1.2.ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің мәселелерін зерттеудегі ізденістер
ХІХ гасыр басындағы әдебиет тарихын Б.Кенжебаев әрдайым назарға ұстады десе болғандай. Жылт еткен оңтайлы сәтті қалт жібермей, мүмкіндігінше бұрынғы монографиясындағы жайды сылап-сипап, түзеп-күзеп қайтадан бастыра салмай ойын уақыт тезінен өткізе қайта жазды. Қашанда жаңаша ой айтуға, жаңа бағдар беруге тырысты. Мұның, алғашқысы 1966 жылы Ө.Есназаровпен бірігіп жазған "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті", кейінгісі 1976 жылы жарық көрген (1983,1993 жылдары қайта басылып шыққан) "XX ғасыр басындағы қазақ адебиеті" окулықтары.
Бұл оқулықтарда ғалым XX ғасыр басындағы әдебиетті бұрынғы монографиялық сипаттан бөлек құрып, шәкірттер кабылдауына жеңіл тілмен жағып, ұғымды ой,тиянақты пікірге құрды. Шәкірттер талғамынан шыға алмауы мұнда қатаң сакталған. Сонымен бірге ғылыми- теориялық ойлар өзіндік жүйелілігімен айшықктала түскен.
Оқулықта ғалым-ұстаз XX ғасыр басындағы әдеби бағыттарға "Ағартушы ақын-жазушылар, Ағартушы демократ ақын-жазушылар, демократтық-төңкерісін халық жазушылары" деп бөледі. Әрине, бұлай бөлуді ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттарды түгелдей танып білу, әрі дәлме-дәл бөлу деп бағалауға болмайды. Бірақ бұндай тұжырымдардан өзгешелік бар екені бірден көзге ұрып тұр. Б.Әбілқасымов тап басып танығандай "Бұлай, бөлуге ақын-жазушылардың дүниетаным принципі негізі болған. Көркем әдіс тұрғысынан келгенде, XX ғасыр басындағы әдебиетшілерді бұдан гөрі басқадай ыңғаймен топтастыруға тура келеді.
Бұл еңбектерде де уақыт сазы белгі беріп қалатынын аңғаруға қиын емес, оны ғалымның өзі де мойындайды. Ол 1976 жылғы окулықтың қорытынды бөлігінде XX ғасыр басында әдебиет туралы кейбір сыңар жақ пікірлерді сынай келе мынандай түйін жасайды: "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жөніндегі бұл көзқарас теріс көзкарас еді. Мұның теріс дейтініміз - өткен дәуір әдебиетін бүгінгі күн, бүгінгі талап тұрғысынан қарап бағалауға болмайды".
«Қалай тауып айтылған, өз уақытының болмысын дәл көрсеткен пікір десеңізші! Мәніне бойласаңыз өзгені сыйлай отырып, өзін іштей жеген өкінішті де сездіреді» [5,8].
Жоғарыда келтірілген бағыттар бөлінісінен ғалымның XX ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттарды ажыратуында айқындық бары көзге түседі. Бұрынғы қаралауы басым? "ескішіл-феодалдықтың" орнына енді Мәшһүр Жүсіп сынды ақындар табиғатына өте жақын "ағартушы" деген нақтылығы басым анықтама қолданысқа енеді. Осы арқылы "діншіл" атауы жабысып қалмай келе жатқан бір топ акындар поэзиясын кеңінен талдауға мүмкіндік туып, шын мәнінде одарды ақтап алған еді.
Ғалым бұл топтағы ақын - жазушылардың творчестволық тұлға екендігіне ерекше назар аударады. Ал творчестволық тұлғада шығармашылық еркіндік басым екендігі әмбеге аян. Оларды тек исламдық уағызы кітаптарға, шығыстық үлгілерге еліктеушілер ретінде бағалаушыларға Б.Кенжебаев ашық қарсы шығады. 1966 жылғы окулықта өз көзқарасын былайша білдіреді. Бұл ақын жазушыларды кейбір әдебиетшілер кітаби ақындары атауды орынды көреді. Шындығында бұл аталған деп жазушыларды бұлай атау көп жағдайда орынды болатын тіпті себебі "Кітаби ақын", "Кітаби жазушы" деген кітаптағы, қоғам өмірімен қарым-қатынасы, байланысы жоқ, тек ескі діни кітаптарды бастырып отырған ақын-жазушыны көзге елестеді...
XX ғасыр басындағы ақын, жазушылардың көбінің көрген мектебі, оқып нәр әдебиеті ертедегі араб, парсы әдебиеті, казақтың, татардың, әзербайжанның, Орта азия халыктарының бұрынғы әдебиеті, шығыстық әдеби дәстүр еді... Дегенмен, тұтас алғанда, бұл акын, жазушылар өмірімен азды-көпті байланыста болды; қоғам өміріне араласты; шығармаларының тақырыбын көбінесе қазақ халқының өз арасындағы қоғам өмірінен алып жазды; қазақ өмірінің күнделікті әлеуметтік мәселесін сөз етті. Сондықтан да бұл ақын, жазушыларды, әсіресе Мәшһүр Жүсіп пен Мақышты "кітаби ақын" деп атау орынсыз болады""[6,10].
Әрине, бұл оқулықтарда XX ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті өкілдерінің үлкен бір бөлігі назардан тыс қалғаны, олар тек сөз арасында ғана "ұлтшыл-буржуазшыл" деп аталып өткені белгілі . Біз бүгінде "ұлт-азатшыл" әдебиет өкілдері деп жүрген ақын-жазушыдардың атын атаудың өзі ол кезде үлкен күнәға саналатын.
Оқулықта діни-ағартушылардың басын арашалап алып олардың XX ғасыр басындағы әдебиеттегі орнын айкындаған Б.Кенжебаев ағартушы-демократтық бағыт өкілдеріне айрықша мән береді. Мұның себебі көп-ақ.
Біріншіден, бұл бағыт өкілдері XX ғасыр басындағы әдебиетті биік көркемдік деңгейге көтерген әдеби шығармашылықтың шынайы шеберлері болды. Екіншіден, Абай дәстүрін жалғастырып, оның әдеби өнегесін жаңашылдыкпен өрбіткен де негізінен осы бағыт өкілдері болатын. Үшіншіден, әдебиетті көркемдік ізденістер арқылы түрлі әдеби жанрларда алғашқы тәжірбиелерге атып барып, әдебиетті жанрлық тұрғыдан байытқанда осы ағартушы-демократтар еді. Олар орыс әдебиеті арқылы, - жазба әдебиетінің үлгілерін игеріп, өмір шыкдығын бейнелеу тәсілін жете меңгерген шеберлерін сынау қасиеттер өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Жазба түгел дәуір жүгін арқалаған әдебиеттің бүкіл болмысын жарқырата ашып, тарихын жасады, белгілі бір жүйеге түсірді.
Иә, бұл оңайлықпен орындалар дүние емес, қажымас қайрат, мұқалмас жігер, ерен еңбек, ғаламат қайсарлық кажет-ақ. Бұл қасиеттер Бейсенбай Кенжебаев бойынан табылды. Соның нәтижесінде Бейсекен қазақ әдебиеттану ғылымының тарихында XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ғылыми жүйесінің негізін қалаған, сол дәуір ақын-жазушыларының азды-көпті дүниесін түгел түгендеген, сөйтіп кезең, әдебиетінің тарихын жасаушы аса көрнекті ғұлама ғалым ретінде рухани мәдениетімізден мәңгілік орын алды.
1961 жылы Б.Кенжебаевтың қазақ кеңес әдебиетінің алғашқы кезеңін қарастырған 'Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті" атты еңбегі жарық көрген. Ал, 1981 жылы Т.Кәкішұлының қазақ әдебиетінің теория, тарих мәселелерін зерттеген ғалым, үзеңгілес досы, Мырзабек Дүйсеповпсн бірлесіп жазған «Ұлы Октябрь шуағы" атты еңбегі жарық көреді. Қарап отырсақ, екі еңбектің арасында жиырма жылдай уақыт бар. Бірақ, бұл аттары аталған Б.Кенжебаевтың және Т.Кәкішев, М.Дүйсеновтің кітаптарын салыстыра отырып қарастырған жөн. Өйткені, бұл еңбектердің қарастырған дәуірлері қамтитын мәселелері бір. Ол дәуірлері - қазақ әдебиетінің алғашқы жылдары. Нақтыласақ, бұл екі кітап та 1917-1930 жылдар әдебиетін, оның әр түрлі мәселелер жалпы тарихын тарамдап баяндайды, баяндағанда да әр автор өз еңбегінде әр қилы әдіс қолданған. Сондыктан зерттеудің ой-пікір сабақтастығы мен алшақтықтарын айқындау арқилы әр автордың қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қосқан үлестерін анықтауға мүмкіндік мол. Ғалым Б.Кенжебаев өз еңбегінің кіріспесінде қазақ көбінесе әдебиетінің тарихын төрт дәуірге бөледі. Алғашқысы Қазан төңкерісінен бастап 1930 жылға дейінгі дәуір (1917-1930 жж)- Бұны: "Октябрь революциясы, азамат соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру жылдары",- деп таниды автор- екіншісі, 1930-1941 жылдар арасын қамтиды. Бұған, индустрияландыру, колхоздастыру кезеңін жатқызады, үшінші кезең, 1941-1946 жылдар, яғни Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиет деп, төртіншіге сол Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бастап, осы аты аталған еңбек жазылғанға дейінгі дәуірді кіргізеді. Ол - 1946-1961 жылдар .
Осы аталғандардың ішінде өз кітабында Б.Кенжебаев алғашқы, 1917-1930 жылдар әдебиетін қарастырғанда оларды 1917-1920, 1920-1925, 1925-1930 жылдардағы әдебиет деп жеке-жеке тарауларға бөліп, сол жылдарда әдебиетке келіп қосылған ақын-жазушылар туралы соны талданған, жинақты ой-пікірлер айтады.
Ал, Т.Кәкшіев пен М.Дүйсенов бірлесе жазған кітап сол жылдардағы әдебиет ғылымының өскен өресін аңғарта алды. Оның зерттелу тәсілі өзгешерек. Өйткені, қазақ кеңес әдебиетінің алғашқы жылдары сөз болған "Дәстүр тағылымы" атты бөлімінде авторлар әр нәрсенің бастауы бар екенін жете түсініп, пікір айтады. Бұнда авторлар ең алдымен XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің бастау алған арналарын, яғни кеңес әдебиетінің сусындаған қайнар бұлақтарын атап-атап көрсетеді. Бұдан авторлардың тарихи сабақтастық "принципін ұстанғаны анық көрініп тұр. Сөз басында кітап авторлар Кеңес дәуірі әдебиетінің бастау-бұлақтарын, нәр дәуір әдебиетін санамалайды. Ауыз әдебиеті, 1916 ұлт-азаттық көтеріліс туралы туған жырлар, көне түркі ескерткіштері мен Орта Азиялық әдебиет Кеңес дәуірі әдебиетінің нәр алған қайнар көздері болып, деп есетпейді авторлар. XX ғасыр басындағы жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде дүниеге келген ардың тікелей фольклордан нәр алғандығын айта осы жерде: "Халық творчествосы күресшілдік идеяға, алу мұратьша ойысты...Соз саптау дәстүрі біріншісін, "сыншыл реализм әдісін қалыптастырып, демократиялық-ағартушылық бағытты өркендеткен Абай саласы" деп, екіншісін, "жаңа жағдайда, әлі де феодалдық қарым-қатынастарға шырматылып туа бастаған қазақ буржуазиясының тілек-мұңын жақтаған буржуазияшыл-ұлтшыл" әдебиет деп атап көрсетеді. Бұл -авторлардың Абай тұлғасын қазақ әдебиетіндегі феномен деп танитындығының және оның шығармашылығын бір дәуірден екіншіге өтуде алтын көпір ретінде бағалайтындығының дәлелі.
Б.Кенжебаев өз еңбектеріңде бірде-бір ұлтшыл-алашшылдардың атын атамайды. Ол түсінікті де. Өйткені саясаттың құрсауы мықты кезең болатын.
Т.Кәкішұлы мен М.Дүйсеновтерде кейбір ақын-жазушылардың шығармашылығына Мағжандай кертартпа ақын шығармаларының әсер еткені жайлы пікірлер кездеседі. Жалпы, Мағжан шығармашылығының Абайдан кейінгі жерде, өзі тұстас, одан кейінгі де қаламгерлердің көркем дүниелерінің жазылуына, ақын-жазушыларының таным-түсініктеріне әсер еткенін байқап, оны талдап, саралау бертін келе 1988 жылдары басталды.Ал одан жеті-сегіз жыл бұрын, мейлі "декадент", күйзелген ақын деп таныса да, негізінде М.Жұмабаевтың шығармаларының әсерін байқап, талдай отыра пікір білдіру бір емес, бірнеше жерде есімін атап, көркем дүниелерін талдау ғалымның заман қыспағына қарамай Мағжанның әдебиеттегі орны туралы ой айта білгендігін танытады.Басқа каламгерлерге қарағанда алашшылдардың арасынан М.Жұмабаевтың шығармаларынан мысал ала отырып, саралау көбірек кездеседі. «Ұлы Октябрь шуағы» атты осы кітаптың басынан аяғына дейін, өзі әңгімелеп отырған дәуірінің әсерлісін, көркем, тыңдығын дамыту социалистік реализмге қарама-қарсы бағыттағы көрсетіп талдау керек болған. Сол себептен не нәрсені айтарда салыстыру үшін Мағжан шығармашылығына жүгіну, сол жылдар үшін, өзінің дұрыс шешімін тапқан"[7,14].
Сәкен басында қара бұлт өзінің шығармашылық еңбегіне 20 жыл толарына дейін –ақ үрейленген болатын. Сәкеннің 1913 жылдан бергі танысы, сібірдің төңкерісшіл жазушысы Ф.Березовский пенделік өкпемен КСРО жазушылар одағының 1936-жылы қаңтарда Минск қаласында өткен I-пленумында қазақ әдебиетінің жай –күйін әңгімелей келіп, «С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы мен бірнеше шығармаларында троцкизмге іш тартатын саяси қателіктер бар. Қазір Сейфуллин бұл қателіктен арылды»I деген. Бұл сөз сол жиынның төрінде отырған, бұрын қазақстан өлкелік партия комитетінде ұйы мдастыру хатшысы болып істеген, Сәкен, Абдолла Асылбекотармен талай көріскен, енді КСРО-ның ішкі істер халық комиссары болған қанішер Н.Ежовтың көңілінің бір қыртысына қыстырылып қалған еді.
Феокист Березовскийдің Минскіде сөйлеп, өзін троцкилермен байланыстыруы Сәкеннің ұйықтаса да ойына келмеген жай. Сөйтсе, оған өзі «кінәлі» екен.
1935-жылы Қазақтың автонамиялық кеңес республикасының құрылғанына 15 жыл толып, оны мерекелеуге Москвадан шақырылған қонақтардың ішінде Феокист Березовский де болды. Қарсы алушылардың біреуі Березовскийге Сәкеннің іс -әрекетін бұрмалап жеткізген сияқты. Адамнан пенделік қала ма, сол үшін Березовский Минскіге сөйлегенде Сәкенмен «есеп айырысып», троцкистердің сорпасын ішкен адам қылып көрсетті. 1936-жылы 26-наурызда Сәкен оған хат жазды: «Я в Казахстане был и остаюсь Вашем другом. Я всегда с уважением произносил Ваше имя на литературных собраниях. В прошлом году по моей, только по моей инициативе, по моему настоянию были официально приглашены Вы Только я везде и всюду у наших руководителей рекламировал Вас», -деп ішкі құрмен – сый мол көңілін ашып жазды да, өсек сөзге сеніп қалған пендеге өкпесін ащылау айтады. Сіздің пленумда сөйлеген сөзіңізге баспасөз арқылы да жауап беруіме болар еді, бірақ, бірден өзіңізге жазғанды жөн таптым» дей келе, «Правда, тон моего письма и некоторые выражения резковаты, но Вы понимаете причину этого и простите мне. Я Вас не виню в прямом смысле. Вы должны были глубже изучать и понять все, что есть в нашей литературе. Вы должны были критически относиться к статьям Тогжанова и тому подобных. Среди них были и те, которые Вас подвели» - дегені шынайы көңілдің шырқырап шыққан шындығы болатын"[8,10].
Голощекин заманында, тіпті, насырға шапқан алауыздық әлі тарқай қоймағанын және оның аяғы неге бастап келе жатқанын Ф.Березовский жауабынан айқын көреміз: «Очень и очень сожалею, чтосвои выступлением на пленуме в Минске и причинил Вам столько огорчений. Но во всем этим повинен не только я лично. Виною были и субъективные и объективные причины. Признаюсь, что кое в чем я введен в заблуждение товарищами, кое в чем виноват я лично, а кое в чем повинны те офицальные сведения, которыми я пользовался» деген сөздер өзім оқыған бір құжатты есіме түсіріп отыр.
Л.Мирзоян Қазақстанға басшы болып келгенде Мемлекеттік қауіпсіздік мекемесі ақын – жазушылардың әрқайсысына саяси мінездеме берген. Жалғыз Тайыр Жараковтан басқа бірде –бір кеңес үкіметін жақтайтын ақын –жазушы жоқ деген кесірлі құжат жасалған, ол партия архивынан маған кездесіп еді. Тегінде, Березовскийге сол сияқты мәлімет беріліп, талайымыз сабырлап та үлгерген сияқтымыз. Бұл оқиға айрықша тоқтауымыздың бір себебі, КСРО ішкі істер комиссары Н.Ежовтың ревалютционер Березовскийдің сөзін өз құлағымен аузынан естуі. Өйткені, бұл тұста троцкий –зиновьшілдермен күрес басталып, белсенді белсенді мүшелері түрмеге алына бастаған –ды. Абдолла Асылбековпен екеуі Қазақстан өлкелік комитетінде Ежовпен бір мезгілде қызмет істеп, талай мәселеде кері керілдескенін ұмыта қоятын қортық еместігін Сәкен ескерген болатын. А.Асылбеков, Нұрғали Нұрғайытов , Мәнсүр Гатаулиндердің Қарағандыда ашық соты болғанда, Сәкеннің аты зорлықпен бірнеше аталғанды. Мұның бәрі сол уақытта –ақ жіпке тізіліп, кейін тізіліп айналған-ды"[9,14].
.
Мұның үстіне, 1937- жылдың көк темінде жеті жылдық айдаудан қайтып оралған, бір кезде Омбы оқытушылар семинариясында бірге оқыған, бірақ ақындық бақталастық саяси жолдарын екіге айырған М.Жұмабаев Алматыға келгенде Сәкен зор адамгершілік көрсеткен еді. Мұны С.Мұқановқа жаныстыра баяндап өтудің үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар. Себебі, бұл төңіректегі жаяу өсектер мен пыш –пыш әңгімелердің ініне су құю –тарихи қайраткерлеріміздің әрен тұлғаларын ғана емес, елдігіміздің сипатын тану үшін керік"[10,13].
Мағжан түрмеден шығып, елге келен соң 1936-жылы 27-қыркүйекте С.Мұқанов басшылық етіп отырған Қазақстан жазушылар одағына «Өзімнің кінәма лайықты жазамды өтедім. Еңбектің қара қазанында қайнап, адасулар мен арам ойлардан мәңгілікке арылдым. Мен бұрынғы ойларымнан арылып, бай мен ұлшылдардың жолынан бас тартым және жаңа жолға, еңбекшілер жолына біржолата бет бұрдым. Ескі көзқарастан арылғанымды ісіммен көрсеткім келеді. Мен үшін енді еңбекші таптың, коммунистік партияның жолынан басқа жол жоқ.
Еңбекші табы әдебиетінің жетекшісі Жазушылар Одағы Басқармасынан мені сыртқа теппей, өзіне тартып, жазушылар одағына мүшелікке қабылдап, жетекшілік етуін көмек беруін сұрайды» - деп хат жазған болатын. С.Мұқанов қаншама қол ұшын беруге ыңғайланғанымен, қыңрайғандар мен күдіктенушілер көп болды. Сәбиттің Мағжанмен хабар –ошары үзілмегені мен Мағжанның мына хаты дәлел:
«Құрметті жолдасым Сәбит. Сіз менің Петропавлскідегі орыс мектебінде орыс мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргенімен хабардар боларсыз. Қаңтардың басында мені қызметімнен босату туралы мәселе қозғалғанымен де, біраз уақытқа басылап еді. Бірақ қаңтардың соңында бұл жай тағы әңгіме болды да, мені жұмыстан шығарып жіберді. Не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне, 20 шақты күн болды. Жұмыссыз отырмын.
Желтоқсанда қазақ әдебиеті баспасымен Толстойдың «I Петр», Некрасовтың «Декабристерін» аударуға келісім –шарқа отырған едім. Содан бері одан да хабар жоқ. Ол жақтан менде өте қиын халде оралдым. Әсіресе, жұмыссыздығым жаныма жаман батады"[11,15].
Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өзімнің қалам күшімен көрсетсем деген жалғыз тілекпен оралдым. Қалай болған да, орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын. Әрине, өз халімнің мүмкіндігін айта отырып, Сізді де бірдемеге міндеттегім келмейді. Сізге осылай жазуға қзіргі халім мәжбүр етіп отыр. Кешіріңіз. Бұл хатты қыдырып келген туыстарым жақтан, Степняктен жазын отырмын.
Құрметпен Мағжан. 20 февраль. 1937 жыл». Қасіретті уақыт ызғарын сездіретін хат екені анық. Осындай кезде С.Мұқановтың теріс айналып кетуіне, жауап бермей қоюына болар ма еді? Ешкім сөкпес еді. Мағжанмен қоян –қолтық араласқандар арасында ондайлар көп болғаны да тарихқа белгілі. Ал, Сәбит пен Сәкен не істеді, бұл хаттың тауқыметі қандай болды?
С.Мұқанов республика басшыларымен ақылдасты ма жоқ па, әтеуір Алматы -1 бекетінде мағжанды қарсы алғаны рас. Ол жөнінде «Қазақстан әйелдері» журналындағы естелігінде Злиха апай жазды,теледидардан айтты. Поездан түскеннен кейін Мағжан Сәбитке «Мен алдымен Сәкенге сәлем берейін. Оның жолы дұрыс, меніңкі бұрыс болды» деген тілегін айтыпты. Қалаға жеткізген арба іздеп жүргенде Сәбит Сәкенге телефон шалады. «Алып кел» деген сөз болыпты бар айтқаны. Бұл тұста Москвадағы Нығмет Нұрмақов, Тұрар Рысқұловтың басына қара бұлт үйірілген хабары Қазақстанға дүңкілдей жетіп жатқан –ды. Ғаббас Тоғжанов пен Ілияс Жансүгіровтың, көп уақыт жазушылар одағына хатшы болған Қадыр Қуанышевтың тағдыры шешліп, тұтқындалу сәті тақалып қалған болатын.
Сәбит хабарынан кейін Сәкен үй –іші айрықша қонақ келердей әбігерге түседі. «К.Маркс пен Виноградов көшесінің қиылысындағы үйіміздің ауласына қазан көтердім. Сәкен жұмысқа баратындай сәндене киініп, қара кастюміне ажар беретін әдемі галстугын тағып алып, ауланың ішінде Мағжандар келгенше теңселді де жүрді», -деп еске алып еді Гүлбаһрам Сейфуллина"[12,19].
Мағжан мен Зылиха апай сол күні Сәкен үйінде қонып шығады да, ертеңіне Сәбит үйіне түнемелеп шығып, қонақасыға барады. Осы кездегі шындықтарды жақсы білетін Мұхаметжан Қаратаев: «1937-жылдың май айының бас кезінде жазушылар одағына келсем, мен танымаймын бір егделеу адам есік алдында тұр екен. Амандасып, жөн сұрастық. Сәбеңді күтіп тұрғанын білген соң, кабинетке кірдік. Жайғасып отырған соң әлгі кісі «мен Мағжан Жұмабаевпын» дегенде, орнымнан қалай тұрып кеткенімді өзім байқамай қалдым. Өйткені, ол кісінің атақ –даңқына бұрыннан әбден қанықпын да, өзін көрген жоқ ем. Сөйтіп тұрғанымызда сәбең кіріп келді де, амандық –саулықтан кейін Өлкелік партия комитетінің екінші секретары Садық Нүрпейісовке телефон соқты. «Келіңдер» деген болу керек, үшеуіміз бірге барып, Садықтың есігін аша бергенде, орнынан атып тұрды да, «тосып отыр» деп "[13,16] Мирзоянға алып барды. Кабинетте Сәкен отыр екен. Жылы шырайлы амандықтан кейін:
-Жұмабаев жолдас өздеріңіз айтқандай зор талант болса, алғашқы әзірде, көңіл кошы келгенше, аударма неге жасатпайсыздар? Қоныс жайын да ойласыңыздар, -деп ақыл қосты. Содан кейін мен Мағжанды көрген жоқпын, деп жазушылар одағында Мағжанды еске түсіру кешінде және Мағжанға арналған фильмде сөйледі.
Мирзояннан шыққан соң ба, әлде, бірнеше күннен кейін бе, Мағжан мен Сәкен қазақтың мемлекеттік әдебиет баспасының директоры Хамза Жүсіпбековке барады.
Бұрынғы жасаған келісім - шарт бойынша ма, әлде ел –жұт айтып жүрген Лион Фейхтвангердің «Оппейгейм әулеті» атты атақты романын аударуға шартқа отырған ба, әйтеуір, алдын –ала беретін қаламақыға Хамза қиқаңдаған сияқты. Сонда ақшасын сенім хатпен Сәкен Сейфуллин алып беріпті. 1937 жылдың күйіп тұрған беймезгіл шағында осындай қадам жасаған Сәкен мен Сәбит керемет опық жеді.
Бұл ол кезде «кешірер күнә» емес еді. Өйткені, әдеттегі жиналысқа келіп –кетудің өзі есепке алынып, «хатқа» түсіп жатты. Сәкеннің 5-7 сәуірдегі жйналысы келмеуі, 11-сәуірдегі есеп беру жиында зорлаумен еріксіз сөйлеуі, «Сәкен жолдастық осы күнге дейін өз кемшілігін көре алма келе жатқаны» немесе «Сәкеннің «Домбыра» атты өлеңі конпескеленді, бұл қатесін айтуы керек еді. Ол жұмған аузын ашқан жоқ дегендердің республикалық «Социолистік Қазақстан» газетінде мамыр айында бірнеше рет жазылуы, маусым –шілде айларында мүлде қоюланып кетуі тегін емес Т.Елеуовтың «националические взгляды С.Сейфуллиан в свое время тесно преплеталист с явно троцкистскими деп су түбіне жіберер қорытынды жасауы, Қазақстан жазушылар одағы партия ұйымының хатшысы Қалмахан Әбдіқадыровтың «Сәкен мен Сәбиттің алашордашылардың обьективті ревлюциялық рөлі бар деген қателері үстіне, соңғы кезге шейін халық жауларына (Айсарин, Жұмабаев, Асылбековтерге) көріне ымырашылдық жасады. Жұмабаевты қызметке орналастыруға ниеттенгендері бар» деп табуы бір айдан кейін «тарихи» құжат болып шыға келді.
Алып машинаның дөңгелегіне май құйып, желдетіп отырғандарға ең алдымен Жазушылар Одағының партия ұйымы (хатшысы Қ.Әбдіқадыров), одақ әкімшілігі (төрағасы С.Мұқанов, хатшысы М.Қаратаев), «Қазақ әдебиеті» (редакторы Т.Жароков), «Социолистік Қазақстан» (редакторы Ж.Арыстанбеков, кейін С.Бәйішев, «Казахстанская правда» (редакторы Берковский) газеттері болды. Қанды қырғын басталған шақта партия баспасөзі Жазушылар одағы өз арасындағы «халық жауларын» әшкерелемей отыр деп сынағаннан кейін ілкі сәттегі жиналыс –жиында Сәбит Мұқанов желпіне сөйледі де, 7-шілдедегі бастап Мәскеуге екі айлық шығармашылық іс сапарға аттанып кеттті. Бар тізгінді Мұхаметжан Қаратевтың қолына түсті. Жиналыс үстіне жиып өтіп, қаулы –қарарлар көбейді. Оны газеттер даурықтыра жазған. Ақын - жазушы, сыншылардың арасында білек сыбанушылар көбейді.
Шілдеге дейінгі мақалалар сынау, сынау әшкерелеу сипатында болса, «енді халық жауларын» жою керектігі айтыла бастады, бұрын «қырағылықты күшейтейік», «өзара сынды өрістетейік», «халық жауларын әшкерелейік» деп келсе, енді, «көркем әдебиеттегі ұлшыл –фашистердің зиянкестігін түп –тамырымен құртайық» «Социолистік Қазақстан» газетінде «Совет жазушыларының қатарында жат элементтерге орын жоқ», «Бұлар тұрған зиянды контарбанда», «Жинақтар туралы немесе алашордашыл кантробанданың тағы бір түрі туралы», «Жазушылар одағын істен гөрі мылжың көп» , «Қазақ әдебиетіндегі авербахшылдықтың қалдығын толық жою керек», «Қазақ әдебиеті» газетінде «Әдебиеттегі троцкист – бухариншіл ұлтшыл – фашист зиянкестерін жеріне жете құрту керек», «Жастарға теріс идея беретін кітаптың түкке де керегі жоқ», «Жазушылар ұйымындағы ұлтшыл – фашист жаулардың зиянды зардабын біржола құртайық» деген сияқты тақырыптар ызғар шашып, үкімін шығара келді. «Халық жауы, тап жауы», «буржуазиялық -ұлтшыл», «ұлтшыл – фашистер», «алашорданың сұрқиалары», «пантюркистер», «алашорда төбеттері» дегендер аспаннан қарша жауды. Әдебиетшілер «сын» жазды дегенімізбен, осындай қарғыз – лағнеттерден көз ашып, аяқ алып жүру мұң болды. Өзіміздікі аз болғандай, Мәскеуден, жансыз болып келген біреу Сәкеннің «Қызыл сұңқарлары» сахнадан алып тастауға нұсқау берді: «Пьесада қазақ халқының революциялық тарихы бұрмаланып көрсетілген. Пьесаға жүгінсек, Қазақстандағы революцияға қозғалысқа қазақ интеллигенті басшылық жасаған. Ол жігіт пьесада орыс жұмысшысы мен еміс эмигрантына, украйнге ақыл үйренеді. Қазақстандағы ревалюциялық оқиғаларды орыс пролетариаты мен большевиктік партиясының рөлі бұрмаланған» деп «саяси» айып тағып, қазақ «орысқа» қалай ақыл айтпақ, жөн көрсетпек деп шовенистік пиғыл көрсетіп кетті"
[14,17].1937-жылы 7-қырқүйекте Алматы қаласындағы ақын –жазушылардың «Ұлшыл-фашистердің әдебиеттегі зиянкестік істерімен күресу және жас кадрларды өсіру туралы» жиналысы болды. Оған Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Ғабит қатыспады. Жиналыс президинумында Жүсіпбеков, Әуезов, Тәжібаев, Ғалым Малдыбеков сайланды. Баяндамашы М.Қаратаев «әдебиеттегі ұлшыл –фашист элементтер осы күнде көп жерден табылып жатыр. Қазақстан елінде де, әдебиет майданында да ұлшыл фашистердің агентері бар. Байдилдин, Тоғжанов секілді адамдар әдебиетімізге зияндық жасады. Ол өзіне Жансүгіров, Тайшықов, сияқты күшіктерін ертіп, әдебиетті бүлдірді. Жансүгіров, Қоңыратбаев деген бұзылғандар алды. Біз олардың зиянкестік жаман істерін көрмедік, бейғам болдық. Тоғжанов Қуанышевты хатшы қылып алып, жазушылар ұйымын талақ қылды. Олар жазушыларды ірітпек болды, бірін –біріне атыстырды. Сәкен он жыл отырамфн десе «отыр» деді. 36-жылдың ішінде Тоғжанов, Қуанышевтар газет –журналдарға есе бермеді. Бұл зиянкестікті Лекерев, Мәметова дегендер сында да істеді. Бірақ біз оларға бейғам болдық Жансүгіровтың «Құлагері», «Жорығы», «Күйші», «Жолдсатары» халыққа зиянды нәрсе болса да, оны кейбір соқыр сыншылар мадақтап жүр.
Соңғы кезде партия ұйымы және өлкелік газеттер көмектесіп келеді. Өзара сын бола бастады. Сәкен, Бейімбет, Сәбиттердің қателерін көрсетіп келеміз» десе, жарыссөзге шыққан Т.Жараков «Жансүгіровтер жастардың еңбегін жоймақ болса, оған Жаманқұлов қосылды. Бізде жастардың еңбегін аудару жоқ. Жансүгіров, Тоғжановтарды НКВД тапты. Мәселен, «Тулаған толқында» деген Ғабит кітабында алашордашылардың кітабындағы қатені неге айтпайды? Орманов Ғали Жансүгіров идеясындағы адам еді, ол неге үндемейді», М.Әуезов: «Жүргенов халық жауы болды. Ол халық әдебиетін алашорда жолымен ұғындырмақ болды. Ол халық әдебиетін алашорда жолымен ұғындырмақ болды және орыс халқының үлкен еңбегін пайдаландырмады». Ғ.Малдыбаев: «Мұқанов бастық болғаны әлі көргеніміз жоқ. Сәбит өзінің қателерін мойнына алып болған жоқ» деген сияқты сөздерді қадай –қадай айтып, жазушылардың жалпы қалалық жиналысы қаулы алды"[15,28].
«Екі жүзді халық жауларының көп жауларының көп уақыт әшкереленбей қастық істеп келгенін қастық келгенін көрмей қалуға себеп –жазушылар ұйымынд, Сталин жолдас айтқандай, саяси бейғамдық , шірік либералдық аурулардың көп орын тебуінен. Қазақстан совет жазушылары бұрын –соңды басшылығында болып келген Мұұқанов, Сейфуллин, Майлин жолдастар халық жауларын кезінде жеріне жете әшкерелей алмаған, олардың көп қылықтарына мән бермеген, либералдық істеп, өздері де көп саяси қателер жіберген. Жазушылар одағы правлениясының бастығы Мұқанов жолдаста ұйым жұмысындағы Жансүгіров, Қоңыратбаев, Тоғжанов, Қуанышев сынды жаулардың зиянкестігінен қалған теріс тәжірибе бар» [16,20].деген сөздер көп кешікпей қаралау құжатына айналды.
М.Қаратаевтың «Қазақ әдебиетінде авербақшылықтың қалдығын толық жою керек» деген мақаласындағы және қалалық жиналыста жасаған баяндамасындағы ойлар «Казахстанская правда» газетінің бетінен шыққанда талқандағыш күшке айналып кетті. Ал Сәкен жайына ойысқанда «Всего лишь несколько месяцев тому он назад он перецздает свсой, с позволенья сказать, «исторический» роман «Трудный путь, тяжелый переход», где не постыдился себя героем изобразить и привести целую серию контрревалюционернных алашординских документов и портретов врагов народа. Это своеобразная вражеская энциклопедия» [17,25].деп халықтық шығарманы даттап, Сәкенді жар басына әкеп қойды. Осының нақты сипатын аңғартқан Сәкеннің ең соңғы ең соңғы хатын.
«Гулбахрам!
Менің кітап тұрған шкабымда дүрбі (венокль) бар. Шығарда соны ала кел. Тауды дүрбімен көру керек екен. Құлыптың кілтін Никельден беріп жібердім. Жоғалтып алмай кілтті ала кел. Үйді ұрлапкетпесін. Мықтап тапсыр. Әлгі Сараны үйге тастап кет. Әйтпесе аналар ұрлатып алар. Сәкен 21 сентябрь, 1937 ж.» [18,20].
Жайма – шуақ, дүниеде болып жатқаннан хабары жоқ, өзімен - өзі қиялдап жүрген жанның сөзі сияқты. Әрине, дүние ыстық қой, ұрлатып –жырлатып, шашып –төкпеу дегендері ұқыптылыққа байланысты –ақ болар. «Ал «Тауды дүрбімен қарау керек екен» дегеніне қайран қалмасқа болмайды. Аян деп атын қойған жалғыз ұлы, денсаулығына дімкестігі бар жары Гүлбаһхрамды таза ауа, бал қымызбен сауықтырып алуды көздеген Сәкен жұрттың көзіне түсе бермеуді қалаған сияқты. 1937-жылдың жазынан күзіне дейін, яғни, 23-қыркүйекке дейін Алатаудың ең бір шырайлы да сәнді Тұлғарының бауырына киіз үй тіктіріп, екі бие саудырғанды. Сәкен Талғардың шыңына шыққан –ақ шығар, ал сол кезде үндемей –түндемей талайларды алып кетіп жатқан қара машинаны бақылау үшін дүрбі керек болды ма деп те ойлаймын. Төменнен шаңдатып келе жатқан қара машинаны дүрбімен алыстан көру, тану, оңай ғой. Сондай сәттетаса іздейін, шатқал ішіне кіріп кетіп, аз күн болса да, азаттық ауасын жұта тұрайын деп ойлады ма екен. Әйтпесе, бүгін –ертең көщшейін деп жатқанда аспанмен тілдескен әсем Алатауды дүрбімен соңғы рет көріп алайын деді ме екен, осы дүрбінің символикалық бір сыры бар.
Сәкен десе ішкен асын жерге қоятын, оның абырой –даңқына шаң жуытпайтын. Қаскей Өтекин ақсақалдың «1937-жылдың жазында Сәкен Алатаудың» бір қойнауына үй тікті. Анда –санда барып қоямын. Келген –кеткеннен ептеп шошитын сияқты. Алматыдағы науқан күннен – күнге күшейе түсуде. Таңертең қызметке келмей қалған бүлкен қызметкерлердің саны көбейе берді. Сәкеннің де көңіл –күйі бапсыздана бастағанын байқаймын. Соңғы күнрдерде ұзақ сапарға жүретін адамша даярлыққа кіріскені байқалды: чемоданын реттеп, оған салатын заттарын (көйлек –дамабал, орамал, сабын тәрізді), хром етігін, былғары пальтосын даярлағанын көрдім» «Көкшетау правдасы» дегені әлгі жорамалды растай түскендей. Өйткені, Сәкен таудан көшіп күннің ертеңінде, 24-қыркүйекте тұтқындалды.
Осындай зобалаң болып жатқанда бірде –екілі болса да адал, жаны таза, ары биік адамдар да кездесті. Қ.Исабаев «Қазақ әдебиеті» газетінде шыққан «Чекист Жақыпов» деген эссесін кейін повеске айналдырып жазған болатын. Ондағы деректің шын екенін Сәкендей ардагерлердің елге қаншалықты қадір –қасиетті болғандығын Г.Аксельрод «Казахстанская правда» газетінің 1965-жылғы 17-қаңтарындағы санында: «Жакупов на одном из оперативных освещании вовсеуслышание заявил:
- Сажать Сакена не буду! На учил Дзержинский карать истинных врагов. Жакупов пишет письма Сталину, Ежову, Вышинскому. Эти письма нельзя ч итать без душевного волнения. Меньше всего он говорит о себе. Джакупов защищает Сакена Сейфуллина, Сейткали Мендешева, Нигмета Нурманова и некоторых других видных деятелей культуры Казахтана, с потрясающей убедительность вскрывая всю абсурдность выдвинутых против них обвинении», - деп жазғанын оқығанда жаның түршігумен қатар, Сәкеннің дайындалып отыруы, көпке дейін тұтқындалмауы осындай ер –азаматтардың әрекетінен екен ғой деп түсінгендейсің"[17,24].
26-қыркүйекте Мәскеуден оралған Сәбит Мұқанов 3-қазаннан бастап Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төреағалығынан босады, партиядан шығарылды.
Сонымен, құйындата соққан қара дауылдың алғашқы кезегіндегі қазақ халқының мақтаныштары, әдебеитті өрге сүйрелеген ұлы дарындар қорлық көрсе, онан кейінгі екінші толқында таланттары танылып қалғандар, келешегінен үміт күттіргендер, үшінші кезекте осы қанды қырғынды көзімен көрген, кейде өздері араласып қойғандар әдебиет әлемінен аласталды. Көркем өнердің өңі қашып, қабағынан кірбің кетпей, ажары солғындады.
Қазақ әдебиетінің шаңырағы құлауға сәл –ақ қалды. Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин, Өтебай Тұрманжанов, Зейін Шашкин, Қадыр Тайшықов, Мәжит Дәулетбаев, Сәйділ Талжанов, Құлмырза Өтепов, Сағыр Камалов, Хаиза Жүсіпбеков, хамза Есенжанова, Рахымжан Жаманқұлов, Хасен Өзденбаев, Әзімбай Лекеров, Тұрлыхан Хасенов, Әлібек Қоңыратбаев, Абат Әлібаев, Көшке Кемеңгеров, Ыдырыс Мұстамбаев, Мансұр Гатауллин, Рахым Уәлиахметов, Орынбек Беков, Еркінбек Дүйсенбеков, Мұхамеджан Қаратаев т.б. сынды қаламгерлердің әдебиет майданынан аластаулы ойсыраған олқылыққа кезектерді, дағдарысқа ұшыратты. Әйтеуір құдай дес бергенде, қазақтың халық поэзиясының құнарлы арнасының сарқылмағандығы осы тұста Жамбыл атымен атой салып, көркемдік дүниесінеде болып жатқан зілзаланы шапанының етегімен көлегейлйді. Қабындап өсіп келе жатқан жас толқын ағалар арқалар көркемдік ауырлықты белдері қайыса, бақайлары майыса әзер дегенде көтеріп кеткені абырой болды. Әйтпесе, «Қазақ әдебиеті деген ақтаңдақ» пайда болуға әзер – ақ қалған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |