Ақырет өткелдері


жартысына дейін батып тұрады»



Pdf көрінісі
бет158/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

жартысына дейін батып тұрады», – деп айтқан
2

Аллаһ тағала кәпірлер алдарында тұрған азапты көргенде, 
қайғыға түсетіні туралы хабар берген. Сол үшін де ол күн «қайғы 
күні» деп аталған. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Өздері сенбей 
бейғамдықта болғандарға іс бітіп кететін қайғы күнін 
ескерт»
3
, – деген. 
Аллаһ тағала кәпірлер өкінгеннен қолдарын шайнайтынын 
баяндап: «Ол күні әр залым өз қолын шайнап: «Әттеген-ай! 
Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді!» – дейді. «Маған 
нендей өкініш! Әттең! Пәленшені дос етіп алмағанымда еді!» 
– (деп өкінеді)»
4
, – деген. 
Аллаһ тағала кәпірлердің күнәлары кешірілмейтініне көздері 
жетіп, Өзінің мейірімінен күдер үзетіндерін: «Қиямет болған 
күні күнәкарлар күдер үзеді»
5
, – деп сипаттайды. 
Аллаһ тағала кәпірлердің сол күні топырақ болып кетуді 
армандайтынын: «Кәпір: «Әттең! Топырақ болғанымда ғой!» – 
дейді»
6
, – деп хабарлайды. 
Екінші: Кәпірлердің игі амалдары зая кетеді. 
Кәпірлердің амалдары екіге бөлінеді: 
1) Бұзақы күнә істері. Аллаһ тағала бұл істерді бірін-бірі 
қаптаған қараңғылықтарға теңеп: «Немесе олардың мысалы: 
1
«Мутаффифин» сүресі, 6-аят. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 
3
«Мәриям» сүресі, 39-аят. 
4
«Фурқан» сүресі, 27-28 аяттар. 
5
«Рум» сүресі, 12-аят. 
6
«Нәбә» сүресі, 40-аят. 


178
 
 
терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, 
оның үстін бұлт қаптаған қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. 
Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Аллаһ нұрын 
бермегеннің нұры болмайды»
1
, – деген. 
2) Садақа беру, туыстық қарым-қатынасты сақтау, игі істерге 
қаражат жұмсау т.б. амалдары. Аллаһ тағала кәпірлердің игі 
амалдарын бір аятта сағымға ұқсатып: «Сондай кәпірлердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет