Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Əділет министрлігінде 2006 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4394
"Заң газеті" газеті 2006 жыл 17 қараша N 197(1003)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан өткізу ережесі;
Кəсіптік бастауыш жəне орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне
қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі;
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан өткізу ережесі бекітілсін.
2. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің ережесін
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қарашадағы N
953 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3298 болып тіркелген) күші жойылды деп
танылсын.
3. Мектепке дейінгі жəне орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасы
Əділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым вице-министрі А.Қ.Əбдімомыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 481 бұйрығымен бекітілген
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды
мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі
1. Негізгі ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан өткізудің ережесі (бұдан əрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне меншік
нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін
ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің тəртібін анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пəнді оқыту бағдарламасына сəйкес ағымдағы сабақ
барысында өткізген білім алушылардың білімдерін жүйелеп тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - бір оқу пəнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын
меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рəсім;
3) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау - олардың жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартын меңгеру дəрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рəсім.
2. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық
аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу
3. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Білім алушылар аралық аттестаттау бағаларының негізінде аттестатталады.
1-сынып білім алушылары ата-аналарының келісімі жəне медициналық-педагогикалық комиссияның (жəне өзге де заңды
өкілдердің) ұсынымдары бойынша қалдырылған білім алушылардан басқалары қайта оқу жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
4. 2-8(9), 10(11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пəндері бойынша жылдық жəне
қорытынды "3", "4", "5" бағалары бар білім алушылар көшіріледі.
5. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы бастауыш (4-сынып) жəне негізгі (9-сынып) сатыларында
мемлекеттік аралық бақылау (бұдан əрі - МАБ) жүзеге асырылады.
6. 5-8(9), 10(11)-сыныптардағы ағымдағы бақылауды əрбір тақырып жəне тарау бойынша бағдарламалық материалдарды
меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пəндерінің мұғалімдері өткізеді.
7. 5-8(9), 10(11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде əзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына
сəйкес білім беру ұйымдары оқу пəндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пəннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8(9), 10(11)-cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.
Үш немесе одан да көп пəндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің
шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады жəне мектеп бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пəннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі
бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады. "3", "4", "5" баға алған
білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
10. 1-2 пəннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8(9), 10(11)-сыныптардың білім алушылары осы пəндер бойынша қайта
аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пəндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі. Қайта
аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі.
3. Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды
ұйымдастыру жəне өткізу
11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғарғы сатысында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау:
ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан əрі - ҰБТ);
пəндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
12. Жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғарғы сатысында білім алушылар республиканың кəсіптік орта жəне кəсіптік жоғары
білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер, жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білімі туралы
үздік аттестатын алуға үміткерлер, қорытынды мемлекеттік аттестаттауды міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
Жалпы білім беретін пəндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бірыңғай ұлттық тестілеуді
тапсырудан босатылады.
Халықаралық пəндік олимпиадаларға (жарыстарға, конкурстарға) 10-нан кем емес елдер командаларының қатысуымен өткізілетін
олимпиадалар (жарыстар, конкурстар) жатқызылады. Халықаралық олимпиадалардың (жарыстар, конкурстар) тізбесі білім беру
саласындағы орталық атқарушы органмен бекітіледі (бұдан əрі - Министрлік).
ҰБТ-ға қатыспаған жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған
білім алушылары, республикалық музыкалық мектептерде, жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек жəне тəжік тілдерінде
оқытатын мектептердің білім алушылары, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылары, республиканың кəсіптік
орта жəне кəсіптік жоғары білім беру ұйымдарына ағымдағы жылы оқуға түсуге ниет білдірмегендер қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пəндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.
13. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының
басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан əрі - Комиссия) өткізеді.
14. Ұйғыр, өзбек жəне тəжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі"
аттестатын, жалпы орта білімі туралы үздік аттестатын алуға үміткер білім алушылары пəндер бойынша қорытынды мемлекеттік
аттестаттауды облыстық (қалалық) білім департаменттері (басқармасы) ұйымдастырған тəуелсіз комиссияға тапсырады.
15. 9(10), 11(12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізілетін оқу пəндерінің тізбесін жəне
қорытынды емтихандарды өткізу мерзімін Министрлік белгілейді.
16. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары талаптарына сəйкес білім беру бағдарламаларын меңгерген 9(10) жəне 11(12)-сыныптарының білім алушылары
жіберіледі.
17. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер ұйғыр, өзбек жəне тəжік тілдерінде оқытатын мектептердің
білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының білім алушыларының, жалпы негізгі
білімі туралы үздік куəлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттарының 9-сынып оқушыларының жазбаша емтихан
жұмыстарын қарау үшін, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің бұйрығымен өз жұмысын 1 маусымда бастайтын
Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан əрі - ҚМАРК) құрылады.
18. ҚМАРК-нің құрамында үміткерлердің жазбаша жұмыстарын тексеру жөніндегі жəне ұйғыр, өзбек жəне тəжік тілдерінде
оқытатын білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының емтихан
комиссияларының қазақ тілі мен əдебиетінен, орыс тілі мен əдебиетінен, математика пəндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растау
үшін осы ереженің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысымен бекітілген "Алтын белгі"
белгісі туралы ереженің талаптарына сəйкес марапаттауға ұсынылған білім алушылардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия
құрылады.
19. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің құжаттары Министрлікке ағымдағы жылғы 1
маусымнан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
20. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11(12)-сыныптарының білім алушыларының пəндер бойынша қорытынды бағасы
тоқсандық, жылдық жəне емтихан бағаларының негізінде қойылады.
5-11(12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық жəне қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
21. 1-2 пəннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9(10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі
бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша жəне тест тапсырмалары
нысанында) орындауға рұқсат етіледі.
22. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек жəне дене тəрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі
сыныпқа көшіру мен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберілуіне əсер етпейді.
23. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың нəтижесі бойынша:
бір немесе екі пəннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9(10) жəне 11(12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру
ұйымдарында тиісті оқу пəндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды мемлекеттік аттестаттауға рұқсат етіледі;
үш немесе одан да көп пəндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9(10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына
қалдырылады;
үш немесе одан да көп пəндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11(12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта
білімнің жоғарғы сатысының толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
24. 9(10) жəне 11(12)-сыныптарының білім алушыларын қайта қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу үшін білім беру
ұйымдарында тиісті пəндер бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
25. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру
ұйымында əзірленеді.
Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған жəне емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының
педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.
26. Барлық пəндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан облыстық, Астана жəне Алматы
қалаларының білім департаменттерінің (басқармасының) бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары
Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) егер бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар, I жəне II топтағы мүгедектер болса;
3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатына кандидаттардың жазғы
жиынына қатысуына байланысты.
27. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік емтихандардан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дəрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған емхананың медициналық-əлеуметтік
сараптамасының (бұдан əрі - МƏС) қорытындысы;
2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі жəне мектептің қолдау хаты;
3) үлгерім табелдері.
2) жəне 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен жəне білім беру ұйымының мөрімен
расталады.
28. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау кезеңінде ауырып қалған
9(10)-сыныптың білім алушыларына өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі. Міндетті емтихан жұмыстарының
тақырыптары мен мəтіндерін облыстық, Астана жəне Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармасы) дайындайды.
29. Оқу курсын аяқтаған жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды
емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары əскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде
жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.
30. 9(10)-сыныптың білім алушыларының қорытынды емтихандарының өткізілу мерзімін білім беру ұйымдары белгілейді.
31. Емтихан комиссиясы мүшелерінің арасында білім алушының жазбаша жəне ауызша жұмыстарының жауаптарының бағасына
келіспеушілік болған жағдайда, мəселе хаттамаға комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері міндетті түрде жазылып, көпшілік дауыстар
арқылы шешіледі.
32. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мəселені аудандық (қалалық)
білім беру бөлімдері шешеді.
33. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде
республикалық білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық
(қалалық) білім департаменттері (басқармасы) жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.
34. 9(10), 11(12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды мемлекеттік аттестаттауға білім алушылар
шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі жəне пəндер бойынша оқу жылының
аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.
35. Дамуының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі
туралы мəселені медициналық диагнозына сəйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.
4. Қорытынды емтихандарды өткізу тəртібі
36. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын танысатын білім беру ұйымының
басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
Кестеде:
əрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
əрбір оқу пəні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
егер пəн бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша емтиханның, одан соң ауызшаның өткізілуі қарастырылады.
37. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9(10)-сыныпта диктантқа - 2(2,5) астрономиялық сағат, шығармаға - 4(4,5)
астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3(3,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3(3,5) астрономиялық сағат (математика
пəні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
11(12)-сыныпта шығармаға - 6(6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4(4,5) астрономиялық сағат, диктантқа - 2(2,5)
астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4(4,5) астрономиялық сағат (математика пəні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5
сағат) бөлінеді.
38. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11(12)-сыныптағы білім алушылар бір-
бірден, ал 9(10)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден немесе екіден партаға немесе үстелге отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау жəне ауызша жауапқа дайындалу үшін оқушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі.
Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.
39. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат
беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген
уақыты жазылады.
40. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.
Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттардағы қателер саны жеке көрсетіледі.
Шығармаға, мазмұндамаға жəне математика пəні бойынша жазба жұмыстарына "2" (қанағаттанарлықсыз) жəне "5" (үздік) бағалары
қойылған жағдайда қысқаша пікір жазылады.
Тіл мен əдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының емтихан комиссиясы белгілейді.
9(10) жəне 11(12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі жəне жалпы орта білім беру сатысындағы математика пəні
бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен бағаланады.
41. Жалпы негізгі білімі туралы үздік куəлікті алуға үміткер 9(10)-сыныптың білім алушыларының, сондай-ақ жалпы орта білімі
туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер ұйғыр, өзбек жəне тəжік тілдерінде оқытатын мектептің білім алушыларының, ҰБТ-ға
қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттары білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын, оқу орнының
емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде
тексереді.
"Алтын белгі" белгісіне үміткерлердің (республикалық білім беру ұйымдарындағы жалпы орта білімі туралы үздік жəне "Алтын
белгі" аттестаттарынан үміткерлердің) жазбаша жұмыстары белгіленген тəртіппен ҚМАРК-ке ұсынылады.
42. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат
9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен
тəртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша
өткізуге болады.
Шығармалардың тақырыптары, диктанттар мен мазмұндамалардың мəтіндері салынған пакеттер білім алушылар мен емтихан
комиссиясы мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
43. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам оқушысы бар сынып екі топқа бөлінеді жəне олар емтиханды бірінен соң бірі сол
күні тапсырады. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің барлық ауызша емтихандар хаттамалары
ведомостарымен қоса ҚМАРК-ке ұсынылады.
44. Жауап дайындау үшін білім алушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап
бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 баллға төмендейді).
45. Əрбір пəн бойынша ауызша жəне жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы
мен қорытынды бағаларын қояды жəне жалпы орта білімі туралы үздік жəне "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша
емтихан бағаларынан басқаларын емтихан хаттамасына енгізеді. Хаттамаға осы пəннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол
қояды.
46. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:
1) пəн бойынша қорытынды баға жылдық жəне емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық)
бағаларын ескере отырып анықталады;
2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;
3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
47. Егер бір пəннен ауызша жəне жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға
қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы "үздік" бағаланып, ауызша
емтиханнан алған баға "4"-тен төмен болмай, тоқсандық жəне жылдық бағасы "5" болған жағдайда емтихандық жəне қорытынды бағаға
"бес" қойылады.
48. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы
емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) жəне жылдық
бағалары ескеріліп қойылады.
49. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін
хабарланады. Жазбаша емтихан бағалары келесі емтиханға дейін хабарланады. Білім алушыларға өз жазба жұмыстарының тексеру
нəтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының жазбаша өтініші негізінде осы
білім беру ұйымының емтихан комиссиясының төрағасына жүктеледі.
50. Кезекті емтиханнан "2" алған 9(10) жəне 11(12)-сыныптарының білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
9(10)-сыныптағы қайтадан тапсыратын міндетті қорытынды емтихандарының мерзімін облыстық, Астана жəне Алматы қалалық
білім департаменттерінің (басқармасының) келісімі бойынша осы жылғы 25 маусымнан кешіктірмей аудандық (қалалық) білім
бөлімдері белгілейді.
5. Материалдарды ҚМАРК-ке ұсыну тəртібі
51. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары типіне,
түріне, меншік нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін Министрлікке
жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға кандидаттар туралы (тегі, аты, əкесінің аты, оқу орнының аты жəне нөмірі,
облыс, қаласы) бейіні мен оқу тілі көрсетілген мəліметтер береді. Республикалық білім беру ұйымдары жалпы негізгі білімі туралы
үздік куəлік жəне жалпы орта білімі туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке тізімін ұсынады.
52. ҚМАРК-ке жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша жұмыстарымен бірге үздік білімін
дəлелдейтін құжаттары, 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мақтау қағаздары мен табельдері, жалпы негізгі білімі туралы үздік куəлік
тапсырылады.
Құжаттарды тапсыру папкадағы жеке файлдарға салынған əрбір құжаттың атаулары көрсетілген тізімдеме бойынша жүзеге
асырылады.
53. Құжаттарды Министрлікке сенім қағазы бойынша білім департаменттерінің (басқармасының) жауапты қызметкері тапсырады.
Міндетті құжаттар тізбесіне төмендегілер кіреді: жеке куəлігінің көшірмесі немесе 16 жасқа толмағандардың тууы туралы куəлігі,
мектептің қолдау хаты жəне нысан бойынша тапсырылатын құжаттары бар (облыстың (қаланың) атауы, алфавит тəртібінде жазылған
үміткердің тегі, аты жəне əкесінің аты, (паспорт, жеке куəлігі немесе тууы туралы куəлік бойынша); білім беру ұйымының атауы (заңды
тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өту (қайта өту) куəлігіне сəйкес келетін), табельдерінің мақтау қағаздарының саны (нөмірі көрсетілген
жəне педагогикалық кеңес хаттамасынан көшірме, басшы қолымен, мөрмен куəландырылған, жалпы негізгі білімі туралы үздік куəлігі
(нөмірі мен берілген уақыты).
Мақтау қағаздары мен табельдерде сөздерді өшіру, түзеу, қосып жазу, сызылған сөздер, толтырылмаған жолдар болмау керек.
54. 11-сыныптағы міндетті қорытынды емтихандарының жазбаша жұмыстары (түпнұсқасы мен жоба жазбасы) емтихан
комиссиясының қорытындысымен жəне хаттамасымен ҚМАРК-ге ұсынылады. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын
алуға үміткерлер туралы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі 11(12)-сыныптағы ауызша емтихандар мен қорытынды
бағаның жиынтық ведомосымен бірге ҚМАРК-ге жіберіледі.
55. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару жəне "Алтын белгі" белгісімен
марапатталатындар туралы шешім қабылдау жөніндегі ҚМАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.
56. "Алтын белгі" жалпы орта білімі туралы аттестатын алуға үміткер білім алушылардың кандидатураларын бекіту туралы
ҚМАРК-нің шешімі Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
57. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін жəне Министрдің бұйрығын алғаннан кейін білім беру орнының педагогикалық кеңесі
емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауы нəтижелерін
талқылайды жəне оқу-тəрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі нақты шараларды қабылдайды.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы
бақылаудан, аралық жəне қорытынды
мемлекеттік аттестаттаудан өткізу
ережесіне 1-қосымша
ЕМТИХАН ҚҰЖАТТАМАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |