Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Әлгiнде проза тiлiне байланысты айтылып кеткен “колон”  дегенiмiз ненi бiлдiредi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет92/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Әлгiнде проза тiлiне байланысты айтылып кеткен “колон” 
дегенiмiз ненi бiлдiредi? 
Жауап. Колон – грек тiлiнде “тән бөлшегi” деген мағына беретiн 
“kolon” сөзiнен пайда болған ұғым; яғни сөйлеу тiлiндегi ырғақтық-
интонациялық бiрлiк. Сәл басқаша айтқанда, колон – логикалық екпiн 
бiрiктiрген мәтiн құрамындағы сөздердiң тұтастығын пауза арқылы 
белгiлейтiн сөйлеу тактысы. Артикуляциялық тұрғыдан алғанда “тыныстау 
мүшелерiмен” байланысты, яғни бiр деммен айтылатын сөздер тобы. 
Мағыналық тұрғыдан алсақ, синтагма ұғымына жақын. Сөйлеу кезiнде 
мәтiндi колондарға дұрыс бөлшектей пайдалану, әсiресе, шешендiк өнерiнде 
аса маңызды роль атқарады. 


110 
Колон жайын осылайша қысқаша қайыра тұрып, негiзгi әңгiмемiзге 
оралайық. Әдебиеттануда “өлең құрылысы” немесе “версификация” деген де 
түсiнiк бар. “Versus” сөзiнен өрбитiн “версификацияның” мағынасы “өлең 
құрастырушылық” дегенге саяды. Қалай болғанда да, өлең құрылысы дегенде 
өлең тiлiндегi дыбыстық құрамды үйлестiру тәсiлiн түсiнемiз. 
Сұрақ. Жоғарыда өлеңге берiлген анықтаманы жiктей қарастырар 
болсақ, бiрiншiден, өлең сөз – өз ара байланысты бөлiктерге бөлшектеуге 
келетiн жүйелi көркем сөз екендiгiн; екiншiден, өлең сөзшамалас 
бөлiктерге бөлшектеуге келетiн жүйелi көркем сөз екендiгiн байқаймыз. 
Олай болса, “өз ара байланысты бөлiктер” деген тiркестiң мәнiн қалай 
түсiнген абзал?
Жауап. Прозалық мәтiндi оқу кезiнде негiзгi мағыналық желiнi қуалай 
оқу дағдысы басым болып тұратындықтан, сөйлем құрамындағы сөздердiң 
бәрi бiрдей қаз-қалпында жадымызда қала бермейдi. Ал өлең оқығанда, 
әсiресе, ұйқасқа құрылған өлең оқу кезiнде, әрбiр тармақ соңында алдыңғы 
тармақтың соңғы сөзiне мiндеттi түрде оралып отырамыз. Басқаша айтқанда, 
прозадағы сөздер бiрiмен-бiрi тiзбектеле байланысса, өлең мәтiнiндегi сөздер 
“тiзбектiк” байланыспен қатар “сатылы” байланыс та жасап тұрады. Бұл 
жағдай прозаға қарағанда, өлең сөздегi әр сөздiң өзара байланыстылық 
жүйесiн ұлғайтады да, соған сәйкес өлеңдегi әр сөздiң мағыналық жүгi де 
салмақтана түседi. 
Анықтамадағы екiншi сыңардың, яғни “өзара шамалас бөлiктер” деген 
тiркестiң мәнi неде? Бөлiктердiң өзара шамалас екендiгiн тану үшiн қандай 
өлшемдерге сүйену қажет? Бұл сұрақтарға жауап беру әңгiмемiздiң 
бастауында өзiмiзге өзiмiз қойған сауалдардың екiншiсiне де жауап болып 
шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет