Ақылы қызмет көрсету шарты астана қ. 21/09/ 2023 ж. Бұдан әрі «Орындаушы»


КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ



бет13/17
Дата25.11.2023
өлшемі65,14 Kb.
#127803
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
қтарих 4ай келісімшарт (копия)

10. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ
10.1. Қызмет көрсету аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Орындаушы Тапсырыс берушіге орындаушы қол қойған көрсетілген қызмет актісін екі түпнұсқа данада ұсынуға тиіс. Тапсырыс беруші қол қойған көрсетілген қызметтер актісі Орындаушының қызметтерді тиісінше көрсеткенін растайтын құжат болып табылады.
10.2. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды – қызметтер шарт талаптарына сәйкес келген жағдайда және Орындаушыға оның бір данасын жібереді не көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан негізді бас тартады. Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартуды жіберген жағдайда Тараптар Орындаушының Тапсырыс берушінің ескертулерін түзету мерзімін жазбаша түрде келіседі.
10.3. Орындаушы қол қойылған актіні не Тапсырыс берушінің дәлелді қарсылықтарын осы Шартта көрсетілген мерзімде алмаған жағдайда, қызметтер Орындаушы тиісінше көрсеткен және Тапсырыс беруші толық көлемде қабылдаған, ал акт Тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған болып есептеледі.


11. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
11.1. Дауды сотқа дейін реттеу келіссөздер жүргізу және талап қою арқылы жүзеге асырылады және міндетті болып табылады.
11.2. Тараптар дауды сотқа дейін реттеудің мынадай міндетті тәртібін айқындайды:
11.2.1. Кінә қою жазбаша нысанда ұсынылады және оған тиісті түрде уәкілетті адам қол қояды.
11.2.2. Шағымда: талаптар, шағым сомасы және оның негізделген есебі (егер шағым ақшалай бағалауға жататын болса); талаптар негізделетін мән-жайлар және оларды растайтын дәлелдемелер; шағымға қоса берілетін құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі; дауды реттеу үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.
11.2.3. Кінә қою алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қаралады және қарау нәтижелері туралы кінә қоюды жіберген Тарап жазбаша нысанда хабардар етіледі. Шағымға жауапта шағым алған тарап міндетті түрде шешім қабылдау себептерін және дауды реттеу тәртібі туралы ұсынысты көрсетеді.
11.2.4. Егер кінә қоюға оны қарау үшін қажетті құжаттар қоса берілмесе, олар ұсыну мерзімін көрсете отырып, кінә қоюды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде (кемінде күнтізбелік 10 (он) күн) кінә қоюды жіберген тараптан сұратылады. Талап етілген құжаттар көрсетілген мерзімде алынбаған жағдайда шағым қолда бар құжаттар негізінде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет