22
жақындастырып тұратын ортақ белгiлер болады. Бұл белгiлер қаламгердiң
дара стилiн белгiлейтiн
iшкi логикалық ойлау жүйесiнiң әсерiнен туындайды
.
Қандай да
бiр қаламгерге тән логикалық ойлау даралығы бiр шығармадан
келесi шығармаға өту барысында (қаламгер қаласын, қаламасын) ұдайы
сақталып отырады. Қаламгердiң
логикалық ойлау даралығын анықтау –
суреткердiң тұрмыстық және шығармашылық өмiрбаянын зерттеумен
айналысатын әдебиет тарихшысы атқаруға тиiстi мiндеттердiң бiрi.
Сұрақ. Демек, әдебиет тарихын қарастыру барысында жеке туынды да,
жеке бiр қаламгер шығармашылығы да зерттеушi назарынан қағыс қалмауы
қажет дейсiз ғой.
Әдебиет тарихшысы, бiрiншiден,
әр шығарманың бастағы
қиялдан қолдағы кiтапқа дейiнгi жолын; екiншiден,
әр суреткердiң
шығармашылығы арқылы оның өзiндiк дүниетанымын және сол
дүниетанымның қалыптасу жолын анықтауы тиiс деген ой түйсек,
жаңылыспайтын шығармыз.
Достарыңызбен бөлісу: