Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. “Икт” деген сөздiң мағынасы қандай?  Жауап



Pdf көрінісі
бет95/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. “Икт” деген сөздiң мағынасы қандай? 
Жауап. Тоникалық және силлабо-тоникалық өлең жүйесiне қатысты 
“икт”, “икт аралық интервал”, “арсис”, “тезис” деген де терминдер ұшырасып 
тұрады. Тура мағынасында алар болсақ, латын тiлiнде “ictus”“соққы, 
екпiн”, грек тiлiнде “arsis” – “көтерiлу”, “thesis”“аяқтың төмен түсуi” 
деп аударылар едi. Өлең құрылысына қатысты алсақ, икт немесе арсис – 
өлеңде ырғақ екпiнi түсетiн күштi буынды; тезис өлең ырғағындағы әлсiз 
буынды бiлдiретiн терминдер. “Икт аралық интервал” дегенiмiз де 
тезиспен мәндес термин.
Екпiн мен буынға байланысты тоникалық өлең жүйесiнiң өз iшiнен тағы 
бiр түр бөлiнiп шығады, яғни екпiндi және екпiнсiз буындардың белгiлi бiр 
тәртiппен кезектесе келуiне негiзделетiн силлабо-тоникалық жүйе пайда 
болады. Бұл өлең жүйесiнде арсис пен тезис арасы анық көрiнiп, басыңқы 
мәндi екпiн түсетiн буын, бағыныңқы мәндi екпiнсiз буын атқарады. Әлсiз 
буынға екпiннiң түсуi өте сирек кездесетiн жағдай болса, күштi буынға екпiн 
түсуiне қатысты ешбiр шектеу болмайды. Аталмыш жүйеге тән белгiлi өлең 
түрлерi бар да, әр өлең түрiнiң өзiндiк өлшемi және бар. Осыған байланысты 
бiрер сөз. Иктiлер мен икт аралық интервалдардың бiркелкi қайталанып 
келуi бунақ деп аталады. Осы бунақ тұрғысынан силлабо-тоникалық өлеңдер 
қос буынды және үш буынды өлшемдегi топтарға бөлiнедi. Қос буынды 
өлшемдiк өлеңдерге хорей, ямб; үш буындыларға дактиль, амфибрахий, 
анапест жатады. Ал буын саны бiрдей аталмыш өлең түрлерi бiр-бiрiнен 
екпiн түскен буын арқылы ажыратылады. Мысалы, қос буынды ямб мен 
хорейдi алайық. Ямб үлгiсiнде екпiн екiншi буынға, хорейде бiрiншi буынға 
түсiп отырады. Ал үш буынды өлең түрлерiне тоқталсақ, дактильдегi екпiн – 
бiрiншi, амфибрахийда – екiншi, анапесте үшiншi буынға түсiп отырады. 
Силлабо-тоникалық өлең құрылысы көптеген тiлдерде тоникалық және 
силлабикалық жүйелер аралығында тұрғандай қабылданатын өтпелi өлең 


114 
түрлерiнiң жасалуына да жол ашты. Бұл орайда логаэд, дольник, тактовик, 
ерiктi өлең, т.с.с. түрлердi атауға болады. 
Сұрақ. “Бiр өлеңнiң екiншi өлеңнен айырмашылығы қандай?” деген 
үшiншi сұрақтың жауабы да өлең жүйелерiн әңгiмелеу барысында айтылып 
кеткен сыңайлы. Сондықтан айтылған жайға айналып соқпай-ақ, әңгiмемiздiң 
басында қойылған “Өлең дегенiмiз не?” деген сұрақтың жауабын бiр 
түйiндеп алу да артық болмайтын тәрiздi.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет