Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет53/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Әдеби туынды құндылығының басты өлшемдерiнiң қатарына 
халықтық ұғымымен қатар көркемдiк мәселесi де қосылатыны айтылған 
болатын. Ендi осы әдебиеттiң көркемдiгi деген ұғымды қалай қабылдаған 
дұрыс? 


59 
Жауап. Көркемдiк жайын әңгiмелеместен бұрын, әдебиеттiң шынайы 
мәнiн танып-бiлуде маңызды орын иеленетiн тарихилық және идеялылық 
мәселелерiне де аз-кем тоқталып өтелiк. 
Сұрақ. Шынында да әдебиеттану ғылымында жиi қолданысқа түсетiн 
аталмыш ұғымдардың қандай ұғымдар екенiн жалпылама жобалап 
танығанымызбен, нақты мағынасына көп жағдайда зейiн қоя бермейдi 
екенбiз… 
Жауап. Тарихилық – қандай да бiр тарихи дәуiр келбетiн жанды 
суреттер, нақты адам тағдырлары мен мiнездерi арқылы танытатын көркем 
әдебиеттiң басты сипаттарының бiрi болып табылатын әдебиеттану ұғымы. 
“Тарихилық” терминi екi мағынада қолданылады. Кең ауқымда 
қарағанда, тарихилық өз заманын немесе бағзы дәуiрдi суреттеген барлық 
шынайы көркем шығармаларға тән. Яғни шығармада суреттелген дәуiрдiң 
түрлi ерекшелiгiнiң сақталуы деп түсiнуге болады. Бұл сипат әр дәуiрдiң ұлы 
туындыларының бәрiне де тән. Мысалы, Гомердiң “Илиадасы”, 
У.Шекспирдiң ”Король Лир”, ”Гамлетi”, т.б. 
Сонымен бiрге, тарихилық – XIX ғасырдағы әдебиетте қалыптасқан 
өткендi бейнелеуге жаңа тұрғыдан келудi бiлдiретiн ұғым. Бұл тұста 
қаламгер өткен дәуiр ерекшелiгiн, адамдардың iс-әрекеттерi мен мiнез-
құлқындағы ерекшелiктердi танып-бiлуге және көрсетуге ұмтылады. Басқаша 
айтқанда, қаламгер өткен оқиғаларға тарихи тұрғыдан келедi. Бұл ерекшелiк, 
әсiресе, тарихи сюжеттерге негiзделген роман, поэма, драма сияқты тарихи 
жанрларда айқын байқалады. Әдебиеттегi тарихи жанр XVIII ғасырдың соңы 
мен XIX ғасыр басында пайда болды және бiрiншi кезекте романтизм 
эстетикасымен байланысты. Романтизмдегi тарихилықтың басты белгiлерi 
ретiнде жергiлiктi ерекшелiк (колорит), ұлттық дара мiнездер, кейiпкерлердiң 
қаһармандық келбетiндегi ерекшелiктердi жасау мәселелерi түсiндiрiлдi. 
Романтизмнiң 
халықтық 
ұстанымдары 
В.Скотт 
(1771 
– 
1832) 
шығармашылығында мейлiнше жарқырай көрiндi. Оның шығармалары 
өткеннiң мәндi белгiлерiн тап басып танып, жанды суретке айналдыра бiлу 
қабiлетiмен дараланады.
Тарихилық мәселесiне жаңа, реалистiк сипат дарытқан А.С.Пушкин 
болды. Яғни тарихилық жергiлiктi әсем колорит пен суреттердiң кең 
ауқымдылығы ғана емес, әлеуметтiк күреске, халыққа тарихи қуатты күш 
ретiнде назар аудару болып табылады. 
Әдебиетке тән негiзгi сипаттардың бiрi – оның идеялылығы. Идеялылық 
 өнер туындыларындағы көркем образдар арқылы бейнеленген оқиғалар мен 
характерлердiң мәнi жайындағы ой-пiкiрлердiң көрiнiсi.
Демек, идеялылық ұғымын қаламгер позициясы, авторлық идея 
мәселелерiнен бөле-жара қарастыру мүмкiн емес. Өйткенi авторлық идеясыз 
қандай да бiр құбылысты, кейiпкердi, оқиғаларды iрiктеп алу да, соған орай 
оларды бейнелеу де, бағалау да болмас едi. Қаламгердiң шуақты ойымен 
сәулеленбеген кез келген әдеби туынды танымдық та, тәрбиелеушiлiк те мән 
иелене алмайды. Жекелеген кездейсоқ құбылыстарды, мағынасыз ой-


60 
сезiмдердi бейнелеумен ғана шектелетiн немесе ой-сезiмнен құралақандығын 
пiшiндiк әшекейлеулермен жасыруға ұмтылған идеясыз туындылар 
әдебиетке жүктелген көркемдiк, тарихи мiндеттердi шешуге қашан да 
қабiлетсiз болмақ. 
Әдебиеттiң идеялылығы және оның қаламгердiң тәрбиелеушiлiк 
сипаттағы ұлы парызын жүзеге асырудағы маңызы жайында сөз еткен кезде 
көркемдiк ойлаудың өзiндiк ерекшелiктерiн әркез есте сақтау қажет. Себебi – 
образды ойлау ерекшелiктерiн бiлмейiнше, әдебиеттiң идеялылығы 
мәселесiнiң күрделiлiгiн дұрыс түсiну мүмкiн емес.
Идеялық бағыттылықтың жақсы немесе жаман болуы тек қана мазмұнға 
(iлгерiшiл немесе керiтартпа, реакциялық сияқты) қатысты емес, сонымен 
қатар бейнелеу пiшiнi (формасы) арқылы да анықталады. Көркем 
туындылардағы идеялар сөз арқылы тiкелей берiлмей, негiзiнен, көркем 
образдар арқылы жанама түрде көрiнетiндiктен, олар көзге ұрып тұрмайды, 
туындының өне бойында тұтас күйiнде, шығармадағы тiлдiк-бейнелiк 
образдар байланысы арқылы ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет