Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Әдебиет тарихының мақсат-мiндеттерi жайында бiршама  айтылды. Ал оның өзге ғылымдармен байланысы қандай? Жауап



Pdf көрінісі
бет24/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Әдебиет тарихының мақсат-мiндеттерi жайында бiршама 
айтылды. Ал оның өзге ғылымдармен байланысы қандай?
Жауап. Ең алғашқы әңгiмелерiмiздiң барысында лингвистика 
ғылымының өзге ғылым салаларымен байланысы жайында айтып өткен едiк. 
Сол тұста айтылған пiкiрлердiң осы сұраққа да қатысы бар. 
Сұрақ. Десек те, әдебиет тарихына байланысты оралып соқсақ, артық 
болмас едi… 
Жауап. Әдебиет тарихы – тарих ғылымымен, оның iшiнде жалпы 
адамзат қоғамының даму тарихымен, өнер мен мәдениет тарихымен тығыз 
ұштасып жататын сала. Бұл орайда ол әдебиеттiң өзiндiк қасиеттерiн, 
қайталанбас дара болмысын ескере отырып, тарих ғылымының 
заңдылықтарын шығармашылықпен қолданады. Шын мәнiндегi әдебиет 
тарихы әдебиет дамуының iшкi заңдылықтары мен қоғамның, халықтың, 
адамзаттың тарихи дамуындағы ортақ заңдылықтарды бiрдей есепке ала 
отырып жасалады. Ал әдебиеттану ғылымының басқа ғылымдармен 
байланысы, жалпы даму тарихы жайына алда арнайы тоқталамыз. 
Сұрақ. Жинақтап айтар болсақ, “әдебиет тарихы әдеби шығармаларды, 
әдеби-сын еңбектердi зерттейдi; жекелеген қаламгерлер мен сыншылардың 
шығармашылықтарын сараптайды; сондай-ақ көркемдiк әдiс-тәсiлдердiң, 
әдеби түрлер мен жанрлардың тарихи орнын және ерекшелiктерiн 
бағалайды” деген қорытынды шығады ғой. Ендiгi әңгiме желiсiн әдебиет 
сыны мәселесiне арнасақ… 


24 
Жауап. Әдебиет сыныкөркем туындыны және онда бейнеленген 
өмiрлiк шындықты талдап, бағалауға негiзделген әдебиеттану саласы.
Оның әдебиет тарихынан басты айырмашылығы, негiзiнен, өз 
тұсындағы әдеби оқиғаларға дер кезiнде пiкiр бiлдiруге бағытталуында. 
Оның басты мiндетi – өз кезiндегi әртүрлi әдеби құбылыстарға жан-
жақты талдау жасап, олардың идеялық-көркемдiк маңызына дұрыс та 
тиянақты баға беру. Сын өзегiне жеке шығарма да, яки бiр қаламгердiң 
шығармашылығы да, немесе түрлi жазушылардың туындылары да алынуы 
мүмкiн. Оның сыры сыншының көздеген мақсатына байланысты. 
“Сын” сөзiнiң төркiнi грек тiлiнде “талдау, талқылау” деген мағына 
беретiн “kritike” деген сөзiнен шығады. Сын дамуына шола көз жүгiртсек, 
әдебиет жайындағы сыни ойлар әдебиеттiң өзiмен қатар пайда болғанын 
байқаймыз. Алғашқы сын үлгiлерi елге сыйлы, бiлiмдi жандардың ой-пiкiрi 
ретiнде көрiнген. Антикалық дәуiрде әдеби жұмыстың бiр саласы ретiнде 
бөлiнiп шыққан әдебиет сыны ұзақ уақыт бойына шығармаға жалпылама баға 
беру, оны оқырмандарға таныстыру, оқуға кеңес беру, шығарма авторын 
дәрiптеу немесе сынау сияқты қарапайым ғана мiндеттер атқарып келдi. 
Әдебиеттiң дамуына байланысты әдебиет сынының да мақсаты мен сипаты 
күрделене түсiп, оған қойылатын талаптар да, жауапкершiлiк те күшейдi. 
Соған сәйкес, әдебиет сынының теориялық анықтамасы да тарихи тұрғыдан 
нақтылана түстi. 
Қазiргi таңдағы әдебиет сыны көркем шығарманы эстетикалық, 
әлеуметтiк, этикалық, т.с.с. көзқарастар тұрғысынан жан-жақты қарастыруға 
ұмтылады. Әдебиет сыны өмiрдi танып-бiлумен ғана шектелмейдi, сонымен 
қоса оған әсер етуге де талпынады. Бұл мақсатқа жету жолында сыншының 
орны айрықша. 
Сыншы – оқырман мен қаламгер арасындағы дәнекер тектес. Себебi ол, 
бiр жағынан, талданып отырған көркем шығарманы оқырманның дұрыс 
түсiнiп, әдiл бағалауына жәрдемдессе; екiншi жағынан, сыншы қаламгердiң 
өзiне де жөн сiлтеп, бағыт берiп, қалың жұртшылықтың талғам-таразысын 
танытып отырады. 
Осы орайда әдебиеттанудың аса маңызды бөлiмдерiнiң тағы бiрi – 
поэтика болып табылатынын ескерте кеткен жөн. Алайда “Поэтика” 
тақырыбына, әдебиеттану ғылымына қатысты жалпы мәселелерге тоқталып 
өткен соң, арнайы ораламыз. 
Сұрақ. Әдебиеттанудың негiзгi салалары әдебиеттi қай қырынан 
қарастыратыны хақында хабардар болдық. Осы салалардың өзара байланысы 
қандай? Сондай-ақ, негiзгi болған жерде қосалқының болатыны да бар емес 
пе?.. 
Жауап. Аталмыш салалар әрқашанда өзара тығыз байланыста болып, 
қажеттi сәттерде бiр-бiрiнiң жетiстiктерiн пайдалана отырып дамиды. 
Мәселен, әдебиет теориясы әдебиет тарихы қол жеткiзген тарихи дәйек, 
деректерге және сын зерттеулердегi жетiстiктерге сүйенсе, әдебиет тарихы 
әдеби процестiң даму жолын айқындау барысында әдебиет теориясы 


25 
негiздеген басты ұстанымдарды жетекшiлiкке алады, сондай-ақ әдеби сын 
еңбектердiң нәтижелерiне де иек артады. Ал әдебиет сыны теориялық негiзгi 
қағидаларды басшылыққа ала отырып, өзi талдау нысанына алған 
туындының жаңалығы мен мәндiлiгiн, маңыздылығын сараптауда өзiне 
дейiнгi әдебиет тарихындағы мәлiмет көздерiне зейiн қойып отырады. 
Ендi сұрақтың екiншi бөлiгiне келсек, әдебиеттанудың аталған 
салаларымен қатар, бiрнеше қосалқы және көмекшi тармақтары бар. 
Қосалқы салалар қатарына әдеби сын теориясы, әдеби сын тарихы, поэтика 
тарихы (тарихи поэтика емес!), стилистика теориясы, т.с.с. жатады. Осы 
орайда ескеретiн бiр жағдай бар: кейде бiр саланың екiншi бiрiне ауысып 
жататын тұстары да болады. Мысалы, бүгiнгi әдеби сынның уақыт өте келе 
әдебиет тарихының, тарихи поэтиканың материалына айналуы заңды 
құбылыс. 
Сондай-ақ көптеген көмекшi салалар да бар. Бұл топқа историография, 
текстология, библиография, архивтану (әдебиеттануға қатысты), эвристика, 
палеография, мәтiн түсiнiктемесi, т.б. жататыны белгiлi. XX ғасырдың 
ортасынан бастап әдебиеттануда математикалық әдiстер (әдеби статистика) 
бiршама роль атқара бастағаны мәлiм. Бұлар, көбiнесе, құрылымдық 
бөлшектердi 
анық 
байқауға 
болатын 
өлеңтануда, 
стилистикада, 
текстологияда айқынырақ байқалды. Көмекшi салалар негiзгi салалардың 
дамуына септiк етумен қатар, кей тұстарда ғылыми мәселелердi өздiгiнен 
шешуге де қабiлетi жетiп жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет