Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
әуреленіп, оны орнынан әрең тұрғызамыз. Қайткенмен бураның аты бура емес пе - тақап 
барсаң тарпып тастайды: алдынан өтсең шайнап жібереді... 
            Москваға тақау келіп өмешесі кұрып сіресіп жатқан жауды біздің әскерлер қуатты 
соққымен декабрьде желкелеп кейін қарай қуғаннан кейін, сәл күш жинап, қатарына жаңа 
жауынгерлер   қабылдап   үлгірген   біздің   дивизияны   Чистяков   қабылдай   сала   Валдай 
қаласына   бастап   келді.   Біз   Батыс   майданынан,   ортадағы   Калинин   майданының   белін 
аттап   өтіп,   Солтүстік-Батыс   майданының   қарамағына   келдік.   Осы   жерде   жаңадан 
жасақталып жатқан 2-ші гвардиялық атқыштар корпусының құрамына кіріп, жауынгерлік 
тапсырма алдық. Командование 8-ші гвардиялық дивизияға осы арадан жау шебін бұзып 
өтіп,   қалың   жаудың   ортасына   үңгілеп   кіріп   ілгері   баруға   бұйрық   берді.   Бұрын   жау   бет 
алдымызда ғана болушы еді. Енді төрт құбыламыз тегіс аранын ашқан дұшпан болды. 
Оның үстіне қылт еткен қаранды көрсе неміс құзғындары қаптай ұшып келіп, бомбамен 
төбеңнен   және   құй   қазады.   Біздің   міндетіміз   жау   қоршауында   жүз   километр   шабуыл 
жасап,   алдымен   Старая   Руссаны   немістерден   босату.   Одан   соң   тағы   жүз   километрге 
ырғып, Холмды алу. Сөйтіп біз, үлкен қаптың ішіне кірген жолбарыстай боп, алға қарай 
жылжып   бара   жаттық.   Бұл   қолыңа   қылыш   ұстап,   жолдағысын   жайпап   құжынаған 
жыланның  ордасын қақ  жарып өтумен  пара-пар  еді. Қаптаған жаудың  қалың ортасына 
кіріп алып, шабуыл жасап ілгері басу ешбір елде, ешбір 
тарихта болмаған окиға. Осы аса жауапты міндетті Жоғарғы Бас командование қаһарман 
8-ші   гвардиялық   дивизияға   жүктеді.   Бұл   жорық   бізге   оңайға   түскен   жоқ.   Қырық   градус 
қылшылдаған аязда, орман ішіне үйілген омбы қарды белуардан кешіп отырып, немістерді 
бекініп жатқан жылы орындарынан қозғау оңай болып па. Екі жүз шақырымға созылған 
бұл жорық Суворов әскерлерінің Альпы тауларынан асуы немесе Кутузовтың Бородино 
шайқасынан кем болған жоқ. Сонау Балтық теңізінен Қара теңізге дейін созылған ұлан-
асыр   майданда   Совет   Армиясы   құрамаларының   алдынан   неше   алуан   ауыр   асулар 
кездесті ғой. Оған ешкімнің дауы жоқ. Ал Валдай - Старая Русса - Холм жорығы біздің 8-ші 
гвардиялық   дивизияның   өз   Альпысы,   өз   Бородиносы   болды,   тіпті   ол   бүкіл   Совет 
Армиясының   Альпы-Бородиносы   болды   деп   батыл   түрде   айтуға   тұрады.   Олай   болса 
дивизия   көлеміндегі   біздің   кішкентай   Суворовымыз   да,   Кутузовымыз   да   генерал 
Чистяковтың өзі болды. Бұл сөзді мен жағымпазданып айтып отырғаным жоқ. Қазір ол кісі 
отставкада,   мен   армиядан   кеткелі   әлдеқашан.   Несіне   жағымпазданайын.   Және   осы 
уақытқа 
дейін ешкімге жағымсынып көрген емеспін. Мен сол кездегі болған шын жағдайды айтып 
отырмын. Өлген генералиссимус пен фельдмаршалдан тірі генерал артық деген сөз емес 
бұл. Сен түсін мұны. Әйтпесе Бауыржан да жағымпаз екен деп жазып қойып жүрерсің бір 
жерге.   Жоқ,   одан   аулақпын.   Жақпасаң   да   жағымпаз   болма.   Мен   осының   кісісімін.   Ал 
Чистяковты сәл-пәл Суворов пен Кутузовқа ұқсатсам, оның адал еңбегіне берген бағам 
бұл. Одан Суворов пен Кутузовтың ештеңесі де кеміп қалмайды. Олардың есімі Отандық 
тарихымыздың төрінде бірі ұлы, бірі данышпан қолбасшы ретінде мәңгі жарқырап тұра 
береді. Ал Чистяков ұлы да, данышпан да қолбасшы емес. Ол не бары адал коммунист, 
Отанның қажырлы солдаты ғана. Сондықтан да ол осы ғаламат қиын іске иығын тосты. 
Өзің ойлашы, саған мыңдаған адамның тағдырын қолыңа ұстатып, мына темір коридорға 
кір де, оның ар жағындағы темір қабырғасын тесіп өт десе, барар ма едің, бармас па едің? 
Бұйрық болғаннан кейін барсаң барарсың да. Бірақ, адамдардың обалына қалмай оларды 
ары қарай алып шыға аласың ба, жоқ па? Әңгіме осында ғой. Сондықтан да ол осы екі жүз 
шақырымдық   жорықта   солдаттармен   иық   тіресіп   қатар   жүрді.   Әрқашан   да   алдыңғы 
шептен табылды. Қай жерде қиыншылық сезілсе, сол жерге шапқылап өзі барды. Түнде 
түні бойы көз ілместен отырып, қолға түскен тұтқындардың берген жауаптарын тыңдады. 

Оның   шындығын   барлаушылардың   жау   тылынан   әкелген   ақпарларымен   салыстырды. 
Өстіп,   көрер   танды   көзімен   атқызып,   ертеңгі   ұрыстардың   дұрыс   шешімін   табуы, 
қателеспеуі   керек.   Мұнда   сағат   сайын   сөйлесіп,   кеміңді   көрсетіп,   жөніңді   түзеп   беріп 
отыратын   майдан   немесе   армия   командашысы   жоқ.   Сол   екеуінің   ойлайтынын   жалғыз 
ойлап, олар қабылдайтын шешімді жалғыз табуың керек. Ал Чистяков болса, мұз жарғыш 
кеменің капитаны іспеттеніп, жан-жақтан, төбеден жауған оқ астында қасқая қарап тұрып 
дивизияны   ұрыспен   алға   бастады.   Қасымда   командашы   жоқ   деп   қысылмады.   Оның 
есесіне ол қарамағындағы офицерлермен үзбей ақылдасып отырды. Кейде ол бізге қарап: 
«Менің   кіші   академиям   сіздерсіздер   ғой.   Ал   сіздер   не   айтасыздар?»   деп   әзіл   тастап, 
күлімдеп те қоюшы еді. Олай дейтіні Иван Михайлович Бас штабтың академиясында оқып 
жүргенде соғыс басталып кетіп, содан майданға келген кісі ғой. Міне, осы жорық кезінде 
солдаттар   мен   офицерлер   оны   «екінші   Панфилов»   деп   атады.   (Қажырлы 
командирЧистяков) 
              Панфиловтың атына дақ түсірмей, оның дәстүрін дивизия арының туы деп біліп, 
жоғары   көтере   ұстады   да,   Чистяков   оны   тағы   бір   даңқты   жолға   бастады.   Бірінші 
февральда дивизия Валдай - Старая Русса тас жолына шықты. Үшінші февральдың екпіні 
атты   кісіні   құлатарлық   боранды   түнінде   1075   және   1073-ші   полктардың   алғы 
батальондары   тас   жол   бойындағы   немістердің   алғы   шебіне   жетті.   Олар   кідірместен 
ұрысқа кірісіп, Бологое-Старая Русса темір жолын кесіп тастады. Осыдан кейін Красиково, 
Брагино, Козырево, Фильшево сияқты ондаған деревняларда осындай қиян-кескі ұрыстар 
болды. Солардың бәрінен немістерді сырғыта айдаумен келіп, дивизия жаудың Старая 
Русса қорғанысын талқандады. «Қара бура» жығылған өркештері салаңдап, енді Холмға 
қарай қашты. Оны қақпалап қуалай отырып, екі жүз километрлік ерлік жорығын аяқтап, 
Холм қаласының түбінде Калинин майданының 3-ші екпінді армиясына келіп қосылды. 
             Ең алғаш Нахабино селосында көрісіп, қауышқаннан кейін, осы жорық үстінде мен 
Чистяковпен бірнеше рет кездестім.
Дивизия ең алғаш дұшпанның шебін бұзып, жолбарыстай атылып жау тылына өтер түні 
біздің   полктың   алдына   қойылған   міндет   Ново-Свинухово   қыстағын   басып   алу   еді. 
Немістерді   маңдайдан   және   екі   бүйірден   соғып,   қатты   ұрыстан   кейін   қыстақты   тартып 
алдық. Оқ атылған жерде өлім аз болмайды. Кыстақта кәперсіз жаткан немістер қатты 
қырылды,   азын-аулақ   бізден   де   шығын   болды.   Таң   ата   немістердің   ең   соңғы   тобын 
деревня   аузынан   желкелеп   шығарып   жатқанымызда   кенеттен   генерал   келіп   қалды. 
Тұлғасына   Қиыр   Шығыстан   көзім   қанғандықтан   басына   солдат   құлақшынын,   үстіне 
қоңырқай шинель киген, аяғында қалың ұлтанды шаруа етігі бар орта бойлы, тығыршық 
денелі төртбақ адамның генерал Чистяков екенін бірден таныдым. Жан-жағына жіті көз 
салып, асықпай аяндап келе жатқан генералдың алдынан шығып, рапорт бердім. Полктың 
бұйрыкты уақытында орындап, қыстақты алғанын айттым. 
-        Шығын жоқ па? - деді генерал. 
-        Азын-аулақ бар, жолдас генерал. 
         Комдив қабағын шытты. 
-        Бұл жауабыңыз маған ұнамайды, - деді ол. - Азын-аулақ емес, бір де жауынгерден 
айырылмауыңыз   керек.   Біз   көрші   ауылға   тойға   кетіп   бара   жатқанымыз   жоқ,   жолдас 
капитан.   Біз   қалың   жаудың   ортасына   кіріп   ойран   салуға   кетіп   барамыз.   Қазір   осы 
деревнядан ілгері аттағаннан кейін, жол тарта топырақ сүзген бульдозердің ізіндей болып, 
артымызда   тар   коридор   пайда   болды.   Корпус   біздің   соңымыздан   ілесе   сол   коридорға 
кіреді   де,   өзге   кұрамалардың   күшімен   екі   жақ   бүйірімізді   шегендеп   отырады.   Біздің 
міндетіміз корпусқа жол ашып, тоқтаусыз ілгерілей беру. Ол үшін бізге өз күшімізді сақтай 
білу керек. Өйткені бізге сырттан келіп қосылар бір де солдат болмайды. 
-         Кінәлімін, жолдас генерал, - дедім мен комдивтің орынды ұрысқанына өзге жауап 
таба алмай. 
-        Сіздің кінәңіз мынада, жолдас Момышұлы. Сіз жауды, жалынғандай боп, деревнядан 
қолынан   бір-бірлеп   жетектеп   шығардыңыз.   Сіз   кұтқарып   қоя   берген   жау   ертең 
алдыңыздан  шығып,  рақым  жасайтындай көрдіңіз. Фашистерден  бізге  ешқандай рақым 
болмайды. Сондықтан оларды қоршап алып, құртып жіберуіңіз керек еді. 

-        Ақылымыздың жеткені осы болды, жолдас генерал. Мен жіберген бір топ әскер мына 
қалың қарда омбылап жаудың желкесіне шыққанша таң атып кетеді деп ойладым. 
           Генерал   көзін   шүйіре   қалып,   жау   кеткен   жаққа   назар   салды.   Оның   ойланғанда 
өстетіні де маған бұрыннан мәлім. Содан кейін сәл басын изеді де: 
- Шығынсыз соғыс болмайды ғой, - деді. - Бірақ оның орынды, орынсыз деген екі түрі 
болады.   Әрине,   біз   үшін   соның   екеуінің   де   болмағаны   жаксы.   Мен   сондықтан   айтып 
жатырмын. Мына қалың қарда қоршау қиын да болған шығар. Бірақ болашақта осы әдісті 
кең қолдануымыз керек, жауды қоршап алып құртып отыру қажет. Осы есіңізде болсын. 
Бүгінгі   ұрысты   өзіңізге   бір   сабақ   деп   қабылдаңыз.   Келесі   жолы   содан   қорытынды 
шығаратын болыңыз. 
              Генералдың   маған   жорықта   жасаған   бірінші   ескертпесі   осы   болды.   Бұған   мен 
шамданғаным жоқ. Қайта ақылын айтқаны үшін разы боп қалдым. Бәсе, бұл кісі осындай 
адам болса керек еді ғой, деп көңілденіп, полкімді ілгері қарай бастадым. 
VII 
           Автор. Бауке, Сіз ол кезде 1075-ші полк командирінің орынбасары емес пе едіңіз? 
Полкті Сіз басқарып жүрсеңіз Капров қайда болып еді? 
           Бауыржан. Орынбасар екенімді қайдан білдің? 
           Автор. Архивтен алынған документтерден. Өзіңізге берілген куәліктен білемін. 
            Бауыржан. Қандай? 
          Автор. Міне, мынадай. Мен Сізге оқып берейін. 
«Куәлік» 
            «Осыны   ұсынушы   Бауыржан   Момышұлы   Қызыл   Ту   орденді   8-ші   гвардиялық 
атқыштар дивизиясында тұрақты әскери қызмет атқарады». 
Осыдан   кейін   бұл   куәліктің   «Қызмет   бабы   және   әскери   атағы»   деген   тұсына   мынадай 
мәліметтер жазылыпты: 
           1)         26. II 1941 ж. 1073-атқыштар полкының командирі, аға лейтенант. 
            2)          10.12.1941   ж.   1075-атқыштар   полкы   командирінің   орынбасары,   аға 
лейтенант. 
           3)         23.2.1942 ж. 1073-атқыштар полкының командирі. 
Тағы да қандай мәліметтер бар дейсіз ғой. Айтайын. 1910 жылы 24 декабрьде Оңтүстік 
Қазақстан облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында туыпсыз. Әйеліңіз бар екен. 
Аяғына   «Б.Момышұлы»   деп   латын   әріптерімен   қол   қойыпсыз.   Бұл   куәлік   мерзімі 
алғашында 1941 ж. 13 декабрьге дейін, одан соң 1942 ж. 24 декабріне дейін, одан соң 
1943 ж. 18 майына дейін үш рет ұзартылған. 
            Онда Сіздің 1942 жылы 6 июньде Калинин майданы әскерлеріне арналған № 0196 
бұйрық бойынша Қызыл Ту орденімен наградгалғаныңыз, 1942 жылы 27 августа Сізге 2-ші 
гвардиялық   атқыштар   корпусы   бойынша   жарияланған   №   157   бұйрықпен   «Гвардия» 
значогы берілгені көрсетілген. 
              Және әскери атағыңыздың қашан, қай дәрежеге көтерілгені туралы да деректер 
бар.   Батыс   майданы   әскерлеріне   арналған   №   0413   бұйрық   бойынша   1941   жылы   19 
декабрьде   капитан,   Калинин   майданы   әскерлеріне   арналған   №   0146   бұйрық   бойынша 
1942 жылы 10 майда майор, ал Қорғаныс Халық Комиссариатының № 06 190 бұйрығы 
бойынша 1942 жылы 2 октябрьде подполковник болыпсыз. Дұрыс па? 
               Бауыржан.   Дұрыс.   Бірақ   біз   Валдай   түбінен   шабуылға   шыққанда   полковник 
Капров жараланып, шанада келе жатқан болатын. 1075-ші полкты бұл жорықта тікелей 
мен басқардым. 
            Автар. Артынан 1073-ші полкке қайтадан командир болдыңыз ғой. 
            Бауыржан. Иә. 
              Автор.   «Москва   үшін   шайқас»   документке   негізделген   дүние   болғанымен   бір 
жағынан   көркем   шығарма   ғой.   Сол   себептен   де   Сіз   онда   аз   уақыт   орынбасар 
болғаныңызды айтпағансыз ғой, тегі. 
            Бауыржан. Иә. Оның өтірігі жоқ қой. 
             Автор.   Өзгелер   үшін   өтірігі   жоқ.   Мен   барлық   документтерді   салыстыра 
оқығандықтан сұрап жатырмын ғой.

Бауыржан.   Сөйтіп,   жаудың   тылында   жортып   келе   жатырмыз.   Кей   күндері   бірнеше 
қыстақты бірден алып жібереміз. Қолға түскен тұтқындардың айтуына қарағанда немістер 
қатты үрейленіп қалса керек. Бір взвод немесе рота емес, өздерін бақандай бір дивизия ту 
сыртына шығып алып желкелеп келе жатса қалай қорықпасын! Оның үстіне бұл Москва 
түбінде атағы жайылған 8-ші гвардиялық дивизия екені олардың тіпті зәрелерін алады. 
Жолдағы гарнизондар мен бөлімшелердің осы маңда зоопарктан шығып кеткен арыстан 
жүр екен деген қорқынышты хабар естігендей, аза бойлары қаза болады. «Сақтаныңдар, 
Панфиловтың   «тағы»   дивизиясы   келе   жатыр»   деп,   олар   жан-жақтарына   жар   салады. 
Москва 
түбінде немістердің аузын әлденеше рет қан жалатқандықтан фашистер біздің дивизияны 
осылай,   «тағы»   дивизия   деп   атаған   ғой.   Олар   біздің   артымызда   бүкіл   корпус   келе 
жатқанын, біздің дивизия сол корпустың авангарды екенін қайдан білсін. 
                Осылай, жолдағы жаумен жағаласа жорық жасап келе жаттық. Бірнеше қатерлі 
күндер мен түндер өтті. Алғашында шашырай жүреміз деп шаршауымыз көп болып еді. 
Артынан оның да әдісін таптық. Алға шаңғы мінген шолғыншыларды, ақ масхалат киген 
тосқауылшыларды жөнелткеннен кейін колонна болып жаяулар қозғалады. Жаяулардың 
алдына   саперлер   шығып,   колонна   өтетіндей   етіп   жолда   кездескен   ағаштарды   кесіп 
отырады. 
Колоннаның алдына кезекпен сегіз жауынгер шаңғысыз қатарласа шығып, қалың қарды 
омбылап   із   салады.   Олар   кезекпен   жүз-екі   жүз   метр   сайын   алмасып   отырады.   Одан 
артыққа   адам   шыдамайды.   Нелер   атпал   азаматтардың   жүз   метрден   кейін   булары 
бұрқырап шыға келеді. Содан кейін оларды жаңа жігіттер алмастырады. Олар шаршаған 
кезде полк комсоргы Балтабек Жетпісбаев бірнеше жігіттерді ертіп алып, алға өзі түсуші 
еді. Балтабек 
дегеніңіз таудай кісі. Қалың қарды бұрқыратып аршындай адымдағанда қайраттың көкесін 
сол көрсететін еді. Қасындағы жігіттері де одан қалыспайтын. Кейіннен білдім, Балтабек 
сонда   Төлеген   Тоқтаров,   Жұмажан   Батталов,   Жүніс   Нұрбосынов,   Қайырбек   Жүнісов 
сияқты   бірнеше   ер   жігіттерді   қасына   ертіп   алған   екен   ғой.   Ол   жігіттер   қалың   қарда 
малтығып   келе   жатқан   колоннамыздың   басы   ғана   болған   жок,   сол   жорықтағы 
абыройымыздың да алды болды. Олардың көпшілігі осы жорықта ерлікпен қаза тапты. 
Сол сияқты Мәлік бастаған шаңғышы автоматшылар тобы колоннаны қызғыштай қорғап, 
біресе   алға,   біресе   артқа   ұмтылып,   жұлдыздай   ақты.   Шынында   да   солардың   бәрі, 
айналып кетейіндер, жұлдыздай жарқырап тұрған жандар еді. Көпшілігі қыршын кетті ғой 
есіл ерлердің! 
                 Орман   ішінде   полкты   бастап   келе   жатып,   генерал   шақырады   деген   хабар 
алдым.   Ақбоз   атты   ызғытып,   Васильево   қыстағындағы   генерал   отырған   үйге   келдім. 
Кірсем генерал картаға қатты үңіліп қалған екен. Келгенімді айтып, сәлем бердім. Генерал 
адъютантына   ас  алдырды.   Осы   күнгі  жастардың   үстелге  отырғанда   кітабын   ала  келіп, 
астан   анда-санда   бір   алып,   кітапқа   қадала   отырып   тамақтанатыны   сияқты,   комдив   те 
біресе шай ұрттап, біресе 
картаға қараумен болды. Содан соң ол менің назарымды да картаға аударды. 
           -   Мынау   Демьянск   деген   қала,   -   деді   генерал   картаны   саусағымен   нұсқап.   -   Біз 
жаудың 16-армиясын осы қалада қоршауға түсіруді көздеп келе жатырмыз. Ол үшін біз 
Холмға   солтүстіктен,   Калинин   майданының   әскерлері   оңтүстіктен   келіп   тоғысуы   тиіс. 
Сөйтіп Холмда қаптың аузын бууымыз керек. Ол арғы міндет. Ал бергі міндет - Холмға тез 
жету. Жолдағы қыстақтарды жау тепкісінен азат ету. Бірақ мынау Соколово деген деревня 
екі күннен бері дивизияны шаужайдан алып ұстап тұр. Олай болатын жөні бар. Бұл Холм 
тас   жолын   жағалай   бірнеше   километрге   созылып   жатқан   үлкен   деревня.   Бұл   деревня 
кімнің қолына көшсе, тас жол соған қызмет етеді. Сондықтан да немістер бұл деревняны 
қорғауға СС, «Қу бас» сияқты ең таңдаулы бөлімдерін төгіп отыр және сол себептен де 
жау   біздің   төбемізден   самолеттерін   қаптатып,   бас   көтертпей   жатыр.   Соколовоның   ар 
жағында мына бір Трошково деген деревня тұр, - деп комдив оны тағы да саусағымен 
түртіп 
Көрсетті. - Бар гәп, меніңше, осында ғой деп ойлаймын. Сіз қалай деп есептейсіз? 

           -         Әрине, жолдас генерал, - дедім мен. - Екі ортада күре тамырдай боп мына бір 
жол жатыр екен. Ең алдымен сол күре тамырды кию керек болар. 
-        Дұрыс айтасыз, - деді генерал куана бас изеп. - Алдымен Трошковоны құрту керек. 
Сонда   бұл   күретамырмен   Соколовоға   қарай   ағатын   қан   тоқтап   қалады.   Бұл   үшін 
Соколовоның мына жақ сыртын айналып барып, таң атқанша Трошковоны алу керек. Бұл 
қиын міндетті күштерің аз болса да Сіздің полкке жүктеймін. Сізге беретін бұйрығым осы. 
             Бұйрықты   алып,   орман   ішінде   немістерді  қар   жамыла  қадағалап  жаткан   полкке 
келдім. Полк комиссары Ахметжан Мұхамедияровты, батальон командирлерін шақырып 
алып   қыскаша   ақылдастық   та,   Балтабекті   жігіттерімен   тағы   да   колоннаға   паровоз   ғып 
«жегіп», дереу ілгері жүріп кеттік. Он бес шақырымдай қалың қарды сызып отырып, түс 
ауа орманның Трошковомен жанасатын өкпе тұсына келіп іліндік. Сол арадан дереу жан-
жаққа адамдар жөнелтіп, барлау жасауға кірістік. Барлаудың қорытындысында мынадай 
жай анықталды. 
             Соколовоға   қуат   болып   тұрған   жалғыз   Трошково   емес   екен.   Трошковоның 
сыртында   тағы   Баркловица,   Трохово,   Кашино,   Коншино   деген   қыстақтар   жатыр.   Ол 
төртеуінің  ортасында тіреудей  сорайып Бородино деген бір дәу деревня және тұр. Біз 
алғашында тек Трошковоны ғана аламыз деп келген едік. Бұйрық бойынша солай етіп 
қана   қоюымызға   болады.   Бірақ   жалғызТрошковоны   алғанмен   іс   бітпейді.   Онда   полкке 
мына бес қыстақ бес 
жақтан ауыз салады. Соколоводан кейін сырғыған жау сені және жаныштайды. Сондықтан 
генералдың бұйрығына «түзету» жасап, осы алты қыстақты бірден алу керек пе? «Бұл 
қиын   міндетті   күштерің   аз   болса   да   Сіздің   полкка   жүктеймін»   деді   генерал.   Бұл   оның 
санмен   емес,   санамен   алыңдар   деп,   бізге   сенгені   еді.   Сеніп   тапсырған   істі   адал   ғып 
орындау абырой. Ол үшін алты қыстақты бірдей алу керек. Оған күшіміз жете ме? Генерал 
жауды қоршап 
құртуды дивизияның бірінші парызы болсын деді. Бар күшпен Трошковоны ғана алып қана 
қойсаң,   басқа   бес   қыстақ   және   жанынды   қоймайды.   Сондықтан   аз   күшпен   болса   да 
осының   алтауын   бірден   алу   керек.   «Нартәуекел!»   демейтін   бе   еді   атам   қазақ.   Халық 
сөзінде қапы жоқ. Нар тәуекел!
VIII 
          Полкке бұйрық осылай берілді. 
         -           Өзіңді өзің өлімге қидың-ау, Бауыржан. Мұның қатал бұйрық болды ғой, - деді 
комиссар. 
         -           Басқа жол жоқ, Мадияр, - дедім мен. 
         -           Күшіміз аз ғой, бір батальон артта қалды. 
         Айтқан бұйрық аққан қылыш сияқты. Оны бәрібір тоқтата алмайсың. Тасқа тие ме, 
басқа тие ме - қылыш оны артынан бірақ көреді. Бұйрық берілгеннен кейін оны орындау 
ғана қалады. Енді соған кірістік. 
          Полктың   қалған   күшін   алтыға   қақ   бөлдік.   Әр   бөлікке   Мұхамедияров,   Гундилович, 
Трофимов,   Мамонов,   Жетпісбаевты   басшы   етіп   белгіледім.   Алты   қыстақтың   ішіндегі 
алыбы   Бородино   болғандықтан   капитан   Гундиловичтің   қасына   политрук   Мәлік 
Ғабдуллиннің   автоматшылар   ротасын   қосып   бердім.   Сағат   түнгі   екіде   полк   топ-топқа 
бөлініп,   қаруларын   серт   ұстап,   орай   соққан   ақ   боранды   арқаларына   жамылып,   әр   топ 
өзіне тиісті қыстаққа қарай тартып берді. 
           «Жолдарың   болсын,   батырларым,   бауырларым.   Сегізінші   февральдің   бұл   түні 
сендердің   атақ,   абыройларынды   арттырсын.   Бірақ   сендердің   өмірлеріңнің   ақтық   түні 
болмасын. Бұл түнде ақ қардың үстіне қызыл қандарың төгіліп, қаза жетер азамат болса, 
қандарыңды   қарыз   ғып   менің   мойныма   жүктемеңдер,   қарақтарым.   Сүйегім   шашылып 
қалғанша   мен   сендердің   қасындамын.   Осы   қараңғы   түнде   сендерге   сілтелер   найзаға 
кеудемді қоса тостым, мінеки!» - деп іштей тебіреніп тұрдым да, дыбысымды сыртқа 
шығармай тістеніп, алтыншы топты бастап Трошковоға қарай өзім жөнелдім. 
             Бұл   міндет   те,   полктың   алдына   қойылған   өзге   міндеттер   де   абыроймен 
орындалды.   Дивизия   тұтас   өз   борышын   абыроймен   іске   асырып,   1942   жылдың   14 
февралінде   оңтүстік   жақтан   орай   шабуыл   жасап   келе   жатқан   Калинин   майданы 

әскерлерінің   33-ші   атқыштар   дивизиясымен   келіп   қауышты.   Міндет   абыроймен 
орындалды деген сөз айтуға ғана оңай. Адамға абырой тыныштық күндерде тек термен, 
еңбекпен ғана келеді. Ал соғыста тер мен 
қан қоса төгіліп барып абыройға жетесің. Демек, бұл жорықта да солай болды, қарағым. 
Көптеген асыл азаматтар Отан үшін опат болды. «Абыроймен» деген сөзді сен осылай 
түсін,   осылай   түсіндір   оқушыңа.   Сонымен,   үнемі   8-ші   гвардиялық   дивизияны   алдына 
авангард   етіп   ұстаган   генерал   Лизюков   бастаған   біздің   2-ші   гвардиялық   корпус   жау 
әскерлерінің Демьянск тобын қоршауға алған атақты жорығын аяқтап келіп, марттың аяқ 
жағында Холм қаласының түбінен ірге тепті. 1941-1942 жылдарда Совет Армиясының аса 
маңызды   жиырма   үш   шайқасы   болды.   Оның   тоғызыншысы   1941   жылғы   октябрьдегі 
Москваның   шалғай   шебіндегі   қорғаныс   шайқасы,   ал   оныншысы   1941   жылғы   ноябрь-
декабрьдегі 
Москваның таяу шебіндегі қорғаныс шайқасы деп аталады. Ал соның он жетіншісі - совет 
әскерлерінің   1942   жылғы   январь-апрельдегі   Демьянск   шабуылы   операциясы.   Біздің 
дивизия   осы   жиырма   үш   шайқастың   үшеуінің   жуан   ортасы   емес,   қасқа   маңдайында 
болды.   Алғашқы   екі   шайқасқа   қатысқаны   үшін   Қызыл   Ту   орденімен   наградталған 
дивизияға он жетінші шайқастағы ерлігі үшін Ленин ордені берілді. Алғашқы екі шайқаста 
оны   генерал   Панфилов   басқарса,   соңғы   шайқасты   генерал   Чистяков   бастады.   Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет