Автор. Өткен жолы Сіз Панфилов дүниеден қайтып, дивизияға
Чистяков келгенге дейін жетім баладай қам көңіл күйде едік дедіңіз ғой.
Оның мəнісін айтыңызшы.
Бауыржан. Оның мəнісі мынадай. Панфилов 1941 жылы 18 ноябрьде
опат болды. Чистяков біздің дивизияға 1942 жылдың 18 январында келді.
Осы екі айдың ішінде бірінен соң бірі екі командир ауысты.
Тұлпар
дивизияның тегеуірініне шыдамады. Өйткені олар Тайбурылдың тізгінін
ұстаған Қобыланды емес-ті. Ол екеуінің бірі аса ұшқалақ кісі болып
шықты.
Ұшқалақтығы сондай, əркімге шіңкілдеп соқтыға берді. Маған:
«Сен Панфиловтың еркесісің. Сендей еркенің енесін ұрамын!» деп
ұрынды. Тегі ол менің батальонымның қынаптағы қылыш сияқты,
Панфиловтың резервінде болғанын, ал
генерал қылышын қынабынан
қиын-қыстау кездерде суырып қиямет кезеңдерге сілтегенін айтатын болар.
Автор. Сіз өзіңіздің «Москва үшін шайқас» кітабыңызда дивизия
командирлерінен тек Панфилов пен Чистяковты ғана көрсетіпсіз. Оның
осындай себебі бар екен ғой:
Бауыржан. Иə...
Автор. Сіз атын айтпасаңыз да мен түсініп отырмын, Бауке.
Панфиловтан кейін екі айда ауысқан екі командир Шелудько мен Ревякин.
Сіз алдыңғысын айтып отырсыз ғой?
Баукең бетіме ажырая қарады да, үндемеді. Сөзін əрі қарай жалғады.
Бауыржан. Соғыста кімді кім еркелетеді?
Соғыста өзге емес, өз балаңды
да əлдилей алмайсың. Панфиловтың мені еркелетпек тұрғай,
қарамағында
солдат боп жүрген туған қызынын да маңдайынан сипауға мұршасы болған
жоқ. Ал соғыс еркелікті емес, ерлікті ұнатады.
Соғысқа ерке емес, ел
бастайтын серке керек. Міне, осыны ұғуға миы жетпеді ғой оның.
Автор. Мен Сіз жайында, 8-гвардиялық дивизия туралы архивтен
көптеген
материал көшіріп алдым, Бауке. Сонда Сіздің атыңызға жазылған
мынадай əрі бұйрық, əрі жолдама қағаз бар:
Достарыңызбен бөлісу: