Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, құралдары және әдістері


Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы — айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық кұбылыс. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды



бет2/2
Дата10.05.2022
өлшемі134,38 Kb.
#33844
1   2
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы — айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық кұбылыс. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі — ойын. Ол — баланың ерекше әрекеті. Ойында бала айналасындағы дүние жайлы өз түсінігін сәулелендіреді, білімін көрсетеді, жолдастарымен пікір алысады.

Ақыл-ойды дамытудын; пәрменді құралдарының бірі — оқыту процесі. Оқыту процесінде бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді.

Акыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы кұралы — еңбек. Еңбек процесінде бала әр турлі құбылыстармен, заттармен, олардың формаларымен, көлемімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады. Олар табиғатта еңбек ету арқылы өсімдіктерді күту мен өсірудің арасындағы байланысты, өсу үшін жарықтың, жылудың, судың әсерін байқайды, мәліметтерді игереді.



Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері мыналар: ақыл-ой тәрбиесінің негізгі әдістерінің бірі —табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру. Ол балалардың зейінін, білуге құштарлығын дамытуға мүмкіндік тудырады, сезімталдығын байытады, ойы мен сөзін дамытады.

Әңгіме әдісі баланың ойы мен сөзін дамыту, білімін нығайту мақсатымен жүргізіледі. Әңгімелесу мазмұны мен мақсатына, міндетіне байланысты танымдық және әдептілік болып екіге белінеді. Бала дамуы үшін екеуі де тиімді.

Танымдық әңгіменің негізгі міндеті баланың өзін қоршаған орта туралы білімін дәлелдеу, тексеру, кеңейту, байыту және олардың өздігінен ойлауын дамы¬ту. Әдетте, әңгіме әдісі қызықтау мен бақылаудан соң, кейде бұлардың алдында өткізіледі. Қызықтау мен бақылау процесі балалар зейінін қандай құбылыстарға аудара отырып қабылдауы қажет екенін анғарту мақсатымен өткізіледі. Әнгіменің немкетті сипат алуынан аулақ болған жөн. «Иә» және «жоқ» сияқты жауапты тілейтін сұрақтар бермеу керек. Балалармен жүргізі-летін әңгіменің сезімдік сипат алуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек.

Қөркем сөзбен әңгімелеу — ақыл-ой тәрбиесінің сезімдік әдістерінің бірі. Ол өнердің ерекше түрі ретінде балаға күшті әсер етеді. Оның күші — балаға көркем сөз құдіреті арқылы әсер ету, сол оқиғаға өзінің жағымды қатысын байқату аркылы ықпал ету. Көркем сөзбен әңгімелеуді қабылдау үстінде бала санасында ойлау, өмірмен салыстыру, материалды талдау және жинақтау әрекеті өтеді. Әңгімелеу ойыншық, сурет, т. б. көрнекі құрал көрсетумен жалғастырылады. Олай болса, тиімді әдістерге көрнекілік те, қызықтау да жатады.

Бұл әдістердің бәрі бір-бірімен логикалык байланыста қолданылғанда ғана тиімді нәтижесін береді. Сенсор латынның «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіктің қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие сенсорлық процестерді (түйсік, сезім, қабылдау) мақсат көздей дамыту, жетілдіру. Сенсорлық тәрбие — ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным — ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері — ақыл-ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта тәрбиеленуі

Сенсорлық тәрбие процесі сезімдік танымнан нағыз танымға, қабылдаудан ойлауға жетуге дайындайды және баланың күнделікті тәжірибедегі іс-әрекетін жетілдіруде маңызды орын алады. Сенсорлық тәрбие бала¬ның, көру, есту, иіс, дәм сезімдерін тәрбиелейді.

Сенсорлық тәрбие заттың, түрін, көлемін, зат пен заттың арасындағы арақашықтықтың катынасын, түстерді ажырату, музыканы түсіну қабілетін, ана тілінің дыбыстық талдауларын жетілдіріп, бұлшық ет сезімдерін дамытып, қалыптастыруды көздейді. Сенсорлық мәдениет дегеніміз баланың түйсігі мен қабылдауының, да¬му дәрежесі, бұл — таным әрекетінің табысты өтуінің алғышарты.

Сенсорлық тәрбие 3 жасқа дейін өте-мөте қажет. Бұл — баланың түйсік, қабылдау, түсінік процестерінің қалыптасатын шағы. Баланың сенсорлық процестерінің бұл кезде дамымай қалуы мектеп жасына келгенде үлкен кемшілікке, қателікке әкеліп соғады. Мысалы, егер бала заттың түрін, сәйкестігін, арақашықтығын тез және дәл қабылдап, ажырата алмаса, онда география, геометрия, сызу пәндерін меңгеруде кедергілер болады. Ал, баланың фонетикалық естуінің (фонеманы, сөз дыбыстарын есту арқылы қабылдау қабілеті) нашар дамуы сөзді меңгеруіне кедергі жа¬сайды.

Баланың қарау, бақылау, сипау, таңдау сияқты сенсорлық іс-әрекеті күнделікті мазмұнды ұйымдастырылған белсенді қызметінде қалыптасады.

Баланық сенсорлық процестерінщ дамуына мүмкіндік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрі — көркем сурет салу, саздан, пластилиннен мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып желімдеу әрекеттері, педагогикалық басшылықпен ұйымдастырған бірлескен дидактикалык ойындар.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет