дейді. Сонда (пенде) өзінше: «Маған қарсы кім куәлік береді
екен?», – деп ойлайды. Сонда оның ауызы бекітіліп, оның сан
жамбасына, етіне, сүйегіне: «Сөйлеңдер!» – делінеді. Сонда
оның сан жамбасы, ауызы, сүйектері оны өтірікке шығару
үшін не істегенін айтады. Бұл – мұнафиқ! Міне, осыған Аллаһ
ашуланады!» – деген
1
.
1
Муслим.
184
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Бірде Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) алдында болғанымызда, ол күлді де: «Неге
күлгенімді білесіңдер ме?» – деп сұрады. «Аллаһ және Оның
елшісі жақсы біледі!» – дедік. Сонда ол: «Раббысы мен пенденің
арасында болатын әңгімеге (күлдім. Пенде): «Раббым! Мені
зұлымдықтан қорғаған жоқсың ба?» – дейді. (Аллаһ): «Иә», –
дейді. (Пенде): «Сол үшін менен куә болмайынша, жазалануға
көнбеймін», – дейді. (Аллаһ): «Ардақты жазушылар куәлікте
жеткілікті болғандай, сенің өзіңде де бүгін куәлар
жеткілікті», – деп, оның ауызы бекітіліп, дене мүшелеріне:
«Сөйлеңдер!» – делінеді де, (дене мүшелері) оның амалдары
жайлы сөйлейді. Сосын оған қайта сөйлеуге мүмкіндік беріледі
де, ол (пенде дене мүшелеріне): «Құрып кетіңдер! Жоғалыңдар!
Мен сендер үшін тырысып жатсам!» – деп айтады», – деп
айтты», – деген
1
.
6) Дене мен рух арасындағы айтыс туралы Абдуллаһ ибн
Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Қиямет күні адамдар
арасында дау-дамай рух пен тәннің дауласуына дейін
жалғасады. Рух тәнге: «(Жамандықтарды) сен істедің», – дейді.
Ал тән рухқа: «Маған әмір берген сенсің», – деп айтады. Сонда
оларға төрелік етуге Аллаһ бір періштені жібереді. (Төрелік
етуге жіберілген періште ол екеуіне): «Расында, сендердің
жағдайларың мүгедек пен соқырдың жағдайындай. Ол екеуі бір
баққа кіреді. Мүгедек (ағаш бұтақтарындағы) жемістерді көріп,
соқырға: «Мен жемістерді көріп тұрмын, бірақ оған шыға
алмаймын», – дегенде, соқыр: «Бері кел! Менің үстіме шық!» –
дейді де, соқыр келіп мүгедекті көтеріп, екеуі жемістерді
жинайды». Періште (рух пен тәнге осы мысалды айтып): «Енді
екеуінің қайсысы жазалану керек?» – деп сұрағанда, олар: «Екеуі
1
Муслим.
185
Достарыңызбен бөлісу: |