Ақырет өткелдері


«Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан



Pdf көрінісі
бет160/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

«Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан 
болады»
1
, – деген. 
Ол күні тозақылар бір-бірімен айтысады: Аллаһтан өзге 
құлшылық етілгендер өздеріне құлшылық еткендермен, көсемдер 
өздеріне ілескендермен, әлсіздер күштілерімен, кісі шайтанымен 
және өз дене мүшелерімен айтысады. 
1. Аллаһтан өзге құлшылық етілгендер мен оларға құлшылық 
еткендер арасындағы айтыс туралы Аллаһ тағала: «Азғындарға 
тозақ көрсетіледі. Оларға: «Құлшылық еткендерің қайда? 
Аллаһтан өзгелер сендерге жәрдем ете ме? Яки өздеріне 
жәрдем ете ала ма?» – делінеді. Құлшылық етілгендер де, 
азғындар да, жаппай Ібілістің әскерлері де тозаққа етпетінен 
құлатылады. Олар онда: «Аллаһқа серт! Расында, біз 
сендерді әлемдердің Раббысына теңестіргенімізде анық 
адасуда болыппыз ғой! Бізді күнәкарлар ғана адастырған 
екен», – деп айтады»
2
, – деген. 
Бұл – Аллаһтан өзгеге табынғандардың жалған құдайларына 
айтқандары және оларға адасушылықпен табынғандарын кеш 
мойындап, өкінгендерінен айтқан сөздері.
Ал құлшылық етілген ізгі кісі немесе періште болса ол өзіне 
құлшылық етілгенге разы болмай, олардан бойын аулақ салады. 
Негізінде, кәпірлер періштелерге емес, жындарға құлшылық 
1
«Зухруф» сүресі, 67-аят. 
2
«Шұғара» сүресі, 91-99 аяттар. 


180
 
 
етеді. Бұл жөнінде Аллаһ тағала: «Ол күні Аллаһ оларды тұтас 
жинайды. Сосын періштелерге: «Осылар сендерге табынушы 
ма еді?» – деп сұрайды. (Періштелер): «Сен Пәксің! Біздің 
иеміз олар емес, Сенсің! Керісінше, олар жынға табынатын 
еді. Олардың көбі соларға сенуші еді», – деп айтады»
1
, – деп 
баяндаған. 
Мәриямұлы Исаға (аләйһис-сәләм) құлшылық етілгені жайлы 
Аллаһ тағала: «(Қиямет күні) Аллаһ: «Ей, Мәриямұлы Иса! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет