жалғады.
- Мен бұрын Күләш марқұмның әндерін көзім жасаурап отырып тындайтын едім. Қазір
Бибігүл ән айтқанда үнсіз егілемін. Ертеде қазақтың классикалык әндері тек еркек
әншілердің ғана аузымен тараған еді. Қазіргі классикалық әндер әйел әншілеріміздің
көмейіне ұялаған... Иә, жаңа қай жерге тоқтап едім?
- Момынқұл көкем мен Саракүл жеңешем келді жүгіріп. Біздің үйдің іші лезде мәре-
сәре болды да қалды аяқ астынан. Бұрын үйіміз едәуір мүлікті болушы еді. Ертеңінде
айналама көз салсам төрдегі жүк те, төсектегі жиһаз да жұтаң тартып кетіпті.
Солардың бәрі тамаққа жұмсалыпты. Мен келген күні біздің үйде небәрі бір пұттай ғана ұн
қалған екен. Сол азғантай ұннан күн сайын бір уыстап алып, быламық істеп күн көріп
отырса керек.
Бір үйлі жанның қыстан шығар бар үміті соған тіреліпті. Үйдің осы жайын көргеннен
кейін, келген бетте суық тиіп, ауырыңқырап қалғаныма да қарамастан 2-3 күннен кейін
Шымкентке тарттым.
Алдымен өзімнің ескі ұям-өнеркәсіп банкысына бардым. Барсам Дубовик әлі
сонда екен. Оны көріп мен қуанып, мені танып ол шаттанып, екеуіміз мәз-мейрам болдық.
- Әскерден келдің ғой?
- Әскерден.
- Арнап маған келіп тұрсың ғой?
- Иә, сізге, Тимофей Терентьевич.
- Бірге қызмет істейміз ғой?
- Істейміз. Мен әзірмін.
Бұрынғы Корнеев ақсақал кетіп қалған екен де, онын орнына аға экономист болып,
Догалин деген кісі келіпті. Бас бухгалтер болып сақал-шашы әппақ қудай Бурмистров
деген шал отырыпты. Дубовик мені оларға таныстырды.
- Біздің бұрынғы қызметкеріміз. Әскерге барып келді. Мұны қайтадан қызметке
аламыз, - деді ол.
Дубовик мені жалақысы жоғары деп кен істері жөніндегі аға экономист етіп тағайындады.
Бұйрықтың екінші пунктіне маған көшіп-қону қаражаты босатылсын және 30 сом жәрдем
жасалсын деп және қосты. Бухгалтерге есептеттіріп, барлығы 110 сом ақшаны қолыма
ұстаттырды да:
- Ал, Бауыржан, осы қазір үйіңе жөнел, - деді Дубовик. - Мына ақшаның жартысынан
көбін қарттарға бер. Сен он бес күннен кейін тағы да жалакы аласың. Өзіңе сол жетеді. 2-3
күн үйіңде аунап-қунап, жұмысқа біржола көшіп кел.
Тек әке ғана жасайтын жақсылықты Дубовик маған тағы да жасады. Шинелімнің екі
етегі делеңдеп тағы да ауылға жеттім.
- Оу, неғып тез келіп қалдың? - деп үйдегілер үрпиісіп қалды.
- Қызметке тұрдым, - дедім мен жайрандап.
- Калай тез болды? - деп танданысты бәрі. Мен Дубовиктің жасаған жаксылығын
айттым.
- Біздің Бауыржанның жұлдызы орысқа жүреді, - деп Момынқұл көкем желпініп-
желпініп жіберді.
Мен әкемнің алдына ақшамды жайып тастап:
- Жәке, керегінше алыңыз, - дедім масайрап. Әкем санап отырып жиырма сомын ғана
алды.
- Жоқ, жартысынан көбін алыңыз, - дедім Дубовик айтқандай.
- Әй, шырағым, біз үйдегі адамбыз, сен түздегі жансың. Бізге осы да жетеді, елмен
қатар күн көреміз. Жырақта жүріп, өзің қиналып калма, қарағым.
- Жок, бастығым сізге алпыс сом алсын деп айтқан, - дедім де, әкеме тағы қырық
сомын қосып бердім.
VII
Автор. Сіз домбыра тартасыз ба, қобыз шаласыз ба?
Бауыржан. Жок, екеуін де білмеймін. Тек пианино, рояльда ойнаймын.
Автор. Қазақтың қандай ұлттық дәстүр, қасиеттерін жақсы көресіз?
Бауыржан. Қазақтың қонақжайлығын жақсы көремін. Өйткені, бұл тек коммунистік
қоғамның мүшелеріне ғана тән қасиет. Қазақтың досқа деген мейірбандығын ұнатамын.
Мұнда халықтар достығы мен пролетарлык интернационализмнің асыл ұрығы жатыр.
Қазақтың қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың касиетті сезімі
сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп, ізет істейтін
сыпайылығын сүйемін. Бұл коллективтік тіршілікті құрметтеу. Жастарының ата-аналары
алдындағы перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл - адамгершілік негізі. Жас
семьядағы жарастықты жаным сүйеді. Бұл - семья - мемлекеттің қауіпсіздігінің негізі. Кәрі-
жасының ерінбейтін еңбекшілдігін жаратамын. Бұл - жан-жақты өркендетудің сипаты. Әке
мен баланың, ағайын арасының ұйымшылдығын ұнатамын. Бұл - мемлекеттік
бірліктің басы. Тағысын тағылар. Социалистік өмірімізге жарасымды дәстүр, қасиеттердің
бәрін де жаксы көремін, қарағым.
Автор. Рақмет, Бауке. Енді Сіз Мыңбұлақтан Шымкентке қайтатын шығарсыз?
Бауыржан. Үйде екі-үш күн болып, кайтадан Шымкентке келдім. Дубовик өзің келгенше
саған бөлме дайындаттырып қоямын деп еді. Ол сөзінде тұрыпты. Маған деп әзірлетгірген
оңаша бөлмеге бастығымның өзі бастап келді. Соқа басты жігітке шағын бөлменің өзі
даладай болып көрінеді екен. Үстімдегі шинелімнен басқа не астыға салар, не басқа
жастанар ештеңем жоқ. Жапанға шыққан жалғыз ағаштай болып, бөлменің ортасында
сойдидым да қалдым.
- Саспа, - деді Дубовик менің қысылып тұрғанымды аңғарып. - Қазір саған Борис бауырың
матрац, жастық, көрпе әкеліп береді. Өзің төсек-орын сатып алғанша, соны лаждай
тұрарсың.
Тимофей Терентьевич аузын жияр-жимаста болған жок, есіктен бір матрацты кетеріп
Борис кіріп келді. Оның артынан бір жастық пен көрпе кұшақтап Дубовиктің әйелі енді.
Әкем, шешем, інімдей болып қамқорлык жасаған осы бір тамаша семьяның жан жылуы
өмір бойы менің жүрегімде қалды. Дубовик сол кезде елуге тақаған кісі еді. Тегі ойлаймын,
ол Москва, Ленинград сияқты үлкен қалалардан үлгі, өнеге тарата келген ескі қарт
большевик-
тердің бірі болуы керек. Мұндай мейірім большевиктердің ғана қанына сіңген қасиет кой.
Автор. Александр Бекпен қалай таныстыңыз?
Бауыржан. Оны Бектен сұрағын.
Мен оны Бектен де «сұраған» болатынмын. Бірақ Бек маған жарытып жауап
бермеген. Оның 1968 жылы шыққан «Почтовая проза» дейтін кітабының алғашқы
беттерінің бірінде кішкентай ғана төрт абзац бар. Сонда Бек 1942 жылдың басында
Старая Руссаның түбінде тұрған Панфилөв дивизиясын іздеп барғанын, генерал
Панфилов жайында материал жинағанын айтады. Екінші орталық кейіпкерім - Бауыржан
Момышұлын да өмірдің өзінен алдым; оның полкында бір айдай болып, марттың бас
кезінде кейін қайттым. Кетерімде полк комиссары Логвиненко мені шығарып салып тұрып:
- Сіз қыранның ұясында болдыңыз. Байқаңыз, сары ауыз балапан болып қап жүрмеңіз,
-деп еді.
Осы сәз әрқашан да ойымда жүрді. Повестке кіріспес бұрын панфиловшыларға тағы да 5-
6 рет барып қайттым. Содан кейін барып повесті жазуға отырдым дейді. Бектің маған бар
«айтқаны» осы ғана болатын.
Бұл таныстық жайын Бектен гөрі Александр Кривицкий 1964 жылы шыққан
«Ұмытпан мәңгі» деген кітабында әлдеқайда толық етіп баяндаған еді. Мен соны есіме
алдым. Кривицкий кітабының «Москва кақпасының сақшысы» деп аталатын ең алғашқы
бөлімінде «Момышұлының көк дәптері» және «Бранденбург қақпасы» деп аталатын екі
тарау бар. Оның біріншісінде атақты 28 батыр жайында «Красная звезда» газетінде ең
алғаш очерк жариялаған әскери тілші А. Кривицкийдің Москваға Момышұлының көк
дәптерін ала келгені айтылады. Көк дәптер иесінің парасатты, білімді командир екендігі
суреттеледі. Соған дәлел ретінде автор көк дәптерден бірнеше мысалдар келтіреді.
Бауыржан Момышұлының солдаттарды отаншылдыққа тәрбиелеу жөніндегі ойларын,
пікірлерін айта келіп, мұның өзі жүйелі әскери ғылым боларлық дүние екендігін көрсетеді.
Ал «Бранденбург қақпасында» Кривицкий Бауыржан Момышұлы мен Александр Бек
екеуінің қалай танысканын баяндайды.
Соғыс басталған күні Александр Бек Москва түбіндегі дачада «Талант» деген
(соғыстан соң аяқталып, «Бережковтың өмірі» аталған) романын жазып жатады. Соғыстың
хабарын ести сала жаңа басталған романды жинап тастап, дереу Москваға келеді де, екі
аптадан соң өзі тіленіп Москваның халық жасақшыларынан құрылған Краснопресня
атқыштар дивизиясына алынады. Жаз бойы сол дивизияның кұрамында болған Бек сол
1941 жылдың күзінде «Знамя» журналының әскери тілшісі болып ауысады. 28 батыр
жайында очерк жарияланғаннан кейін бір күні Бек «Красная звезда» газетінің
редакциясына келіп, Кривицкиймен жолығады. Егер сен сол батырлар жайында көлемді
ештеңе жазбасаң, мен жазайын деген ойым бар еді дейді. Әскери газеттің күнделікті әуре-
сарсаңымен жүрген Кривицкий ондай ештеңе жазуға мұршасы жоқ екенін, мүмкіншілік
тапқан күннің өзінде күрделі нәрсе жазу қолымнан келмейтін шығар деп қауіптенетінін
айтады. Сонымен,
1942 жылдың февралында Бек поезбен Холм қаласының түбінде тұрған Панфилов
дивизиясына женеледі. Дивизия саяси бөлімінің бастығы оны 28 батыр шыққан Капров
полкына жібереді. Капровқа келсе, онда офицерлердің мәжілісі болып, алдағы бір шабу
ылдың жоспары талқыланып жатады. Мәжіліске құлақ салып отырған Бектің назары
орысша өте жақсы сөйлейтін, үні құлаққа жағымды, ойы жүйрік қазақ капитанына ауады.
Капитан талқыланып отырған жоспарды тас-талқан етіп, өз ұсынысын баяндайды.
Мәжілісте сол капитанның айтқаны қабылданады. Москвадан келген жазушы: «Менің осы
капитанмен бірге кетуім керек» деген ойға келеді. Оның соңынан қуа шықса, капитан ауыз
бөлмеде әлдекіммен телефон арқылы сөйлесіп жатады. Есіктен шыға берген Бек
капитанның:
- Иә, көрдім. Маған оның көзі ұнамайды!.. - деген ашулы сөзін құлағы шалып қалады.
Осыдан кейін Бек сасқалактай бастайды. «Менің көзім бұл капитанға неге ұнамайды» деп,
өзінен өзі қуыстанып есі шығады.
Осындай қолайсыз күйге түскен ол үйден шығып, орманға қарай беттеген капитанның
соңынан қуып жетеді. Ол өзінің болашақ кейіпкері Бауыржан Момышұлымен осылай
танысады.
Танысқаннан кейін ол:
- Айтыңызшы, капитан, менің көзім сізге неге ұнамады? - деп сұрайды.
- Қайдағы көзді айтасыз? - дейді алда кетіп бара жатқан Бауыржан артына
бұрылмастан.
- Менің мына көзім, - дейді Бек қолын өзінің көзіне тақап.
- Сіздің көзіңізде менің шаруам жоқ. Сіз солдат немесе қыз емессіз ғой мен көзіңізге
қарайтын!
- Осы жаңа ғана сіздің мен туралы: «Маған оның көзі ұнамайды» деген сөзіңізді өз
құлағыммен естідім ғой.
Бауыржан кілт тоқтап, артына жалт бұрылды да:
- Жолдас жазушы, сіз өзіңіздің көзіңізді, кұлағыңызды, тұмсығыңызды өзіңізге қатысы
жоқ іске сұқпаңыз, - дейді Бекке қатаң үнмен. - Мен жаңа штаб бастығымен сөйлестім.
Оған артиллерия дивизионы бақылау пункттерінің жайын баян етгім. Біз бақылау пунктін
артиллерияның «көзі» деп атаймыз. Маған сол пункттердің жабдықталуы ұнамады.
Түсінікті ме, сізге?
Алғашқы таныстықтары осындай оқиғадан басталған Бек полк командирі
Момышұлының қасында бір айдай болады. Неге екені белгісіз, Кривицкий алғашында
Бауыржан Бекті неше түрлі қинауға салды, онымен сөйлескісі келмеді, сырын айтпады,
әде-
биет үшін Бек оның талай қорлығына көнді, ақыры ол жеңді, Бауыржан әңгімесін айта
бастады деп суреттейді. Дивизиядан кетерінде полк комиссары Петр Логвиненко оған:
- Сіз қыранның ұясында болдыңыз. Бірақ өзіңіз қарға болып шығып жүрмеңіз,-деп еді
дейді.
Бұдан кейін Кривицкий Бектің алған материалын толықтыру үшін дивизияға екінші рет
келгенін, одан соң жазған блокноттарын жоғалтып алып, оның үшінші рет келгенін айтады.
Бек қанша қаймығып келгенімен үшінші ретте де Бауыржан оған әңгімесін айтып береді.
Сөйтіп, «Волоколамск тас жолының» алғашкы повесі 1943 жылы «Знамя» журналының
бесінші, алтыншы номерлерінде, екінші повесі бір жылдан кейін дәл сол номерлерінде
басылып еді деп Кривицкий әңгімесін аяқтайтын.
VIII
Автор. Бір кезде «Адамдар тынды көтерді, тың адамдарды көтерді» деген нақыл сөз туған
еді. Сол сияқты, Бек сізді көтерді, Бекті сіз көтердіңіз емес пе? Кітап бітті, атақ шыкты.
Ендігі ара қатынастарыңыз қандай?
Бауыржан. Бектің кітабы барлық социалистік елдерде басылып шықты. Польшада оны
біздің «Абай жолы» романы сияқтандырып инсценировка жасап, сахнаға қойды. Ол
ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, грек, фин, араб тілдеріне аударылды.
Финляндияда әскери академияда арнаулы сабақ ретінде өтеді.
Бауыржан әңгімесін үзіп, «Казақстан» сигаретіне тағы да қол созды. Оның соңғы сөзі
подполковник Омарбаев айтқан бір әңгімені есіме түсірді.
Мұқан Омарбаев Ташкент қаласындағы Рахимов станциясының маңында тұрады. Ол
екеуіміз төрт жыл майданда бірге болдық. Мұқан әлі күнге дейін әскери кызметте келе
жатыр. Ол менің сонау соғыстан бері арамыздан қыл өтпеген ескі досымның бірі.
Осыдан 2-3 жыл бұрын жолаушылап келе жатып Ташкентке соқтым. Мұқан елдің хал-
жайын сұрап, мәз-мейрам болып қалды.
- Бауыржанның халы қалай, - деді ол бір сөздің ретінде, - көріп жүресің бе?
- Көремін. Аман-есен.
- Менде Бауыржанның «Москва үшін шайқас» дейтін кітабы бар, - деді подполковник. -
Сендерді сағынған сайын сол кітапты бір оқып қоямын. Ал енді бұл нағыз ерлік кітабы,
елдік кітабы ғой, шіркін! Сонымен бірге мен оны адалдықтың, адамгершіліктің,
отаншылдықтың уставы деп білемін. Қазір мынау жыл сайын қарамағымызға келіп
жататын жас солдаттарға осы кітапты сабақ ретінде оқытар ма еді деп те ойлаймын.
Әйтпесе Жоғары білім министрлігі институттарда өтетін әскери іс сабақтарында осы
кітапты оқытса, қандай жақсы болар еді. Мұның ішінде тактика да, тәжірибе де, ұрыс та,
ұтыс та - бәрі де бар. Бұл - бар уставтардың ойлы да ұтымды жиынтығы. Бұл - жеңіс
кітабы. Әр тарауы - әскери ғылым, азаматтық білім. Біздің жас солдат кезімізде мұндай
кітап болған жоқ. Бұл кітаптың әскерге жыл сайын алынатын жас солдаттар үшін, Совет
Армиясының болашақ ұрпағы
үшін, социалистік Отанымыздың мызғымас беріктігі үшін қосқан, қосып отырған, алда да
қосар үлесі мол. Мәңгілік үлесі бар кітап бұл. Мен осылай бағалаймын.
Подполковник сәл ойланып алып, сөзін қайтадан жалғады.
- Кешегі соғыс халыктың миына тайға таңба баскандай етіп, оның ерлерінің атын мәңгі
есте қалдырып кетті! Сол ешқашан ұмытылмас ерлердің бірі Бауыржан ғой. Есінде бар
ма, Бауыржанның есімін ең алғаш мен сен берген бір журналдан оқып біліп едім. Содан
бері ол менің ешкашан да есімнен шыккан емес. Мынау Шымкент, Жамбыл облыстарына
жолаушы барғанда оның жаңа шықкан кітаптарын әдейі сатып алып жүремін.
Бүгінгі подполковник, кешегі Ұлы Отан соғысының солдаты осылай деген еді.
- Сөйтіп, біріншіден, Бек менің атымды ең алғаш дүние жүзіне танытты. Екіншіден, ол
менің жазушылық жолға түсуіме түрткі болды. Міне, осы үшін мен оған әрқашан да рақмет
айтамын...
IX
Автор. Менің өз басым кейіпкер Бауыржанды кәдуескі Бауыржаннан жоғары-ау деп
ешқашан да есептеген емеспін, Бәуке. Жаңа сіз біздің жасаған өзара шартымыз бар
дедіңіз. Ол не шарт екенін сұрауыма бола ма?
Бауыржан. Ол кәдімгі шарт, Бекпен екеуіміз жасасқанбыз. Алғашында ауызша уәделестік.
Бұл Бек кітабының бірінші тарауының соңында айтылады. Онда кітап дайын болғаннан
кейін автордың оны маған әкеліп оқуға міндетті екендігі көрсетіледі. Егер ол дұрыс
жазбаса, онда менің не істейтінім айтылады. Ол тұс әзіл сияқты болып суреттелгенімен,
екеуіміздің тек қана шындықты жазуға серттескеніміз рас болатын. Кейіннен біз ол
шартымызды
қағазға түсіргенбіз. Оқимын десең, көрсетуіме болады. (Мен басымды изедім. Бауыржан
дауыстап әйелін шақырды.)
Әйелі ішкі бөлме жаққа барып, үлкендігі кішігірім папка тәріздес қызыл сафиян дәптерді
әкеліп, күйеуінің қолына берді. Бауыржан оның орта тұсынан бір-ақ ашты да, машинкаға
басылып, дәптерге жапсырылған 3-4 парақ қағаздың тұсын нұсқап, менің алдыма қойды.
- Мә, оқығын. Керек етсең, көшіріп алғын. Мен ана жаққа шығып, аздап жүріп келейін.
Бөлмеде оңаша қалған мен Бауыржан алдыма қойған кызыл дәптердің ашулы тұрған
бетіне көз салдым. Оның ең басына «Наш договор» деген екі сөз машинканың үлкен
әріптерімен жазылған екен. Бұрын өзім естімеген бұл жаңа деректерді мен қызыға оқып
шықтым. Сол шарттың өзім қазақшалаған нұсқасы мынадай бөлды:
Біздің шарт
Панфилов дивизнясының Талғар полкының жауынгерлері мен офицерлеріне әдеби
ескерткіш орнату жайындағы ортақ тілекпен біз, Александр Бек пен Бауыржан Момышұлы,
1942 жылдың басында, майдан даласында, ауызша шарт жасасқан едік. Енді соны қағазға
түсіруді қажет деп таптық.
1. Москва түбіндегі ұрыстарда аға лейтенант Бауыржан Момышұлы командирі болған
панфиловшылар батальонымен Талғар полкының жауынгерлік жолы жайында Александр
Бек «Волоколамск тас жолы» атты ( 3 немесе 4 повестен тұратын) кітап жазады.
Александр Бек кітаптың авторы болады да, ал Бауыржан Момышұлы (оның естеліктері,
ауызша әңгімелері, ойлары, әскери жазбалары) кітаптың материалы болады. Сонымен
бірге бұл тақырыпқа тікелей немесе жанама қатысы бар басқа материалдарды екеу ара
келісе отырып, кітапқа пайдалануға әбден болады.
Александр Бек жұмыс документіретінде Бауыржан Момышұлы өз қолына берген барлық
материалдарды, ойларды, әңгімелерді, әскери жазбаларды үшінші адамға көрсетпеуге,
екі адамның өзара сыры, құпиясы есебінде сақтауға міндеттенеді.
2. «Волоколамск тас жолы» кітабы көркем қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби
туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар
сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма болатындықтан, кітап үшін тек
Алек сандр Бек қана жауап беріп қоймайды, сонымен бірге кітаптың шындығы үшін
панфиловшылардың аруағы алдында, тарих алдында және замандастар алдында
Бауыржан Момышұлы қоса жауап береді. Сондықтан Бауыржан Момышұлы Александр
Бектен шығарманың көркем шындығы өмірде болған оқиғамен барынша дәлме-дәл
келуін, ол
оқиғалардың педанттық дәлдік пен ұсақ документализмнің ізін қуаламай, үлкен
шындықтың жиынтықтау елегінен өткізіп, қорытылуын талап етуге міндетті. Егер әдеби
тәсіл, стиль, жазу мәнеріне байланысты қажет болса гғна, онда да екеу ара ақылдаса
отырып, нақты
болған оқиғадан сәл-пәл ауытқуға болады. Онда да мұндай ауытқудың салдары соғыс
өмірі шындығының қан төгіп, жан қиып жинаған қасиетті документіне көлеңке түсірмейтін
болса ғана солай етіледі.
3. Бауыржан Момышұлы кітаптағы барлық әскери, іскери психологиялық
мәселелердің дұрыстығына жауап береді, бұл мәселе жөнінде Александр Бекпен екеуінің
арасында дау туса, онда кесімді сөз Бауыржан Момышұлынікі болады. Ал, арада әдеби
мәселе жайында дау бола қалса, онда шешуші сөзді Александр Бек айтады.
4. Кітап қолжазбасының тұңғыш редакторы Бауыржан Момышұлы болады.
Тек Бауыржан Момышұлымен ақырғы тоқтамға келгеннен кейін ғана Алекеандр Бек кітап
қолжазбасын баспасөз бетіне ұсынады. Содан кейінгі редакциялық және басқа да
өзгертулер де мүмкіндігінше Бауыржан Момышұлымен келісіледі. Сонымен бірге біз
болашақ үшін негізгі дана деп тек екеу ара келісілген қолжазбаны ғана (одан кейін
ешқандай өзгерту, түзету енгізілмейтін) санаймыз. Оның бір данасы ҚазФан-да (Ғылым
академиясының қазақ филиалында), Бауыржан Момышұлының өзге материалдарымен
бірге оригинал есебінде сейфте сақталады. Ол документтерді, егер Бауыржан Момышұлы
қалдырған өсиетті орындайтын болса, Александр Бек еркін пайдаланатын болады.
5. Кітапты қазақ тілінде шығару үшін Бауыржан Момышұлының басшылығымен қазақ
жазушыларының А.Бектің қолжазбасына өзгертулер, қосымшалар енгізуіне, сөйтіп оны
Бауыржан Момышұлының қазақ және орыс тілдеріндегі басқа материалдары (очерктер,
әңгімелер, мақалалар, өлеңдер, әскери жазбалар және басқалар) сияқты алғы нұсқа
ретінде пайдаланып, мейлінше қайта жөндеулеріне болады.
Егер мұндай жөндеулер кітап текстінің 50 процентінен артса, онда мұқабаға жаңа
автордың (немесе авторлардың, қазақ жазушыларының) аты қойылып, автордың атынан
кейін: «Александр Бектің кітабы және Бауыржан Момышұлының материалдары бойынша»
деген сөздер жазылады.
Егер ондай жөндеулер кітап текстінің 50 процентінен аз болса, онда кітаптың авторы
болын Александр Бектің өзі қалады, бірақ кітап бетінде: «Казақ тіліндегі басылымын
өңдеген пәленше» деген жазу тұрады.
Бұл мәселені реттеуді Александр Бек Бауыржан Момышұлының еркіне береді, ал
Бауыржан Момышұлы аудармаға және жөндеу жұмысына жетекші болуға міндеттенеді.
Александр Бектің кітаптың орыс тіліндегі келесі басылымдарында, алғы сөзде атап
көрсете отырып, қазақша басылымынан қалаған жерін алып, қосуына қақысы бар.
6. Бұл шарт 1942 жылдың март-апрелінде майданда жасалды, 1944 жылдың 18
декабрінде Москвада қағазга түсірілді.
Александр Бек
Бауыржан Момышұлы
Мен шартты көшіріп бола берген кезде бөлмеге Бауыржан кірді.
- Кәріліктің қақпанына түсті деген осы екен, қарағым, - деді ол маған мұң шаққандай
болып. - Ішіме ып-ыстық күншуақ орнап, өзімнен өзім күлімсіреп, көңілденіп жүретін
жастық шағым жеткізбей зымырап, алыстап барады. Бұрын оны жылдар өтсе де
аңғармайтын едім. Қазір соны күн сайын көріп, сағат сайын сезетін болдым. Көргенмен,
сезгенмен қайран жоқ. Жарқ-жұрқ етіп алыстап бара жатқан жастық шағың айқайласаң да
аялдайтын, артына қайрылып қарайтын емес.
Мен жазуымды тоқтатып, оның айтып келе жатқан сөзіне құлақ салып қалған едім.
Бауыржан соны аңғарды да, дереу сөзін доғарды. Содан соң төсегіне жайғасты да, менің
көшіріп болуымды тосып, үнсіз отырып қалды.
- Болдың ба?
- Болдым, Бауке.
- Болсаң оқып шық!
- Жаңа, көшірер алдында бір рет оқып алғанмын, - дедім мен енді оны қайта оқып
уақыт кетірмейін деп ойлап.
- Сенің не көшіріп алғаныңды менің білуім керек емес пе? - деді ол маған зілдене үн
Достарыңызбен бөлісу: |