Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Демек, филолог өз саласының бiлгiрi болу үшiн өзге ғылым  негiздерiн жете меңгеруi қажет болғаны ма?..  Жауап



Pdf көрінісі
бет4/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Демек, филолог өз саласының бiлгiрi болу үшiн өзге ғылым 
негiздерiн жете меңгеруi қажет болғаны ма?.. 
Жауап. Әрине. Эстетика, этнография, тарих, философия, дiн, саясаттану, 
мәдениеттану, әлеуметтану, педагогика, психология, география, т.с.с. ғылым 
салаларымен бiрге, өндiрiс пен техникаға қатысты ғылым негiздерiмен де 
таныс адам ғана филологияда жемiстi нәтижелерге қол жеткiзерi шүбәсiз. 
Сұрақ. Филология сөздi, сөз өнерiн зерттейтiн ғылым екенiн таныдық. 
Сонда осы “сөзтану, сөз арқылы адамтану” ғылымының пайда болуы, 
қалыптасуы, дамуы жайында не бiлемiз? 



Жауап. Өнердi танып-бiлуге қызмет ететiн ғылымдардың бiрi ретiндегi 
филологияның пайда болуы жазу мәдениетiнiң едәуiр өркен жайған 
кезеңiмен орайлас келедi. Өйткенi Таяу Шығыстың аса жоғары дамыған 
ежелгi мәдениетiнде филологияның белгiсi де жоқ болса, орта ғасырлардағы 
Батыс Европада филология еншiсiне болар-болмас қана орын тиген. Соған 
қарамастан, философияның отаны болып табылатын ежелгi Үндiстан мен 
Грекияда филология сөз бен сөйлеудiң, сөз бен ойлаудың ара қатынасын 
гносеологиялық тұрғыдан қарастыратын үрдiс ретiнде дүниеге келiп, 
қалыптаса бастады. Кейiнiрек пайда болған философиялық дерексiздiк пен 
филологиялық нақтылық арасындағы қарама-қайшылықтарға қарамастан, әу 
баста философия мен филология бiртұтас дүниенiң екi бетiндей болып 
көрiнуi кездейсоқтық емес едi. Филологияның шын мәнiндегi өрлеуi 
гносеологиялық ойлар дамуының ұлы дәуiрлерiмен орайлас келедi. Мәселен, 
эллинизм дәуiрiнде (б.д.д. 330 – 23 ж.ж.) Аристотельден соң, Европада XVII 
ғасырда – Р.Декарттан соң, Германияда XIX ғасырда – И.Канттан соң 
филологияның кең қанат жайғаны белгiлi.
Сұрақ. Әлгiнде бiрнеше рет айтылып өткен “гносеологиялық” деген 
сөздiң мәнiн қысқаша айтып өтсеңiз. 
Жауап. Гносеология – философияның бiр тарауы. Танымдық үрдiстегi 
субьект мен обьектiнiң қарым-қатынасын, бiлiмнiң ақиқат өмiрге қатынасын, 
адамның дүниенi тану мүмкiндiктерiн, бiлiмнiң ақиқаттығы мен 
анықтығының негiзгi өлшемдерiн (критерий) қарастырады. Сондай-ақ, 
адамның дүниеге танымдық тұрғыдағы қатынасының мәнiн, оның бастапқы 
және жалпыға ортақ негiздерiн зерттейдi. Әрине, гносеология немесе таным 
теориясы жайында ұзақ сөз етуге болады. Алайда, бiздiң көздеген бағытымыз 
басқа болғандықтан, негiзгi мәселемiзге оралайық.
Сұрақ. “Филолог болу үшiн адам баласы жаралғалы берi қол жеткiзген 
өнер мен ғылым салаларынан, әсiресе, адам болмысын алуан қырынан 
қарастыратын ғылымдардан неғұрлым мол хабардар болу қажет” деген 
пiкiрдiң ақиқаттығының бiр дәлелi әлден-ақ байқалып қалған сияқты. Бұл 
мәселенi өзiм де арнайы қарап өтемiн. Әзiрше жалпы жобасын аңдап 
қалғандаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет