Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет6/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Ф.А.Вольф антикалық жәдiгерлердi тарихи-мәдени тұрғыдан сараптайтын 
әмбебап бағдарлама үлгiсiндегi ғылымның атауы ретiнде “филология” 
терминiн алғаш рет қолданысқа енгiздi.  
XIX ғасырда Г.Узенер, Э.Роде, У. Фон Виламовиц-Меллендорф 
бастаған бiр топ немiс филологтарының күш-жiгерi нәтижесiнде ежелгi 
тарихтың құрамынан филология жеке ғылым саласы болып бөлiнiп шықты. 
Сол тұста романтизм және басқа да идеялық ағымдар ықпалымен бұрыннан 



келе жатқан “классикалық” филологиямен жарыса, “жаңа филология” 
дүниеге келдi. “Жаңа филологияның” негiзiн германистика, славянтану 
және шығыстану құрады. 
Филологияның әмбебаптық сипаты Қайта өрлеу дәуiрi мен XIX 
ғасырдың орта тұсында мейлiнше айқын көрiне бастады. “Антикалық 
мәтiндердi зерттеушi маман” ретiнде бағаланатын филолог сол кезеңнен 
бастап, лингвист, сыншы, этнограф, мәдениеттанушы, тарихшы болумен 
қатар, қандай да бiр мәтiндi жан-жақты талдауға септiгi тиетiн ғылым 
салаларынан молынан хабардар болуы қажеттiлiкке айнала бастады. Әрине, 
уақыт өте келе, лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.б. бiр кездегi бiртұтас 
ғылым аясынан шығып, жеке-жеке ғылымдарға ұласқанын бiлемiз. Дегенмен, 
филология ғылымында көздеген мақсатына орай, өзiнiң зерттеу нысанасын 
алуан қырынан қарастыру дәстүрi үздiксiз жалғасып келедi. Басқаша айтар 
болсақ, қазiргi таңда тiл ғылымы мен әдебиеттануды қамтитын филология – 
“өз қазанында өзi қайнай беретiн” ғылым емес. Филологияның даралық 
сипатын оның қарастыратын нысаны ғана белгiлемейдi, сонымен бiрге оның 
зерттеу тәсiлдерi мен жолдарының сан түрлiлiгi мен әмбебаптығы да 
анықтайды. 
Сұрақ. Түрлi елдердегi жағдайлар арқылы жалпы филология тарихына 
қатысты бiраз мағлұматтардан хабардар болғандаймыз. Алайда қазақ 
филологиясының тарихына байланысты ешқандай мәлiмет айтылмауының 
сыры неде? Әлде қазақ филологиясы “кеңестiк дәуiр жемiсi” ме?.. 
Жауап. Филологияның өзi жеке ғылым болып XIX ғасырда ғана 
қалыптасқанын ескерсек, қазақ филологиясының ғылым ретiнде шаңырақ 
көтерген уақытын кеңестiк кезеңге телiсек те, ғылыми филология көшiнен 
кенже қала қоймас едiк. Бұл жағдайда баршаның ойына ең әуелi Ахмет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет