Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
  
IX 
                        Автор. Бауке, сөзіңізді бөлгеніме ғапу етіңіз. Сіз Серебряков атын айтқаннан 
жаңа ғана есіме түсіп отыр. Ол кісінің Сіз туралы жоғарыға жазған бір үлкен хаты бар екен 
ғой. Сонны білесіз бе? 
                      Бауыржан. Қандай? 
                      Автор. Мінеки. Мен Сізге казақша аударғанымды оқып берейін. 
                      Бауыржан. Оқығын. 
                       Автор.   Серебряков   бұл   хатын   СССР   Жоғарғы   Советінің   Президиумы   мен 
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумына жолдапты. Онда былай деген: 
                  «Сідерге мына төмендегі жағдайды баяндап жеткізуді борышым деп білемін. 
1941 жылы июль айында мен Алматы қаласына генерал-майор Панфилов басқарған 316-
шы   атқыштар   дивизиясына   штаб   бастығы   болып   келдім.   Бұл   дивизия   кейіннен   8-ші 
гвардиялық дивизия болып аталды да, Москва түбіндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін 
Қызыл   Ту   орденімен,   одан   кейінЛенин   орденімен   наградталды.   Мен   ұзақ   уақыт   осы 
дивизияда штаб бастығы боп келдім де, 1942 жылдың мартынан 1942 жылдың октябріне 
дейінгі шабуыл ұрыстарында осы дивизияның командирі болдым. Кезінде осы дивизияға 
командир   болған   генерал   Панфилов   та,   генерал   Чистяков   та,   осылардың   бірінші 
орынбасары және артынан осы дивизияның командирі болған менің өзім де Панфилов 
дивизиясы ардагер офицерлерінің бірі, қанды шайқастарда аға лейтенанттан полковник 
дәрежесіне   дейін   көтерілген,   қазір   де   аман-есен   қызмет   етіп   келе   жатқан   Бауыржан 
Момышұлының ұрыстарда бірнеше дүркін көрсеткен лайықты ерліктерін шегініс-шабуыл 
кездерінің   әр  түрлі  жағдайларына   байланысты,   дәл  уақытында   атап  көрсете   алмадық. 
Менің   мойнымдағы   әділеттілік,   адамгершілік   парызы   бұл   азаматтың   Отан   үшін   еткен 
ерліктерін осы хат арқылы сіздерге баяндай отырып, өтініш жасауыма мәжбүр етті. 
                    Бауыржан   Момышұлы   аға   лейтенант   кезінде   19-шы   гвардиялық   атқыштар 
полкының   батальон   командирі   болып   тағайындалды.   Батальон   командирі   кезінде   ол 
Москва түбіндегі 1941 жылғы маневрлі қорғаныс ұрыстарына 27 рет қатысты. Генерал-
майор Панфиловтың жау қоршауында қалып орындауға жүктеген арнаулы тапсырмасын 
іске   асыру   мақсатымен   5   рет   дивизиядан   бөлініп   дұшпан   әскерінің   сыртында   қалды. 
Арнаулы   тапсырманы   орындағаннан   кейін   ол   өз   батальонымен   қарамағына   берілген 
басқа бөлімшелерді қоршаудан ойдағыдай алып шығып, адамдар мен техниканы аман 
сақтап қалды. Атап айтқанда: 
     1) 1941 жылы 26. х-де Момышұлы жолдас, батальон командирі кезінде, оң жақ рубежде 
болған табан тірескен ұрыстардан кейін қоршаудан шығып, Волоколамск қаласына 690 
адамды, 18 артиллерия жегінін, 30 пәуескені аман-есен алып келді. Сөйтіп, 35 километрге 
созылған аралық рубежде ұйымдасқан түрде ұрыс жүргізе отырып, жау қоршауын бұзып 
өтіп дивизияға кеп қосылды. 
                   Бұл   күндерде   оның   Сафатова,   Миловани,   Рюховское   және   Спас-Рюхевское 
аудандарында   жүргізген   ұрыстарының   дивизия   үшін   ерекше   маңызы   болды.   Бұл 
ұрыстарда батальон Волоколамскіге шабуыл   жасап келе жатқан  жау колоннасының  ту 
сыртынан тиісіп, олардың ілгері басқан аяғын кері кетірді. Сөйтіп дұшпанның Валоколамск 

бағытындағы басты күшін 2 тәулік  бөгеп, дивизияның жау өкшелеп келе жатқан негізгі 
күшінің одан сытылып шығуына және уақытты ұтуына мүмкіндік туғызды. 1941 жылы 27. Х-
ден   1941   жылғы   15.ХІ-ге   дейінгі   Волоколамск   қаласы   үшін   болған   ұрыстарда 
Момышұлының   баталъоны   неміс   басқыншыларын   талқандауда   өзінің   әр   алуан 
қимылымен бірнеше рет көзге түсті. 
               1941 жылғы 16. Х-ден 1941 жылғы 15. XI-ге дейінгі барлық ерліктері үшін генерал 
Панфнлов 1941 жылы 7 ноябрьде аға лейтенант Момышұлын үкімет наградасына -Ленин 
орденіне ұсынған еді. Сол награда қағазының тағдыры осы күнге дейін мәлімсіз боп кетті 
де, Момышұлы жолдастың ересен ерлігі атаусыз қалды. 
       2)    1941   жылғы   16.   ХІ-ден   1941   жылғы   20.   ХІ-ге   дейін   Момышұлының   баталъоны 
Волоколамск тас жолының бойындағы Горюны деревнясы ауданында, Матренино темір 
жал   станциясында   тағы   да   жау   әскерінің   қоршауында   қалын,   қиян-кескі   ұрыс   жүргізді. 
Дұшпанның   Москваға   шабуыл   жасап   бара   жатқан   басты   күшін   қақ   ортасынан   бөліп 
тастады. Осы жағдайды пайдаланып дивизияның бөлімдері келесі рубежге сырғып барып 
бекініп алды. Момышұлы  батальонының  бұл қимылы  тағы да дивизияның негізгі күшін 
шабуылдан   келе   жатқан   дұшпанның   соққысынан   аман   сақтап   қалды.   Осы   ұрыстарда 
батальон 600-дей гитлершілдерді жер жастандырды, жаудың 6 танкін жойды. Сонымен 
қатар   6   станокті   пулемет,   12   қол   пулеметі,   8   радиостанция,   документ   тола   2   штаб 
машинасын қолға түсірді. Олардың ішінде Волоколамск тобының басты күштерін ашып 
беретін «Өте құпия» деген документтер де көп. 
                 Жау тылында дұшпанмен әлденеше рет шайқас жүргізіп, 1941 жылы 20. ХІ-де 
батальон   қоршауды   бұзып   шығып,   тағы   да   өз   полкына   келіп   қосылды.   Бұл   жолы 
Момышұлы   өзімен   бірге   350   адам,   2   зеңбірек,   16   пәуеске,   4   станокты   пулемет   алып 
шықты. Сөйтіп батальон дивизияның жауынгер бөлшегі болып, қайтадан сапқа тұрды.
3) Лопастино - он үй деревнясы ауданында 1941 жылы 25. ХІ-де Момышұлы бір ПТО, екі 
минамет, екі станокты пулеметпен қаруланған жарты взвод жауынгерлерді бастап дұшнан 
тұрағына түнде шабуыл жасап, 200 неміс солдатын жойды. Оның бұл ерлігі де ескерусіз 
қалды. 
    4) 1941 жылы 26. ХІ-ден 1941 жылғы 7. ХІІ-ге дейін аға лейтенант Момышұлы 1073-ші 
атқыштар   полкының,   қазіргі   19-шы   гвардиялық   атқыштар   полкының   командирі   болды. 
Момышұлының басқаруымен бұл полк мынадай нәтижеге жетті: 
       а)    Соколово   деревнясы   ауданында   1941   жылы   26-30   ноябрь   аралығында 
Момышұлының   полкы   төрт   тәулік   бойына   табанды   ұрыс   жүргізіп,   жау   авиациясының 
төпелей   бомбалауына   қарамастан,   дұшпанның   төрт   рет   жасаған   атакасын   тойтарып 
тастады. 
      б)     Крюково станциясы және елді пункті  үшін  болған  ұрыстарда  бұл полк дивизия 
жауынгерлік сапының қақ ортасында тұрып, 1941 жылғы 30 ноябрьден 7 декабрьге дейін 
дұшпанмен табан тірескен ұрыс жүргізді. 
                  1941 жылы 5. ХІІ-де ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерлік 
жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін» деп ол ұрыс даласын 
тастап кетуден бас тартты, сөйтіп 1941 жылғы 7 декабрьге дейін полкты жаралы күйінде 
өзі басқарды. 
                  Крюково үшін болған ұрыстарда дұшпанның бір полктай жаяу әскері, 18 танкі 
және   көптеген   техникасы   жойылды.   1941   жылы   8   декабрьде   полк   дивизияның   басқа 
бөлімдерімен бірге қарсы шабуылға көшті. Бұл жас офицердің осы ұрыстардағы ерлігі де 
елеусіз қалды. 
     в)    1942 жылдың қысқы шабуылында капитан Момышұлы жолдас бір жарым батальон 
атқыштарды   өзі   бастап   «Қу   бас»,   СС   дивизиясына   түнде   батыл   шабуыл   жасады.   Бұл 
ұрыста 1200 гитлершілдерді жойып, алты жолдың аузында тұрған Бородино, Барклавица, 
Трашково, Трохово, Конюшено, Вашково деревняларын басып алды. Сөйтіп, жаудың үш 
тәулік   бойына   Соколово   деревнясын   бермей   жатқан   Соколов   тобына   жаңа   күш,   қару-
жарақ жіберу мүмкіндігін жойып, 1942 жылы 6 февральда дивизияның өз міндетін орындау 
үшін алға басуына мүмкіндік туғызды. 

      г)     1942 жылы 8 февральда полктан қара үзіп қалған барлаушылар взводын іздеп 
келген Момышұлы бұл Шелудьково ауданында дұшпанның кейін шегініп бара жатқан 600-
дей адамы, 8 танкісі бар колоннасына тап болды. Момышұлының басшылығымен взвод 
тұтқиылдан шабуыл жасап, немістердің 200-дей солдатын жойды, маңызды оперативтік 
документтерін қолға түсірді. 
                 5) 1942 жылы 27. ІІ-дан 13. V-ға дейін қолайсыз жағдайда, орманды-батпақты 
жерде, Дубровка - Кобляки деревнялары ауданында үлкен кеңістікте қорғаныс шебін ұстап 
тұрған   Момышұлының   полкы   немістердің   1,   4,   5   авиа-жаяу   әскер   полктарының   отты 
қапшығының ішінде тұрып, жаудың жүздеген атакасын тойтарды. Дұшпанға бір адым да 
жер берместен, оны қатты қырғынға ұшыратты. 
               Момышұлының  жоғарыда аталған  жауынгерлік  еңбектерін  ескере отырып,  мен 
1942  жылы   августа   оган   Совет   Одағының   Батыры   атағына  награда  қағазын   толтырып 
берген едім. Одан да күні бүгінге дейін ешбір хабар-ошар болмай кетті. 
                 Момышұлының Отан үшін еткен ерліктері тек бұл айтылғандар ғана емес. Мен 
солардың   тек   басты-бастыларын   ғана   қағазға   түсіре   отырып   сіздерден   осыны   негізге 
алып,   ССР   Одағы   ордендерінің   статуттарына   сәйкес,   Момышұлы   жолдасты   өздеріңіз 
лайықты деп 
тапқан наградамен атап өтуді  өтінемін. Азаматтық, әділдік  парызы менен сіздерге осы 
ақиқатты айтып жеткізуді талап етіп отыр. 
                   Гвардия  полковнигі  Момышұлы   1910   жылы   туған,   ұлты   қазақ,   1942  жылдан 
ВКП(б)   мүшесі.   Отан   соғысына   1941   жылдың   сентябрінен   бері   қатысып   келеді.   Қызыл 
Армияда  -  1936   жылдан   қызмет  етеді.  1941  жылы   5.   ХІI  де   Крюково  ауданында   ауыр 
жарқаттанды. Оның қазіргі тұрағы: Москва қаласы, Кропаткин көшесі, 19, Қызыл Армия 
Бас Штабының Ворошилов атындағы академиясы. 
                   8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының бұрынғы командирі, гвар- 
дия полковнигі          Серебряков. 
                  8-ші   гвардиялық   дивизияның   кадрлар   бөлімінің   бастығы,   гвардия   майоры 
Кондрашев. 
               Серебряков пен Кондрашев жолдастардың қолын куәландырушы 
Қазақ ССР-інің Москвадағы тұрақты өкілінің орынбасары        Айтқұлов. 
17 июль 1944 жыл ». 
               Автор. Гвардия полковнигі Серебряковтың хаты осы, Бауке. 
                Бауыржан.   Рақмет.   -   Баукең   мұңды   үнмен,   даусын   сәл   төмендете   сөйледі.   - 
Серебряков деген өте бір парасатты адам еді. Ар мен әділдік дегенде жанын аямайтын. 
Иван   Иванович   адамға   жариялап   жақсылық   жасамайтын   кісі-тұғын.   Ал   жасаған 
жақсылығын   және   айтып   жатпайтын.   Әрқашанда   өзін   сабырлы,   байсалды   қалыпта 
ұстайтын. Бетіңе ойлана қарайтын да, үңдемей қоя салатын. Мен бұрын ондай адамның 
жүрегінен жылы сөз шығады-ау деп ойламаушы едім. Ол ойымның қате екенін мен одан 
Горюны-Матренино ұрыстарында, жеті түнде, жүрек тебірентер жылы хат алғанда ғана 
түсіндім.   Жақсылығын   сөзбен   емес,   іспен   дәлелдеп,   қиын-қыстау   кезде   қасыңнан 
табылатын қайран орыс ағам-ай! - деп мен сонда бір толғана тебіренген едім. Ал оның 
бұл   хатын   анна   жылы,   Панфилов   жетпіс   жасқа   толар   қарсаңында   ол   туралы   кітап 
жазамын   деп   материал   жинастырып   жүргенде   көрдім.   Подольскідегі   әскери   архивтің 
бастығы менімен танысқаннан кейін бізде 
Сіз   туралы   бір   керемет   документ   бар   деп   зор   мақтанышпен   әкеп   Серебряковтың   осы 
хатын   қолыма   берді.   «Топырағың   торқа   болғыр,   ақсақалым,   сен   менің   иықтағы 
періштемдей үнсіз 
жебеушілерімнің   бірі   болған   екенсің-ау!»   деп   іштей   толғана   оқып,   архив   бастығына 
қайтарып бердім. Сен мұны сол Подольскідегі архивтен алдырып отырсың ғой? 
                    Автор.   Иә,   Бауке.   -   Осы   арада   оның   мұншама   ерлігіне   сүйсінгендіктен 
аузымнан келесі сөздердің қалай шығып кеткенін де аңғармай қалдым. - Алла-ай, Бауке, 
фашистерді қойдай қырыпсыз ғой өзіңіз... - Осылай деуін десем де батыр шамданып қала 
ма деп, тез аузымды жаба қойдым. «Бәләй, бұрынғыдай іштей тебіреніп неге үнсіз отыра 
бермедім» деп өкіндім. Бірақ «құдай иіп» бұл жолы Баукең шамданбады.

Бауыржан.   Өйтпесек   жауды   жеңе   алмайтын   едік   қой,   қарағым.   -   Осылай   деп   жайлап 
айтып,   сәл   ойланды   да,   менің   бетіме   қарады.   -   Сен   өзің   де   фашистерді   аямаған 
боларсың? 
                    Автор. Мен бе? Мен зеңбіректен атып не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым, 
Бауке. Бірін Великие Луки түбінде, екіншісін Варшава маңында... 
                    Бауыржан.   Ол   да   аз   емес,   қарағым.   Сен   сияқты   солдаттың   әркайсысы   екі 
танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? - Баукең сәл ойланып, сұқ саусағын шошайтты 
да,   қайтадан   сөйледі.   -   Егер   сен   бір   рота   танкты   киратсаң,   онда   сен   өзіңді,   өзге 
жолдастарыңды, жанындағы жаяу әскерді жалмайын деп келе жатқан бойында мың аттың 
күші   бар,   салмағы   отыз   тонна   тажалды   құртқаның.   Өзің   ойлашы:   жайлауда   қаннен-
қаперсіз   отырған   ауылдың   үстінен   қиқулап   қуалап   кеп   мың   жылқыны   айдап   өтсе   ол 
ауылдын   адамдарынан   не   қалар   еді?   Түк   те   қалмас   еді.   Мың   жылқының   болат   тұяғы 
тепкілеп, түтіп өткен жерде тозаңнан басқа не қалушы  еді? Ал танк жылқы сияқты тек 
тұяғымен ғана таптап өтпейді, оның жан-жағына өлім шашып келе жаткан зеңбірегі мен 
пулеметі және бар. Танктен атылған снаряд өте ұшқыр келеді, бір секундта бір километр 
жерге жетеді. Оның стволынан минутына 5-8 снаряд атылады. Ал танктың пулеметі бір 
минутта  бір жүз оқ төгеді. Сонда  бір  танк  бір минуттың  ішінде екі жүзге  жуық   адамды 
жалмайды екен. Одан өткен тажал бола ма? «Бір танктың дөңгелегінде мың адамның 
тағдыры шыр көбелек айналады» деген солдаттардың нақыл сөзі болушы еді. Бұл солдат 
философиясы, жай долбармен айтыла салған сөз ғой. Әйтпесе сонау Шығыс Европаны 
табанымен таптап, Москваға дейін ізінен қызыл қан ағызып келген фашист танктерінің 
әрқайсысы мыңнан әлдеқайда көп адамды жалмағанына дау бар ма. Жарайды, солдат 
нақылының мөлшерімен-ақ есептейік. Егер сен Ұлы Отан соғысында екі танк қиратсаң, 
онда сегіз фашисті өлтіріпсің - бір танктың экипажы төрт адамнан болады. Ал екі мың 
отандасыңды   ажалдан   аман   алып   қалыпсың.   Бұл,   біле   білген   кісіге,   аз   еңбек   емес, 
қарағым. 
                     Автор. Апырай, а! - Мен желкемді қасыдым. Өйткені күні бүгінге дейін еліме 
мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім. «Көппен көрген ұлы той» дегендей, жұртпен 
бірге барып, жаумен төрт жыл соғыстым. Оқ тимеді, өлмей қалдым. «Қырық жыл қырғын 
болса   да,   ажалды   өледі»   деген   сол   шығар   деп   жүре   беретінмін.   Тіпті   өзімнің   соғыска 
қатысқаныма   ешқандай   мән   бермейтін   едім.   Соғыстан   келгеннен   кейін   орден, 
медальдарымды омырауыма тағып, ешқашан мақтанған емеспін. Енді міне, Баукең маған 
солдаттық еңбегімнің бағасын айтып бергенде кеудемді ойда жоқта мақтаныш кернеді. 
Зеңбірек расчетыммен жауып тұрған оқ астында ашық позиңияға шығып, жау танктерімен 
жекпе-жек шайқасқан сәттерден басқа, Калинин, 2-Балтық, 2-Белорусс  майдандарында 
жабық  позициядан жүздеген снаряд және аттым. Әрине, менің ол снарядтарымның да 
Ұлы Отан соғысына келтірген азды-көпті пайдасы бар... Жоқ, мен мұны Баукеңе айтқамын 
жоқ. Айтсам, мақтанғандай болар едім. Мақтансам, оным төсінде аққу жүзген айдын көлге 
батпағына бақа шомылған көлшіктің мақтанғанына ұқсар еді. Баукең мені ондай көлшік 
болуға қимады-ау деймін, сөзін тез ары қарай жалғап әкетті. 
                   Бауыржан. Ал Дубосеково разъезінің түбінде біздің 28 жауынгеріміз жаудың 50 
танкін   жойды.   Сөйтіп   олар   ең   кемі   елу  мың   адамды   ажалдан   құтқарып   қалды.   Өздері 
ерлікпен қаза тапты. Сол жиырма сегіз батыр өмірін сақтап қалған елу мың адам қазір 
150-200 мың боп өрбіді. Олардың ұрпағы мәңгіге ұласа береді. Мінеки, солдаттардың өз 
отандастарына   келтірер   пайдасы,   адамдардың   бір-біріне   өзара   қарыздарлығы   қандай 
десеңші!   Отан   соғысына   қатысып   келген   әрбір   азамат   өзінің   соғыстағы   еңбегімен, 
қарапайым ерлігімен елдегі талай адамдардың өмірін сақтап қалды. Қазір көшеде жұпыны 
киінген мүгедек жанды, балдаққа сүйенген ақсақ азаматты немесе білегіне қара протез 
жалғаған шолақ қол адамды көрсем, соларға қаншама қарыздар екенімді ойлап, басымды 
изеп,   иіліп   өтемін.   Өйткені   соғыстан   менің   он   екі   мүшем   аман   болғанымен,   мен   үшін 
басқалар жараланды. Мен аман келгеніммен, мен үшін өзгелер опат болды. Ал мен де 
өзгелер   үшін   қан   төктім,   солар   үшін   жараландым.   Адамдар   бір-біріне   өзара 
қарыздарлығын әрқашан да ойлай жүрулері керек. Әсіресе Отан соғысы ардагерлерінің 
еңбегін ерекше бағалай білу қажет. 

                   Осы сөзді балаға ғана емес, басқаға да айтып отыруымыз абзал. Ұлы Отан 
соғысына бүкіл Совет Одағы қатысқаны рас. Бірақ Совет Одағын қорғау үшін самолетпен 
«сүзісіп», танкпен тартысып, жаралы, жарасыз алғы шептен келген азаматтар да бар емес 
пе? Олар қазір көп те емес. Олардың мұқтажын ескермеуге болмайды! Понятно тебе? 
                 Автор. Рас айтасыз, Бауке. Енді бір сұрақ: полковник Серебряков соғыстан кейін 
қайтыс болды ма? 
                   Бауыржан. Иә, соғыстан соң бір-ақ жылдан кейін. 
                   Автор. Қайда? 
                   Бауыржан.   Москвада.   Сүйегі   Новодевичье   зиратына   жерленді.   Маркұмды 
қойысуға мен қатыса алмадым. Кезінде хабар жетпеді, кейін естідім. Артынан, жауынгер 
жолдастары бірігіп, басына шағын ескерткіш орнаттық. Ескерткіш ашылар алдында арнап 
Москваға бардым. Марқұмның зайыбына көңіл айттым, қабірінің басына гүл қойдым. Әйелі 
байғұс разы болып қалды. 
                    -  Валентина   Николаевна,   -  дедім   содан  кейін,   -   қазақ   дәстүрі   бойынша   бір 
жылдан кейін өлген адамға ас береді. Иван Иванович қайтыс болғалы бір жыл болды. 
Ертең,   басына   ескерткіш   орнатылғаннан   кейін,   Иван   Ивановичтың   ең   жақын   достарын 
үйіңізге 
шақырыңыз. Мен ас беремін. 
                     Серебряковтың жесірі сенер-сенбесін білмей, абыржып қалды. 
                    - Ой, Бауыржан, оған көп қаражат керек кой, - деді басын шайқап. 
                    - Оған қысылмаңыз, қаражатын мен көтеремін. Достарыңыздың тізімін жасап, 
бүгін хабарлап қойыңыз, - дедім. 
                   Полковник Серебряков соғыстан бұрын Бас штабтың тамаша мектебінен өткен 
кісі   екен.   Қырық   бірінші   жылы   316-дивизия   жасақталғанда   Иван   Иванович   Алматыға 
Москвадан,   Бас   штабтың   өзінен   келіпті.   Соғыстан   кейін   ол   ГУК-те   басқарма   бастығы 
болып   қызмет   істеді.   Қабір   басына   ескерткіш   орнатылғаннан   кейін,   Бас   штабтағы   ескі 
достары мен ГУК-тағы жаңа жолдастары тегіс Серебряковтың үйіне жиналды. Олардың 
ішінде сен 
білетіндерден генерал-полковник Иван Михайлович Чистяков болды. Мен әкемдей болған 
Панфиловқа   ас   бере   алғамын   жоқ,   соғыста   жүрдім.   Ал   Серебряковтың   асын   осылай 
өткіздім. Айта кететін бір өкінішті жай Иван Ивановичтың артында ұрпақ қалмады. Әйелі 
құрсақ көтермеген кісі екен, баласыз өтті. 

             Автор. Ал, Бауке, Серебряков ақсақалдың Сіз туралы жазған тағы бір жауынгерлік 
мінездемесін таптым. Соны оқып шықсам қайтеді? 
                     Бауыржан. Оқығын. 
                     Автор. Бұл полковник Серебряковтың өткен жолы өзіңізге көрсеткен жоғарыға 
жолдаған   хатынан   екі   жыл   бұрын   жазылған   екен.   Мұнда   былай   делініпті:   «Совет 
Одағының   Батыры   генерал-майор   И.   В.   Панфилов   атындағы   Ленин   және   Қызыл   Ту 
орденді 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 1073-ші гвардиялық атқыштар полкының 
командирі - 
майор Момышұлы Бауыржанға 
ЖАУЫНГЕРЛІК МІНЕЗДЕМЕ 
                       1910 ж. туған, 1942 жылдан ВКП(б) мүшесі, ұлты қазақ, әлеуметтік жағдайы 
қызметші, жалпы білімі орта, әскери білімі - бір жылдық, Қызыл Армияда 1932 жылдан 
1934   жылға   дейін,   одан   соң   1936   жылдан   күні   бүгінге   дейін   қызмет   етіп   келеді,   1941 
жылдың сентябрінен бері майдандағы армия қатарында. 
                         Момышұлы жолдас 8-ші гвардиялық дивизияда ол алғаш ққрылған күннен 
бастап қызмет істейді. Осы дивизияның құрамында ол жауынгерлік даңқты жолдан өтті. 
                       Советтік Отан үшін ұрыстарда Момышұлы жолдас өзін Лениннің ұлы ісіне 
берілген қайтпас қайсар әрі батыр командир ретінде танытты. 
                       Момышұлы жолдас тактикалық жағынан жақсы әзірленген, оның үстіне неміс 
фашистерімен кескілескен қанды ұрыстарда, нақты істе өз білімін одан әрі көтеріп, сан 
қилы ұрыстарда оны ойдағыдай қолдана білді. 

                       1941 жылдың июль-сентябрінде атқыштар баталъонының командирі болған 
кезінде аға лейтенант (қазір майор) Момышұлы жауынгерлер мен командирлерді Отанды 
шексіз   сүюшілікке   тәрбиелеп,   өз   батальонының   адам   құрамының   жауынгерлік   әзірлігі 
жақсы дәрежеге көтерілуіне жетісті. 
                      1941   жылы   октябрьде   Москва   үшін   болған   ұрыстарда   Момышұлы   жолдас 
басқарған батальон жаумен арыстанша алысып, оған ойсырата соққы берді. 
                       1941   жылы   ноябрьден   бастап   Момышұлы   жолдас   1073-ші   полктың 
командирі. Бұл полктың құрамы Батыс майданда дұшнанның алға ұмтылган екпінін тежеп, 
оның адамдары мен техникасын ойсырата жойды. 
                       Дивизияның басқа бөлімдерімен қол ұстаса отырып, Момышұлының полкы 
неміс басқыншыларын Москва түбінде талқандауды бастаған (Волоколамск бағытында) 
бөлімдердің бірі болды. 
                       1942 жылдың қысы мен көктемінде Калинин майданында, қалың қар, қатты 
аяздарда, одан кейін батпақты жердің көктемгі лайсаңында 1073-ші гвардиялық атқыштар 
полкы шабуыл ұрыстарын жүргізе отырын, мыңдаған неміс солдаттары мен офицерлерін, 
дұшпанның   көптеген   танк   пен   автомашинасын   және   басқа   әскери   техникасын   жойды, 
ондаған селолар мен деревняларды азат етті. 
                      Дивизиямыздың ел алдындағы жалпақ жұртқа мәлім ерлігі, оның гвардиялық 
дивизия   болуы   және   Қызыл   Ту,   Ленин   ордендерімен   наградталуы   майор   Момышұлы 
басқаратын 1073-ші атқыштар полкының жауынгерлік табыстарымен тығыз байланысты. 
                      Майор Момышұлы Совет елінің намысы мен тәуелсіздігін қолына қару алып 
қорғап   жүрген   қазақ   халқының   адал   ұлы.   Осы   халықтың   ең   таңдаулы   өкілдерінің   бірі 
ретінде біз оны наградаға ұсынамыз. 
Дививия командирі                                Дивизия военкомы 
полковник СЕРЕБРЯКОВ, полктық комиссар ЛОБОВ, 
Дивизия штабының бастығы 
подполковник ГОФМАН. 
...июнь 1942 жыл». 
                   Июньнің қай күні екені өшіп қалыпты, мен айқындап ажырата алмадым. Осыған 
байланысты бір сұрағым бар, Бауке. 
  
II 
                     Бауыржан. Қойғын сұрағыңды. 
                     Автор. Сізге 1942 жылы 6 июньде Қызыл Ту ордені берілген. Бұл мінездеме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет