ба?»
- Шынымды айтайын ба?- деді Бауыржан оған.
- Тек кана шыныңызды айтыңыз, - дейді журналист жымиып.
Бауыржанның үстелінің үстінде үлкен бір пышақ жатыр екен. Ол көзі аларып, мұрты
тікірейіп, сол пышақгы бас салады да, орнынан шапшаң атып тұрып, журналистке қарай
құлаштап сермеп кеп қалады. Жаңа ғана күліп отырған журналистің түсі құп-қу боп кетіп,
орындығымен шалқасынан кұлап түсе жаздайды.
- Сіздің бірінші сұрағыңызға жауап бердім ғой деймін. - Бауыржан осылай деп
журналистке бас иеді. Журналист апалақтап басын изейді. - Енді екінші сұрағыңызды
қойыңыз, - деп қолындағы пышақты үстелдің шетіне лақтырып жіберіп, орнына отырады.
Бауыржанның бұл оқиғасын бізге сол сәтте оның қасында болған бір жазушы айтып
келген еді. Сол ойыма түсіп күліп жібере жаздаған мен тез ернімді жиып, Бауыржанға
былай деп бірінші сұрағымды қойдым:
- Сіз бала күніңізде қандай кітаптарды қызыға оқыдыңыз, Бауке?
Бауыржан. Сен бұл сұрағынды «бала күніңде және ересек кезіңде» деп қойғын. Мен
бәріне бір-ақжауап берейін.
Автор. Солай болсын онда.
Бауыржан. Мен жас кезімде де, ересек күнімде де кітапты көп оқыдым. Осы күнге дейін
кітаптан бас алмаймын. Құныға оқығандарым франңуз, орыс және испан классиктерінің
кітаптары. Диккенсті түсінбедім, аяғына дейін оқи алмадым. Менің кітапты көп оқуыма
негізгі себеп қызмет бабына байланысты үнемі жалғыз жүруім болды. Мәселен, мен бес
жыл
Қиыр Шығыста, Тайгада жүрдім. Күндізгі қызмет біткеннен кейін кешке үйде жалғыз
каласың. Осы жалғыздықты жою үшін әдебиетті көп оқуға машықтандым. Казақ
жазушыларының арғы-бергілерінің бәрін де оқыдым. Жә, енді мен саған жаңағы негізгі
әңгімемнің желісін жалғастырайын.
1928 жылы Шымкентте жетіжылдық мектепті бітірдім дедім ғой. Осы күнгі КазПИ ол
кезде Орынборда еді. Аздап оқудың дәмін татып алғаннан кейін енді соған түсіп оқығым
келді. «Ойладың - орындадың» деген сөз бар емес пе орыста. Сол айткандай, ойға
алуым-ақ мұң екен, Орынборға тарттым да кеттім.
Орынбор деген жер суық болады екен. Жұка киіммен барған мен дірдектеп, жанымды
коярға жер таба алмай жүрдім. Институттың директоры Тоқтыбаев деген қазақ екен. Бір
күні бүрсеңдеп институтқа кіріп келе жатыр едім, сол кісі кездесе кетті де:
- Әй, қарағым, бері келші,-деп мені кабинетіне ертіп апарды. Тоқтыбаевтың үнемі
маған көзі түсіп, күйсіз жайымды аңғарып жүреді екен. Ол бірден өз ұсынысын айтты. -
Мына киіміңмен, шырағым, сен Орынборда оқи алмайсың, ауруға шалдығуың мүмкін.
Адамға алдымен денсаулық керек. Мә, мына қағазды бухгалтерге апарып, ақша ал да,
еліңе қайт. Мінеки, мен ВУЗ-дың есігін осылай жаптым.
Сонымен, сорайьш Жуалыдағы ауылға қайтып келдім. Келе сала әкемнің 2-3 қойын
сатқызып, кебіс кидім, пальто, малақай сатып алдым. Өстіп, шыт жаңа болып киіндім де,
гүбірналық (ол кезде Жамбыл, Шымкент, Кызылорда үшеуі бір гүбірна болатын) оқу
бөлімінің бастығы Әшіров деген кісіге келдім. Оған өзімнің жеті класс бітіргенімді, тұрмыс
жағдайыма байланысты Орынбордан қайтып келгенімді айтып, қызмет сұрадым. Әшіров
қуанып кетті.
- Сен сияқты білімі бар қазақ баласын іздеп таба алмай жүрміз ғой, шырағым-ау. Кәне,
мен сені мұғалім етейін, - деп қолыма бір жапырақ қағаз жазып берді. Сөйтіп, екі жыл
бастауыш мектепке мұғалім болдым.
Ол тұс ел басқару ісіне баулу үшін жергілікті ұлт адамдарын жоғары қызметтерге көтеріп
жатқан шақ еді. Біздің Бурныйда да икемі бар қазақтарды жоғарылата бастады. Бір
жақсысы олардың орынбасарлары мамандар, орыстар болатын. Білімі аз басшыға істің
мән-жайын солар үйретіп отыратын. Сол тұста бір күні менің де жоғарылап шыға келгенім
бар емес пе. Ол былай болды.
Ол кезде райкомда да екі-ақ адам: секретарь мен есепші, райисполкомда да екі-ақ адам:
председатель мен жауапты секретарь жұмыс істейтін. Райкомымыздың секретары
Кабаков деген кісі де, райисполком председателі Дүйсенғали Бурабаев деген семинария
бітірген бұрынғы мұғалім еді. Аудандык атқару комитетінің жауапты секретары Губанов
деген адам орнынан түсіп қалды да, райком мен райисполком оның орнына кандидатура
таба алмай састы. Бурабаев өзі бұрын мұғалім болған соң ба, кім білсін, әйтеуір, маған
тоқтаса керек. Сонымен мені, ай-шайға қаратпастан, аудандық атқару комитетінің
жауапты секретары етіп тағайындап кеп жіберді.
Жауапты секретарьдың жұмысынан еш хабарым жоқ. Әйтеуір, оңаша кабинетім бар.
Қалқиып сонда отырамын. Оңаша отырғаннан кейін менің не істеп, не тындыратынымды
ешкім біліп жатқан жоқ. Сырт жұрт осы бірдеңе бітіріп отыр деп ойлайтын шығар.
Ал ештеңені де ұқсата алмағаным өзіме аян. Бурабаев маған анна мәселе, мына мәселе
жөнінде аудандық атқару комитетінің қаулысын, шешімін шығар, ана жерге қатынас жаз,
мына жерге жарлық жібер дейді. Мен олардың қалай жазылатынын да білмеймін.
Бірдеңелерді нобайлап, осылай болар деп тұспалдап, Бурабаевқа алып барамын.
Бурабаев ұстамды педагог еді. Менің жазғандарымды алдына алып отырып, маған
ұрыспастан, ренжіместен ерінбей соларды бірі кызыл, бірі көк түсті қарындашпен
түзететін де отыратын. Мен Бурабаев қып-қызыл ала етіп берген документтерді қайта
көшірумен күн өткізетінмін. Содан кейін әр документтің соңына аудандык атқару
комитетінің председателі Бурабаев деп
қол қояды, жауапты секретары Момышұлы деп мен кол қоямын.
Ал шындығына келгенде, аудандык атқару комитетінің председателі де, секретары да
Бурабаев еді. Не керек, ақыры Бурабаев мені үйретіп шығарды. Сөйтіп, мен үш жыл
аудандық атқару комитетінің секретары болдым.
Мен сол Бурабаевты күні бүгінге дейін ұмытпаймын. Менің орысша сауатты болуыма, іс
қағаздарын дұрыс жазуыма сол кісі көмектесті. Жалғыз іс қағазы емес, менің газет, кітап
оқып өсуіме де сол кісі жетекшілік жасады. Оқитын кітаптардың тізімін беріп, не
оқығанымды тексеріп, газеттерден не оқып, не қойғанымды үнемі қадағалап, өзімді
ысылдырып адам етті.
Автор. Сіз сол кездерде кім болсам деп арман еттіңіз?
Бауыржан. Мен ол кездерде тек қана қатарымнан қалмауды ғана ойладым.
Автор. Әскерде, соғыста кандай кітаптар оқыдыңыз? Қандай
жағдайда, қалай оқыдыңыз?
Бауыржан. ...Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» мен «Севастополь әңгімелерін»,
Пушкин мен Лермонтовтың әскери прозасын, адмирал Нахимовтың, адмирал
Макаровтың, ағылшын адмиралы Нельсонның кітаптарын, казак кітаптарынан мен
Абайды ешқашан да жанымнан тастаған емеспін. Мен Абайды ақын деп қана емес,
ойшыл, философқа балап оқыдым. Барлап қараған және әскери көзбен караған кісіге
Абайдың өзі қып-қызыл соғыс. Рас айтамын. Мәселен, оның «Жасымда ғылым бар деп
ескермедім» деген өлеңін алшы, жатқан соғыс емес пе?
Автср. Сіздің көзіңізбен қарағанда солай шығар, Бауке?
Бауыржан (алая қарап алып, сөзін ары карай жалғады). Москва түбінде тұрғанда
Қазақстаннан алдырып, Шоқан Уәлиханов шығармаларының ертеде шыққан басылымын
оқыдым. Ал «Абай» романының бірінші кітабы менің қолыма соғыста жүргенде тиді. Өз
қолымен автограф жазып оны Мұқаңның өзі жіберді. Мен оны оқып шығып, Мұкаңа
арабша 6 бет хат жаздым. Мұкаң менің кітапқа берген бағама разы болып, 3 бет жауап
жолдады. Содан соң Сәбит автограф жазып «Жұмбақ жалауын» жіберді. Мен оны сонау
Қиыр Шығыста жүргенде оқыған едім. Бұл білетін адамдардың жібергендері. Ал мен
мүлде білмейтін адамдардан және 2 кітап алдым. Олар Омар Һайямның өлендер жинағы
мен Сағдидің «Бустан» атты кітабы. Екі кітапты жіберген де Москва әйелдері екен.
Олар мен жайында журналдан окып, қолдарына түскен бұл кітаптарды маған сыйлық
ретінде жолдапты. Олардың біреуі былай деп хат жазыпты: «Сіздің Москваны қорғаудағы
ерлігіңізге сүйсініп және Сізді өз үйіміздің ең жақын жанашыры деп есептеп, қолыма бүгін
ғана түскен осы кітапты Сіз оқысын деп жолдап отырмын». Екеуін де оқыдым. «Бустан»
кітабы әлі күнге дейін бар. Омар һайям кітабын жоғалттым.
Автор. Екеуі де әйел дейсіз бе?
Бауыржан. Иә, әйел деген ең сезімтал халық кой. Бұл менің әскерде, соғыста қандай
кітаптар оқығаным жайында. Ал енді қалай оқыдың дейсің ғой? Уставта «Командирдің
ойы» деген тарау бар. Оның мәні командирдің алған бұйрығын саналы түрде жүзеге
асыруы үшін оның ойланып, толғануына уакыт беру деген мағынаға саяды. Мен қатал
болғаныммен ұшқалақ командир болғаным жоқ. Бұл мақтан емес. Мен үлкен командирдің
өзінен кіші командирлердін соңынан қалмай қайта-қайта өкшелей бергенін ұнатпаймын.
Бұйрығынды бер. Оның ойлануына уакыт қалдыр. Орындалғанын уакытында тексер.
Менің қағидам осы. Солдаттар мен командирлер арасында 3-4 сағат болып, тиісті
бұйрығымды бергеннен кейін мен жертөлеге қайтамын. Келемін де жазбаларымды
жазамын. Аяқталмаған кітаптарымды оқып бітіремін. Ал мен еш кітапты сызып, белгі
салып оқыған кісі емеспін. Олай ету адамның ойын бөледі. Ол кезде мен стильге назар
аудармайтынмын. Оқырман ретінде ғана оқитынмын. Онда оқығанымның бәрі тасқа
түскен бедердей болып, ойымда ұмытылмай сақталып қалатын. Уставтың кез келген
статьясын, кез келген қолбасшының нақыл сөздерін жатқа соға беретінмін. Бұл сұрағың
бітті ме? Енді ары қарай кетейік.
- Иә, райисполкомда үш жыл секретарь болдым, Бурабаев маған ұстаздық етті дедім
ғой. Содан кейін Жуалыға тағы да екі аудан қосылып, аудан үлкейді де, енді
райисполкомға председатель болып Таран Бердібаев деген кісі келді. Ал аудандық
партия комитетінің секретары болып Ефимов деген жолдас тағайындалды (кейініректе
Хабаровск өлкелік партия комитетінің секретары болатын осы Ефимов). Мен жаңа
председателім Бердібаевқа
жақпадым. Өзі сауатты кісі еді. Мен бірдеңені қате істесем, ол үйретудің орнына
тыржиятын болды. Үйретуге үйреніп қалған басым, мен де тырсия қалып жүрдім. Ақыры
ол мені секретарьлықтан босатуға айналды. Сол кезде мені Ефимов шақыртты. Соның
алдында ғана аудандық милиция бастығы орнынан түскен еді. Ефимов маған соның
орнын ұсынды.
- Бұл менің қолымнан келе ме? - дедім оған.
- Келеді. Сенің қолыңнан одан басқа да талай жұмыс келеді әлі, - деп күлді Ефимов.
Тегі ол Бердібаев екеуіміздің шәлкем-шалыс келе беретінімізді естіген болуы керек. - Сен
жассың, жігерің бар, әлде, жоқ па жігерің?
- Бар, - дедім мен.
- Мен соны біліп айтып отырмын ғой,-деді Ефимов әзілдеп. - Тек жігерің ғана емес,
сенің айдының, айбының да бар. Даусың да гүрілдек...- Ол сақылдап күліп алды, күлкісінің
өзімен адамды еліктіріп әкететін кісі еді. Сонсоң арқамнан кақты. - Сен шамданып қалма,
әзілді түсінесің ғой өзің?
V
- Түсінемін,-дедім расында да шамдана бастаған мен.
- Ал әзілді түсіне білу қазіргі милиция бастықтары үшін ен керекті қасиет. Осы
қызметке бар, жолың болсын. Ал Бердібаев өзінің қалаған адамын хатшы етіп алсын.
Осыдан кейін Ефимов милиция бастығының орынбасарларын шакыртты. Олар менен
үлкен адамдар екен. Ефимов соларға тапсырма берді.
- Бала демей, бағынындар. Көмектесіндер, - деді.
Сөйтіп, мен алты ай милиция бастығы болдым. Сүзекпен ауырып, ол қызметтен өзімнен
өзім түсіп калдым. Одан бұрын бастық болған кездегі бір хикаямды айтып берейін.
Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер жөніндегі
тергеуші бар еді. Ол өзі бір өте білімді юрист болатын. Аудандык милицияға мен бастык
болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп қалды. Мен бұрын ол кісіні көрмегенмін.
Қаперімде түк жок, кабинетімде отыр едім, бір тәпелтек кісі кіріп келді. Сәлемдескеннен
кейін бас-аяғыма қарап алды да:
- Шырағым, милиция бастығы кайда екен? - деп сұрады. Тегі менің түріме карап,
бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас милиционерлердің бірі шығар
деп ойлаған болуы керек.
- Мен, - дедім орнымнан тұрып.
Ол кісі маған документін керсетті. Сөйтсем Емельяновым осы кісі екен. Бастық
болғанымның өзіне 5-6 ғана күн болған. Не бар, не жоқты білмейтінмін.
- Ендеше барып түрмені көрейік, - деді ол.
Келдік. Көрдік. Адам деген бықып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп, не үшін
жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықтык. Қорада 69 ат байлаулы тұр.
- Бұлар кімдікі?
- Түрмедегі қазақтардікі.
- Аттарын неге қайтармайсындар? - дейді Емельянов.
Оны да ешкім білмейді. Емельянов мені ертіп, қайтадан кабинетке келді. Содан кейін
сабырмен кодексті алып керсетті де, түсіндіре бастады.
-Түрмеде 250 адам жатыр, - деді ол. - Осының көбіне қамауға берілген санкция жоқ.
Заңсыздық, совет заңын бұрмалаушылық деген осы болады. Адамды қылмысы болса
түрмеге қамауға болар. Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды қайдан тапқансыздар?
Меніңше милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың бәрін айдап әкеп түрмеге қамай
берген. Ал протоколсыз бір адамды түрме босағасын аттатуға қақыларыңыз жок. Әрине,
бұл сіздің кінәңіз болмас, сіз жаңадан ғана тағайындалған екенсіз. Енді осы адамдардың
қаншасына протокол жасалған екен? Соларды тексертіп, осында алдырыңызшы.
Мен аппаратымды шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айттым. Жұрттың бәрі
Емельяновтан корқып зыр жүгірді. Тексерсек 50 адамға протокол жасалыпты.
- Протоколсыз жатқан адамдардың бәрін де қазір өзіңіз барып, түрмеден
босаттырыңыз,-деді Емельянов маған. - Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап
шығайын.
Мен барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырдым. Қазақтар өздерінің
босағандарына сенер-сенбестерін білмей, маған қайта-қайта жалтақтап қарай береді.
- Қарағым, сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді, - деп маған рақметті үсті-
үстіне жаудырып жатыр. Аттарының жанына жетіп, жалына колы тиісімен ырғып мініп,
«Осы пәлелерден шынымен құтылдық па, жоқ па?» дегендей, арттарына жалт-жалт
қарасып, дала қойнына сүңгіп, ызғытып кетіп жатыр, кетіп жатыр. «Ей, момын халқым, -
деймін мен олардың сондарынан қарап тұрып, - «Сен келмесең, біздің босанатын түріміз
жоқ еді» деп, сендер маған разы болып барасындар. Іштеріндегі көзі ашық деген менің
өзім сендердің ақ, қараларыңды айыра алмай, қанша күн босқа қамауда ұстадым. Егер
Емельянов келмесе өздеріңнің әлі қанша күн жатарларынды білмей, мені босқа мақтап
барасыңдар-ау».
Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп, тағы да жиырма адамды
босаттырды. Содан соң ол жиналыс өткізіп, бізге социалистік зандылық туралы лекция
оқыды. Совет азаматтарынан заңсыз бір адамды түрмеге отырғызған адам өзі түрмеге
қама-
лады деді. Бәріміздің зәреміз ұшты. Әпербақан милиционерлер моп-момақан болып
қалды. Осыдан кейін кылдай қиянат көрсем, қылыштай кырқып отыруға бекіндім. Әр түрлі
кодекстерді оқып, оның әр статьясына зер сала бастадым.
Автор. Сізді біреулер теріс азу, тентек атағысы келген бе, осы калай өзі, Бауке?
Бауыржан (ойланып, мұртын тістеледі. Қабағын түйіп, басын көтерді). Мен 25 жыл әскерде
болдым. Біле білген кісіге бұл үлкен университет. Ең алдымен мен коммуниспін. Осы 25
жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол
астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Талай ұлттың өкілдеріне командир болдым,
тәрбиеледім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен істес
болғанымды өзіме ерекше бір мектеп деп бағалаймын. Себебі, чуваш мынадай екен-ау,
кырғыз мынадай болады екен-ау деп ойланасың. Анна халық анадай дәстүрін
қастерлейді, мына халық мынаны құрметтейді екен-ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл
ішінде қара мағымда болған үстеріне шинель киген солдаттар аркылы Совет Одағының
барлық халықтарының жанын ұқтым деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері -
іштерінен шыққан балалары-менің алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге
байлай отырып,
мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз
халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін
жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп,
жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай
жазғанмын: «Өз халкын кұрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол
сөзімді әлі де кайталаймын. Өйткені, Энгельс айткандай, өз елінің бағасын білген адам
ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз
халкына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын
сүюші адам- мын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен
кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен
фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен
жақсы көріп соғыстым! Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген
сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне
ектім! Білегіне емес!
(Көйлегінің оң жақ жеңін түріп жіберіп, бала күнінде білегіне еккен шешектен қалған екі
дақты көрсетті.) Міне, мынау емес, бұл - дәрігерлердің жұмысы. Ал мен олардың жүрегіне
ектім.
Бағана да айттым: мен нацистерге қарсы 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің
құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған жанмын. Ендеше, мен қалай теріс азу
тентек боламын?! Дауысымның қаттырақ шығып кеткеніне кешірім еткін сен. Ол кезде
менің
Қазақстанға хат жазып, халық ақындарының айтысын ұйымдастыру керек, бұл халықтың
рухын көтереді дегенім кейбір жеке адамдарға ұнамаған болар. Кейбір ұлттық
киімдеріміздің үлгісін сақтау, үлкенді құрметтеу, ананы ардақтау, ағаны қадірлеу сияқты
жақсы дәстүрлерімізді жандандыра беру жайындағы пікірім жақпаған шығар. Менің мұным
көп халықты мемлекетіміздің түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетіне, салт-
санасына
өзіміздің ұлттық үлесімізді қосайық деген игі тілек еді ғой. Мен кеше, кырық төртінші жылы
осыны айтып едім ғой.
Бауыржан осыны айтты да, ақ мүштікке сигарет сұғып, темекісін тұтатты. Мен оның
айтқанына ілесе алмай, бұқиып қағазымды жазып жатгым. Мені қозғағысы келмеді-ау
деймін, ол темекісін аузына тістеген күйі, ұзын екі қолын төсекке тіреп, жайлап көтеріліп,
есіктен шығып кетті.
Онын соңғы сөздерін жазып болған соң, менің есіме сол жылдары сонау соғыста жүргенде
естіген кейбір әңгімелерім түсті.
Бұл өзі бір жағынан казақтың «ұзын құлағының» соғыс сияқты қиын кезенде де, жердің
алыстығына қарамастан, өз қызметін адал атқарғандығының айғағы іспетті де. Сол ұзын
құлақтың окопқа әкелген хабарының бір тарауында Бауыржанның Алматыға барғаны,
қонақта болған үйлерінде парасатгы сөздер айтқаны баяндалатын. Мәселен, Бауыржан
бір кісінің үйінде болған екен дейтін ұзын кұлақ. Сонда Бауыржанға бір тарелканың үстіне
бір тарелканы қойып, оның үстіне бір кішкентай тарелканы орналастырып, соған кішкентай
ғана ас салып ұсынған екен дейді. Бауыржан сонда бос тарелкаларды бірінен соң бірін
сырғытып тастап, алдына ас салынған кішкентай тарелканы ғана қалдырып: «Осы үйдің
тамағынан табағы көп пе деймін» деген екен әзілдеп.
Сағатыма қарасам тура бір жарым болған екен. Осы кезде кухня жақтан Бауыржанның
мені шақырған даусы естілді:
- Әй, қарағым, ауқатқа келгін, шаршадың ғой, - деді ол.
Бұл сәтте Бауыржан маған катал командир ролінен қамқор әке роліне ауысқан сиякты боп
сезілді.
VI
Түскі астың алдында қол шаятын жер іздей жүріп, Бауыржанның бөлмелеріне көз
жүгірттім. Пәтердің Фурманов кешесі жақ бөлегінде кең үлкен бөлме бар екен. Сервант,
телевизор сонда тұр. Ас ішетін бөлмелері осы болар деп жорамалдадым. Оның ар
жағында тағы бір бөлменің есігі көрінеді. Ол жатын бөлме болуға тиіс деп ойладым. Сонда
бұл пәтер негізінен төрт бөлмелі сияқты. Осы арада Бауыржанның бұл үйді қалай
алғандығы жайында жұрт аузында жүрген мына әңгіме ойыма түсті.
Бауыржан бұрын Дзержинский көшесінде, шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық
советтен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық советтің кызметкері телефон соғып,
сіздің өтінішіңіз орындалды, келіп кең пәтердің ордерін алыңыз дейді. Бауыржан барып
бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында
мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
- Неге мұңайып тұрсыз, шешей? - дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына
тоқтап.
Әйел қалалық советтің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірак дәл
ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.
- Маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті.
Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді,-дейді.
Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты
едірейіп, электр сымының біріне бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете
қалады.
- Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз - пәтеріңіз өзіңізге тиеді,-
дейді де Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан калалық советке
тартады.
- Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, - дейді ол бағана қолына
ордер ұстатқан қызметкерге келіп.- Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерді бұрын уәде
етілген адамдарға беріңіз!
Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып береді. Қалалық совет кызметкері
қалбалақтап:
Достарыңызбен бөлісу: |