46
түсiну үшiн
сезiм мен сана бiрлiгi болуға тиiс. Жан-дүниеге бойлай енетiн
руханилық қасиетi әдебиетке мол мүмкiндiк бередi.
Осылайша әдебиеттiң пiшiнi өз бойына
заттық-сезiмдiк сипаттарды
ұштастырады. Яғни әдебиетте белгiлi бiр дыбыстар жүйелiлiгi (кешенi), өлең
мен қара сөздiң
ырғағы (бұлар iштей оқығанда да сақталады) болады;
дегенмен әдебиеттiң осы тiкелей сезiмдiк жағы көркем сөздiң
интеллектуалдық, рухани қатпарларымен үйлесiм тапқанда ғана шынайы мән
иеленбек. Пiшiннiң ең қарапайым бөлшектерiнiң өзi (эпитет немесе
метафора, баяндау немесе диалог)
түсiну процесiнде ғана (сезiмдiк қабылдау
арылы емес!) әсерлi болады. Әдебиеттi көктей өтетiн руханилық сипат оған,
өзге өнер түрлерiмен салыстырғанда, өзiнiң әмбебаптық мүмкiндiктерiн
кеңiнен пайдалануға мүмкiндiк бередi. Себебi әдебиет – өнердiң жоғарғы
тегi. Әдебиет адамның сөзi арқылы көрiнедi. Ал сөзде дыбыс та, сурет те,
айқын айтылған нақты көрiнiс те бар. Нәтижесiнде өзге өнер түрлерiне
жекелей ғана телiнген сипаттардың (дыбыс, сурет, қимыл, т.б.) барлығы да
әдебиетке етене сипаттар болып шығады.
Сонымен бiрге
әдебиеттiң тағы бiр даралық белгiсi – қаламгер
Достарыңызбен бөлісу: