42
Өндiрiс саласындағы үлкен өзгерiстер, әсiресе, машинаға бейiмделген iрi
өндiрiстiң iлгерiлеуi, ғылымның өндiрiс саласына белсене араласуына
себепкер болды. Соған байланысты
танымдық зерттеулер қандай да бiр
құбылысты танып-бiлумен ғана шектелмей, оны
жаңғырта, жаңарта
пайдалану жолын анықтауды мақсат еттi. Ғылымның алдына қойылған
бұл мақсат тек материалдық
өндiрiс саласында ғана емес, сонымен қатар
рухани өндiрiс саласында да анық байқалды. Ал рухани өндiрiстiң адам
санасына, жан-дүниесiне қатысты екендiгi аян.
Сұрақ. Ғылымға берiлген
“табиғат, қоғам және ойлау жайындағы
жаңа бiлiмдердi өндiруге бағытталған зерттеу әрекеттерiнiң саласы”
деген жоғарыдағы анықтамадан
ғылыми әрекеттерге тән әдiс зерттеушiлiк
екенiн
танимыз. Ал өнердiң басты құралы
бейнелеу екенiн де бiлемiз. Олай
болса, өнер мен ғылымды ортақтастыратын қандай жағдайлар?
Жауап. Өнер де адам әрекетi мен қоғамдық сананың ерекше түрi болып
табылады. Ал ақиқат болмысты нақты деректер арқылы танып-бiлудi мақсат
тұтатын ғылымнан
өнердiң басты ерекшелiгi өмiрлiк шындықты көркем
Достарыңызбен бөлісу: