Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет55/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

ойдан шығарылған жаңа дүние болуымен де айқындалады. Образға 
жүктелетiн жаңалық, сонылық қасиетi оның шығармашылық табиғатынан 
туындайды. Образдың танымдық сипаты сияқты, бұл мәселенi де екi түрлi 
жағдаймен сабақтастыра қарастыруға болады. 
а) Көркем образ – адам баласының шексiз рухани сұранысы мен тiлек-
талабына орай дүниенi жаңғыртуға, жасампаз жаңа идеалға құштарлығынан 
туындайтын ой-қиял жемiсi. Сондықтанда образ бойында ақиқат өмiрдегi 
обьективтi бейнелермен қоса, қаламгердiң субьективтi сезiмiнен өрбитiн 
құбылыстар да қамтылуы ықтимал. Соған сәйкес көркем образда өмiр 
шындығынан алынған нәрселермен қатар, аңсау-тiлектен, қиялдан туған 
нәрселер де кездесе беруi – заңдылық.
ә) Таза қиялдан туған психикалық бейнелерден көркем образдың 
айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық оның түпкi негiзiнде жатыр. Ал 
образдың түп негiзi – өмiрлiк шындық. Яғни көркем образда өмiрдегi нақты 
зат (бояу, дыбыс, сөз, т.с.с.) шығармашылықпен өңделiп, нәтижесiнде әрi 
жаңа, әрi дара “дүние” (сурет, күй, әңгiме, т.с.с.) жасалады да, келесi кезекте 
ақиқат өмiрдегi өзге де заттар арасынан өз орнын алады. Демек, образды 
жасайтын материалдар өмiрден алынады да, басқа пiшiн иеленiп, сол өмiрге 
қайта оралады. Осыдан келiп образға тән iшкi қозғалыс үлгiсiн белгiлеуге 
болады: 
Өмiрлiк шындық → сезімдік қабылдау → саналы түрде жинақтап, 
қорыту → ойдан шығарылған көркемдiк шындық → көркемдiк шындықты 
өзгелердiң қабылдауы. 
Образдың iшкi қозғалысы 2 жақты айналым арқылы көрiнедi. 1) 
Танымдық үрдiсте шындық өмiрден қиялдағы өмiрге көшедi де, 2) 
шығармашылық үрдiсте қиялдағы өмiрден шындық өмiрге оралады. 
Жалпы алғанда, образдың бiтiмi де, құрамы да алуан сипатты. Көркем 
образ обьективтiлiк пен субьективтiлiктiң, қисынды мен қисынсыздың, 
жалпы мен жалқының, шындық пен қиялдың, қысқасы бiр-бiрiмен мүлде 


63 
қабыспайтын нәрселердiң сипаттарын өз бойына үйлесiмдi түрде жинақтай 
алады.  
Сонымен көркем образ бойында танымдық және шығармашылық 
сипаттардың органикалық тұтас күйде ұштасып келетiнiн аңғардық. Келесi 
сөз образдың құрылымы  жайында. 
Көркем образ болмысына тән ерекшелiктердiң бiрi ретiнде оның 
шындық өмiрдегi мағыналары мүлде қабыспайтын әрқилы кереғар 
құбылыстардың өздерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, сол арқылы оларға жаңа 
қасиет дарыта алатын сипатын көрсетуге болады. Образда бiр зат басқа бiр 
зат арқылы айқындалады, яғни бiр зат немесе құбылыс екiншi бiр затқа 
немесе құбылысқа тән қасиеттi иемденедi. Соның нәтижесiнде бiрiншi 
заттың (құбылыстың) жаңа бiр қыры ашылады. Бұл орайда образ белгiсiздi 
белгiлi арқылы немесе керiсiнше, белгiлiнi белгiсiз арқылы түсiндiруге 
негiзделгендiктен, нақты заттың қабылдануын қиындатуы да, жеңiлдетуi де 
ықтимал. Мысалы,”Жас жүрек жайып саусағын…”  
Образдың мақсаты – затқа жаңа сипат дарыту, нақты бiр заттық ұғымды 
жаңа бiр ұғымға айналдыру. Қалай болғанда да образдың мақсаты сөздiң ең 
жоғарғы қуатын игеру, өмiрдiң алуан көрiнiстерiнiң өзара ұқсастығын, 
тұтастығын, байланыстылығын ашып көрсету болып табылады. 
Түйiндей келгенде, образ дегенiмiз не? 
1. 
“Образ – эстетикалық мәнi бар, ойдан шығару арқылы әрi нақты әрi 
жинақты жасалған адам өмiрiнiң әсем суретi” (Л.И.Тимофеев. Основы теории 
литературы.). 
2. 
“…көркемөнерде, соның iшiнде әдеби шығармада жинақталған 
түрде суреттелетiн өмiр құбылысының нақтылы көрiнiс-қалпы, кейiпкердiң 
көркем ой елегiнен өткiзiлiп, қорытындылап жасалған тұлға-бейнесi. Көркем 
образда екi түрлi ерекшелiк – жинақтау, … және даралау … iштей астасып, 
қабысып жатады.” (З.Ахметов. Әдебиеттану. Терминдер сөздiгi.) 
Образға берiлген түрлi анықтамаларды, жоғарыда айтылған пiкiрлердi 
ескере отырып, сөз түйiнiнде төмендегiдей қорытынды жасауға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет