64
“көркемдiк” ұғымы дегенде, шығарманың өнерге тән абзал мұраттар мен
талаптарға сәйкес келуiн түсiну қажет. Өнерге тән бұл мұрат-талаптар
туындыны
мазмұн мен пiшiнге қатысты бiрегей тұтастық ретiнде жасауға
негiз қалайтын шығармашылық үрдiсте ұдайы ұшырасып отыратын қарама-
қайшылықтардың сәтiмен шешiлуiн меңзейдi.
Сұрақ. Шығармашылық үрдiс барысында кездесетiн қарама-
қайшылықтар дегендi қалай түсiнуге болады?
Жауап. Шығармашылық жұмыстың алғашқы сатысында
автор-
суреткердiң адами субьективтi көзқарасы мен көркемдiк шындыққа
негiздей отырып, өзi жаңадан жасаған обьективтi болмысты жеткiзуге
құштарлығы арасында қайшылық пайда болады. Яғни суреткер өзiнiң
субьективтi сезiмiн iрке отырып, оқырманға өзi бейнелеп отырған құбылысты
мейлiнше әсерлi жеткiзуге ұмтылады. Бiз дiттеп отырған
обьективтiлiк
сипат – қандай да бiр көркемдiк әдiстiң, немесе тек пен түрдiң ерекшелiгi
емес,
туындыда автор көзқарасының көзге ұрып тұрмай,
туындының өзiнiң
көрiнуiн мақсат ететiн негiзгi талап. Көркемдiк обьективтiлiк құпиясы
қаламгердiң өзiне әсер еткен өмiр құбылысына қатысты шығармашылық
ниетiн жасыра бiлуiнде жатыр. Яғни жазушы туындысына арқау еткен
құбылысты өзiне мүлде қатыссыз бөгде құбылыс сипатында бейнелегенде
ғана көркемдiкке қол жеткiзедi. Iшкi ниеттi рухани дүние мен адами жадынан
бөлiп алып, образды әлемге көшiру таза артистiк мүмкiндiктерге жол ашады:
яғни шығармашылық жұмыс үшiн аса қажеттi шарт – iшкi толқынысты
байыпты көзқараспен үйлестiру қажеттiгi туындайды.
Бұл тұста шығармашылық
ниетте бүркемеленiп тұратын сан қилы
беймәлiм
мүмкiндiктер (қажеттi тұстарда жекелеген) мен
өнердiң
түсiнiксiздеу болса да, көп мағынаға ие, аяқталған бiрегей
заттық болмысы
арасындағы қайшылық күшiне енедi. Беймәлiмдiктен нақтылыққа
бағытталған бұл жолды жүрiп өту үшiн суреткер ұлан-ғайыр шығармашылық
қиялын қалайда өз еркiне бағындыра алуы қажет. Арманшыл-дилетант, яки
“поэтикалық жаратылыс” пен шынайы суреткер арасындағы айырмашылық
та осы тұстан өрбидi. Яғни суреткердiң қабiлетi алуан бейнелi
шығармашылық “қияли түс” әлемiнен өзiне-өзi сын көзiмен үңiле бiлудi,
өзiн-өзi шектей бiлудi, сан алуан образдар арасынан ең басты “алтын тiндi”
дәл танып, соны өрбiте бiлудi қажет ететiн нақты iске өте бiлуiнен танылады.
Мұндай “алтын тiн” жалпы сұлбасы айқындала бастаған басты кейiпкер
бейнесi де, өлеңнiң ырғақ дүниесiнен бөлектене көрiнiп, өлеңге “мiнез”
бiтiретiн тармақ та, символдық астарлы тақырып-атау да болуы мүмкiн.
Мұның бәрi де ең басты көркемдiк актiге, яғни
ойдан шығаруды нақтылауға
ықпал етедi.
Достарыңызбен бөлісу: