Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Осыларды ойыма түсіріп, Баукеңе мойын бұрдым. 
Автор. Қасымның аты Қорғаныс министрінің кітабына кіргенін білесіз бе, Бауке?    
Бауыржан. Білемін. 
Автор. Оның үйіне Қорғаныс министрі Гречконың телефон соққанын білесіз бе? 
Бауыржан. Білемін. 
Автор.   Сіздің   фамилияңыз   бұрынғы   министрдің,   маршал   Жуковтың   кітабында   жоқ   қой 
деймін, Бауке. 
Бауыржан мойнын шұғыл бұрып, бетіме ажырая қарады да, қатқыл үнмен жауап қатгы. 
Бауыржан. Ол масштабына байланысты. Масштаб дегеннің не екенін білесің бе өзің?
Автор.   Қорғаныс   министрі   партизан   отрядының   командирін   кітабына   кіргізіп,   үйіне 
телефон соққан.- Бқл сөздерім Баукеңнің көңіліне келіп қалмасын деп, үнімді бәсеңдете 
сөйледім.-   Мен   білетін   масштаб   бойынша   дивизия   отрядтан   үлкен   емес   пе?   Ендеше 
маршал   Жуковтың   дивизия   командирі   ретінде   Момышұлының   да   атын   атай   кетуіне 
болмайтын ба еді? 
Бауыржан. Ой, сен өзің түк түсінбейді екенсің ғой, - Ол ашу шақыра сөйледі.- Гречко бұл 
кітапты министр ретінде жазып отырған жоқ қой. Сен айтып отырған «Карпаттан асқанда» 
кітабы командармның естеліктері, онда 1944-45 жылдардың оқиғалары қамтылады. Ол 
кезде   Гречко   Украинаны,   Польшаны,   Чехословакияны   жаудан   азат   етуге   қатысқан   1-
гвардиялық армияның командашысы болатын. Командарм өз қарамағындағы корпустар 
мен 
дивизияларды,   солардың   адамдарын   сөз   етеді.   Ол   кезде   партизандар   тиісті 
майдандардың армияларымен бірлесе қимыл жасайтын. 
      Ал   Жуков   өз   естеліктерін   Кызыл   Армия   Бас   штабының   бастығы,   СССР   Корғаныс 
Халкомының бірінші орынбасары және Жоғарғы Бас қолбасшының орынбасары ретінде 
жазып отыр. Сондықтан оның майдандар мен армиялар жайында айтуы,  ерекше ерлік 
көрсеткен   бірен-саран   дивизияны   ғана   ауызға   алуы   өте   орынды.   Оның   үстіне   мен 
соғыстың соңғы жағында ғана дивизия командирі болдым емес пе? Понятно тебе? 
Автор. Түсінікті, Бауке. 
        Мен бұл әңгімені тезірек доғаруға тырыстым. Бірақ Баукең де тез сабасына түсті. 
Бауыржан.   Ал   маршал   Жуковқа   менің   ешкандай   өкпем   жок.   Майданда   мен   ол   кісімен 
жүздесіп, тілдескенмін. Дивизия командирі боларда батасын алғанмын. Кейін, Қорғаныс 
министрі кезінде мен туралы Алматыға телефон да соққан. Оны кейін айтамын. 

Автор. Құп, Бауке. Бұл әңгіме қасым партизаннан шығып кетті ғой. 
Бауыржан. Мен ол партизанды ұнатамын. - Ол аузынан темекі түтінін шұбалта шығарып, 
даусын да соза сөйледі. - Содан соң анау Рейхстагқа ту тіккен жігіт бар емес пе? 
Автор. Рақымжан Қошқарбаевты айтасыз ба? 
Бауыржан. Иә, соны айтамын. Бұл екеуі бір жосын жандар. Жұлдызын көрмесең, жүзіне 
қарап батыр екенін айыру қиын адамдар болады. Бұл екеуі өздері жұлдыздай жарқырап 
тұрған жігітгер. Бұлардың соғыста ересен ерлік жасағанын айтпай-ақ сенесің. Халық үшін 
қасықтай қанын аямаған қаһармандардың бірі гой бұлар. 
Автор. Соғыс ардагерлерінен тағы да қандай азаматтарды жақсы көресіз? 
Бауыржан. Соғысқа қатысқандардың бәрін де жақсы көремін. Соғыс кезінде елде болып, 
еңбек майданында біздің жеңісімізді шындаған адамдарды да ардақтаймын. Халық үшін 
қасықтай қанын, шыбындай жанын аямай қызмет еткен жандардың бәрі аяулы. 
Автор. Қазақша шыққан тұңғыш кітабыңыз «Офицердің күнделігі» болды ғой, Бауке. Онда 
орысша шыққан алғашқы кітабыңыз қайсысы? 
Бауыржан.   «История   одной   ночи».   Мұны   орыс   тілінде   жаздым.   Алдымен   Алматыға 
жібердім.   Бірақ   қолжазбам   бірсыпыра   уақыттан   кейін   өзіме   қайтып   келді.   Баспа 
редакторларының   бірі   «Қолжазба   жариялауға   жарамайды»   деген   рецензиясын   қоса 
жіберіпті.   Ол   кезде   мен   Калининде   тұратын   едім.   Қолжазбаны   Калинин   баспасына 
апардым. Директоры алып қалып оқып шығып, басуға жарамайды деп екінші барғанымда 
өзіме ұсынды. Мен алмадым. 
- Бұл Сіздің ғана пікіріңіз және Сіз жазушы емессіз. Жазушы емес адам творчествоға үкім 
айта алмайды. Басқа біреуге рецензияға беріңіз, - дедім. 
Директор қып-қызыл боп алып қалды. Бір аптадан кейін қайтадан барсам, Горьбан деген 
жергілікті жазушы менің жержебіріме жеткен, намысыма тиетін рецензия жазыпты. Оның 
айтуына  қарағанда менің әдебиет маңына жоламауым,  орыс тілін «бүлдірмеуім»  керек 
көрінеді. Горьбаныңа көнетін адамынды тапкан екенсің дедім де қолжазбамды Москваға, 
Всеволод   Вишневскийге   жібердім.   Вишневскийден   тез   арада   мақтаған   рецензия   келді. 
Бұл дайын дүние, жеке кітап етіп жариялау керек депті ол. 
Осы   кезде   Калинин   баспасының   бұрынғы   директоры   ауысып,   оның   орнына   әдебиет 
институтын   бітірген   майдангер   Парфенов   деген   кісі   келді.   Соның   алдына   апарып   «Бір 
түннің окиғасының» қолжазбасы мен оған жазылған үш рецензияны жайып салдым. 
Бірнеше күннен кейін маған Парфеновтың өзі телефон соқты.
Шығармаңыз   маған   қатты   ұнады,   шығарамыз   деді.   Елу   екінші   жылы   ол   Калинин 
баспасынан жеке кітап болып шыкты. Сол кітап елу жетінші жылы Алматыда орыс тілінде 
екінші рет басылды. Бауыржанның да алғашкы кітаптары әлекпен шыққан, қарағым. Кімнің 
тұңғыш кітабы тұсамыс көрмеген? Одан кейінгі орыс тілінде шыққан екінші кітабым «Біздің 
семья».   Оны   Бас   штаб   академиясында   оқып   жүргенде   он   бес   күнде   жазғанымды 
жоғарыда айтып едім ғой. Соның бір қызық деталін айттым ба, айтпадым ба осы? 
Автор. Айтқан жоқсыз, Бауке. 
Бауыржан.   Ендеше   тыңда.   «Біздің   семьяны»   бітіргеннен   кейін   бір   жолы   Алматыға 
келгенде мен оны ескі досыма көрсеттім. Осыны оқып шықшы дедім. Ол оқып шығып, 
жатып кеп мақтады. 
-         Мынау   дап-дайын   көркем   шығарма.   Осы   күйінде   қалам   тигізбестен   жариялауға 
жарайды,-деді. 
Мен оған қанаттанып қалдым. Келесі күндердің бірінде досым  үйіне қонаққа шақырды. 
Табағын тосып, тамағын беріп сыйлап отырып, маған қолқа салды. 
-         Сен әскери адамсың. Атағың жер жүзіне жайылды. Саған сол даңқың да жетеді. 
Жазушы болып қайтесің? Жазушылык деген де азабы көп жұмыс. Соғыста жанынды бір 
жедің. Енді жазушы болып жанынды және қинамақпысың? Төрт жыл соғыста қиналғаның 
да жеткілікті емес пе? Жазушы болсаң төрт жыл емес, өзінді өзің өмір бойы қинайсың. Сен 
жазушы   боламын   дегенінді   қой   да,   мына   кітабынды   маған   қи.   Мен   өз   атымнан 
жариялайын, - деді. 
Мен қатты шамданып қалдым. 
-        Онда сен жазушылық менің қолымнан келмейді деп отырмысың? - дедім, түйіліп. 

-        Келеді. Бірақ енді бұл ауыр кәсіпке ауысып жанынды жеп қайтесің дегенім ғой. 
-        Маған жаның ашымай-ақ қойсын, жараса бастыр, жарамаса өзіме бер, - дедім. 
-        Жарайды, менде қалсын, мен баспаға ұсынайын, - деді досым қабағын шытып. 
Мен   Москваға   кете   бардым.   Кітабымнан   ешқандай   хабар   келмеді.   Басуға   жарамаған 
шығар, онда архивке өткізейін дедім де, Москва әскери архивынан Алматыға кетіп бара 
жатқан ма- 
йорға пәленшеден менің қолжазбамды ала кел деп иелендіру қағаз бердім. Майор келіп 
менің досымнан қолжазбаны алып, өзіме әкеп берді. Кейіннен досым «Бауыржан мендегі 
қолжазбасын милиция жіберіп алғызды» деп көпке дейін өкпелеп жүрді. 
Сол кітап елу алтыншы жылы алпыс мың данамен Калинин қаласында басылып шықты. 
Бұрынғы бір әңгімелерде бұл кітапты қазақшаға аудартпаймын деген болармын. Енді ол 
сөзге түзету жасауыңа болады, кітабымды қазақ тілінде шығаруға келістім, қарағым. 
            Әйелдер суыртпақтап тырнағымен шымшып бір-бірлеп жіп суырады. Кей жіп тұтас 
суырылып, кей жіптің жартысы суыртпақта үзіліп қалады. Бүтінін бір жағына, жартысын 
екінші жағына жинай отырып, артынан олардың екі-үшеуден басын қосып, жіп ширатады. 
Содан соң оны инеге сабақтап іске кіріседі. 
Суыртпақтап жіп суырғандай болып, мен де Баукеңнің аузынан шыққан детальдарды бір-
бірлеп қағазға түсіре беремін. Әрине, маған дәрігерлер мен сестралар қағаз жазуға рұқсат 
етпейді. Бірақ мен олар жоқта, ұрланып, блокноттарымды толтырып жатамын. Жан да 
керек, жазу да қажет. Жазбасам Баукең айтқан әңгімелерден айрылып қаламын. Ол маған 
әке-көке   десем   де   бір   айтқанын   екінші   рет   қайталап   бермейді.   Оны   Александр   Бектің 
тәжірибесінен білемін, Баукеңнің бір беткей мінезінен аңғарамын. Сондықтан бұл жолғы 
айтқандарын да іштей тақырыпқа бөліп, ұмытып қалмау үшін ол тақырыптарды үнсіз қай- 
талап қойып отыр едім, төменнен жатын орын - палаталарға қарай қайтып келе жатқан 
аурулардың дүбірі естілді. Таныс ащы дауыс дәлізді шыңылдатып келе жатты. Оны ести 
сала Баукең мазасызданып, қозғалақтай бастады. 
-        Кәмәш, кетейік, мынаның Дерпені келе жатыр, - деді әйеліне қарап. 
Неге екені белгісіз, Баукең Дерпенді көрсе теріс айналып кетеді. Оның шүңірейген көзін, 
шіңкілдеген   үнін   көрмеуге,   естімеуге   тырысатын   сияқты.   Ол   қасына   келсе   үндемей 
отырып 
алады, немесе дәрі ішетін едім деп сылтауратып кетіп қалады. 
Бұл жолы да сөйтпекші еді. Бірақ бізді көре сала Дерпен шапшаң аяңдап қасымызға жетіп 
келді. 
-         Екі жазушы, немене сендер өздерің сөйлесе бересіндер? Одан да мына менімен 
әңгімелесіп, менің өмірімді кітап қылып жазбайсыңдар ма? - деді ол. 
Бауыржан бұкиып төмен қарады. Баукеннің онысынан: 
«Мынауыңмен өзің сейлес» дегенді аңғардым да, енді аузымды аша беріп едім. 
-         Сенің  өміріңде жазатын  не бар,  Бейсеке?  - деді  Дерпеннің  қасында  келе жаткан 
салауатты келген екінші шал. 
-         Неге   жоқ?   -   Дерпеннің   басы   кекең   ете   түсті.   -   Батрак   болдым.   Байларды 
кәмпескеледім. Совпартшколда оқыдым. Колхоз кұрдым. Енді дербес пенсионермін. Неге 
жазбасқа? 
-         Дербес пенсия дегеніңнен баскасның бәрі жазылды-ау, Бейсеке, - деді Дерпеннің 
жолдасы. - Оны Сәкен, Сәбит, Бейімбет, Ілияс жазды емес пе? 
-         Жок, олардікі жалпы ғой. Мен туралы жеке жазылуы керек. Осы күнгі жазушылар 
тема   таба   алмайды.   Міне,   мен   темемін.   Қастарында   жүрген   темені   неге   көрмейсіндер 
осы? - Содан кейін Дерпен сұқ саусағын шошайтты. - Дербес пенсия деген кім көрінгенге 
беріле   бермейді,   жолдастар.   Маркстың   сөзімен   айтқанда,   ақша   еңбек   еткенге   ғана 
беріледі. 
-         Әй, Бейсеке-ай, - деді жолдас шалы Дерпенді қолтығынан алып,-дербес пенсияң, 
қасында кемпірің, басыңда үйің, тауда дачаң бар. Балаларыңның бәрін жақсы қызметке 
орналастырдың,   әрқайсысына   үш-төрт   бөлмеден   үй   әпердің.   Мінем,   жүрем   десең 
машинаң   дайын.   Осыным   бойыма   құт   деп   отырмайсың   ба   тыныш.   Енді   кітапқа   герой 

болғың   келеді.   Бұл  дүниедегі  жақсылыктың   бәрін  жалғыз   арқалап  кетпексің   бе  сонда? 
Жүр, жұрттың мазасын алмайық.
Жолдас шалы Дерпенді қолтығынан тартып еді, ол қозғалмады. Бауыржанға қарап тұрып: 
-         Сен  атақты  Момышұлысың.  Сен  жазшы  мен  туралы.  Сен  өзің  солдаттар  туралы 
жақсы жазасың, - деді. 
-         Мен   Сіздің   психологияңызды   білмеймін,   ақсақал,-деді   Бауыржан   мойнын   теріс 
бұрып. - Өзіңіз жазыңыз. 
-        Сіз туралы да жазамыз, Бейсеке, - дедім мен Дерпенге басымды изеп. - Әуелі тәуір 
болып алайық та. 
-        Е, дұрыс, тәуір болындар, - деді Дерпен жайдарыланып. - Оларың жөн. - Содан соң 
жолдас шалына ілесіп, дәліздің есігіне қарай аяндады. - Мен бәрін де айтып беремін. 
-        Қасындағысы да дерпен бе?-деді Баукең есік жақты иегімен нұсқап. 
-        Жоқ, Жайпен. 
-        Аты солай ма? 
-         Аты  басқа  болуы  керек,  дербес  емес,  жай  пенсионер  деген  екі  сөздің   қысқарған 
түбірінен туған ат. Осындағы кейбір ку жігіттер ол кісінің өз аузынан естіген әрі күлкілі, әрі  
күйінішті бір әңгімеге байланысты оны Жайпен деп атап кетіпті.   Дерпен екеуі дос, үнемі 
бірге жүреді. 
-        Сол Жайпекеңдікі жөн сиякты, - деді Бауыржан қайтадан ашыла сөйлеп. 
Бауыржан:   Айтпакшы,   сенің   «Ақикатыңның»   «Жұлдыздан»   қалған   жалғасын   «Жалын» 
жариялайтын болыпты ғой. Естідің бе? 
Автор. Естідім, Бауке, рақмет. Оларға «Жас Бауыржан» деген атпен басыңдар дедім. 
I
      Автор. Бауке, ауруханадан шықтыңыз. Абайдың туғанына 125 жыл толған тойына да 
барып   қайттыңыз.   Бәрі   құтты   болсын.   Енді   баяғы   әңгімемізді   ары   қарай   жалғастырсақ 
қайтеді? 
Бауыржан. Жалғастырайык. 
Автор. «Ақиқат пен аңыз», «Жас Бауыржан» жайында маған көптеген хаттар түсіп жатыр. 
Бауыржан. Оған байланысты маған да хаттар келді. 
Автор.   Көптеген   окушылар   маған   бұл   екі   шығармадан   Бауыржанның   балалык,   жастық 
шағының бірсыпыра кезеңдерін білдік. 
Енді сен бізге осы әдіспен Баукеңнің барлық өмірінен мәлімет бер. Оның соғыс кезіндегі 
ерліктерін  айтпасаң да  болады, ол Бек  пен  Момышұлының  кітаптарында  айтылды.  Біз 
сенен бұл шығарманың жалғасын күтеміз деп жазады. 
Бауыржан. Ол сенің шаруаң. 
Автор. Ендеше мен Сізге тағы да бірнеше сұрақтар қоямын. 
Бауыржан. Қойғын. 
Автср.Сіз Қиыр Шығысқа отыз алтыншы жылы бардыңыз ғой. Ал одан қашан қайттыңыз? 
Бауыржан.   Қыркыншы   жылдың   басында.   Бір   күні   маған   Москвадан   бұйрық   келді.   Ол 
бұйрықта   менің   әскери   атағым   өсіп,   аға   лейтенант   болғаным   және   полк   штабы 
бастығының   бірінші   көмекшісі   болып   жоғарылағаным   айтылған.   Орысша   ПНШ-1   дейді. 
Әрине, ол үлкен қызмет. Ол қызметті алу үшін менің Киев әскери округының қарамағына 
баруым керек екен. «Құп!» деп қолымды шекеме көтердім де, жүгіріп үйге келдім. 
-        Ал, Жамал, жинал, көшеміз, - дедім. 
Автор. Жамал кім еді? 
Бауыржан. Әйелім. 
Автор. Қашан үйленіп едіңіз? 
Бауыржан. Отыз сегізінші жылы елге демалыска келгенде үйленіп, екеуіміз қол ұстасып 
Қиыр Шығысқа барғанбыз. 
Автор. Қалай үйленгеніңізді толығырақ айтыңызшы, Бауке. 
Бауыржан. Айтпаймын. Сен мен туралы роман жазбайсың. Ендеше сенен менің неше рет 
үйленгенімді, кіммен жүргенімді ешкім де сұрамайды. Понятно тебе? 
Автор. Ал, Киевке келдіңіз. 

Бауыржан.   Шолпан   деген   кішкентай   қызымызды   ортамызға   алып,   Жамал   екеуіміз 
плацкарт вагонға отырдық та, Киевке келдік. 
Округ командашысы Г. К. Жуков, оперативтік бөлімнің бастығы полковник И. X. Баграмян 
деген   кісілер   екен.   Мені   Жуков   қабылдамады.   Полковник   Баграмян   қатал   кісі   екен. 
Жолдама қағазыма қарады да: 
-         Жолдас   аға   лейтенант,   сіз   Житомир   қаласындағы   406-полк   штабы   бастығының 
бірінші көмекшісі боп тағайындаласыз, - деді. 
-        Ол қандай полк? - дедім мен. 
-        Жаяу әскер полкы, - деді Баграмян. 
-        Мен артиллеристпін ғой. 
-        Сөзді көбейтпеңіз. Біз қайда жіберсек, сонда барасыз, - деді Баграмян. 
Бұл - Иван Христофорович Баграмянді ең алғаш рет көруім еді. 
Жолдаманы алдым. Балам мен әйелім вокзалда күтіп отырған. Алғашында біз осы Киевтің 
өзінде   тұрамыз   деп   ойлап   келгенбіз.   Вокзалдан   қолма-қол   билет   алып,   Житомирге 
тарттык. 
Келсек   қонақ   үйде   орын   жоқ.   Әскери   комендант   уақытша   менің   семьямды   өзінің 
кабинетіне   орналастырды.   Содан   кейін   мен   өзім   қызмет   істейтін   дивизияға   келдім. 
Дивизия   командирі   генерал-майор   Суший   дейтін   кісі   екен.   Штаб   бастығы   полковник 
Рогачевский деген адам. 
-        Отырыңыз, - деді генерал мен жай-жапсарымды айтып болғаннан кейін.
Отырдым. Генерал документімді байыппен қарап жатыр. 
-        Артиллеристсіз бе? 
-        Иә. 
-        Онда Сізді артполкке жібермей, неге жаяу әскер полкына жіберген? 
-        Білмеймін. 
-         Сіздің   406-полктың   командирі   полковник   Круглов,   штаб   бастығы   капитан   Шурдук 
деген кісілер, - деді генерал. - Сіз солардың қарамағына барасыз. 
Житомирден жеті километр жердегі бір кішкентай ғана қалашыққа бардық. Мен, Жамал, 
кішкентай Шолпан үшеуімізге кішкентай пәтер берілді. Іске кірістім. 
Полковник Круглов шынында да сауатты кісі екен. Үш айдай менің ісімді сырттай бақылап 
жүрді де, әбден ұнатып алды. Содан кейін маған барлық жұмыс жайын жалықпастан өзі 
үйрететін   болды.   Барлық   бұйрык,   іс   қағаздары   менің   мойнымда.   Шурдук   сауаты   аз 
болғанымен,   адамгершілігі   мол   кісі   еді.   Ол   бәлсініп   жатпайды,   мен   даярлап   әкелген 
қағаздарға қол қоя береді. 
Штаб ісін меңгерткеннен кейін полковник Круглов маған әскери оқуларды талдау жайын 
көп   үйретіп,   ұқтырды.   Оқу,   жорық   кезінде   мені   қасынан   тастамайтын.   Өзі   машинаның 
алдына   жайғасады,   мен   артына   отырамын.   Полковник   ылғи   бір   нәрсені   ойлап   келе 
жатады.   Оның   ойын   бұзбайын   деп   шоферы   машинаны   жайлап   жүргізеді.   Круглов   бас 
салып шоферіне ұрсады: 
-        Сен, немене, сүт әкеле жатырсың ба? Айда жылдам, - дейді. 
Круглов менің ең жақсы әскери ұстаздарымның бірі болды. Ол кісі біреумен сөйлескенде 
ылғи өз орнын бос қойып, басқа жерде отырып сейлесуші еді. Солдаттардың қамын өз 
балаларының қамындай ойлайтын. Қарамағындағы бағыныштыларына әділ болатын. Әр 
командирдің   кемшілігін   біліп,   сол   кемшіліктерін   үнемі   есепке   алып   отыратын.   Бірақ 
ешкімге   сен   анадайсың,   сен   мынадайсың   демейтін.   Кругловтың   маған   берген   үлгісі 
осындай 
еді. 
 -   Бұл   жолы   да   Бауыржан   екеуіміз   ең   алғаш   әңгімелесетін   бөлмеде   болдық.   Баукең, 
сондағысындай, төсек үстіңде отырды. Әңгімесін аяқтап, ол маған мойын бұрды. - Саған 
мен айтқан әңгімелерімнің бәрін документпен растап отыруым керек пе? 
Мен басымды изедім. Баукең басын есік жаққа бұрып, дауыстап әйелін шақырды. Кухня 
жақтан Кәмәш келіп кірді. 
-         Анау   документ   салған   папканы   алып   келші,-деп   Бауыржан   әйеліне   менің   сырт 
жағымдағы кабинетгің есігін нұсқады. 

Кәмәш әкеп қолына ұстатқан папкадан Баукең бір қағазды алып менің қолыма берді. Онда 
мынадай сөздер жазылған екен: 
«КУӘЛІК 
Бұл куәлік аға лейтенант Бауыржан Момышұлына берілді. Куәлік иесі Жұмысшы-Шаруа 
Қызыл   Армиясының   406-атқыштар   полкында   штаб   бастығының   көмекшісі   боп   қызмет 
етеді. 
Куәлік иесінің қолы («Б.Момышұлы» деп латын әріптерімен қол қойылған). 
Мерзімі 1940 жылдың 1 - декабріне дейін. 
406-атқыштар полкы штабының бастығы капитан Шурдук. 
10.5.1940ж.» 
-        Шурдуктың осы куәлігімен қыркыншы жылдың аяғында мен семьямды алып, біржола 
Алматыға   қайттым,   -   деп   Баукең   сөзін   жалғады.   -   Қырық   бірінші   жылдың   январынан 
бастап,   Ұлы   Отан   соғысы   басталғанға   дейін   республика   әскери   комиссариатында   аға 
нұсқаушы   болдым.   Соғыс   басталғаннан   кейін   осында   жасақталған   316-атқыштар 
дивизиясына   батальон   командирі   болып   алындым.   Қырық   бірінші   жылдың   жиырма 
алтыншы ноябріне дейін осы қызметті атқардым. Ол оқиғалардың бәрі де «Волоколамск 
тас жолы» мен «Москва үшін шайкас» кітаптарында айтылған. 
Бауыржан.   Бұл   арада   мен   саған   ол   екі   кітаптың   мазмұнын   екі-ақ   ауыз   сөзбен   айтып 
берейін. 
       1941 жылдың октябрінде фашистер өзінің барлық адам күшінің - 42, танктерінің - 75, 
артиллериясының - 45, самолеттерінің - 31 процентін Москваны алуға жұмсады. Москваға 
келер   жолды   бекітіп   біздің   үш   майданымыз:   Батыс   майданы   (командашысы   генерал-
полковник   И.С.Конев),   Резерв   майданы   (командашысы   Совет   Одағының   Маршалы 
С.М.Буденный) және Брянск майданы (командашысы генерал-лейтенант А.И.Еременко) 
тұрды. Батыс майданына қарайтын Волоколамск бағытына 16-шы армия (командашысы 
генерал-лейтенант К.К.Рокоссовский, соғыс советінің мүшесі А.А.Лобачев, штаб бастығы 
М.С.Малинин) жіберілді. 
        Кейіннен 8-ші гвардиялық дивизия атағын алған біздің 316-шы атқыштар дивизиясы 
осы армияның құрамына кіріп, Волоколамск қаласы мен Москваға кіретін күре тамыр - 
Волоколамск тас жолын қорғады. 
14-Іб октябрьде дивизия шақырылмаған қонақтармен алғаш рет «танысып», содан кейін 
оларды   сыйлауға   кірісті.   Бірақ   көп   қонақты   «күту»   оңайға   түскен   жоқ.   Біздің   дивизия 
дұшпанның үш дивизиясына-бір танк дивизиясы мен екі жаяу әскер дивизиясына қызмет 
етті.  Қару-жарақ,  адам   күші  жағынан  олар  басым   болғанымен,  біздің  оларды  уакыттан 
ұтуымыз кажет еді. Осы уақытты ұту мақсатымен біз кейін қарай жылжи, сырғи отырып, 
жиырма сегіз күн соғыстық. Сол жиырма сегіз күнде біздің дивизия жиырма бес километр 
ғана   кейін   шегініпті.   Сөйтіп   немістердің   Москваға   жасалған   7-31   октябрь   арасындағы 
бірінші   үлкен   шабуылы   күйретілді.   Біз   бұған,   майданда   жүрген   барлық   солдаттар   мен 
командирлер қатынымыз ұл тапқандай қуандық, қарағым. 
Сөз арасында айта кетейін, Москва түбіндегі осы жанталас сәттер тұсында, жау қоршауын 
қайта-қайта   жарып   шығып   дивизияға   келіп   қосылып   жүрген   күндердің   бірінде   үйден, 
Алматыдан   хат   алдым.   Әйелім   Жамал   екінші   баламызға   екіқабатқалып   еді,   айы-күні 
жақын   болатын.   Үшінші   октябрьде   босанып,   ұл   тауыпты.   Атын   Бақытжан   қойыпты.   Ұл 
тапсаң солай қойғын дегенмін. 
Бір айлық Бақытжанға мен дереу хат жаздым: «Сен біздің жеңісіміздің басы боп тудың, біз 
жанталасқан   жауды   Москваға   жібермедік.   Сені   Жеңісхан   деп   атауға   болар   еді.   Бірақ 
атыңды   мамаң   қойып   қойыпты.   Бақытжан   бола   бер.   Енді   мен   әрбір   ұрыста   саған 
сыйынатын боламын, Жеңісханым. Шолпан мен шешеңе мың сәлем!» дедім. Ол кезде 
Шолпаным   үш   жасар   еді,   кейінірек   қайтыс   боп   кетті   байғұс   бала.   Бұл   оқиғалар   да 
жоғарыда аталған кітапта айтылған жоқ. Содан кейін немістер ес жиып, ноябрьдің бірінші 
жартысында екінші «үлкен» шабуылға әзірленді. Атап айтқанда, 1941 жылы 13 ноябрьде 
Гитлер Орша қаласында «Оңтүстік»,  «Орталық»,  «Солтүстік»  армиялар топтары мен  6 
жаяу әскер, 1 танк армиясы штабтары бастықтарының мәжілісін өткізді. Онда Фюрер өз 
әскерінің  әлі күнге дейін  Москваны  ала алмағанына  күйініп,  кіжіне сөз сөйледі.  Сөзінің 

соңында ол: «Москваның қазіргі тұрған орны шалқар теңіздің түбі болады. Оның тулаған 
толқындарының үні, міне, менің құлағыма келіп тұр. Осылайша орыс астанасы мәдениетті 
дүниенің көзінен мүлде жоғалады. Оған Тодтың өзі-ақ жәрдемдеседі... Бірақ алдымен бұл 
қаланы   талқандау  керек.   Бұл   істі   сіздер   істейсіздер.   Орыс   әскерінен,   астана   халқынан 
ешбір жанға сауға берілмесін. Бәрі тегіс су түбінде шіруге тиіс», - деп бұйырды.
Сөйтіп, соғыстың бір жүз қырық жетінші күні, яғни 15 ноябрьде, жау Москваға екінші рет ең 
зор шабуылын бастады. Жаудың 51 дивизиясы қара құрттай қаптап, Москваға лап қойды. 
Оның он үші танк дивизиясы да, жетеуі моторлы дивизия еді. Табандарынан қар борап, 
стволдарынан   оқ   пен   снаряд   бұршақтай   жауған   бұл   темір   дивизиялар   соңынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет