7
тек қана теориялық поэтика мен филологияның нысанына айналып кеттi.
Грек жерiнде әдебиет теориясының кемелденуi Аристотельдiң әйгiлi
“Поэтика” атты еңбегiмен байланысты.
Б.д.д. III – I ғасырлардың еншiсiне тиетiн
эллиндiк филология
философиядан бiртiндеп ара-жiгiн айырып, Александрия және Пергам
кiтапханашыларының қолына көшедi. Тарихта
“Александриялық филология
мектебi” (б.д.д. III–II ғ.ғ.) деген атпен қалған
олар классикалық әдебиет
өкiлдерiнiң мәтiндерiн қалыпқа келтiрiп, түсiнiктемелер беру iсiнде үлкен
шаруалар жасады. Мектеп өкiлдерiнiң қатарында
Дионисий Фракийский
(шамамен б.д.д. 170 – 90 жылдар),
Ориген (III ғ.),
Иероним (IV–V ғ.ғ.)
сияқты филологтар болғаны белгiлi. Мәселен,
Дионисий Фракийскийдiң
сөйлеу бөлiмдерi туралы iлiмi әлi күнге мәнiн жоғалтқан жоқ. Грек
филологиясының дәстүрлерi классикалық туындылардың мәтiндерiмен
жұмыс және түсiндiрме жасауға бағыт ұстанған өзiндiк бiтiмiн жоғалтпастан,
орта ғасырларда Византияда жалғасын тапты.
Батыстағы Қайта өрлеу дәуiрiнiң өкiлдерi өздерiнiң алдындағы
дерексiз-пiшiншiлдiк (абстрактiлi-формалистiк) жүйенi
дәрiптеген орта
ғасырлық
интеллектуал-схоластарға
қарағанда,
антикалық
жауһар
мұралардың мазмұнын игерумен ғана шектелмей, антикалық дүниенiң iшкi
мәнiне бойлауға, солардың тiлiнде сөйлеуге ұмтылды.
Бұл үрдiстiң
бастауында Цицерон мен Вергилий шығармаларының мәтiнiмен жұмыс
жүргiзген
Ф.Петрарка (1304 – 1374) тұрғанын да айта кеткен жөн. Сондай-
ақ,
негiзiнен, дiни-мәдени аңыздарды нысана еткен
филологиялық сынның
(танымал өкiлi –
Эразм Роттердамский (1469 – 1536) маңызын да жоққа
шығаруға болмайды.
Шамамен XVI ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың орта тұсына дейiн
өмiр сүрген
ғылыми кәсiпқойлық кезеңi де филологияның
даму жолында өз
белгiсiн қалдырғаны анық.
Ю.Ц.Скалигер, А.Этьен, Р.Бентли сияқты
филологтар осы дәуiрдiң өкiлдерi екендiгiн және бұлардың қатарында қазiргi
таңда да маңызын жоймаған бiрегей еңбектер –
орта ғасырлық латын және
орта ғасырлық грек тiлдерiнiң сөздiктерiн жасаған Ш.Дюканж болғанын
ескерсек, аталмыш кезеңнiң мәнi бiршама айқындала түсерi анық.
Филология дамуының жаңа дәуiрi Германияда
И.И.Винкельман
ұcтанған “неогуманизм” ұстанымынан басталады деуге болады. Бұл кезеңде
де Қайта өрлеудегi сияқты антикалық мұраларға баса назар аударылды.
Қайта өрлеу кезеңiне қарағанда, бұл тұста антикалық дүниелердi тұтастықта
алып, мейлiнше ғылыми зерделеуге ұмтылыс басым болды. Немiс филологы
Достарыңызбен бөлісу: