Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
жазып келе жатқандарды ұнатамын. Ал әскери қолбасыларға келетін болсақ, мен олар- 
ды дәулескер қолбасшы, дана қолбасшы деп екіге бәлемін. Мен тек дана қолбасшыларды 
ғана жаксы көремін. Өз заманымның ұлы қолбасшыларының бірі деп Жуковты  ерекше 
құрметтеймін. 
Автор.   Сонымен   Ленинградта   финанс   академиясының   жанындағы   бір   жылдық   білім 
жетілдіру курсын тауысып, жолда Москваға аз күн аялдап, Алматыға келдіңіз.
Бауыржан. Иә, келдім... 
-         Келсем, бұрынғы өз орным бос тұр екен. Экономист-консультант болып қайтадан 
қызметке кірістім. Бір жыл оқып қайтқан бар өнерімді салып, жаңа жігермен жұмыс істеп 
жатқанымда, 1935 жылдың күзінде мені бір айға әскерге шақырды. Запастағы бірсыпыра 
командирлер Ташкентке жиналды. Ондағы жайды «Олар менің есімде» деген әңгімемнен 
оқып алғын. 
      Бауыржанның бұл естелігі, әрине, менің де есімде. Ол ең алғаш рет «Қазақ әдебиеті» 
газетінің   екі   номерінде   жарияланды.   Содан   соң   Б.Момышұлының   1968   жылы   екі 
томдығында   басылды.   Онда   Бауыржан   әзінің   полковник   Бахалов   сынды   ақылды 
командирдің қол астында болғанын, одан үйренген үлгі-өнегесін 

ерекше бір жылы сезіммен баяндайды. 
-        Со бір айлық жиын менің барлық болашақ тағдырымның тетігі болды. Егер мен сол 
бір айда көзге түспесем, онда менен басқа Бауыржан шыққан болар еді. Онда екеуіміз дәл 
қазіргідей сөйлесіп отырмаған да болар едік. 
Бір   айдан   кейін   қайтып   келдім.   Келген   бетте   аға   консультант-экономист   болып 
жоғарылатылдым. Бар ықыласыммен кірісіп жұмысымды тағы да ілгері жүргізіп әкеттім. 
Енді жаңадан алынған жас қызметкерлерге өзім ұстаздык ете бастадым. 
     Сөйтіп   жүргенде   1936   жылдың   мартында   мені   Қазвоенкомат   шакырды   да,   дереу 
Ташкентке   жоөнелтті.   Келсем,   баяғы   Бахалов   бір   айлық   жиында   ерекше   көзге   түскен 
командир деп, жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирі етіп тағайындатыпты. 
Полкымыздың   командирі   мен   ең   алғаш   әскерге   барғандағы   Термездегі   командиріміз 
полковник Дмитрий Коваленко екен. Бұйрыққа қол қойылып қойыпты. Мен амалсыздан 
үстіме   әскери   киім   киіп,   беліме   наган   асынып,   командир   болып   шыға   келдім.   Қызмет 
орныммен есептесіп, үйіммен қоштасып қайту үшін маған бір апта уақыт берілді. 
Бархан   өз   кабинетіне   конторымыздың   барлық   қызметкерлерін   жинап,   әкемдей 
мейірбандықпен сөз сөйледі. 
-        Міне, жолдастар, бүгін өз ортамыздан ең таңдаулы қызметкерлеріміздің бірін сүйікті 
армиямыздың қатарына аттандырғалы отырмыз, - деді ол. - Қымбатты Бауыржан, абы- 
ройлы болғайсың, қарағым. Отан даңқын, Отан салтын, Отан шебін қырағы күзете біл. 
Біздің айтар өсиетіміз осы. Қызыл Армияның қатарында қызмет ету - совет азаматы үшін 
ең елеулі құрмет. Осы құрмет біздің ортамыздан тек сенің ғана еншіңе тиіп отыр. Жолың 
болсын, балақаным... 
     Сол арада Борис Михайлович маған екі айлық демалыс қаражатын, оған қоса екі жүз 
елу сом сыйлық бергізді. 
Алматыдан шығып, Бурныйға тарттым. Сексенге тақап қалған кәрі әкеммен қоштастым. 
Әкем екі алақанын жайып батасын берді: 
-         Ақ   жүрек   болып   жолдасың,   адалдык   сені   қолдасын.   Жақсылық   үшін   тірессең, 
жаныңды арың қорғасын. Арынды болсын шабысың, алымды болсын табысың, найзадай 
болсын намысың. Ер жігітке бәрі сын. Қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, 
қамқоршы бол кішіге, үлкенді үлгі тұт алға! - деп әкем бетін сипады. 
Осы ақ батаны жүрегіме жазып алып мен кеттім. Әкемнің ақ батасын  менің арымның, 
азаматтығымның, адамгершілігімнің ақ туындай етіп, күні бүгінге дейін төбеме көтеріп 
келемін, қарағым. 
VII
Түн   болды.   Шам   жағылды.   Бауыржанның   айтқандарын   жаза-жаза   мен   әбден 
қалжырадым. Енді оған сұрақ қоюдан да қалдым. Сағатыма қарасам, кешкі сегізден асып 
барады екен. 
Автор. Бауке, шаршаған жоқсыз ба? 
Бауыржан   жауап   берместен,   темекі   тұтатуға   кірісті.   Осы   арада   ойыма   оның   Кубада 
жасаған бір қылығы түсті. Момышұлы барған кезде ел ішінде жолаушы жүрген Кубаның 
қарулы күштер министрі Рауль Кастро оған сәлем айтып: Кубаны өз үйіндей көріп, мен 
барғанша жайғасып жата берсін дейді. Бауыржан Кубаны өз үйімдей керермін, бірақ қонақ 
екенімді   де   ешқашан   естен   шығармаспын   деп   жауап   қайтарады.   Рауль   Кастро 
министрлікке қайтып 
келіп, Момышұлын кабинетінде қабылдайды. Сонда Бауыржан министрдің анада айтқан 
өз   үйіндей   көрсін   деген   сәлеміне   орай,   пиджагін   шешіп,   орындықтың   иығына   іліп, 
галстугын   алып,   көйлегінің   түймелерін   ағытып,   асықпастан   министр   келіп   нұсқаған 
орындыққа   отырады.   Бар   сән-салтанатымен   киініп   отырған   министр   Бауыржанның   бұл 
қылығын ұнатпай, біраз үнсіз отырадыда: 
- Куба жерінде қалай тұрып жатырсыз, полковник? - деп сұрайды. 
Сонда Бауыржан: 
-         Мен Куба жерінде өз үйімдегідей тұрып жатырмын, бірақ қонақ екенімді ешқашан 
ұмытқан жоқпын. Біздің қазақ жұртында: «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген мақал 

бар, - деп жауап береді. Оз үйіңдей көр деген өзің ғой; мен үйімдей көрсем, сен оны қалай  
көрер екенсің деп министрді сынайды. 
Сол   сияқты   Бауыржан   менің  бағана,   таңертең   келген  бете  айтқан  «өз  бойымдағы   бар 
қасиетім   тыңдай   білушілік»   дегеніме   орай   әдейі   үндемей   отыр   ма?   Тыңдағыш   неме, 
қаншаға шыдар екенсің деп сынағаны ма? - деп ойладым.
-        Сонымен мен Ташкентке қайттым. Жолда әкемнің жайын көп ойладым. Бес қыздан 
кейін, елу үш жасында көрген жалғыз ұлың мен едім, әке! Жетпіс тоғызында сені жалғыз 
тастап, алыс сапарға аттанып барамын. Сен маған өмір берген дүниедегі ең қымбаттым 
едің. Келін түсіріп, қызығын да көрсете алмадым. Немере сүйдіріп, мауқыңды да бастыра 
алмадым. Енді сенің өз жүзіңді көре аламын ба, жоқ па, қадіріңе баға жетпес қайран әке, - 
деп күйзеле-күйзеле кете бардым. 
Ташкентке келсем, полк жасакталып қалған екен. Мен қарауыма взвод алдым. Бір күні 
орнымыздан тік көтеріліп, вокзалға келдік те, эшелонға тиеліп, Қиыр Шығыс қайдасың деп 
тартып бердік. Он төрт күн жүрдік. Қиыр Шығыстың қалың орманының ішіне кеулеп кіріп, 
поездың басын темір жол станңиясына бір-ақ тіредік. 
      Мен Киыр Шығыста бес жыл болдым, қарағым. Ол бүгін айтып тауыса алмайтын ұзақ 
жыр. Сен де шаршаған шығарсың. Мен де шаршадым. Бұл тарауды кейін айтып берермін. 
Бүгін осымен тоқтайық. 
Осы арада маған бір тойымсыздық пайда болды. Ертең иә бүрсігүні келе аламын ба? Мені 
Бауыржанмен   әңгімелес   деп   күн   сайын   кім   жібере   береді   дейсің?   Кеңсенің   таусылмас 
жұмысы аяғымды тұсап тастап, бұл босағаға қайрылып соға алмай өкінішке ұрынбаймын 
ба?   Бәлі-ай,   шаршадыңыз   ба   деп   жаңа   Бауыржаннан   бекер   сұраған   екенмін.   Өзі 
тоқтағанша айтқанын неге тындай бермедім, жаза бермедім деп ойладым. Өзі тойса да, 
көзі тоймай- 
тын   ашқарақ   адамның   әдетімен,   ең   жоқ   дегенде   енді   бір   сұрақ   қойып   қалайын   деп 
ынтықтым. 
VII
Автор. Сіз соғыста отыз жеті дәптер жаздым дедіңіз ғой. Соларды керуге бола ма? 
Бауыржан. Е, көргін. 
Бауыржан   маған   қарай   қолын   созды.   Ол:   «Трам-трама,   титта,   титта,   титта-та!»   -   деп 
әндетіп келіп, менің желке жағымдағы есікке қарай аяндады. «Трам-трама, титта, титта, 
титта-та» Бауыржанның аузынан жиі шығатын әуен екен. Бұны ол, көбінесе, бір әңгімені 
аяқтап, екінші бір жаңа әңгімені бастар алдында айтады. Кейде, сөз арасында кішкентай 
үзіліс болып, мен қағаздың екінші бетін аудара алмай сасқалақтап қалғанда да Баукең 
«титта-титталатып»   жібереді.   «Титта-титта»   біресе   Бауыржанның   лықып   келген   ойын 
тежеуіш   қызметін   атқарса,   біресе   үзіліп   қалған   үнсіздікті   жалғауыш   міндетін   де 
орындайтын сияқты. Бауыржан есікті ашып, мені шағындау бөлмеге кіргізді. Қабырғада 
кітап   қаланған   шкафтар   тұр.   Екі   тумбочкалы   ұзын   үстелдің   үстінде   үйіліп   бірдеңелер 
жатыр.   Оның   беті   таза   ақ   жамылғымен   бүркеліп   қойылыпты.   Алдымен   Бауыржан   сол 
жамылғының бір жақ шетін ашты. 
-  Мына   жатқан  дүниелердің  бәрі  сол  күнделіктегі  сөздердің  шешуі   -  ежіктеуі.   Соларды 
түсіндіруге   керекті   кітаптар,   документтер,   солардың   машинкаға   көшірілген   папкалары. 
Қағаздар бұзылып, сарғайып кетпесін деп, бетін ақ жамылғымен бүркеп қойып отырмын. 
Ал соғыс кезіндегі күнделіктердің түрі мынадай. 
Ол   еңкейіп,   үстел   тумбочкасындағы   тартпалардан   көлемі,   түсі,   түрі   әр   түрлі   бірнеше 
дәптерді суырып көрсетті. 
-        Мұнда өлең де, окиға да, бәрі де бар. Ұзын саны отыз жеті. 
Ғұмыр жетсе осыларды әбден ежіктеп, жаңа кітаптарға айналдырсам деймін. 
Мен Бауыржан үстелінің үстіндегі материалдар бір емес, әлденеше кітапқа жететін дүние-
ау деп шамаладым. 
Бауыржан қолыма ұстаткан бірнешеуінің ішін ашып қарадым. Орысша, қазақша жазылған, 
өткен соғыстың өшіп бара жатқан ізіндей болып, сөздері қиқы-жиқы түсіп, жолдары қисық-
қисық тартылған, қағаздары сарғайып, әріптері көмескілене бастаған ескі дәптерлер. 

-        Бауке, бір-екі дәптеріңізден бірер сөйлемдер көшіріп алуға бола ма? 
-        Жок! Болмайды? 
Бауыржан   менің   қолымдағы   дәптерлерді   оқыс   қимылмен   жұлып   алып,   қайтадан 
тумбочкаға тыға бастады. Мен бұған сәл қолайсызданып қалдым да, оның мінезі жайында 
бағана   бір   ойлаған   ойым   есіме   түсіп,   мырс   етіп,   басымды   шайқадым.   Онда   журналға 
очерк  жазғанда Бауыржанның  кейбір  мінездерін  жұмсартып  көрсету  керек  пе екен  деп 
ойлаған   едім.   Енді:   «Бауыржанның   мінезі   менсіз   де   жұртқа   аян.   «Бауыржан   қыздай 
сызылған биязы кісі» 
деп жазсаң, бәрібір оған ешкім де сенбейді. Ендеше Бауыржанды бояймын деп әурелену 
артық іс; бәрібір оған жылтыр бояу жұқпайды. Бауыржанмен бірге болған бір күнді осы 
көрген, ұкқан қалпымда қағазға түсіруім керек» деген қорытындыға келдім. 
Сағат кешкі тоғызға тақалғанда Бауыржан екеуіміз кухняға шай ішуге келдік. Шай үстінде 
Бауыржан   өзінің   биллиард   ойынын   жақсы   көретінін   және   тәп-тәуір   жақсы   ойнайтынын 
айтты. 
-         Ғабитпен   биллиард   ойнау   қиямет,-деді   ол.   -   Асықпай,   саспай   баптанып, 
сырбазданады да жүреді. Менің оған ішім пысады.
Биллиард деген спорттың тез ойлап, шапшаң қимыл жасауды қажет ететін түрі. Оның өзі 
екі жақ әскерінің бір-біріне қарсы шабуыл атакасы іспеттес. Ал атака жылдамдықты, тез 
шешімді, дұрыс байламды қажет етеді. Мен тригонометрияны жақсы білемін. Бұрыштың 
есебін, пішін мөлшерін тез аңғарып, тез ұғамын. Маған қарсы ойнап жүрген адамның да 
сондай шапшаң қимылын талап етемін. 
Бұдан   кейін   Бауыржан   Сарыағаш   курортында   болғанда   бір   прокурормен   биллиардты 
қалай ойнағанын айтты. 
-        Мен оны бұрыннан көріп жүретінмін. Күннің ми қайнаған ыстығына қарамастан үстіне 
ақ   көйлек   киіп,   мойнына   қатырып   галстук   салып,   пиджагінің   сары   түймелерін   тегіс 
түймелеп алып, шіреніп серуенге шығатын. Ешкіммен сәлемдеспейтін. Осы жігіт кім деп 
сұрағанымда,   бір   ауданның   прокуроры   дескен.   Ал   әйелі   асханаға   келгенде   үстінде 
таңертең бір түрлі көйлек болса, түсте бір түрлі, кешке басқа түрлі болады. Және бір рет 
киген киімін 
екінші рет ешбір қайталамайды. Бұлай ету үшін бар ғой, курортқа бес чемодан көйлек 
алып келу керек шығар тегі. 
Мен прокурорға да, оның әйеліне де, курортта барынша тыраштанып киініп әлек болатын 
баска да қазақ жігіттеріне ыза боп жүргенмін. Бір күні кешке биллиардныйға көтерілсем, 
сартылдатып сары түйме ойнап жатыр екен. Ол шар соққан сайын қошеметші жұрт: «О, 
пәләй!»   десіп   мақтаншақ   қазақты   одан   сайын   әумесерлендіріп   тұр.   Ақыры   ол   жеңіп 
шықты. Жеңіп шықты да: 
-        Енді кім ойнайды? - деп маңғазданып, көпшілікке қарады. 
-        Мен ойнаймын! - дедім мен. 
-         Сізбен ойнау зор құрмет, - деп ол бір аяғын бір аяғына сарт еткізіп, шартаң ете 
қалды. 
«Шартық қошқардай шартандауын» деп ойладым да, «трам-трам, титта, титта, титта-та» 
деп, көмейіме келген қырсық сөзді бөгеп тастадым. 
-        Кім бұзады? - дедім сонсоң. 
-        Сіз, - деп ол тағы да аяғын сарт еткізіп, шартаң ете калды. 
Әскери ширақтықтың иісі мұрнына бармайтын мынаның шелтеңдегеніне ыза боп кеттім 
де: 
-        Жоқ! - деп ақырып кеп жібердім. (Мен дәл сол сәтте Бауыржанның мұрты жыбырлап 
кеткен  шығар  деп  ойладым.)  Таяғымды   орта  белінен  ұстап,  оған  сұстана  қарадым   да, 
лақтырып кеп қалдым. - Ұста, жреби саламыз. 
Екі   қол,   бірінің   саусақтары   ұзын,   тарамыстау   келген,   екіншісінің   саусақтары   қысқа, 
быртықтау келген, бірінің үстіне бірі шығып, жарыса кеп жөнелді. Таяқтың төбесіне быртық 
қол бұрын шықты.
-         Бұз! - дедім мен төрт құрақ серке шарды алдына қойып. Ол, қонаққа барған үйінің 
төрінде жатқандай жайғасып, биллиардтың көк шұғасының үстіне етпеттеп жатып алды 

да, сығалады-ай келіп. Әрі сығалап, бері сығалап, бір кезде серке шардың бүйірінен түртіп 
кеп қалды. Ол орнынан әрең қозғалып, үш бұрыштанып үркердей топтасып тұрған қалың 
шардың шет жақ шекесін сипап қана өте шықты. Содан кейін бір-екі домалады да, серке 
шар, делбе болған жылқыдай, тұрды да қалды. 
«Титта, титта, титта-та» дедім де, бортқа жете алмай болдырып орта жолда қалған серке 
шарды алып, алдыма койдым. Содан соң: 
-         Олай   бұзбайды,   былай   бұзады!   -   деп,   еңкейе   беріп,   періп   кеп   жібердім.   Көз 
ілескенше серке шар менің таяғымның ұшынан, зеңбіректің стволынан шыққандай, ыршып 
шығып, топ шарды қақ маңдайдан шарт еткізіп сүзді. Сол-ақ екен, барлық шар қасқыр 
шапқан қойдай болып, бытырай кеп қашты. Сол дүркіреген күйі екі шар екі бұрыштағы 
тесіктерге барып, қойып-қойып кеп кетті. Прокурор быртық саусақтарымен ол екі шарды 
ұядан алып, қабырғаға апарып тізді. 
-        Сізге әзір ас жасаймын, - дедім од қайта оралып биллиардтың қасына келгенде. 
Нобай,   мөлшерім   дұрыс-ау   деп   бағдарлап   алдым   да,   оң   жақ   бұрышқа   қарай   тағы   бір 
шарды ызғыттым. Ол қарсы кенереге арқасын тіреп тұрған шардың бетін бір жалады да, 
сып етіп ұяға еніп кетті.            
-         Сізге тағы подставка жасаймын, - дедім де сол жақ бұрышқа тағы ұрдым. Ол да 
ұядан барып бір-ақ шықты. 
-        Мынау ортаға іштен ұрса түсе ме? - дедім ентелеп тұрған жұртқа қарап. 
-        Жоқ, түспейді, - десті олар. 
-        Түспесе көрейін! - деп оны және періп кеп жібердім. Ортаға барып ол және гүмп ете 
түсті. Прокурор томпаңдап менің шарларымды қабырғаға қарай таси берді, таси берді. 
Сөйтіп, мен бірінен соң бірін сегіз шарды бір жолы алдым. 
-        Тағы ойнаймын, - деді прокурор қызарақтап. 
Тағы да ойнадық. Мен тағы да ұттым. 
-        Ер кезегі үшке дейін, енді бір рет, - деді ол қып-қызыл болып. 
-        Келгін, - дедім мен. 
Бұл жолы да ұттым. 
-         Мен   жеңілдім,-   деді   содан   соң   прокурор   екі   қолын   бірдей   көтеріп.   -   Менен 
контрибуцияға не тілейсіз? 
-         Мен   саған   екі   түрлі   салық   саламын,   -   дедім   оған.   -  Біріншісі,   шырағым,   бүгіннен 
бастап   шіренбей,   сіреспей,   кәдімгі   қарапайым   жұртқа   ұқсап   жүргін.   Сіресу,   шіренуіңді 
еліңе, кеңсеңе барғанда да қойғын. Екіншісі, өзіңе қарсы кездескен жасы үлкен адамға 
сәлем беріп өткін. Үлкенді ұлықта сыйлауға тиіс екенін ұмытпағын. Понятно? 
Өзі де жерге кірердей болып ұялды. Осыдан кейін ол ағаш емес, адамға ұқсап қалды. 
VIII
Содан соң бірге демалып жатқан ақсақалымыз Сапарғали Бегалин прокурордың таяғын 
қолына алып: 
-        Әй, Бауыржан, сен менімен бір жол ойнап көрші, - деді. 
Ойнадым. 
Сапекеңнің жасы  үлкен болған соң  одан қатарынан екі рет  әдейі  ұтылдым.  Бірақ  шын 
ұтылып қалған сияқты қалып көрсеттім. Осыдан кейін мені Сапекең ойынға шақырса: 
-        Сапеке, мен сізді жеңе алмаймын, - деп екі қолымды бірдей көтеретін болдым. 
Сапекең соған сеніп: 
-         Құданың   құдіреті,   ойын   деғен   қызық   қой.   Анау  прокурор   бала   мені   бұйым   құрлы 
көрмейді.   Ал   Бауыржан   оны   ылғи   құрғақтай   құрамай   қаптырады.   Мен   болсам, 
Бауыржанды шақ келтірмей ұтамын, - деп ылғи мақтанып жүрді. 
-        Мына тауда академик қайнағамен ойнағанынды айтсаңшы, - деді әйелі Бауыржанға 
күле үн қатып. 
Бауыржан да күлді. Ол да бір қызық әңгіме шығар деп мен де елеңдей бастадым. 
-         Айтайын, - деді Бауыржан менің ықылас білдіргенімді аңғарып. - Таудағы демалыс 
үйінде жатыр едік. Академик ағамыз келіп: 
-        Бауыржан, сенімен мықты бір бәс тігісіп, биллиард ойнасам деп тұрмын, - деді. 

-        Ендеше әйеліңізді тігіңіз, - дедім мен әзілдеп. - Одан мықты не бәс болады? 
-        Сен келінді тігесің бе онда? 
-        Тіктім. 
Екеуіміз қол алысып, жоғарыға көтерілдік те, ойнап кеп кеттік. 
-        Жеңгейдің жеңіне, - деп періп кеп қаламын. Гүмп ете түседі. 
-      Жеңгейдің несібесіне! - деп тартып жіберемін. Тағы да гүмп ете қалады. Саусағының 
арасынан таяғын сыпсыңдатып академик әрі көздейді, бері көздейді. Бірақ көздегені көз 
көрім жерге кетеді. 
          Не керек, академик әрі тырбаңдап, бері тырбаңдап, шар ала алмай, қара терге түсті. 
- Жеңгейді жетектеген осы болады! - деп соңғы шарды және зып еткіздім. 
Содан соң академикті жетектеп, төменде, есік алдында, мына Кәмәштың қасында отырған 
әйелінің алдына алып келдім де: 
-        Айт! - дедім. Академик әйелінің атын атап: 
-        Мені құдай ұрды. Қара басып сені мына Бауыржанға ұтқызып қойдым, - деді. 
-        Қайырлы болсын, - деді әйелі күліп.
Кешке академик дастарқанын жайып, тамағын жасап, коньягін қойып, бірге жатқан барлық 
жолдастарын бөлмесіне шақырды да: 
-         Ал   жолдастар,   мынау   менің   айыбым,   Бауыржанға   төлеген.   Жазған   басым-ау, 
әйелімді салып ойнап нем бар еді? Ал мынау өз әйеліме өзімнің қайтадан төлеген қалың 
малым. Құдалар да, куәлар да сендер болындар, - деп сөз бастады. 
Сөйтіп, академик ағамыздың өз әйелін өзі осылай сатып алғаны емес пе... 
Бұл әңгімеге үстел басында отырған үшеуіміз бірдей көзімізден жас аққанша күлістік. 
IX
Сағатыма қарасам түнгі тоғыз жарым болған екен. 
-        Бауке, рұқсат болса, мен қайтайын. 
-        Кайтқаның жөн,-деді Бауыржан күліп. - Сені үйге кіргізуге болмайды екен. Өйткені бір 
кірсең шықпай қояды екенсің. Әлгі кітаптарың қайда, әкел бері. 
Мен   Бауыржанға   екі   кітабын   ала   барған   едім.   Бірі   1959   жылы   шыққан   «Москва   үшін 
шайқас»   та,   екіншісі   Алматыда   1962   жылы   шыққан   «За   нами   Москва»   болатын.   Орыс 
тіліндегі кітапқа осы кітапты бірінен соң бірі бас алмастан қызыға оқып тауыскан екі 
ұлым Арнұр мен Жаннұрға деп, қазақша кітапқа өзіме деп автограф жаздырып алсам деп 
ойлағанмын.   Бағана   осыны   айтып   өтінгенімде   Бауыржан   жарайды,   кетерде   жазып 
берермін деген. 
Бауыржан сол уәдесін ұмытпаған екен. Мен өзіміз күні бойы әңгімелескен бөлмеден сол 
екі   кітапты   алып   келдім.   Бауыржанның   қолына   алдымен   қазақша   кітап   ілінді.   Оның 
беттерін   ақтарды   да,   менің   сызып,   қоршап   қойған   тұстарымды   көрді.   Ондай   белгілер 
әсіресе   кітаптың   аяқ   жағында   көбірек   еді.   Бауыржанның   мақал-мәтелдеріндегі:   «Адал 
болмай азаматпын демегін; ойран салсаң ойлап салғын; әр оғыңды атап атқын» дегендегі 
ең соңғы 
«ғын»,   «гін»,   «қын»-дарды   қоршап   қойған   едім.   Сол   беттер   шұп-шұбар   ала   болып 
қалыпты.   Бауыржан   соларға   көз   салды   да,   үндеместен   кітаптың   бетін   жауып,   қасына 
қойды.  Одан  соң  екінші кітапты  қолына  алып  қарады.  Балалар  оқыған орысша кітапта 
ондай белгілер жоқ болатын. Содан кейін оның «Наша семья» деген екі сөз жазылған 
бетіне, сол екі сөздің үстін баса, автограф жазып берді. 
-         Ал мынаған жазбаймын, - деді ол екінші кітапты да қолыма ұстатып жатып. - Бұл 
сенің шимайлаған кітабың. Понятно тебе? 
-        Түсінікті, - дедім мен басымды изеп. Бауыржанмен қол алысып, шығар есікке тақай 
бергенімде: 
-        Әй, хабарласып тұрғын, - деді ол. 
-         Хабарласамын,   Бауке,   -   деп   мен   артыма   қайта   бұрылып   қарадым.   Қарасам, 
Бауыржан оң қолын басынан асыра жоғары көтеріп тұр екен. Мен де сөйттім. 
Еліміздің   аты   әйгілі   батыры   Бауыржан   Момышұлымен   алғашқы   күні   он   екі   сағат 
әңгімелесіп, мен үйіме қайттым.

VII
Арада бірсыпыра уақыт өтті. Менің Бауыржанмен диалогымның жартысы ғана, онда да 
«Жұлдыз»   журналының   жоспарланған   он   екінші   номерінде   емес,   жаңа   жылғы   екінші 
номерінде   жарияланатын   болды.   Мен   осыны   айтпақ   болып,   Момышұлына   телефон 
соқтым. 
Автар. Бауке, анадағы өзіңізбен әңгімені журналдың он екінші номерінен күтіп, дәмеленіп 
қалып жүрмеңіз. 
Бауыржан. Мен ешкімнен ештеңе дәметіп үйренген кісі емеспін. 
Автор.   Жоқ,   Бауке,   мүлде   шықпай   қалмайды.   Жартылап   февраль   айында   басылатын 
болды. 
Бауыржан. Ол редакторлардың ісі. Онда менің шаруам жоқ. Түсінікті ме саған? 
Маған,   әрине,   түсінікті   болатын:   журнал   редакциясындағылар   тұтас   басуға   көлеміміз 
көтермейді. Саған біз мақала тапсырып едік, сен повесть жазып әкелдің. Соның жартысын 
жариялағанымыздың  өзіне  риза бол және  аяқ  астынан  мұндай  шығарма туып   қалғаны 
үшін бізге рақмет айт дескен болатын. Мен риза болғанмын, рақмет те айтқанмын. Бірақ 
мұндайға Бауыржаннан басқа біреу болса ешқашан да риза болмас еді. «Немене, менің 
юбилейіме келгенде журналдың беті жұтап қалып па? Бұл журналдағылардың сені емес, 
мені   менсінбегені   ғой.   Дүние   жүзіне   атағымыз   шықса   да,   өстіп   ағайынның   аузына 
ілінбейтініміз, көзіне түспейтініміз бар...» деп бұлан-талан болар еді. Баукең өйткен жоқ. 
«Ппонятно тебе?» деді де, трубканы жауып тастады. Сонысының өзі де Бауыржандық еді. 
       Бұдан кейін мен науқастанып, ауруханаға түсіп қалдым. Біраздан кейін мен жатқан 
ауруханаға әйелі Кәмәшпен қатар Бауыржан да келіп түсті. Кәмәш жоғарыда, мен жатқан 
кардиология жағында, Баукең төменде, неврология бөлімінде болды. Баукең жоғары шыға 
алмайды,   мен   төмен   түсе   алмаймын.   Екеуіміз   бір   жерде   жатсақ   та   жүздесіп,   сөйлесе 
алмайтын болдық. 
      Сол   кезде,   аурухананың   астыңғы   қабатындағы   гастроэнтерология   бөлімінде 
«Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары Сапаржан Хайдаров та 
жатыр еді. Бір күні ол маған қуана кіріп келді. Қолында бір уыс газеті бар. 
-        Әзеке, сүйінші,-деді сыпайы күліп тұрып. 
-        Алыңыз, Сәке, - дедім мен ентелей басымды көтермек болып. 
-        Жо-жоқ, қозғалмаңыз. - Маған қимылдауға болмайтынын білетін ол екі қолын кезек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет