Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. “Классицизм” деген сөздi қалай түсiнген дұрыс?  Жауап



Pdf көрінісі
бет32/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. “Классицизм” деген сөздi қалай түсiнген дұрыс? 
Жауап. Бұл сұрақтың жауабына алдағы әңгiмелерiмiздiң бiрiнде арнайы 
тоқталамыз. Сондықтан сөз желiсiн үзбегенiмiз жөн шығар. 
XVII–XVIII ғасырларда әдебиеттiң жанрлары мен түрлерiне қатысты 
пiкiрлерде “қалыпқа түсiрушiлiк” талаптарына қарсы ыңғайдағы ойлар батыл 
көтерiлдi. Мәселен, Г.Э.Лессингтiң “Гамбург драматургиясы” аталатын 
еңбегiнде “қалыпқа түсiрiлген” поэтика тұтастай жоққа шығарылып, 
нәтижесiнде романтизмге тән эстетикалық және әдебиеттанушылық 
теорияның iргетасы қаланды. Ағартушылық бағытта да әдебиеттiң дамуын 
жергiлiктi жағдайларға байланыстыру тенденциясы аңдалды. Дәлел ретiнде 
Ж.Б.Дюбоның 1719 жылы жарық көрген “Поэзия мен сұңғат жайындағы 
сыни ойлар” еңбегiн айтуға болады. Әдебиет тарихына, әдеби даму 
мәселелерiне арналған зерттеулердiң пайда болуы да XVIII ғасыр еншiсiнде.
XVIII ғасырдың соңына қарай ғылыми дүниетаным өрiсiне орта 
ғасырлардағы европалық және шығыс фольклорының дендей енуi 
нәтижесiнде антикалық өнер мен Қайта өрлеу дәуiрiнiң туындылары 
негiзiнде қалыптасқан көркемдiк құндылықтар жайындағы түсiнiктердi 
қайтадан сараптау қажеттiгi пайда болды. Түрлi дәуiрлердегi көркемдiк 
өлшемдерiнiң де әр түрлi болатыны жайында осы тұста дұрыс пайымдаулар 
жасалды. Көркемдiк өлшемдерiнiң арасындағы айырмашылықтарды түсiну 
нәтижесiнде романтиктер халық рухы мен уақыт тынысын бiлдiретiн 
мәдени дәуiрлердiң де әр қилы болатыны жайында концепцияны әкелдi. 
Уақыт ұсынған жаңа түрлерге қарсы қойылған антикалық дәуiрлердегi 
классикалық үлгiлердi қайтадан қалпына келтiрудiң мүмкiн еместiгiн айта 
отырып, олар өнердiң мәңгi өзгеру және жаңару үстiнде болатынын баса 
көрсеттi. Ағайынды Ф. және А.Шлегельдерден басталған бұл түсiнiк 
Г.Гегель, И.Кант, Ф.Шеллингтердiң ой-пiкiрлерiнде философиялық тұрғыдан 
алуан сипатта қарастырылды. 
XIX ғасырдың 20 – 30-жылдарында Ресейде де немiс философиялық 
жүйесiнiң әсерiмен Д.В.Веневитинов, Н.И.Надеждин, т.б. “философиялық 
сын” ағымына жол салды. Ал 40-жылдары В.Г.Белинский философиялық 
эстетика идеяларын өнердiң азаматтық және тарихилық сипаттарымен 
ұштастыра дамытты. Оның 1843 – 1846 жылдары жазылған Пушкин 
жайындағы мақалалар топтамасы шын мәнiнде жаңа орыс әдебиетiнiң 


33 
алғашқы тарихы болды. Өткен құбылыстардың маңызын сараптауды ол 
әдебиеттегi реализм және халықтық мәселелерiмен тығыз байланыстырды. 
XIX ғасырдың ортасына қарай европа елдерiнде әдебиеттанудың 
қарастыратын салалары ұлғая түстi. Нақты бiр этникалық топтың мәдениетiн 
(мысалы, славянтану) әдеби және тарихи тұрғыдан жан-жақты талдауға; 
үлкен суреткерлерден бастап, түрлi деңгейдегi көркемдiк деректердiң бәрiн 
қамтуға; әлемдiк әдеби үрдiстен жеке ұлт әдебиетiне дейiн зерттеп бiлуге 
деген құштарлық айрықша байқалды. Осы тұста жалпыевропалық 
әдiснамалық мектептер шыға бастады. Мифология мен фольклорға деген 
романтизм кезеңiнен басталған қызығушылық мифологиялық мектеп 
өкiлдерiнiң (Я.Гримм, т.б.) еңбектерiнде де көрiнiс тапты. Романтизм 
теориясында дәйектелген “өнер – шығармашылық тұлғаның өзiн-өзi 
бейнелеуi” дегенге саятын тағы бiр тұжырым әсерiмен биографиялық әдiс 
(көрнектi өкiлi – Ш.О.Сент-Бев) қалыптасты. 
XIX ғасырдың екiншi жартысында жаратылыстану ғылымдарының 
жетiстiктерiне бағдар ұстанған мәдени-тарихи мектептiң ықпалы күшейдi. 
Бұл мектеп жақтаушылары әдебиеттануды нәсiл, орта және мезгiлге 
қатысты үштаған аясында дамытуға талаптанды. 
В.Г.Белинский мұраларына сүйенген А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, 
Н.А.Добролюбовтар өз еңбектерiнде үлкен-үлкен теориялық мәселелердi 
қозғап, 
әдебиеттануға 
байланысты 
зерттеулердiң 
кең 
ауқымдағы 
философиялық және гносеологиялық мәнiн қалпына келтiруге ұмтылды. 
Олар әдебиет тарихы мен сыны мәселелерiн сөз еткенде, әдеби үрдiстiң әр 
алуан әлеуметтiк топтардың iс-қимылдарымен, азаттық қозғалыстардың 
дамуымен байланыстылығын баса көрсеттi. 
40-жылдары фольклор мен ежелгi 
әдебиеттi зерттеу аясында 
салыстырмалы-тарихи әдебиеттану дүниеге келдi. Сәл кейiнiрек Т.Бенфей 
әдебиеттегi сюжеттер ұқсастығын елдердiң қарым-қатынас жасауымен 
байланыстыратын көшпелiлiк теориясын ұсынды. Бенфей теориясы 
ұлтаралық байланыстар мәселесiне тарихи тұрғыдан келумен бiрге, сюжет, 
кейiпкер, т.б. да поэтикалық бөлшектерге деген қызығушылықты да 
арттырды. Алайда олардың түп-тегiн зерттеп тану мәселесi қалыс 
қалғандықтан, көбiне-көп кездейсоқ, үстiрт салыстырулар орын алып кеттi. 
Аталмыш кезеңде салыстырмалы-тарихилық әдiспен қатар, поэтикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет