Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
комдивпен жүздестік. Мен оны бір көргеннен-ақ таныдым. Алғашында ол ма, ол емес пе 
деп шүбәланып келген едім. Өйткені өмірде фамилиясы бірдей кісілер көп кездесе береді 
ғой. Сөйтсем сол кісі, бұрынғы командирім екен. Денесі де сол төртбақ күйінде, мұрны да, 
иегі де үшкір қалпы. Қатты қажып, жүдегені көрінеді. Бұрынғысынша кісіге сәл күлімсіреп, 
шүйіле қарайды екен. 
          Танысам   да   мен   генералға   қарай   тұра   жүгірмедім.   Келіп   тоқтаған   жерімде 
қозғалмастан   тұра   бердім.   «Генерал   мені   таныр   ма  екен,   танымас   па   екен?   Таныса   - 
жақындармын, танымаса - үн-түнсіз жүре берермін» деп ойладым. 
          Жұрт   жиналып   болған   соң   дивизия   штабының   бастығы   И.И.   Серебряков   пен 
комиссар С. А. Егоров екеуі кезектесіп, біздің аты-жөнімізді, лауазым, дәрежемізді атап 
айтып, генералға таныстыра бастады. Аты бұрын аталғандар қасына барып, генералдың 
қолын алып жатты. Генерал әрқайсысымыздың бетімізге шүйіле қарап, іштей баға беріп, 
ойлы қалыпта тұрды. 
-        Александр Фомич Галушко - дивизия саяси бөлімінің бастығы. 
-        Подполковник Георгий Федорович Курганов - 857-ші артполктың командирі. 
-        Майор Григорий Ефимович Елин - 1073-ші полктың командирі. 
-        Полковник Зиновий Самойлович Шехтман - 1077-ші полктың командирі. 
-        Капитан Бауыржан Момышұлы - 1075-ші полк командирінің орынбасары... 
-        Тоқтаңыз, тоқтаңыз, - деді Чистяков комиссар Егоровтың сөзін бөліп. 
-        Фамилиясы кім дейсіз, қайта айтыңызшы. 
-         Капитан   Бауыржан   Момышұлы,   1075-ші   полк   командирінің   орынбасары,   -   деп 
қайталады Егоров. 
-        Бұл менің Момышұлым емес пе? - деді генерал маған қарай бұрылып. 
-         Дәл   солай,   жолдас   генерал,   -   дедім   мен,   -   бір   жүз   бесінші   Қиыр   Шығыс 
дивизиясынан. 
-        Астына Ақбоз ат мініп, беліне қылыш тағып жүретін? 
-        Дәл өзі, жолдас генерал. 
-         Қазір де қылышы белінде, Акбоз аты есік алдында байлаулы тұр,- деді комдивпен 
танысуға келгендердің бірі. Ол рас еді. Мен мұнда да Ақбоз ат мініп жүретінмін. Осында 
бір жерде әскери фотограф Нарциссовтың мені 8-ші гвардиялық дивизия Ақбоз атының 
үстінде түсірген суреті жатқан да болуы керек. 
           Генерал бір адым шегініп, мені басымнан аяғыма дейін күлімсірей шолып шықты. 
Жаңа комдив бізді колхоздың қыстай от жағылмаған суық  клубында қабылдағандықтан 
бәріміз де сырт киімдерімізді шешпегенбіз. Менің иығымда буркам бар еді. Елден ерекше 
боп тұрғаннан кейін содан шығарды ма, генерал: 

-        Сіз казір Багратионға да, Чапаевқа да ұқсайсыз, - деді. 
-         Жоқ, жолдас генерал, - дедім мен күлместен, жымимастан түсімді суыққа салып. - 
Мен тек Момышұлына ғана ұқсаймын. 
          Генерал сәл бөгеліп, менің бұл жауабыма мән бере ой жүгіртіп өтті. Содан кейін 
қайтадан күлімсіреді де: 
-        Иә, иә. Сіз 1938 жылғы Момышұлына өте ұқсайсыз. Солай емес пе? - деді. 
-        Дәл солай.
-         Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын! - деп генерал құшағын жайды. Әкесі өліп, 
әркімнен   сөз   естіп,   көзге   түрткі   болып   жүдеп   жүрген   жетім   баланы   біреу   есіркеп 
маңдайынан  сипаса  қандай  болушы   еді.  Сол сияқты  менің  де  ішімдегі  қатты  бұралған 
домбыра   шегі   сияқты   бірдеңелер   бырт-бырт   үзіліп   кеткен   сияқты   болды.   Бірақ   тез 
бойымды   жиып,   босаған  көңілімді  қатайтып   алдым.  Содан   кейін  қазақша  қос  қолымды 
қусырып кеудеме бастым да, генералдың алдына келіп, басымды иіп, тіземді бүктім. Алыс 
сапардан келген баланың әкеге берер сәлемін жасадым. Генерал екі иығымнан қапсыра 
құшақтап, орнымнан тұрғызды да, біз бір-бірімізді екі беттен кезек сүйістік. 
        Өзге жұрт аң-таң күйде, тым-тырыс болып қалды. Генерал мені құшағынан босатты 
да: 
-         Ғапу   етіңіздер,   жолдастар,   -   деп   жан-жағына   қарады.   -   Біз   Қиыр   Шығыста   бірге 
қызмет етіп едік. Бұл менің батарея командирім, мен мұның дивизия командирі болдым. 
Міне, Москва түбінде мен баласымен кездескен әкедей болып тқрмын. 
-         Әрине, әрине, - десіп кейбіреулер бас изесті. Кейбіреулер: «Дивизия командирлері 
осыны-ақ   жақсы   көре   береді   екен»   дегендей,   маған   ала   көздерімен   қарасты.   «Қалай 
қарасаң, олай қара, біздің бірге қызмет еткеніміз рас» деп, міз бақпастан мен тұрдым. 
          Біздің   бәрімізбен   танысып   болғаннан   кейін   жаңа   комдив   бізді   қысқаша   өз 
өмірбаянымен таныстырды. Біздің 105-дивизиядан корпус командирінің орынбасары боп 
кеткеннен кейін Чистяков Владивостоктағы әскери училищенің бастығы болады. Одан соң 
бұрынғы өзі орынбасар боп істеген корпусқа командир боп тағайындалып қайта келеді. 
Содан   1941   жылдың   басында   Бас   штаб   академиясына   оқуға   жіберіледі.   Соғыс 
басталғаннан   кейін   Москваны   қорғауға   қатысады.   Бірнеше   күн   бел   шешпестен   жүріп, 
теңізшілер   бригадасын   басқарады.   Сөйтіп   Москва   түбінен   немістерді   кері   қайтарған 
қаһарман  құрамалардың сапында  болады.  Осы  еңбегі үшін  оған Қызыл  Ту  ордені мен 
генерал   атағы   беріледі.   Сол   алғы   шепте   жүрген   қалпында   Чистяков   біздің   дивизияға 
жіберіледі. 
-         Жаңа капитан Момышұлы айтқандай, әр командир бір-біріне ұқсамайды, - деді ол 
сөзінің аяғында. - Багратион біреу, Чапаев дара күйінде қалады. Оның үстіне ешқашан да 
екінің бірі Панфилов бола алмайды. Ендеше мен сіздерге Панфиловтың орнын олқысыз 
басамын деп айта алмаймын. Бірақ титтей де болса Панфиловқа ұқсауға тырысамын. Бұл 
менің абыройлы борышым. Ал сіздер Панфилов бар кездегіден титтей де төмендемеуге 
тырысыңыздар. Сөйтіп, сіздер болып, біз болып, бәріміз Панфилов дивизиясының атағын 
түсірмейік, Отан үшін опат болған қадірлі генералдың атына кір келтірмейік. 
         Осы сапардан мен полкқа қатты тебіреніп қайттым. Тебіренетін себебім құдай маған 
сезімтал, сергек жүрек берді. Оның үстіне, өтімді затқа өтпейтін нәрсені қалайда қосақтап 
сататын кейбір сатушылар сияқты, қыңырлықты және маған берді. «Бүкірді көр түзетеді» 
дейтін орыс мақалы бар. Ал әскерде қыңырды командир түзетеді. Әрине, командирдің 
бәрі   бірдей   қисыққа   тез   бола   алмайды.   Бола   алмайтыны   біреудің   шеберлігі   жетпейді, 
біреудің материалға әлі келмейді. Сөйтеді де оны түзетемін деп не сындырып, не бүлдіріп 
алады.   «Материал»   деп   отырғаным   адам,   солдат   екенін   түсінетін   шығарсың.   Ауылда 
сынықты   сипап   отырып   орнына   түсіретін   сынықшылар   болады.   Сол   сияқты   ақылды 
командирлер де ақырмай-ақ  сені ырқына көндіріп,  түзетіп алады.  Түзетпесе  сол  қисық 
күйінде   кәдеге   жаратады.   Өйткені   олар   қылыш   қайқы   болса   да   өз   қызметін   түзу 
атқаратынын   біледі.   Құдай   мені   қисық   кып   жаратса   да,   алдымнан   ылғи   жақсы 
командирлерді кездестірді. Кешегі пом- 

комвзвод   Редин,   полковник   Коваленко,   комбриг   Дотоль,   генерал   Панфилов   осындай 
өзгеше жандар еді. Олардың алдында Емельянов, Дубовик, Бархан тәрізді ұстаздарым 
тағы болды. 
Редин   өлгенде   бірге   туған   інімнен   ажыраған   іспеттендім.   Коваленкоден   ажырағанда   - 
ағамнан,   Дотоль   кеткенде   -   әкемнен   айырылғандай   болып   едім.   Ал   Панфилов   опат 
болғанда - інім, ағам, әкем үшеуі қатар өлгендей күйге түстім. Көп күйзеліп, ішімнен көп 
күңірендім. Омір бойы Панфиловтың орнын өксеумен өтетін шығармын деп ойладым. 
         - Сен өзің байқап, аңғарып жүрсің бе, білмеймін, - деді Баукең бұл тұста сөзін соза, 
жайлап айтып,- Адамдарда бір жаман әдет бар ғой. Ол - күншілдік, көре алмаушылық. 
Бүгінгіге жағыну үшін бұрынғыны жамандап шыға келушілік. Өзімді ғана мақта, өзгенің аты 
өшсін   деушілік.   Өлгеннің   абыройын   қызғанушылық.   Оған   деген   сүйіспеншілікті   суытып, 
оның   атағына   байланыстының   бәрін   аяққа   таптауға   тырысушылық.   Осындай   оңбаған 
әдеті барлар біздің дивизиямыздан да табылды. 

         Автор.  Өткен  жолы  Сіз  Панфилов  дүниеден  қайтып,  дивизияға  Чистяков келгенге 
дейін жетім баладай қамкөңіл күйде едік дедіңіз ғой. Оның мәнісін айтыңызшы. 
         Бауыржан. Оның мәнісі мынадай. Панфилов 1941 жылы 18 ноябрьде опат болды. 
Чистяков біздің дивизияға 1942 жылдың 18 январында келді. Осы екі айдың ішінде бірінен 
соң бірі екі командир ауысты. Тұлпар дивизияның тегеуірініне шыдамады. Өйткені олар 
Тайбурылдың тізгінін ұстаған Қобыланды емес-ті. Ол екеуінің бірі аса ұшқалақ кісі болып 
шықты. Ұшқалақтығы сондай, әркімге шіңкілдеп соқтыға берді. Маған: «Сен Панфиловтың 
еркесісің.   Сендей   еркенің   енесін   ұрамын!»   деп   ұрынды.   Тегі   ол   менің   батальонымның 
қынаптағы   қылыш   сияқты,   Панфиловтың   резервінде   болғанын,   ал   генерал   қылышын 
қынабынан қиын-қыстау кездерде суырып қиямет кезеңдерде сілтегенін айтатын болар. 
       Автор. Сіз өзіңіздің «Москва үшін шайқас» кітабыңызда дивизия командирлерінен тек 
Панфилов пен Чистяковты ғана көрсетіпсіз. Оның осындай себебі бар екен ғой. 
       Бауыржан: Иә... 
        Автор. Сіз атын айтпасаңыз да мен түсініп отырмын, Бауке. Панфиловтан кейін екі 
айда ауысқан екі командир Шелудько мен Ревякин. Сіз алдыңғысын айтып отырсыз ғой? 
       Баукең бетіме ажырая қарады да, үндемеді. Сөзін әрі қарай жалғады. 
       Бауыржан. Соғыста кімді кім еркелетеді? Соғыста өзге емес, өз баланды да әлдилей 
алмайсың. Панфиловтың мені еркелетпек тұрғай, қарамағында солдат боп жүрген туған 
қызының да маңдайынан сипауға мұршасы болған жоқ. Ал соғыс еркелікті емес, ерлікті 
ұнатады. Соғысқа ерке емес, ел бастайтын серке керек. Міне, осыны ұғуға миы жетпеді 
ғой оның. 
       Автор. Мен Сіз жайында, 8-гвардиялық дивизия туралы архивтен көптеген материал 
көшіріп алдым, Бауке. Сонда Сіздің атыңызға жазылған мынадай әрі бұйрык, әрі жолдама 
қағаз бар: 
«Жолдама қағаз 
       Аға лейтенант Момышұлына! 
       Осыны   алысымен   Сізге   полкке   басшылық   ету   ісін   майор   Елинге   тапсырып,   1075-
атқыштар полкына барып, полк командирінің міндетін қабылдап алу бұйырылады. 
                                                        Негіз: дивизия комаңдирінің нұсқауы. 
                                                        Штаб бастығы полковник (Серебряков) 
                                                        Соғыс комиссары 
                                                        Аға баталъон комиссары (Погорелов) 
                                                        4 декабрь 1941 ж.» 
                                                                        №4/0412 
       Осылай деп штаб бастығы мен комиссар екеуі қол қойып, мөр басқан. Бірақ Сіз 1075-
полкке командир емес, орынбасар болдыңыз ғой. Бұл да сол аласапыран кезеңнің ізі емес 
пе? 
        Бауыржан.Ол қағазға комдивтің қолы қойылмағаннан-ақ білініп тұр ғой. Ертең қағазда 
менің қолым жоқ деп, тайқып беруге жақсы емес пе? Ал, Панфилов полк командирі тұрғай, 
батальон командиріне жіберген бұйрығына дейін өзі қол қоятын. 

          Автор. Дұрыс айтасыз. Мәселен,  генералдың батальон командирі Сізге жолдаған 
бұйрығының фото көшірмесі де бар менде. Онда былай деп жазылған: 
 «Серкия Г. 
                      1073-аткыштар полкы 1-ші батальонының командиріне 
                                      ЖАУЫНГЕРЛІК ТАПСЫРМА № 014 
                                                                    316-шы дивизияның 
                                                                           штабы, Гусеново 
                                                                            18. 11.41 ж. 4.00 
         1.   Лысцево,   Шишкиноны   дұшпанның   танктерімен   жаяу   әскері   басып   алды. 
Матренинода 50-ші атты әскер дивизиясы шеп құрып жатыр. 
        Бұйырамын: 
        2. Танк қаупі күшті аудан Матренино станциясын, Горюны мен Покровское селоларын 
танкпен   күресетін   отрядтың   (ПТО)   768-ші   артполкымен   және   1-ші   гвардиялық   танк 
бригадасының 6 танкі, сол сияқты мотоатқыштар батальонымен бірлесіп, табанды түрде 
қорғауға тиіссіз. 
          М  і н д е  т:  Жаудың   жаяу  әскері  мен танктерін Волоколамск,  Истра тас  жолына 
шығармау. 298,0 биігі ауданына күшейтілген күзет қойыңыз. 
         Менің командалық пунктім Гусеново. 
         Орындалуын 18.11. 41 ж. 8.00-де хабарлаңыз. 
                                            Дивизия командирі 
                                                         Генерал-майор (Панфилов). 
                                            Дивизия военкомы 
                                                         аға батальон комиссары (Егоров). 
                                            Штаб бастығы полковник ( Серебряков). 
                                             1 -ші бөлімнің бастығы 
                                                                            капитан (Гофман) ». 
          Бауыржан.   Иә,   бұл   менің   Панфиловтан   алған   ақырғы   бұйрығым   болды.   Оқып 
болғаннан   кейін   генералдың   хатын   планшетіме   салмай,   төрт   бүктеп   гимнастеркамның 
омырау қалтасына жайғастырдым да, бұйрықты орындау қамына кірістім. 
II 
            Автор.   Ол   жағдайды   Сіз   «Москва   үшін   шайқастың»   екінші   кітабында   толық 
жаздыңыз ғой. 
            Бауыржан.   Иә.   Ондағы   оннан   аса  тарау  сол   кездегі  жағдайды   сыпаттауға   және 
біздің генералдың соңғы бұйрығын қалай орындағанымызды баяндауға арналды. Генерал 
қағазға аталған қыстақтарды «табанды түрде қорғауға тиіссіз» деп көрсеткенімен, дивизия 
саяси бөлімінің нұскаушысы  Федор Толстуновтан ауызша  айтқан сәлемінде «бүгін мен 
ертең шыдап берсін, әсіресе, тас жолдың бойындағы Горюныны қолдан шығармай мықты 
ұстасын» депті. 
            Шыбын   жанды   шүберекке   түйдік   те,   генералдың   бұйрығын   орындауға   кірістік. 
Табанымызды Горюныға тас қып тіреп, тапжылмастан жатып алдық. Бұл екі қолды басқа 
жастап, окоп ішінде қаннен-қаперсіз шалжиып жату деген сөз емес. Мұның мәнісі шарт 
етіп аспан жарылғандай болып жүздеген жау снарядтары ажал боп ысқырып, ысылдап, 
зуылдап үстіңнен төніп келе жатқанда төбе құйқаң шымырлап соны естіп отыру деген сөз. 
Мұның мәнісі сол снарядтар жарқ-жұрқ етіп жарылып, арс-ұрс етіп топырақ қапқан сәтте 
отырған окобың солқ ете түсіп, жүрегің аузыңа тығылса да соған тырп етпей шыдау деген 
сөз. Мұның мәнісі жау самолеттері үстіңе шығып алып келі түйгендей төбеңнен бомбамен 
түйгіштегенде соған көну керек деген сөз. Оқ, жарықшақ тиіп, жанындағы серіктерің көз 
алдында   жан   тәсілім   етіп   жатқанда,   тамағыңа   ыстық   тас   кептелгендей   болып,   жаның 
қинала   қайғыру   деген   сөз.   Сөйтіп   жатып,   окобыңа   қарай   жортып   келе   жатқан   темір 
аждаһа-танктермен айқасу, оларға бір-бірлеп қара кебін кигізіп, қара түтінге орау деген 
сөз.   Қара   құрымдай   қаптап   келе   жатқан   жаяу   әскерге   қорғасын   оқты   қарсы   алдынан 
соққан темір жаң- 
бырдай жаудырып, жайпап, тірісін беттетпей кері қайтару деген сөз. Бұл жанталасып кейін 
шегіну,  аласұрып алға ұмтылу деген сөз. Не жау сені жермен-жексен етіп таптап кетуі 

керек, не жаудың бетін шиедей қылып сенің ілгері бастырмай ұстап тұруың керек. Мінеки, 
тосқауылға  қалған бөлімшеге тағдырдың тартар сыйы осы. Екінің бірі, басқа ешқандай 
жол жоқ. 
         Бұйрықты  алған  күні  түске  дейін  біздің  жігіттер  жаудың   үш  танкісін  құртып,   талай 
әскерін   жер   жастаңдырды.   Батальон   түстен   кейін   де   олардың   бірнеше   атакасын 
тойтарды. Кешке қарай олар атакаға тағы әзірленіп жатты. Осы кезде маған мынадай бір 
батыл ой келді. Күн болса суық - отыз градус аяз. Бұлардың емешесі құрып тұрғаны кешке 
дейін осы Горюныны алып, түнде осында рақаттанып ұйықтап шығу ғой. Горюныны алса 
бұлар түнге қарай бәрібір ілгері баспайды, жайбарақат жайлы төсекке жантаяды. Ендеше 
олардың осы атакасын тойтарғаннан кейін батальонды Горюныдан шығарып, орман ішіне 
шегіндірейін.   Немістер   келіп   мұнда   жайғассын.   Сол   кезде   батальонның   жұдырығын 
мықтап 
түйіп әкеп, бұларды қапыда қайтадан түйгіштейін.
Осы   шешімге   табан   тірей   бергенімде   екінші   бір   күдік   көлбең   ете   қалды.   Берік   жатқан 
батальонды орнынан тұрғызып сен қаша жөнелгенде, ол Горюныға қарамай, соңыңа түсіп 
қуып  берсе  қайтесің.  Онда  сен  қыстақты  әдейі тастап,  генералдың  бұйрығын  қасақана 
орындамаған боласың деді күдік. Жок, немістердің өйтерлік шамасы жоқ. Олар Горюныға 
кірсе, одан аттап ілгері баспайды. Сонда оларды біз жақсылап жамсатамыз. Бұйрықты 
орындау деген қойған жерде қақайып қатып қалу емес қой. Ол бұйрыкты әр түрлі маневр 
жасап та жүзеге асыруға болады. Біздің міндетіміз жауды осы арада кідірте тұру. Олай 
болса дұшпанмен ары итерісіп, бері итерісіп, теке тірес боп тұрғанша, оны жаңағыдай 
айла жасап, күйрете неге кідіртпейміз. Біздің мақсатымыз жаудың техникасы мен тірі күшін 
көптеп   құрта   беру   ғой.   Сөйтсек   бізге   кім   ұрысады.   Қазақта   «Апама   да   барайын, 
тайлағымды   да   үйрете   келейін»   деген   нақыл   сөз   бар.   Сол   айтқандай,   бұйрықты   да 
орындасақ, немістерді де ойсырата кұртсақ бізге кім кінә тағады? 
             Ақыры,   күдік   жеңілді   де,   батылдық   бел   алды.   Жаудың   кезекті   атакасын 
тойтарғаннан кейін мен Горюныны тастап шығындар деп батальонға бұйрық бердім. Мұны 
естігенде Толстуновтың көзі бақырайып кетті. 
-        Мұның не, есің дұрыс па? - деді. 
-         Дұрыс,   -  дедім   мен.  Содан   кейін   оған   ойымды   айтып  түсіндірдім.   Алғашында   ол 
менің көңіліме келген күдіктің сойылын соғып тұрды да, артынан: 
-        Жарайды, нар тәуекел. Бір іс бастаған екенсің, артын күтейік, - деді. 
          Сонымен біздің батальон тас түйін боп, Горюныдан шықты да, соның желкесіндегі 
орманға   келіп   кірді.   Оны   көрген   немістер   орыстар   қашты   деді   де,   алдарына   екі   танк 
салып,   өздері   төрт-төрттен   сапқа   тұрып,   шұбалған   ұзын   колонна   болып   Горюныға 
ұмтылды. Дүрбімен қарап санап тұрмыз, шамасы төрт жүз қаралы адам. Олар деревняға 
жетісімен   танктерін,   зеңбіректерін   тастай   салып,   үй-үйге   сүңгіп   кірді   де   кетті.   Біраздан 
кейін көшеде бақыртып тауық, шыңғыртып шошқа қуып, мәре-сәре болды да қалды. Бұл 
кезде  біз  үш  топқа   бөлініп,   деревняны   үш  жағынан   қоршауға   алдық  та,   олардың   аузы 
ыстық   асқа   енді   тие   бергенде   ойранды   салып   кеп   жібердік.   Екілене   соққан   үш   топ 
немістердің күл-талқанын шы- 
ғарды. Тура оларды жусатып салдық. Танк, зеңбіректер бір оқ шығармастан өңкиіп-өңкиіп 
көшеде қалды. Құтылса бір он шақты-ақ адам құтылып кеткен болуы керек, өзгесі тегіс 
кұрыды.   Сөйтіп   біз   екі   танк,   екі   зеңбірек,   толып   жатқан   арба,   төрт   станокті   пулемет 
олжаладық. Үш штаб машинасы тола документтерімен қолымызға түсті. Толстунов мені 
құттықтап жатыр. 
-        Бұйрықты беруін берсем де, ойым орындалмай қала ма деп зәре-құтым қалған жоқ, 
Федя... Жігіттерге рақмет, - дедім мен. 
  
III 
          Автор. Содан кейін не болды, Бауке? 
           Бауыржан. Содан кейін үй-үйді аралап жүріп, оларға жайғасқан жігіттерге рақмет 
айтып шықтым. Келе сала күйреген неміс батальоны штабының барлық документтерімен 

артындырып-тартындырып, өзім генералдың атына жауынгерлік ақпар жазып, түнделетіп 
батальон штабының бастығы Рахимовты дивизия штабына жөнелттім. 
          Түнде қатты ұйықтап кетсем керек, біреу иығымнан қозғап оятады. Атып тұрсам - 
Рахимов екен. 
-   Гусеноводан   келдім.   Ондағылар   қатты   қуанып   қалды.   Мынау   Сізге   жолдаған 
Серебряковтың хаты, - деп Хабиболла маған рапорт берді де, умарланған дәптер бетіне 
қызыл қарындашпен жазылған біздің дивизия штабының бастығы Серебряковтың хатын 
қолыма   ұстатты.   Ашып   оқып   жіберсем,   мынадай   сөздермен   басталған   екен:   «Жолдас 
Момышұлы!   Генерал  да,  біздің  барлығымыз  да  сіздің  жұмысыңызға  ризамыз...»   Содан 
кейін   генералдың   асығыс   түрде   командашыға   кеткенін,   бізге   рақмет   айтып,   алдағы 
уақытта   да   абыройлы   болуға   тілек   білдіргенін   хабарлапты.   Мұндайда   «қатыны   ұл 
тапқандай   қуанды»   дейді   ғой   қазақ.   Ал   мен   қатыным   бір   ұл   емес,   бес   ұл   тапқандай 
қуандым. 
        Сонымен,   не   керек,   біз   қасық   қанымыз   қалғанша   жаумен   күресіп,   генералдың 
жоғарыдағы   №014   бұйрығын   орындадық.   Басқа   бөлімдеріміздің   жылжып,   кейін   шығып 
жайғасуларына   жағдай   жасадық.   Біздің   бұйрықты   орындауымызға   «Катюша» 
дивизионының   командирі   капитан   Кирсанов,   дивизия   артполкының   командирі 
подполковник   Курганов   пен   артиллерия   бастығы   подполковник   Марков   ойдағыдай 
адамшылық, азаматтық, тіпті туысқандық көмек көрсетті. Олар шегініп, екінші позицияға 
ауысқаннан кейін біз жаумен тағы бір күн бетпе-бет арпалыстық та, үшінші күні қоршауда 
қалдық.  Бізге  көмекке  берілген  танктердің  септігі  тимеді.  Олардың  топас  подполковник 
командирі   бізге   тек   қорғаныста   тұрындар   деп   айтқан   деп,   батальонға   көмек   бермеді. 
Мотоаткыштар батальоны бірінші күні бұғып жатты да, екінші күні ешкімге айтпастан кейін 
қарай шегініп, қашып кетті. Жау өтінде жалғыз қалған батальон қансырады. Сергей Танков 
сияқты   ержүрек   рота   командирінен   айрылдық.   Ондаған   асыл   жігіттер   опат   болды. 
Батальон менің өз денем, өзімнің тұла бой, тұтас тұлғам еді. Оған тиген оқ, кірш-кірш кіріп, 
менің   тәнімді   де   тілгілеп   жатты.   Оққа   ұшқан   әрбір   солдатпен   бірге   өз   денемнің   де 
клеткалары   қоса   өліп   жатқан   сияқтанды.   Енді   маған   батальонның   қалған   күшін 
шашыратпай,   шумақтай   жинап   алып   кейін   шегінуден   басқа   жол   қалмады.   Генералдың 
бұйрығын орындадық. Ендеше батальонға ешкімнің ренжитін де, ұрысатын да жөні жоқ. 
Ендігі   міндет   қоршауда   қалдык   деп   ұнжырғаны   түсірмей,   батальонды   найзалы 
винтовкадай кезей ұстап, жолыққан жауды жайратып өтіп, дивизияға қайта қосылу болды. 
Біздің   бөлімдердің   тактикалық   есеппен   жоспарлы   түрде   қалдырып   кеткен   жерлерін 
иемдене   ілгері   ұмтылған   немістерден   қалыспай,   қатарласа   қозғалып   бердік.   Олар 
масайрап Волоколамск тас жолымен келеді. Тас жолды қуалай созылған орман ішімен 
оларды   мысықтай   аңдып   біз   келеміз.   Ойымыз   мына   немістердің   алғы   шепке   дүмін 
тигізбей тұрып, өздерімен жағаласа барып, ілгері өтіп кету. 
          Соғыста солдат сорлыны аңдитын жау көп қой, қарағым. Оған алдан атылған оқ та, 
снаряд та, мина да, төбеден төгілген бомба да - бәрі жау. «Ордағы солдатка оқ өтпейді» 
деп   баяғыда   комбриг   Дотоль   айтқандай,   оқтан   қорғанарсың,   снарядтан   сақтанарсың, 
бомбадан да құтыларсың. Бірақ солдатты құтқармайтын тағы бір жау бар. Ол - ұйқы. Қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет