Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. Қарапайым тiлмен айтқанда осы үлгiде түсiнуге болады.  Сұрақ



Pdf көрінісі
бет23/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жауап. Қарапайым тiлмен айтқанда осы үлгiде түсiнуге болады. 
Сұрақ. Олай болса, адамзат тарихында қаншама қаламгер болды, 
олардың әрқайсысының қаншама шығармасы бар, солардың бәрiн әдебиет 
тарихы түгесiп қарастыруы мүлде мүмкiн емес қой? 
Жауап. Есiңде болса, “Әдебиет тарихы әр алуан әдеби құбылыстардың 
әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды” деп айтқан 
болатынбыз. Сол тұста “ең қарапайым құбылыс – жеке шығарма, күрделi 
құбылыс – әлемдiк әдебиет” деп өзiң де ой қосқан болатынсың. Осы 
“қарапайым” мен “күрделiнiң” аралығы бiрнеше сатылы тұтас жүйенi 
құрайды. Бiз осы жүйенiң алғашқы баспалдақтары, яғни жеке туынды мен 
жеке шығармашылық жайын ғана сөз еттiк. Зейiн аударған жағдайда 
қаламгердiң шығармашылығы оның өз қаламынан туған жеке-жеке 
туындылардың бiрiгуi арқылы көрiнетiнiн танимыз. 
Сол сияқты бiр уақытта қатар өмiр сүрiп, шығармашылықпен 
шұғылданған қаламгерлер шығармалары сол тұстағы әдебиеттiң бет-бейнесiн 
белгiлейдi. Осыған орай әдебиет тарихының алдында тұрған мiндеттердiң 
бiрi – шығармашылық қабiлетi де, жазу машығы да, дүниетаным деңгейi де 
әр тектi қаламгерлердiң өзара шығармашылық қарым-қатынасын саралау 
болып табылады. Шығармашылық байланыс дәрежесi жекелеген 
қаламгерлер арасындағы адами қарым-қатынасты, олардың даралығы мен 
ұқсастықтарын айқындау мақсатында шығармалары мен көркемдiк 
стильдерiн салыстыру арқылы сарапталады. Бұл жағдай әдеби өмiрдегi 
ағым, бағыт, мектеп сияқты мәселелерге назар аударуды керек етедi. Ол 
мәселелерге кейiнгi әңгiмелерiмiзде арнайы тоқталамыз. Ағымдағы өмiр 
тәрiздi әдеби өмiр де қарама-қайшылықтарға, талас-тартыстарға, күрестерге 
толы. Әдебиет әлемiндегi әр қилы қарым-қатынастар қалай болғанда да, 
белгiлi бiр жүйеге негiзделедi. Аталмыш жүйенi әдеби үрдiс (процесс) 
ұғымымен анықтауға болады. Демек, жеке шығарма да, шығармашылық та 
әдеби үрдiс ауқымында қарастырылуы шарт. Әдеби үрдiс мәселесiне 


23 
кейiнiрек тағы ораламыз. Әзiрше осы тұстан түйе тұрайық та, әңгiмемiздi әрi 
қарай өрбiтейiк.
Қазiргi кейбiр ұғым-түсiнiктер де тарихи дамудың қилы кезеңдерiн 
бастан өткере отырып қалыптасқан. Бұл тұрғыда жанрлар мен стильдер, 
жекелеген көркемдiк тәсiлдер, композициялық құрылым белгiлерi, сондай-ақ 
қайталама сюжеттер мен сарындардың (мотив) тарихи тағдырын айтуға 
болады. Әдебиетке қатысты түрлi ұғымдардың, көркемдiк құралдарының 
тарихи жолын айқындау да – әдебиет тарихынын, оның iшiнде тарихи 
поэтиканың өзектi мәселелерiнiң бiрi. 
Әдебиет тарихының еншiсiндегi маңызды мәселелердiң тағы бiрi – жеке 
ұлт әдебиетiнiң тарихи даму жолы. Себебi – әр ұлттың ұлттық тарихы 
өзiндiк сипаттарымен дараланып тұратын болса, әдебиетiнiң даму жолында 
да өзiндiк ерекшелiктер болады. Бұл тұста барлық халықтың әдебиетiнiң 
дамуында бiрдей кездесетiн ортақ сипаттар болатынын мiндеттi түрде ескере 
отырып, нақты бiр ұлт әдебиетiне ғана тән сипаттарға баса назар 
аударылуы қажет.
Әлемдiк әдебиет тарихы – әдебиет тарихы пәнiне жүктелетiн ең жоғары 
мiндет. Әлемдiк әдебиет тарихын жасау барысында барлық ұлттық 
әдебиеттер тарихына, әлемдiк әдебиет дамуына ықпал еткен барлық 
жанрлар мен стильдерге, барлық қаламгерлерге тән ортақ заңдылықтар 
ғана жинақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет