111
тоникалық болып сараланады. Ендi осы өлең жүйелерiнiң ерекшелiктерiне
назар салайық.
Метрикалық немесе
квантитативтi жүйе – өлең жолдарының айтылу
уақытының сәйкестiгiне (изохронизм)
негiзделiп, тармақтағы дыбыстық
өлшемдер буындардың созылыңқы немесе қысқа қайырылуы арқылы
реттелетiн өлең құрылысы. Бұл жүйе буындағы дауыстылардың созылыңқы
немесе қысқа айтылуы сөз мағынасын өзгертуге ықпалды тiлдерге тән.
Метрикалық өлең жүйесiнiң мейлiнше жарқын үлгiлерi
антикалық өлең
құрылысынан, араб және парсы поэзиясындағы аруздан, санскрит тiлiндегi
джатидан,
сондай-ақ, фин және классикалық қытай өлеңi құрылысынан
жақсы байқалады.
Метрикалық өлең құрылысының негiзiне алынатын өлшем –
мора. Латын
тiлiнде
“уақыт аралығы, пауза” деген мағына беретiн
“мора” сөзi бұл жерде
дыбысты айтуға кететiн уақыттың ең кiшi бiрлiгi болып табылады. Сондай-
ақ, әдебиеттануда мора ұғымымен мәндес
хронос протос деген де
термин
бар. Грек тiлiнде
“chronos protos” бастапқы уақыт дегендi бiлдiредi. Екi
терминнiң де түп мағынасы антикалық өлең құрылысындағы қысқа буынның
қалыптасқан айтылу ұзақтығын бiлдiредi, яғни өлеңдегi уақыт өлшемiнiң ең
кiшi бiрлiгiн белгiлейдi. Сол себептi метрикалық өлең жүйесiндегi өзге
өлшемдерге мора негiз болады. Мысалы, ұзақ буын – екi мораға, ямб – үш
мораға, т.с.с. тең болады.
Аталмыш өлең жүйесiнiң өзi таза метрикалық және силлабо-метрикалық
болып, екi түрге бөлiнетiнiн де ескеру керек. Таза метрикалық жүйеде негiзгi
өлшем
такт болып табылады. Такт – моралар
бiрiгуiнен пайда болатын
өлшем. Ал силлабо-метрикалық жүйеде такт құрамындағы
буындардың
позициясы ықпалды роль атқарады.
Метрикалық өлең жүйесi алғаш б.д.д. VIII ғасырда ежелгi Грекияда
пайда болып, б.д.д. III ғасырдан бастап латын әдебиетiнде кеңiнен дамығаны
әдебиет тарихынан таныс. Бұл жүйе ежелгi үндi,
қазiргi араб, парсы
поэзиясында ұшырасады.
Сұрақ. Метрикалық өлең жүйесiнде буын құрамындағы дауыстылардың
айтылу уақытына байланысты айырмашылық маңызды роль атқаратынын
таныдық. Ал, “метрика” дегенiмiздiң өзi не?
Достарыңызбен бөлісу: