Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет42/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

образдар арқылы қабылдап,  бейнелеуiнде жатыр. 
Көркемдiк танымның, көркемдiк таным нәтижесi – өнердiң, пайда 
болуы, дамуы, кемелденуi тарихи ұзақ үрдiс жемiсi. Бұл – арнайы 
қарастыруды қажет ететiн мәселе. Ал өнер тарихына қатысты еңбектердi 
кiтапханалардан табуға болады. Сондықтан да өнердiң мән-мазмұнына 
байланысты әңгiмемiздiң негiзгi желiсiнен алшақтаудың керегi бола қоймас. 
Өнер қай кезде де өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның әлеуметтiк-
экономикалық құрылымындағы өзгерiстермен тығыз байланысты болады. 
Болмысты бейнелеу түрi болып табылатын өнер қоғамның рухани өмiрiнде 
маңызды роль атқаратын ғылым мен техника, саясат пен мораль сияқты 
құбылыстармен де тығыз ұштаса дамиды. Солай бола тұра, өнер қоғамдық 
сананың өзге түрлерiнен өзiндiк ерекшелiктерiмен дараланады. Яғни өнердiң 
өзiндiк нысаны адамның ақиқат өмiрге эстетикалық қарым-қатынасы да, 
мақсаты – дүниенi көркемдiк тұрғыдан игеру болып табылады. Өнер 
туындыларының өзегiне адам, адамдардың қоғамдық байланысы мен өзара 
қарым-қатынасы, олардың белгiлi бiр нақты тарихи жағдайлардағы өмiрi мен 
iс-әрекеттерiнiң алынуы да сондықтан. Өнер нысаны болып табылатын 
өмiрдiң 
сан 
алуан 
қырларын 
игеру, 
елеп-екшеп 
өңдеу 
және 
шығармашылықпен бейнелеу әрекеттерiнiң бәрiн де суреткер көркем 
образдар арқылы жүзеге асырады. Демек, көркем образ дүниенi танып-
бiлудiң ерекше түрi болып табылады. 
Өнер түрлерiнiң әрқайсысына тән ерекшелiктердi олардың өмiрдi 
суреттеу тәсiлдерi мен көркемдiк мақсаттары, көркем образ жасауда 
пайдаланатын құралдары айқындайды. Мәселен, әдебиетте дүниенi 
эстетикалық тұрғыдан қабылдау сөз арқылы; сұңғатта (живопись) дүниенiң 
әсемдiгiн бояулар жарасымын көзбен көру арқылы; мүсiнде пластикалық 
бейнелер, көлемдiк-кеңiстiктiк пiшiндер арқылы; музыкада дыбыстар әуезi 
арқылы, т.с.с. iске асады. 


43 
Сұрақ. Қарапайым сөзбен айтар болсақ, ғылым адам баласына қоршаған 
дүниенi танып-бiлу үшiн және сол арқылы өзiнiң еңбегiн жеңiлдету үшiн 
қажет екен. Сонда өнердiң қажеттiгi неде? 
Жауап. Өнердiң нысаны мен ақиқат өмiрдi суреттеу түрлерi оның өзiне 
ғана тән мiндетiн де белгiлейдi. Ғылым сияқты, өнердiң мақсаты да адам 
игiлiгiне қызмет ету. Бұл тұрғыда өнер адамға қуаныш, ләззат сыйлай 
алатын, рухани байытатын шынайы көпкем туындылар жасау арқылы оның 
эстетикалық сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бiрге 
нақты бiр сәттерде көркемдiк заңдары бойынша әрекет ете бiлу қабiлетiн де 
жетiлдiредi. Яғни өнер адамға өзiнiң көркемдiк жемiсiн ұсынумен қатар, әр 
адамның бойындағы көркемдiк танымның жетiлуiне де, сондай-ақ белгiлi бiр 
дәрежеде суреткерлiк қабiлетiнiң ұшталуына да ықпал етедi. Өнерге тән 
осынау эстетикалық мiндет арқылы оның танымдық маңызы да, 
тәрбиелеушiлiк әсерi де жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет