ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің мәселелерін зерттеудегі ізденістер
Сәкен Сейфуллинмен қатарласа шыққан, өзінің қаламгерлік жолын төңкерістен кейін бастаған, тегі ұлт (татар) болса да, шығармаларын қазақ тілінде жазған қаламгер Сабыр Шарипов туралы да екі ғалым біраз ой-пікірлер білдіреді. Б.Кенжебаев өз еңбегінде осы аты аталған қаламгердің "Рузи Иран" сияқты очеркі жөнінде: «..ол жанынан ештеңе қоспаған, тек бар тұрмысты, болған оқиғаны суреттеген",- деп тұжырымдайды. Бұл пікірмен келісе қою қиындау. Өйткені, кез-келген қаламгер бір шығарма жазарда қандай мәлімет болса да өз ой елегінен өткізіп алады да, сосын барып, көркем туынды жазуға кірісетіні анық. Ғалым әлгіндей ой білдіргенде қаламгердің қолына түскен мәліметін пайдалана салғанын айтқанға саяды. Неге десеңіз ол алдында қаламгердің ізденісі туралы және одан шыққан нәтиже жөнінде: "...жазушының Иран өмірі туралы көрген-білгендері мен естігендерінің қорытындысы", - деп айтқан еді. Десек те, Б.Кенжебаев Сабырды: "...төселген, талантты, мәдениетті, тәжірибелі прозаик",- деп таниды"[18,23].
Ал ғалым Т.Кәкішевтің Сабыр Шариповтың шығармашылығы жөнінде ой-тұжырымдары өзгешерек. Ол: «Сабырда динамиалық сабырлы сазбен кейіпкердің ішкі дүниесін ашу мақсаты көзделген, өмір шындығы түнерген қара бұлттай сұсты болып, өзінің этнографиялық сипаттарымен суреттеледі»[19,24] - деп Т.Кәкішұлы қаламгердің шығармашылығының қыр-сырын аша сипаттайды, 1959 жылы жазған зерттеу-мақаласында, Сабырдың шығарашылығына Т.Кәкішұлы кеңінен тоқталады. Оның өмірбаянынан нағыз әдебиет тарихшысына тән мәлімет береді.
Т.Кәкішұлы қоғам қайраткері әрі қаламгер Сабыр Шариповтың бар шығармашылығына шолу жасап қана қоймайды. Әдебиеттанудың теориясын терең меңгерген ғалым оның әр шығармасын накты теориялық тұрғыдан талдап, өзінің танымы бойынша анықтама беріп отырады. Ол анықтамалар Сабырдың, қаламынан туған дүниенің қоғамдық мәні мен көркемдік ерекшелігін, тақырыбы мен сюжет желісін, әдебиеттегі тіл қолданыстарының ерекшелігін танытарлық дәрежеде пайымдалған.
Жалпы, әдебиеттанудың тарих, сын, әдістеме сияқты үш негізгі саласы бар десек, екі ғалымның екеуі де сол адамдардың барлығына қалам тартқан қаламгерлер екенін жоққа шығара алмас.
Зерттеген дәуірлері бір, қарастырған мәселелері арпалысқан кейбір ақын-жазушыларға келгенде білдірген пікірлері бір жерден шығып жатқан Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішұлының еңбектеріндегі өрелес ой-пікірлері олардың рухани жақындығына мысал бола алады. Кішігірім мақалада осындай ауқымы кең дәстүр жалғастығы, рухани жалғастық туралы кейбір ой аңғартуды ғана мақсат еттік. Сондықтан әдебиет тарихын зерттеген екі ғалымның шығармашылығындағы кейбір зерттеу объектілерінің ұқсастықтарына ғана тоқталдық. Одан өзге пікір алшақтықтары мен арналастығын анықтау әлі алдағы күннің еншісі"[20,23].
Көптеген монографиялардың авторы Бейсембай Кенжебаевтың шығармаларының тәртібінен ғалымның ғылым жолында, тарихи түрде тұжырымдауларда басынан кешірген қиындықтардан XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихына деген көзқарасының эволюциямен дамып, ой-өрісінін өсу жолын анық байқауға болады. Әрі бұдан сол жылдардын ғасыр басындағы әдебиетке деген көзқарас та анық көрінеді.
Ал Тұрсынбек Кәкішұлы - болса осындай ғалымның шыдамдығы адалдығына тәнті бола отырып өзі де адалдық дәстүрді ұстануды мұрат еткен. Сондықтан болар ұстаз бен шәкірттің арасындағы рухани үйлесімділік пен шығармашылық сабақтастық терең де мағыналы көрініс тапты.
Өмірде кез-келген пайда болған соны ой мен көзқарас өзіне дейінгі жетістіктердің жемісі десек Т.Кәкішұлынын да рухани даму жолындағы игі ізденістерінде алдындағы ұстаздары мен ағаларының өрелі ойлары мен жалғап сара жолдарынан сусындаған. Сонымен бірге дәстүрден үйренуші ғана емес ғылымда өзіндік ойы меп пікірін қалыптастырған, ғылыми қолтаңбасы айқын ғалым-ұстаздың ұлылығын бойына сіңіріп, өзі де сара жол да ұстаздық ете білудің игі дәстүрін жалғастыру арқылы өмір жалғасады. Бұл рухани, әдеби жалғастық болашақ ұрпаққа үлгі етуге тұрарлық құбылыс, сондықтан да білімділік пен адалдықтың нышанын өз қондыра білсек, оның өзі - үлкен рухани ғибрат"[21,25].
"Оңаша отау" атты монографиям шәкірттік парызды атқарудың нақты дәлелі болса екіншіден, осындай игі өнегесі мол ғұламаны өзінің ел-жұртына бар қадір-қасиетімен таныстырудың шын-ғылыми жолы деп түсініп келіп ем" - деп Т.Кәкішұлының сөзі түрткі болды"[22,26].
Сондықтан мақала - Б.Кенжебаев ғылымда белсенді азамат болып жүрген кезде әдебиетке араласа бастаған Т. Кәкішұлы екеуінің шығармашылықтарының арналастықтарын табу арқылы, ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани жалғасқан дәстүрді, содан тараған ғибратты жазып, көрсетуден талпыныстың бірі. '
Әдебиеттің тарихы, әдістемесі, сыны, библиогафиясы, тб. сол сияқты арналары әр түрлі дәрежеде зерттеліп жатыр. Алайда зерттеулері шығармашылықтары арқылы, айтқан сөз бен жазылған ойларының арқасында бір тақырыпқа әр қырынан келу қаламгерлердің әдістемесі, шығармашылық шеберханалары жалпы, дәстүр жалғастығы жөнінде тікелей өз дәрежесінде айтылмай жүрген жиі бар.
1959 жылы Отан күрескері С.Сейфуллин ақтала салысымен-ақ оны зертгеп-тануда жаңа бір леп пайда болған-ды. Өйткені, ақынның шығармашылық жөнінде, әсіресе, оның "Тар жол, тайғақ кешуінің» жанры жөнінде түрлі пікірлер қалыптасты Б.Кенжебаев дәйекті дәлелдер келтіре отырып, 'Тар жол, тайғақ кешу" мақаласында бұл шығарманы "көркем очерктер циклі" ретінде таниды. Өйткені, бұл шығармада очерктерге тән белгілердің бар екенін теориялық тұрғыдан саралап, талдайды. Осы ретте Б.Кенжебаев: «Тар жол, тайғақ кешудің" қай жанрғаа жататынын анықтағанда дәуірге жүгінумен бірге, көбінше шығарманың өз мазмұны мен стиліне жүгінген " жөн болады",- деп ғылыми ой түйіндейді .
Ал Сәкеннің толық ғұмырнамасын тарихи деректер арқылы егжей-тег-жейлі қарастырған Т.Кәкішұлының бұл шығарманы танудағы ұғым-түсініктері өзгешерек. Ол шығарманы «роман-хроника» деп таниды. Бұл орайда ғалым көптеген құжаттардың келтірілуі олардың жымын білдірмей қиюласа алынуы осы шығарманы роман-хроника деп атауға мүмкіндік туғызатындығын ой қазық етеді.
Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішұлының XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиетке қатысты пікір жақындығына қоса өзгеше тұжырымдары да байқалады. Ол Баймағамбет Ізтөлин мен Сабыр Шариповтың шығармашылықтарына талдаудан анық көрінеді.
Ол Баймағамбеттің өлендеріне карац оның шығармашылық жолын импровизациялық өнерден бастағандығын айтады. Және де төңкерісшіл әдебиттің өкілі Баймағамбетте өзгелерге қарағанда "революциялық романтика басым", деп жазады ол.Ал Тұрсынбек Кәкішұлы болса дәстүр жалғастығына терең назар аударады. "Баймағамбеттің көркем сөз эстафетасын кедей-жарлының мүңын мүңдап, жаңа заманда өр дауысын таныта бастаған Сәбит Мұқановтар жалғастырып әкетті". Әрі ғалым Баймағамбеттің мұраларының сақталуына, әдебиет тарихында оның есімінің өз орнын алуына үлес қосқан қаламгерлерді де атауды жөн санайды С.Мұқановтай қаламгерлердің «Қызыл Қазақстан» журналының ақын мұраларының жоғалып кетпеуіне ұмтылғанын айтады. Б.Кенжебаев «Баймағамбетте революциялық шығармалар басым болды» дей келе, оның шығармаларындағы тақырыптардың әрқилығына тоқталса, Т.Кәкішұлы оның төңкерістен кейінгі жылдары жаңа әдебиетте өз үлесін қосқандығын: "Баймағамбет Ізтөлин өзінің революциялық іс-әрекетімен, ағартушылық игі тірегімен ұштастыпыры, дәстүрлі поэзияның ықпалшыл қуатын еселей түсті",- деген тағы да сабақтастық ойымен нақтылайды"[23,26].
Әдеби сынға Абай атындағы педогогикалық институттың 2 курсында оқып жүргенде жазған «Идеясыз жинақ» мақаласымен келіп араласқан С.Қирабаев - өмір белендерін өнімді еңбекпен алып келе жатқан әдебиетші ғалым. Тай – тай басқан студенттер сардар сыншылыққа дейін, асперанттан академикке дейінгі ұзақ та жемісті жолда талай сын мақала, талай оқулық, талай монография жазылып, жарық көрді. Серағаң қаламынан туған дүниелер рецензиядан бастап шолып талдай жазатын проблемалық мақалаға дейін, оқу бағдарламасын түзу, оқу кітабын құрастырудан 12 – 13 рет қайта басылған оқулыққа дейін, очектен – шығармашылық сыни очерк кітабына дейін барлау мақаладан маңызды монографияларға дейін ұласын тауып жатады. Аға буынның тынымсыз ізденіп, өнімді жазатын мінезі, аға буынның әдебиет керегіне, халық кәдесіне жарайық деген оймен алуан жанрға барған жан – жақтылығы Серік Қирабаевқа да мирас болған. Ол - әдеби процесті үздіксіз бақылап, пікірін алғаусыз айтып, сын жазған сыншы, орта мектеп, жоғарғы оқу орындарына арнап оқулықтар, оқу әдістемелік еңбектер тудырған ағартушы – педагог, ғылым саласында маңызды монография, толымды зерттеулер берген ғалым. Айтылған жай, қалам тартқан жанрлардың қайсысын да Серік Қирабаев әдебиет ісінің ұйымдастырушысына айнала жүріп атқарғаны және мәлім.
Ойлап отырсақ, әдеби сынға үлкендердің үмітін оятқан түбітиек бала қалпында келген ол көрнекті ғалым, академик, Абай атындағы Мемлекеттік, Шоқан атындағы академиялық сыйлықтардың лауреаттары, Қазақстан, Қырғыстан Республикалары ғылымына еңбек сіңірген ғалым қайраткері биігіне дейін үш түлеп өсіпті.
«Алпысыншы жылға дейін Серік Қирабаев баспа, баспа сөз орындарында қос – қатар қызмет атқарған, әдеби ғана емес, түрлі өнер саласына сыншыл ой – пікірмен аралаысқан, көркемдікті – идеялық, эстетиталық талғамды социалистік реализм арнасына іздеген, уақыт талабын, байламын бүкпесіз айтатын белсенді сыншы райында көрініпті. Қазақ әдебиетімен Одақ әдебиетінің кейбір ақын жазушылары хақында қалам тербеу, аудармамен шұғылдану, көркемөнер жайында жазу – сыншының ізденіс өрісін, қалыптасу кезеңін байқатқандай . Алдындағы аға буын М.Әуезовтың – Абай, С.Мұқановтың – Шоқан, Б.Кенжебаевтың – Сұлтанмахмұт, Қ.Жұмалиевтің – Махамбет, Е.Ысмайыловтың – Жамбыл жайындағы ізденісі, сыни очерк, монография жазу дәстүрін жалғастырып, бұл жылдары әдебиетшінің «Спандияр Көбеев», «Ғабиден Мұстафин» секілді сыни очерк, монография беруі- уақытында үлкен табыс еді. Екі дәуірдің екі ақын, жазушысы шығармаларын жан –жақты талап, ашып көрсетуге бұл монографиялардың орны бөлек»[24,26].
Ал, саны көп сын мақалалардан бізге қазақ балалар әдебиеті жайында жазған мақала, рецензиялары көбірек ұнады. Сол мақалалар кезінде проблемалалығымен, танып айтып, талдай талап қоюымен көңілді өлең еткізген. Балалар әдебиеті –бейкүнә, жанап кетсең жаныңа шуақ ұялалататын кәусәр бұлақ секілді мөлдір әдебиет қой. «Пионер» журналындағы бас редакторлық қызмет әсері ме, әйтпесе балалар әдебиетін кенжелеп келе жатуы жанына батқаны ма, әйтеуір, Серағаң біраз жыл қазақ балалар әдебиеті мәселелерін назардан тыс қалдырмай айтып отырды, жазып жүрді. Осы әңгімені балалар әдебиеті ғана емес, сол жылдардағы әдебиеттің негізінен проза, поэзия жанрына қатысты деп айтуға болады.
Алпысыншы жалдарға дейін Серағаңның кандидаттық диссертация қорғауы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» атты іргелі томға «Ғабиден Мұстафин» секілді байсалды зерттеу еңбегімен қатысуы –сыншы өміріндегі елеулі, белесті сәттер. Міне, осы кезеңдерден бастап С.Қирабаев сыншылықпен бірге ғалымдықты да мақсат тұтты, табанды зерттеушілікке ден қойды. Кейбір сын мақалалармен Одақтық баспасөз бетінен көріне бастауы да –осы жылдар.
Серағаңның үшінші түлеуі, тіпті бөлек, ерекше өнімді, тура жолдағы, тазарту жолындағы табысты дүниелер болды ғой деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын басқара жүріп, қайта құру рухымен өмірге келген «ақтаңдақтарға» Серағаң алдымен себепкер басшы – ұйымдастырушы болып араласты. Ұлы Абайдың, алау ақын Сұлтанмахмұттың екі томдығы, жампоз жазушы Жүсіпбектің алдымен бір, соңынан бес томдығы, маздаған Мағжан, аяулы Ақаң, Жақандар,ғұлама Ғұмардың бір томдық еңбектерінің жарық көруіне тікелей атсалысты. Аталмыш «ақтаңдақтарға» айту, ашу, әділетті қалпына келтіру жөнінде қызметтік хат, мерейтой, конференцияларға байланысты баяндамалар жасау –міне, Серағаң басшы басшы бола жүріп атқарған істер. Демек, 90-шы жылдары, ғалым үшінші рет түлегенде, әдебиетке –ұйымдастырушы ретінде, өзіне дейінгі аға буын атқара алмаған міндеттерді мойнына ала отырып араласты дейміз.
Тек ұйымдастырушы ретінде ғана араласты ма әдебиетке? Жоқ. Әдебиетке білікті түрініп, еңбекші ретінде араласты. Серағаң қаламынан бұл кезеңде проблемалық мақала, алғысөз, баяндама, шығармашылық очерк, мақалалар жинағы туды. Солардың ішінен бізге «Жүсіпбек Аймауытов» (өмірі мен шығармашылығы -1994), «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» (1995) аталатын еңбектері ерекше ұнайды. Ғалым, сыншының шығармашылық үшінші тілеуінің жемісіндей болып өмірге келген осы екі еңбекке аз –кем аялдауға тура келеді.
«Жүсіпбек Аймауытов» -шығармашылық очерк кітабы. Сыншылық сапта жазылып, жарияланған көп мақаланы былай қойғанда, әрідегі «С.Көбеев», «Ғ.Мұстафин», берідегі «С.Сейфуллин» секілді толымды- толымды зерттеу еңбек –терін берген, енді келіп өзінің сол еңбектеріне ойлана қарап отырған кісіге бүгін келіп Ж.Аймуытов жайында зерттеу очерк кітабын жазу қайдан оңай болсын? "[25,28].
«Адамның шығармашылық түлеуі –оның ішкі жан дүнйесінің жаңаруынан бас талары хақ. Кейбір азаматтар С.Қирабаевтың арқалы ақын Қ.Аманжоловтың жөнінде ана бір жылдары артықтау сөйлеп жібергенін бетке шіркеу ететін сыңайлы. Алдымызда аға, жанымыздағы замандасқа сол диалектикалық көзімен қарауға жоқпыз. Қызық. Біле білсек, бетбұрысты Серік Қирабаев тап сол қасиетті хам қасіретті Қасым ақынның өзінен бастаған жоқ па?! Сөйтті. Жайшылықта арқалы ақынның жыртылысын жыртқансып жүретін көп қазақ Қ.Аманжоловты ұмытып кете жаздаған кешегі оның 80-жылдығы тұсында, ақын өлеңдерін түгелге жуық жатқа білетін, қай өлеңінің қандай жағдайда, қандай қасіретке ұшырап жұлмалағанын, қалт жібермей қадағалаған әдебиетші оның бір томдығына ауыз сөз жазды. Алғы ауыл сөздердің шынайылығы, текстологиялық жеттілігі бізді қатты қызықтырды. Бетбұрыс берекесіндей болып «Ж.Аймауытов» зерттеу еңбегі келді дүниеге. Елемеуге бола ма? Жоқ. Болмайды! Болмайтын себебі, бұл еңбек екі жақты жаңалықты мәнге ие. Алдымен Аймауытовтай алыпты қалам қуатымен қайта «тірілтуіміз» -қасиет содан соң автор үшін де»[26,30].
Басы шарға түсіп, тағдыры төлкекке айналған Ж:Аймауытов әдеби мұрасы әлі түгел жинақталып жеткен жоқ. Ал, қолға түскен, жинақталып жарияланған дүниелері барынша қауымды жорға стиль, төгілген тілі, көркемдік нәрімен таңқалдыруда. Қандай көрнекті қаламгерден айрылғанын үлкен - кіші бүгінгі күні шамалауда. «Өмірінен деректер», «Алғашқы ізденістер», «Үлкен прозаның тұңғышы», «Ақбілек» секілді тарауларға жүйелене жазылған «Ж.Аймауытов» -алыптар тағдырына деген берекелі бетбұрыстың басы. Бұл еңбек –жүсіпбектанудың алғашқы қазық қадаларының бірі. Бұрын «Берекелі бетбұрыс» аталған мақаламызда айтылғандай, еңбектің бағалы бір сипаты, ғалым жаңа зерттеуі тұсында өзінің ертеде айтқан пікірлерінің бірсыпырасын қайта қараған. Айталық, бұрындары «Қалың малды» - қазақтың алғашқы романы ретінде қарайтын Серағаң бұл жолы райдан қайтады. Бұрынғылары «Тар жол, тайғақ кешуді» үлкен роман үлгісі ретінде қарайтын зерттеуші «Бірақ, бұл тарихи –мемуарларлық кітап» -деп, біріншішілікті «Қартқожаға» ұсынды. Бұл жолдар мен ойларды өз пікір, көзқарасын қайта қарудан бастап әдебиетшінің қазақ әдебиеті оның роман жанры жөнінде ақсәулелі, әділ байлам жасауы бар. Ғалымның өз концепциясын қайта қарап отырған әділетті жүрегі көрінеді. Сүйінесін.
Ағалық жасқа жеткен Серағаң ұлғайған жасқа, молайған тәжірибеге орай осы екі міндетті қатар атқаруға кірісті. Соңғы кезде жарық көрген – «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» -мақалалар жинағы бізге осындай ой түйгізді"[27,33].
Жинақтаған «Әдебиет пен өнер – ұлттық идеологияның маңызды саласы», «Әдебиет ұлттың рухани байлығы», «Қайта құру және әдебиет тану» секілді мақаларында бүгінгі таңда әдебиет ісін қалай ұмытамыз, әдебиетті қалай зерттеу керек? –дегендей методалогиялық мәселелер көтерілді. Расында, белгілі бір объектіні зертеу үшін методалогиясын меңгеру, концепсиясын айқындау шарт «Ешбір қоғам, мемлекет идеоллогиясыз өмір сүре алмайды. Идеологияның жоқтығы қоғамының даму бағдарын әлсіретеді, оны құлауға жеткізеді» деді ғалым. Жанашыр сөз. Қазақ әдебиетінің көп томдық тарихын жазу, оны методологиялық жағынан қалай жазу керектігі хақындағы ойлар – терең толғанысы. Бұл – зәру мәселе. Әттен, уақыт шіркін, қаражат жағдайы мұрсат бере ме?!Халық әдебметінің 150 томдық үлгісін бастырсақ деген ой да мейлінше ізгі. Бұл да бастала беріп, қағаз тапшылығынан тоқтап, жалғасын күтіп тұрған іс. Мұның бәрі не үшін? Әрине, әдебиет – үшін дейтін сәттер де болады. Бұл да тым жат пікір болмай қалды. Алайда, ғалым әлгі халық әдебиетінің 150 томдығын шығару, қазақ әдебиетінің көп томдығын жазуды - халықты рухани игілікке кенелту, осы уақытқа дейін үстем идеология салдарынан кеткен кемшілікті жөндеу, келешек ұлттық болмысы мықты, есті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында айтып отыр. Түптің түбінде осындай әдебиет істері ұлттық идеологияны қалыптастыруға сеп боларын, ал қалыптасқан идеоллгия халықты асыл мұраттарға жетелер деген оймен толғанады ғалым. Ұлы Абай әдеби ұрасынан бастап, әр буын ақын, жазушылары асыл туындыларын текстологиялық жағынан жіті зерттесек деген ойда келешекті көзей келер ұрпақты меңзей айтылған, методологиялық жетілділікке бастайтын ой. шортанбай, Жанақ, Ақан сері сынды азды – көпті зерттелген ақындар табиғаты жайында жаңаша сөйлеу, Ақаң, Жақаң, Мағжан, Жүсекен, Сұлтанмахмұт жайындағы мақалалар да көп жүк көтеріп тұрған дүниелер.
Достарыңызбен бөлісу: |