара
отырып, ақын оны (пiшiндi) мағыналылығы үшiн, күрделi де сан қатпарлы
және аяқталған поэтикалық ойды жинақтаушы қабiлетi үшiн бағалайды.
Әрбiр жаңа сонеттiң өзiндiк қайталанбас мазмұны болатыны анық, алайда
бұл мазмұн қалай болғанда да қалыптасқан мағыналық үлгiге сыйғызылады.
Тағы бiр мысал ретiнде қазiргi психологиялық романды алып көрелiк.
Қазiргi психологиялық роман пiшiнi – кең ауқымды композициясымен,
бейнелеу, суреттеу, баяндау, әңгiмелеу, диалог, iшкi монологтардың өзара
әрекетiнен, автор сөзi және кейiпкерлердiң төл сөздерi мен төлеу сөздерiнiң
алмасуымен, прозаға
тән бейiмделгiш ырғағымен, т.с.с. – ерекше бай және
сан қырлы мағына иеленедi. Солай бола тұра, психолгоиялық романның
жанрлық алуан түрлiлiгiн айта отырып, тек қана тақырыптық белгiлерiмен
шектелуге болмайды, “жан-дүние диалектикасын” (Н.Г.Чернышевский)
бейнелеуге мүмкiндiк беретiн көркемдiк құралдардың бiртұтас жүйесiн әркез
есте тұту қажет. Әрине, әрбiр қаламгер қайталанбас психологиялық бейнелер
жасайды, алайда оларды жасауға қаламгерлердiң бiрнеше буынының
(Ж.Ж.Руссо,
Л.Стерн,
И.В.Гете,
М.Ю.Лермонтов,
Л.Н.Толстой,
Ф.М.Достоевский, У.Фолкнер, т.с.с.) тәжiрибесi арқылы әбден жүйеленген
жанрлық түр мүмкiндiктерiн ашатыны анық. Яғни кез-келген қаламгер “жан-
дүние диалектикасына” көркемдiкпен тереңдей бойлаудың өзiне дейiнгi
тәжiрибелерiн шығармашылықпен пайдаланып отырады.
Сұрақ. Әдебиетке байланысты сыни ойларда, ғылыми-зерттеу
еңбектерде көркем шығармаға түрлi жанрлық айдар тағылып жататыны бар.
Мәселен, әдебиетшiлер романдардың
бiрiн психологиялық, екiншi бiрiн
тарихи, ендi бiрiн детектив, т.с.с. үлгiде жiктегенде ненi басшылыққа алады?
Жауап. Көптеген жанрлар өз iшiнен де бiрнеше түрлерге бөлiнiп
жатады. Бұл тұста ол
әртектi ұстанымдарды негiзге алады. Мысалы,
тақырып сипатының ортақтығына қарай тұрмыстық, тарихи, авантюралық,
психологиялық, детектив, ғылыми-фантастикалық, т.с.с. романдар;
бейнелеу
(образдылық) сипаттарына қарай гротескiлiк, аллегориялық, бурлеск,
фантастикалық, т.с.с. сатира;
композиция типiне қарай сонет, рондо, триолет,
ғазал, рубаи, хокку, танка, т.с.с. үлгiсiндегi лирикалық өлең деген тәрiздi
үлгiде жiктеледi.
Ақыр соңында жанрға байланысты аса маңызды проблема – оның
тарихи және ұлттық сипаты. Мысалы, тарихи сипатына қарай ежелгi
халықтық эпопея, қайта өрлеу, классицизм, қазiргi дәуiрдегi
эпикалық поэма;
142
ал ұлттық сипатына қарай халықтық эпопеяның өзi
ежелгi гректiң “гомерлiк
поэмасы”, ежелгi үндiнiң қаһармандық поэмасы, т.с.с. болып жiктелiп
кетедi.
Сұрақ. Пайда болу, жетiлу, өзгеру, т.с.с. жағдайлар – өнер мен әдебиетте
жиi кездесiп жататын құбылыс. Ал осындай өзгермелiлiк қасиет жанрға да
тән сипат деуге бола ма?
Жауап. Бұл сұрақтың жауабын дұрыс түсiну үшiн
жанрдың тарихи
дамуы мәселесiне назар аудару қажет. Бұл – жанрлар теориясына қатысты
күрделi мәселелердiң бiрi. Ендi соның сырына үңiлiп көрелiк.
Бiр жағынан, жанр әрбiр көрнектi қаламгер шығармашылығы арқылы
жаңаша сипат иеленiп, үздiксiз өзгерiп тұрады. Жанр ғасырлар бойы
қалыптасуы да немесе бiршама ұзақ өмiр сүрiп, сөнуi де мүмкiн. Мысалы,
психологиялық роман жанры өнердiң жаңа пәнiн, яғни адамның күнделiктi
өмiрiнiң бүкiл байлығын игеру үрдiсiнде жетiлу үстiнде. Бұл жанр
шындығында XVIII ғасырдан бастап қана дамыды. XIX ғасырдағы европа
әдебиетiнде идиллия мен ода жанрлары бiржола тоқтады деуге болады.
Екiншi жағынан, жанрға, қалай болғанда да, ерекше берiктiк, өмiршеңдiк
қасиет тән. Қалыптасқан түрлердiң кәдеге аспай қалуы әдебиетте сирек
ұшырасады. Көбiне-көп жанр жаңа түр иеленiп қайта оралып жатады;
мәселен, түрлi дәуiрлерге трагедияның жаңа тұрпатта қайта өрлеуi тән.
Мысал жанры бүкiл әдебиет тарихында бар, XIV – XX ғасырлар аралығында
новелланың алдыңғы лекте көрiнуi бiрнеше қайталанды, т.с.с.
Жанрды көп жағдайда әр қаламгердiң шығармашылығын айқындайтын
әдеби шығарманың жалпыға ортақ түрi ретiнде қарастыра отырып, әрбiр
жеке туындының қайталанбас өзiндiк жанрлық өзгешелiгiн ескермеуге
болмайды. Қандай да бiр iрi әдебиетшiнiң шығармашылығын талдау кезiнде
оның жанрлық түрлерiнiң ерекшелiгi жайында сауал алдан шығады.
Сонымен бiрге барлық жанрлық түрлердiң типтiк сипаттарының өзгеруi,
дамуы дәл осы жекелеген жазушылар шығармашылығында жүзеге асады.
Әрбiр әдеби дәуiр мен бағытқа үлкендi-кiшiлi жанр типтерi тән.
Мәселен, классицизмге трагедия, комедия, ода,
эпикалық поэма;
Ағартушылыққа – мещандық драма, сатиралық жанрлар, философиялық
повесть; романтизмге – лирикалық поэма, драма, элегия, баллада,
психологиялық және тарихи романдар тән.
ХХ ғасыр әдебиетiне жанрлардың алуан түрлiлiгi тән. Егер XIX ғасырда
бiрнеше жетекшi жанрлар (романның кейбiр түрлерi, лиро-эпикалық поэма,
новелла, “орта” драма, лирикалық өлеңдердiң бiрнеше түрлерi) басым болса,
XX ғасырдың бiрiншi жартысында олармен қатар трагедияның жеке үлгiлерi
(М.Метерлинк, Ю.А.Стриндберг, Л.Н.Андреев), трагикомедия, сатиралық
комедия (Б.Шоу), жаңа сипаттағы эссе жанры (А.Франс, Э.Хемингуэй,
А.Сент-Экзюпери), бұрын беймәлiм кино-, радио- және теледраматургия,
т.с.с. маңызды роль атқарды.
ХХ ғасыр ортасында жанр
проблемасы модернистiк эстетика өкiлдерiнiң
батыста роман мен драманың жанрлық құлдырауына байланысты жанрлық