Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет128/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

әс-Сақафи
3
», – депті
4

ә) Иса қалай түседі? 
Дүниеге Дәжжал келіп жер бетінде ылаң салған соң, Аллаһ 
тағала көктен Исаны Дамаскідегі ақ мұнараның тұсына түсіреді. 
Иса түскенде мұсылмандар Дамаскіде қорғаныс шебін құрып, 
Дәжжал мен көпшілігін яһудилер құрайтын оның әскеріне қарсы 
соғысқа дайындалып жатады.
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Әл-Бұхари. 
3
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларының бірі. 
4
Муслим. 


144
 
 
Жабир ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Үмбетімнен бір топ ақиқат үшін 
Қияметке дейін соғыса береді. Сол кезде Мәриям ұлы Иса 
түседі. Олардың әмірлері: «Кел, бізге намазда имам бол!» – 
дейді. Ол: «Жоқ, Аллаһтың бұл үмбетке деген құрметі – 
сендер бір-бірлеріңе әмірсіңдер», – деп айтады», – деген
1

Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһ Мәриямұлы Мәсихті 
жібергенде, ол Дамаскінің шығыс тарапындағы ақ мұнараға 
үстіне екі киім киген, қолдарын екі періштенің қанатына 
қойған халде түседі. Ол басын еңкейтсе, (су) тамшылап, 
көтерсе, інжудей күміске (ұқсайтын су тамшылары) төгіледі. 
Оның демі (мұрнына) жеткен әр кәпір жантәсілім етеді, ал 
оның демі көзі жетер жерге дейін тарайды. Сосын ол 
Дәжжалдың ізіне түседі де, оны Лудд қақпасы (деген жерде) 
қуып жетіп, өлтіреді. Сонан соң Иса ибн Мәриям Аллаһ 
(Дәжжалдың бүлігінен) аман сақтаған адамдарға келіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет