Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет52/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Қазiргi оқырман қолынан шым-шытырық оқиғаларды өзек еткен 
шығармалар көбiрек кездеседi. Соған қарап, сол шығармаларды шынайы 
халықтық туындылар деп есептесек, қателеспеймiз бе? 
Жауап. Қалың көпшiлiк арасында кең таралып, айрықша танымал 
болған көркемдiгi төмен шығармалар қай кезде де кездеседi. Алайда, 
әдебиеттiң бұқаралығы халықтық ұғымының көрсеткiшi бола алмайды. Сол 
себептi қаламгердiң көркемдiк шеберлiгiн таныта алмаса да, белгiлi бiр уақыт 
шегiнде ғана бұқаралық сипат иеленген шығармаларға халықтық ұғымын 
тели салу жаңсақтыққа соқтырады.
Ал шынайы халықтық әдебиет суреткер даралығын жоққа шығармайды, 
керiсiнше, оны “бұқаралық талғам” қыспағынан құтқарып, еркiндiкке жол 
ашады. Демек, хас қаламгер қандай да бiр туындысын жазу барысында өз 
тұсындағы қалың бұқараның ғана ықпалында кетпей, халықты бар уақытта 
бiрдей толғандыратын құбылыстарға ден қоятыны анық.
Халықтық мәселесiне қатысты озық дәстүрлер кейiнгi дәуiрлерде де 
дамып, кемелдене түсуде. Өнердiң халық игiлiгiне қызмет етуi, халық 
өмiрiмен тығыз байланысты болуы – қазiргi әдебиеттiң де бұлжымас 
қағидасы. 
Сұрақ. Белгiлi бiр тiлде немесе белгiлi бiр мемлекеттiк шекара 
шеңберiнде жасалған әдеби шығармалар жиынтығынан ұлттық әдебиет
құралады. Дүниеге келу уақыты мен себеп, жағдайларының ортақтығы 
арқылы нақты бiр дәуiр әдебиетi жүйеленедi. Ұдайы тығыз байланыста болу 
нәтижесiнде ұлт әдебиеттерi бiр-бiрiне өзара әсер ете отырып, тұтаса келiп, 
әлем әдебиетiн жасайды. Әдебиеттi кеңiстiк, уақыт тұрғысынан осы үлгiде 
бөлiп қарастыруға болатынынан хабардармыз. Осыған орай әдебиеттiң 
жалпы адамзатқа ортақ мән-маңызы жайында не айтуға болар едi? 
Жауап. Бүкiләлемдiк әдебиет ұғымы түрлi ұлттар әдебиетi арасындағы 
өзара қарым-қатынастар мен байланыстардың пайда болуының ұзақ та 
күрделi тарихи үрдiсiн қамтиды. Халықтар арасындағы экономикалық, саяси, 


58 
мәдени, техникалық, т.с.с. деңгейдегi қарым-қатынастар нәтижесiнде бiр 
ұлттың суретшiлерi, сазгерлерi, қаламгерлерi екiншi халыққа танылып, 
әлемдiк даңқ иелендi. Уақыт өте келе Гомер, Эсхил, Софокл, Шекспир, 
Сервантес, Гете, Шиллер, Бальзак, Гюго, Пушкин, Гоголь, Достоевский, 
Абай, Әуезов сияқты жазушылар өз ұлты үшiн қаншалықты сүйiктi болса, 
өзге халықтардың да өз ұлдарындай болып үлгердi. Сол себептен де 
халықтық әдебиет ұғымымен қатар, ұлы қаламгерлер қаламынан туған 
жауһар туындылардың жалпыадамзаттық мәнi туралы ұғым да туындады. 
Халықтық және адамзаттық мәнi бар әдеби туындылар бiр-бiрiмен 
қандай қатынаста болады? Халықтық және адамзаттық ұғымдарын бiрдей 
теңестiрiп, әрбiр шынайы халықтық туындыны жалпы адамзаттық мәнi бар 
туынды деп есептеуге бола ма? Бұл сауалдардың мәнiн дұрыс түсiну үшiн 
оның шешiлмеген қырларына үңiлу қажет.
Ең алдымен, бұл ұғымдардың өзара тұтастығын атап өту керек. Демек, 
халықтық сипаттан ада туынды адамзаттық мән иелене алмайтыны айтпаса 
да түсiнiктi. Яғни нағыз халықтық шығарма ғана адамзат игiлiгiне жарауы 
мүмкiн. Иә, мүмкiн. Себебi – бiр халықты толғандырған шығармалардың бәрi 
бiрдей басқа халықтарды қызықтырмауы ықтимал. Белгiлi бiр ұлт болмысына 
негiзделсе де, барша адамның мүддесiн қорғаған шығарма ғана өзiнiң ұлттық 
бiтiмiн сақтай отырып, адамзат игiлiгiне айналады.
Әр халықтың мәдениетi мен өнерiнiң даму дәрежесi әр қилы болатыны 
да белгiлi. Соған орай олардың қоғамдық және көркемдiк таным деңгейi де 
түрлi дәрежеде болатыны түсiнiктi. Сол себептi қандай да бiр қаламгердiң 
немесе шығарманың адамзаттық мәндiлiгiн анықтау кезiнде көркемдiк даму 
деңгейiн белгiлейтiн тарихи заңдылықтарды ұдайы ескерiп отыру қажет. 
Мысалы, ежелгi әдебиет, қазiргi кезең әдебиетi. 
Белгiлi бiр халыққа тән әдеби туындылардың бәрi бiрдей оның әлемдiк 
өмiрдегi, сол арқылы әлемдiк әдебиет дамуындағы орны мен маңызын 
көрсетедi деуге болмайды. Бiрiншiден, шынайы халықтық туындылармен 
қатар халық мүддесiне қайшы туындылар да болатыны белгiлi. Екiншiден, 
халық санасын көрнектi қаламгерлер ғана мейлiнше терең бейнелей алады. 
Үшiншiден, нағыз халықтық қаламгерлер арасында да белгiлi бiр халық 
шеңберiнен аспайтын және шығармалары әлемдi елеңдететiндерi де бар. 
Бұған мысал ретiнде М.Әуезов пен С.Мұқанов шығармаларын айтуға болады. 
Сонымен, әдебиеттiң халықтығы патшалығында да өзiнше сатылы 
деңгей бар деуге болады. Оның ең жоғарғы сатысында, әрине, адамзат 
болмысын жан-жақты да терең аша бiлген қаламгерлер шығармашылығы 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет