Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
сермеп, безек қақты. - Бүгінгі газете сіздің геройыңыз, халқымыздың сүйікті ұлы жазушы 
БауыржансМомышұлының   орденмен   наградталғаны   туралы   Указ   жарияланыпты.   Сізге 
соны хабарлайын деп келіп едім. Міне газет. 
      Мен Сапаржан берген газетті алып, Указды оқыдым. Менің тез барып Бауыржанды 
құттықтағым   келді.   Бауыржанды   ғана   емес,   Бекті   де   құттықтағым   келді.   «Сүйікті   кіта 
быңның қаһарманы - кеше, қан майданда жауынгерлік Қызыл Ту орденімен наградталған 
жауынгер бүгін жазушылық еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып жатса, 
авторға ол да бір мерей емес пе?» Бірақ мен орнымнан қозғала алмадым. Төменгі қабатта 
жаткан Бауыржанға барып, оның қолын қысуға дәрменім келмеді. 
-        Бауыржан қақаған қыста, декабрьдің 24-інде туған,-дедім мен шалқамнан жатқан күйі 
Сапаржанға қарай мойнымды бұрып. - Сақырлаған сары аязда дүниеге келген... Қыран 
бүркіт   те   жұмыртқасын   қыста,   қиядағы   тасқа   салады   дейді.   Аязға   шыдамаған   жасық 
жұмыртқа   шырт-шырт   сынып,   жарылып,   ұяда   темірдей   тесірейіп   міз   бақпастан   жалғыз 
ғана   жұмыртқа   аман   қалатын   болса   керек.   Қыран   тек   осыны   ғана   бауырына   басып, 
балапан етіп 
шығарады дейді ғой. Ел аңызы осылай. Осы аңыз-теңеу біздің Баукеңе дәл келеді-ау өзі. 
Сіз барып, Баукеңді кұттыктаңыз, Сәке.
-        Жоқ, - деді Сапаржан ақ тістері қасқая күліп. 
-        Неге? 
-        Жүрегім дауаламайды. 
Сапаржан   оның   себебін   айтты.   Бір-екі   ай   бұрын   Баукең   «Социалистік   Қазақстанға» 
материал   апарып,   редактормен   сөйлесіп   отырады.   Олардың   үстіне   кабинетке 

редактордың   орынбасары   Хайдаров   барып   кіреді.   Сәлемдескеннен   кейін   Баукең 
редакторға   қарай   бұрылып,   Ұлы   Отан   соғысына   байланысты   бір   цифрды   кейінгі 
мәліметтерге сәйкестендіріп, жаңартайын ба деп сұрайды. Ойында ештеңе жоқ Сапаржан 
«Әрине!» деп қалады. Сонда Бауыржан оған ала көзімен қарайды да: 
-        Мынауың кім? - дейді редакторға. 
Редактөр   оны   өзінің   орынбасары   екенін,   бұл   материал   сол   кісінің   қолынан   өтетінін 
айтады. Бірақ Бауыржан оны көзге де ілместен теріс қарап кетеді. 
-         Сонда жерге кіріп кете жаздадым, -  деп  күлді Сапаржан.  - Содан кейін  Баукенді 
көрсем алты шақырым аулақ жүруге тырысамын. 
Мен де күлдім. 
-         Басында   бәріміз   де   сөйткенбіз,   -   дедім   мен   күлкім   тыйылғаннан   кейін.   -   Бірақ 
Бауыржанға базына жүрмейді. 
-        Қойдым ендеше, - деді ақ көңіл Сапаржан елбелектей орнынан тұрып. - Міне, қазір 
барып құттықтаймын. 
-        Менен сәлем айтып, менің де атымнан қоса құттықтаңыз, Сәке. 
-        Құп. 
I
        Мен ауруханада сексен күн жатып, марттың аяқ жағында үйге қайттым. Бауыржан жүз 
жиырма   күн   жатып,   менен   кейін   шықты.   Менің   жүрегім,   Баукеңнің   аяғы   ауырды.   Көп 
уақытқа   дейін   біз   жүздесіп,   тілдесе   алмай,   бір-бірімізге   қасымыздағы   сырқат 
серіктерімізден   сәлем   айтысумен   болдық.   Сөйтіп   біздің   диалогтарымыз   жолдастар 
арқылы   жалғасып   жатгы.   Әсіресе   Баукеңнің   әйелі   Кәмәш   екі   этажда   серейіп   жатқан 
екеуіміздің арамызда 
үлкен хабаршылық қызмет атқарды. 
      Екі   айдан   кейін   Бауыржан   екеуіміз   де   бас   көтердік.   Ілбіп   палатада   жүретін,   ептеп 
дәлізге шығатын болдық. Бізді сестра үшінші этаждан тәй-тәйлап түсіріп, төмендегі спорт 
залына   апарып,   гимнастика   ойнатып   жүрді.   Сол   күндердің   бірінде   төменгі   этаждың 
дәлізінде темекі тартып отырған Бауыржанға кездестім. 
Автор. Сәлеметсіз бе, Бауке? 
Бауыржан. Сәлеметтендің бе, қарағым? 
Автор. Халіңіз қалай? 
Бауыржан. Ептеп тәуір боп келемін. Алғашқы жиырма күнде қайда жатқанымды білмедім. 
Қазір сәл басым  айналады,  ептеп жүруге  жарадым.  Бізді қойшы,  біз ұзақ  сапар  шегіп, 
тоналып   қалған   жолаушы   сияқтымыз   ғой,   қарағым.   Қазынасыз   керуен   қарақшыдан 
қорықпайды. Өзің қалайсың? 
Автор.   Дәрігерлер   екі   ай   сірестіріп   шалқамнан   жатқызып   тастап   еді.   Енді   бас   көтеріп, 
ептеп ілби бастадым. Арыстан боп қимылсыз жатқаннан, тышқан боп жорғалап жүрген 
артық екен. 
Бауыржан. Хабарыңды естіп, жіберген журналдарыңды алып жаттым. Менің аяғым ғана 
емес,   қолым   да   шабан   екенін   білесің   ғой.   Ауызша   сәлем   айтқаным   болмаса,   арнап 
записка жаза алмадым. 
Баукеңнің бұлай деген себебі мен жоғарыда жатып ол кісіге өзі туралы материалдарым 
басылған «Балдырған» (№ 12, 1970), «Жұлдыз» (№ 2, 1971) журналдарының, «Жетісу» 
және басқа облыстық газеттердің номерлерін жібергенмін. 
Автор.   Рақмет,   Бауке.   Сіздің   әр   сәлеміңізді   дәрігерлердің   дәрісімен   қоса   қабылдап 
жаттым. Осында біраз үлкен қызметкерлер де бар екен. 
100 
Бауыржан. Ауру болсаң, әкімдіктен не пайда? 
Автор.   Оныңыз   рас.   Сол   кісілер   өздерінің   қызмет   бабына   қарамастан   маған   хал-
жайыңызды хабарлап тұрды. 
Бауыржан. Адамды үш түрлі жағдай жақындастырады, қарағым. Ол жағдай: соғыс, түрме, 
аурухана.   Бұл   үшеуі   лауазым   таңдамайды.   Адам   қанша   көкке   көтерілгенімен   топ   етіп 
төменнен   бір-ақ   шығады.   Олар   соны   да   ескеретін   болар.   Жара   жаралыны   қинайды. 

Шыдай-шыдай   шыдам   таусылғанда,   ашу   шақырып,   артық   сөйлеп   қалатын   сәттерің   де 
болады екен. Артынан райыңнан қайтасың. Ол занды да ғой. Өйткені әркім жеткен жеріне 
дейін барады, жығылған жерінде қалады. Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың. 
      Осы кезде сырттан келген сестра мені қолтығымнан алып, жоғары қарай жетектеді. 
Біздің ауруханадағы алғашкы әңгімеміз осылай басталды. 
II
Бір күні палатада жатыр едім, есік қағып, Бауыржанның әйелі Кәмәш бас сұқты. 
-        Жай жатырсыз ба? 
-        Жай. 
-        Онда Баукең сізбен әңгімелесемін деп жоғарыға келіп отыр еді. 
-        Қазір барайын, - дедім мен. 
Шықсам, біздің үшінші этаждағы алаңда газет-журнал қоятын кішкентай үстелдің қасында 
Бауыржан, үстелден әрірек Кәмәш отыр екен. Бір орындық бос тұр. Екеуінің үстінде де 
аурухананың көкала халаты. Баукеңмен амандасып, бос орынға барып отырдым. 
Бауыржан.   Мынау  Кәмәшқа   сүйеніп  әрең   көтерілдім.   Өзің  бір  таудың   төбесінде  жатыр 
екенсің ғой. 
Автор. Бірнеше күн төсекте шалқамнан жатып, одан кейін дәрігерлер басымды көтеріп 
төсекке отырғызғанда мен биік таудың төбесіне шыққандай болғанмын. Алғаш рет тәй-тәй 
басып   барып   палатаның   терезесінен   қарағанда,   басым   айналып,   құлап   қала 
жаздағанмын. Көп жатқан адам осындай күйге ұшырайды екен - оған аласаның өзі асқар 
тау боп көрінеді екен. 
Бауыржан.   Маған   «Жұлдыздың»   екінші   номерін   оқыдық   деп   әркімдер   айтып   жатыр. 
Әлішер   Бейсенов,   Шаяхмет   Хұсайынов   тағы   басқалар   айтты.   -   Мен   олар   не   деді   деп 
сұрамадым. Баукең солардың сөзіне разылықпен «таудың төбесіне шығып» отырғанын 
түсіндім. - Кеше Әбділда Тәжібаев келіп, ұзақ әңгімелесіп қайтты. Ол да оқығанын айтып 
жатыр. Журналдың редакторы Сырбай Мәуленов келіп еді. Оқушылардан көп хат келді. 
Беккер тұтас баспаған екенбіз деп өкініп қалдық деді... 
Осы   кезде   іштен   халатын   жүре   қаусырынып,   шүңірек   көз   бір   шал   шықты.   Отырған 
үшеумізге кезек-кезек сүзе қарап алды да: 
-        Бауыржан, аманбысың?-деп Момышұлына қолын ұсынды. 
Бауыржан оның қолын алды да, үнсіз отыра берді. 
-        Маркстік философияның заңы бойынша, - деді шүңірек көз шал Бауыржанға үңіліп, - 
адамдардың   ара   қатынасы   бір-біріне   кездесуден   жасалады.   Міне,   бүгін   атақты 
Бауыржанды көріп, қолын алып тұрмын. 
-        Ақсақал, біз әңгімелесіп отырмыз, - деді Бауыржан түсін суыққа салып. 
-         Сөйлесе   беріндер,   мен   бөгет   болмаймын,   -   деді   шүңірек   көз   шал   бұрылып, 
баспалдақпен төмен түсе бастап. - Сөйлесу - өзара қатынастың бір түрі. 
Шал төмен түсіп кетті. 
-        Мынау кім? - деді Баукең маған. 
-        Бұл кісіні осындағылардың бәрі Дерпен деп атайды. 
-        Ол немене, аты ма? 
-         Аты-жөнінің кім екенін біліңкіремеймін. Өзі дербес пенсионер көрінеді. Соны жұрт 
қысқартып Дерпен деп кеткен. Екі сөзінің бірі тарих пен философиядан басталады. Үйінен 
алдырып   үзбей   оқитыны   «Үгітші   блокноты»,   «Вечерняя   Алма-Ата»   газеті   және   кейбір 
саяси кітаптар.  Жанасып кеткен адамға саясаттан  сабақ  айтып,  мазасын алады.  Одан 
басқа жазығы жоқ. 
-        Құдай сені көршіге жарытқан екен, - деп күлді Бауыржан. 
Автор. Бауке, тойға әзірлік қалай болып жатыр? Кұттықтаушы жұрт көп шығар. 
Бауыржан. Жұрттың қалай құттықтап жатқанын жеңгең айтсын. 
-         Кұттықтаудың   күші   Баукеңді   осы   жерден   әкеп   бір-ақ   шығарды   ғой,   -   деді   Кәмәш 
күліп.   -   Басы   өзінің   туған   күні   жиырма   төртінші   декабрьден   басталды.   Қаладағы   жұрт 
бірден үйге келіп, тек облыс, аудандардан ғана телефон соғылып жатты. Алғашқы күндері 

Сәбит   аға,   Ғабит   аға,   Дмитрий   Снегин   келіп   құттықтады.   Ол   кісілердің   келуінің   өзі   бір 
мейрам ғой. Мейрамға қосылып, мерейіміз көтеріліп қалды. Сәбит пен Ғабит аға екеуі де: 
-         Әй,   Бауыржан,   біз   сені   шаршатып   алармыз,   -   деп   үнемі   ескертіп   отырды.   -   Бұл 
күндері саған кісі көп келеді. Сен оларды режиміңді бұзбай қабылда. 
Осылай   деп   олар   ұзақ   отырмай   үйлеріне   қайтты.   Бірақ   жұртгың   бәрі   ол   кісілердей 
болмады. Бір келгені бес сағат отырып алысты. Солардың сөзін тындаймын деп Баукең 
әбден шаршады. Баукең  бөлмесіне барып тынығайын десе кейбіреулер соңынан ілесе 
кіріп,   қақсап   қасында   отырып   алды.   Өстіп   Баукең   әбден   қалжырады.   Денсаулығы 
бұрыннан   жұқарып   жүрген   Баукең   мұндай   құттық   тауларды   көтере   алмай,   ақыры 
ауруханадан бір-ақ шықты. 
Бауыржан. Біз сен зерігіп жатқан шығар. Біраз әңгіме айтып, көңіліңді көтерейік деп келдік. 
Бүгінгі әңгіме айту осының үлесіне тиген, - деді Баукең әйелін иегімен нұсқап. - Айта бер. 
-        Мен не айтайын?-деді Кәмәш жан-жағына жалтақтай қарап. 
-        «Жұлдызды» оқығаннан кейін, қап, менің бір айтатыным бар еді деп жүр едің ғой, - 
деді Баукең әйеліне бұрылмастан теріс қараған күйі. - Соныңды айт. 
-        Ол жай, әшейін бір күлкілі жағдай ғана ғой. 
-        Е, соны айт. Бұған сондайлар да керек. 
-        Ендеше айтайын,-деп Кәмәш сөзге кірісті. 
III
-        Бауыржан екеуіміздің жаңа жұптасқан алғашқы күндеріміз еді, - деп бастады Кәмәш 
әңгімесін. - Бір күні біреу үйге телефон соқты. Онда Дзержинский көшесіндегі үйде едік. 
Телефон дәлізде болатын. Трубканы мен барып алдым. Ар жактан бір жас қыздың даусы 
келді. 
-        Кім керек сізге? 
-        Маған Бауыржан керек. Мен Жақсыгүлмін. Шақырып жіберіңізші, - деді қыз. 
«Мұның Жақсыгүлі кім?» деп іштей ойлап Бауыржанға бардым. 
-        Сенің Жақсыгүл дегенің бар ма еді?-дедім оған. 
-        Жоқ, - деді бұл бірден. 
-        Трубкаға шақырып тұр, бар сөйлес, - дедім мен оның «жоқ» дегеніне сенбей. 
-        Мен ондай адамды білмеймін, - деп бақырды бұл. - Барып трубканы жауып қой. 
Сенер-сенбесімді білместен трубканы жаптым. Сонша бақыруы жаман, бір пәлесі бар ғой 
деп ішімнен күдіктеніп қалдым. 
Екінші күні тағы телефон шылдырлады. 
-        Мен Жақсыгүлмін ғой, Бауыржанды шақырып беріңізші, - деді кешегі қыз. 
-        Бауыржан жоқ, - деп сарт еткізіп трубканы жаба салдым. 
-        О кім, ей, қатын? - деді Баукең кабинетінен. 
-        Сенің Жақсыгүлің,-дедім булығып. Ішім өртеніп қоя берді. 
Осының бір пәлесі болуы керек. Бұрын мен келмей тұрғанда сөйлесіп жүрген ескі танысы 
болар. Мен барда сөйлесуден қашып, білмеймін деп әдейі қасарысып отырған шығар деп 
ойлап қасына бардым. Бұл бетіме бір қарады да: 
-        Ә, Жақсыгүл ме? - деп жұмысын істеп отыра берді. 
Бір күні қызуым көтеріліп қатты ауырып, төсектен тұра алмай жатып қалдым. Түс кезінде 
дәліздегі телефон шылдырлады, «Дәу де болса Жақсыгүл шығарсың» деп, ауырғанымды 
ұмытып,   басымды   төсектен   тез   көтеріп   алдым.   Кабинетінен   шығып   Баукең   трубканы 
көтерді. Бұлар не сөйлесер екен деп, бар демімді ішіме тартып тындай қалдым. 
-         Иә, мен Бауыржанмын, - деді Баукең. - Ә, Жақсыгүлмісің? Жақсымысың? Келейін 
деп едім дейсің бе? Келсең кел. Әдіріс пе, әдіріс мынадай, - деп үйдің әдірісін айтты да,  
трубканы жапты. 
Осы   кезде   қаным   қайнап   кетті.   Мына   қу   пәленің   істеп   жүргенін   қарашы.   Мен   ауырып 
жатқанда ол қызды әдейі шақырды ғой. Мен төсектен тұра алмай жатканда оны ана жақта 
оңаша қабылдамақ қой. Ана жолдары менің көзімше сөйлеспей қойып еді. Онысы айласы 
екен ғой, - деп ойлап төсегімнен атып тұрдым. Өн бойымды қозғалтпай жатқан аурудың да 
қайда кетіп калғанын білмеймін. 

Жан дәрмен халатымды киіп, шашымды жиып «Келсін сол албасты» деп, дайын отырдым. 
Лезде есік шылдырлады. Оны естігенде өне бойым қалшылдап кетті. 
Кабинетінен шығып Баукең сыртқы есікті ашқан кезде жататын бөлмеден жай оғындай 
атылып мен де шықтым дәлізге. Шықсам: 
-         Сәлеметсіздер ме? - деп үріп ауызға салғандай бір жас қыз табалдырықтан аттап 
келе жатыр. 
-        Сәлемет пе, шырағым,-деді де Баукең өз кабинетіне қарай кетті. Қызбен бетпе-бет 
дәлізде жалғыз мен қалдым. Бас аяғына қарасам, кісі жаманшылыкқа қиятын бала емес. 
Мен оны бөлмеге алып кірдім. 
-        Отыр, қалқам. Кімсің? 
-        Жақсыгүлмін. 
-        Саған кім керек еді? 
-        Бауыржан керек еді, апай. 
-        Бауыржанды көріп пе едің өзің, білесің бе? 
-        Білемін, көргемін. 
«Ә,   қулар,   бұлар   бірін-бірі   біледі   екен   ғой.   Бұрын   көріскен,   кездескен   екен   ғой.   Түк 
білмейтін, сезбейтін сияқтанып, мүләйімсіп кіріп кеткенін қарашы» деп ойлап тағы да өне 
бойым безгектей қалтырап кетті. Неше түрлі ой келді басыма. Дегенмен өзімді өзім ұстап: 
-        Қайдан келіп едің? Қайда оқисың? - дедім. 
-        Ешқайда оқымаймын, апай. Былтыр ауылдан оқуға келіп, институтка түсе алмадым 
да, қазір сатушы боп жұмыс істеп жүрмін. 
-         Ал,  Бауыржан  керек   болса,   бар,   жаңағы  шал  Бауыржаның.  Бұрын   кездессендер, 
танып тұрған шығарсың, - дедім даусым дірілдеп. 
Қыздың көзі бақырайып кетті. 
-        Ол... емес, апай, -деді дыбысы әрең шығып. 
-        Алғашында аңғармай қалған шығарсың. Қараңғыда кездесіп пе едіңдер?-дедім сонда 
да сенбей. 
-        Жок, сонша қараңғы емес болатын... Ол жасырақ болатын... 
Екеуіміз   танысқаннан   кейін,   менің   ауылдан   келгенімді   білді   де,   өзін   Бауыржан 
Момышұлымын деп айтты. Менің бұрын Бауыржан туралы естігенім болатын. Сол кісі осы 
екен ғой деп ойладым... Ол менімен ажырасарда: әдірісім телефон справочнигінде бар, 
«М» әрпінен қарасаң табасың деді. Үйде аға-жеңгем бар. Өзім болмасам, телефонды сол 
екеуінің біреуі алады деді де кетіп қалды. 
-        Қай жерде кездесіп едіндер? 
-        Максим Горький паркінде... 
-        Бойы қандай еді? 
-        Ол кісі сұңғақ бойлы, арықша келген қара сұр жігіт болатын. 
-        Басқа қандай белгілерін білесің? 
-        Ешқандай белгісін білмеймін, апай. Екі көзі жылтырап тұратын сияқты еді. «Қалқам, 
айналайын» деп кісінің асты-үстіне түсіп өліп кете жаздайды екен. Парктің аузында таныса 
сала: 
-         Жүр,   қалқам,   ресторанға   кіріп   сусын   ішіп   шығайык,   айналайын...   -   деді... 
«Айналайын» деген сөзді ылғи созып айтады. Мен содан бері осы үйге күнде телефон 
соғып жүрмін. 
Қыз қызарып, бұл сөздерді жыларман болып айтты. Қыздың алданғанын біліп, енді оған 
жаным аши бастады. 
-         Қарағым-ау,   өзің   ойламайсың   ба:   соғыстағы   жас   Бауыржан   осы   күнге   дейін   жас 
қалыбында жүр дейсің бе? Бауыржан бұл күнде сенің әкең құралпы кісі болған. Жаңағы 
өзіңе есік ашқан нағыз Бауыржанның өзі. Көремін десең жүр, ертіп апарайын, - 
дедім. 
-        Жок, апай. Менің енді ол кісіні көрер бетім жоқ. Менің кетуіме рұқсат етіңіз, - деп қыз 
орнынан тұрды. 
Мен есікті ашып, кызды қоя бердім. 
-        Әй, қатын, ол кім екен? -деді Баукең дауыстап. 

-        Жақсыгүл. 
-        Жақсыгүл ме! Жаңа барамын деп әдірісті сұрап алып еді, не шаруасы бар екен? 
Мен   Жаксыгүддің   жайын   айттым.   Мынау   шала   бүлінді   де   қалды.   Неге   қазақтың   жас 
жігіттері ауылдан келген қыздарды алдайды? Ұят, ар, намыс қайда? - деп маған зірк-зірк 
етеді.
-        Оны жігіттерден сұра, маған несіне күжілдейсің? - дедім. 
-        Жігіттің аты-жөнін біле ме екен өзі? 
-        Бауыржан деп тұр ғой. 
Бұл маған ала көзімен қарады да, ештеңе демеді. 
-        Түрі-түсін біле ме екен өзі? 
-        Ұзын бойлы дейді,- дедім де ар жағын айтпай қоя қойдым. 
Қыздың   айтқан   белгілерімен   Баукең   бет   алды   біреулерге   тиісіп,   ұят   болып   жүрер   деп 
ойладым. - Байтақ қалада бетіне қарап кімді танушы едің? 
Бұл сөзге Баукең бөгеліп қалды. 
-        Сұрқиялар алдымен жұртқа қиянат жасайды. Содан кейін сыртыңнан сенің атынды 
сатады.  Мұндай  сұмдарға бір зауал  жасау  керек,-деп Баукең   біраз  бұрқырап алды да, 
артынан сабасына түсіп, істеп отырған жұмысына кірісті. Мен де басымды ұстап, жататын 
бөлмеге қарай аяңдадым. Жаңағы кішкентай түрегеп жүргенге басым сынардай боп зырқ-
зырқ етіп, төсегіме әрең жеттім. Жақсыгүлі құрысын, қайдан тұрып едім деп, қайтадан 
ыңқылдай бастадым. 
        Кәмәш күліп, осылай деп әңгімесін бітірді. Баукең тырс етпестен үнсіз отырды. Мен 
Кәмәшпен қосыла жымидым да, іштей дереу ол кісі айтқан әңгімеге ат іздедім. Бұл менің  
әдетім. Біреудің әңгімесі ұнаса, оған алдымен ат қойып аламын. Сөйтіп барып ойымда 
сақтаймын. Бұл әңгімеге «Жақсыгүл» деген ат қойдым да, ішімнен екі рет: «Жақсыгүл», 
«Жақсыгүл» деп қайталап шықтым. 
Содан кейін Кәмәшқа бұрылдым. 
-        Апырау, Баукеңнің атын сататын да батырлар бар екен ғой. 
-         Бар,   бар,-деді   Кәмәш   басын   тез-тез   изеп.   -   Мен   сізге   мына   бір   оқиғаны   айтып 
берейін. 
ІҮ
-        Бір күні Бауыржан екеуіміз қала араламақ боп такси шақырдық. Шоферіміз ұйғырдың 
бір жас жігіті екен. Баукең соның қасында, мен артта отырмын. Бір кезде мен: 
-        Бауыржан, мына магазинге кіре шығайықшы, - дедім. 
Мен Бауыржан дегенде, таксист жігіт Баукеңнің бетіне жалт қарады. Содан кейін де қайта-
қайта қарағыштай берді. 
Біз   магазиннен   шығып,   Баукең   қасына   жайғасқаннан   кейін   таксист   жігіт   машинасын 
жүргізуден бұрын Баукеңнің бетіне қарады да: 
-        Аға, сіз шын Бауыржансыз ба? - деп сұрады. - Момышұлы Бауыржансыз ба? 
-        Ол не керек саған?-деді Баукең катқылдау үнмен. 
Шофер жігіт күлді де, осыдан бір жыл бұрын өзінің бір жолаушыны тасып, қаланы күні 
бойы аралатқанын айтты. 
-         Мен   одан   бір   тиын   ақша   алмадым,-деді   жігіт.   -   Өйткені   ол   «Мен   Бауыржан 
Момышұлымын!» деді. Атақты Бауыржаннан ақша алып не болыпты маған? 
-        Неге алмайсың? - деп сұрады Баукең. 
-        Себебім бар. 
-        Қандай себеп? 
-         Менің   әкем   Ұлы   Отан   соғысында   Бауыржан   полкының   жауынгері   болған.   Әкем 
Бауыржанның   батырлығын,   солдаттарға   деген   қамқорлығын   аузынан   тастамай   айтып 
отырушы еді. 
-        Әкең тірі ме?-деді Баукең оған сәл бұрыла түсіп. 
-         Бертінде   қайтыс   болды,   -   деді   таксист.   -   Бірақ   мен   оның   Бауыржан   екеніне   бір 
сөзінен   шүбәланып   қалып   едім.   Өйткені   біз   микроауданға   қарай   бара   жатқанда   бір 
«Запорожецті» басып оздық. Сонда ол: 

-        Мен де осындай бір «Запорожец» алсам деп жүрмін, кезекте тұрмын,-деп қалды. 
-        Бауыржанның «Волгасы» бар деп естіп едік қой, - дедім мен оған жалт қарап. 
Ол сәл қолайсызданып қалды да, содан соң күліп: 
-         «Волгамның» бары бар, оны өзім мінемін, «Запорожецті» балаларға алып берейін 
деп едім, - деді. 
Мен солай болса солай шығар дедім де қойдым. Сонымен міне бүгін екінші Бауыржаңды 
алып келе жатқаныма таңғалып отырмын. 
-        Екінші емес, бұл номер бірінші Бауыржан, - деді Баукен шоферға даусын көтеріп. 
Таксист «қайдан білейін» дегендей, басын шайқады. 
-        Тоқтат! - деді Баукең қатуланып. 
Таксист те, мен де сасып қалдым. Ол дереу машинасын тоқтатты. Мен Баукең түсемін деп 
әлек салып жүрмесе екен деп қылпылдап барамын. Жоқ, өйтпеді. Қалтасына қолын сұғып, 
паспортын суырып алды да: 
-        Мә, оқы, - деп шофер жігітке ұсынды. 
Ол паспорттан Баукеңнің аты-жөнін оқып шығып, куана бас изеді. Содан кейін ол елбелек 
қағып қос қолын бірдей Баукеңе ұсынды. 
-        Әкем өлерінде Алматыға барсаң, менің командирім Бауыржанға сәлем бер деп еді, - 
деді даусы дірілдеп. 
Баукең таксист жігіттің қолын алып: 
-        Әкең иманды болсын, қарағым, - деді. 
Содан кейін қайтадан ілгері козғалдык. Мен де ішімнен «уһ» дедім. 
-         Анау   Бауыржан   қанша   ақшанды   бермей   кетті?   -   деп   сұрады   бір   кезде   Баукең 
таксистен. 
-        Көп емес, ағай. Он сом ғана. 
-        Өзіңнің балаларың бар ма? 
-        Бар, ағай, екі балам бар. 
Біз баратын жерімізге жеттік. Таксистің счетчигіне қарап едім, бес сом екен. Соны төлейін 
деп сумкамды ашқалы жатыр едім, Баукең: 
-        Ей, қатын, маған жиырма сом бер, - деді.
Мен оны не қылады деп ойладым да, сумкамнан алып аддымен оның сұраған ақшасын 
бердім. Одан кейін таксистке бес сом ұсынғалы жатқанымда, Баукең: 
-         Қарағым,   мынау   былтырғы,   жалған   Бауыржан   алдап,   төлемей   кеткен   он   сомың. 
Мынаның   бес   сомы   мына   счетчигің   көрсетіп   тұрған   біздің   жол   ақшамыз.   Калған   бес 
сомына   менің   атымнан   балаларына   базарлық   апарып   бер,   -   деп   жаңағы   менен   алған 
жиырма сомды тұтас таксистке ұсынды. 
Шофер сасқалақтап: 
-        Мен сізден бір тиын да алмаймын, - деп еді, Баукең: 
-        Молчать! - деп ақырып қалды да, ақшаны оның алдына тастай салды. - Бұдан кейін 
адданушы болма. 
Осылай   деп   Баукең   машинадан   шықты   да,   есігін   тарс   еткізіп   жауып   тастады.   Біз 
қолтықтасып,   ілгері   кеттік.   Бір   кезде   шофер   да   машинадан   шығып,   қалбалақтап 
артымыздан қуып келді. 
-        Аға, қайтатын уақыттарыңызды айтыңыз. Мен сол сағатта келіп, сіздерді үйлеріңізге 
жеткізіп салайын, - деді ол жалынғандай болып. 
-        Жоқ, - деді Баукең. - Өз жұмысыңмен жүре бер. Біз осы жақтан бір машина алармыз. 
Осы   кезде   баспалдақта   дабырлай   сөйлесіп,   төменгі   жақта   жүрген   аурулар   жоғары 
көтеріліп келе жатты. Солардың ішінен біреудің жігерлене сөйлеген: «Біз, қарттар, өткен 
өмірдің   ауыртпашылық,   қиыншылыктарын   жақсы   білеміз.   Соның   философиялық   мәнін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет