Ақырет өткелдері


елшілерден басқа ешкім сөйлемейді. Ол күні елшілердің



Pdf көрінісі
бет214/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   255
елшілерден басқа ешкім сөйлемейді. Ол күні елшілердің 
дұғасы: «Уа, Аллаһ! Құтқара гөр, құтқара гөр!» Тозақта 
сағданның тікенегі сияқты ілмек бар», – деген. (Пайғамбар 
(с.а.с.) сахабалардан): «Сағданды көргенсіңдер ме?» – деп 
1
Муслим. 


234
 
 
сұрайды. Олар: «Иә, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп жауап береді. 
Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Шын мәнінде, ол сағданның 
тікеніне ұқсайды. Бірақ оның үлкендігін бір Аллаһ қана біледі. 
Адамдарды амалдарына қарай тартып әкетеді», – депті
1

Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын): «Тозақты есіме алып 
жыладым», – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сені жылатқан не 
нәрсе?» – деп сұрайды. Айша: «Тозақты есіме алып жыладым. 
Қиямет күні отбасыларыңды еске аласыңдар ма?» – дейді. 
Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Үш орында кісі ешкімді есіне 
алмайды: таразыда; таразысының жеңіл не ауыр тартқанын 
білгенге дейін, кітаптар көктен түскен кезде; кітабының 
қайда түсетінін, оң қолына ма яки сол қолына ма (соны) 
білгенге дейін және жаһаннамның үстіне сират құрылған 
сәтте өтетінін немесе өте алмайтынын білгенге дейін», – 
деген екен
2

ғ) Қантара 
Сонымен, сираттан аман-есен өткен мүміндер жаннатқа 
кіруден бұрын тозақ пен жаннат арасындағы Қантара деп 
аталатын тағы бір көпірдің үстіне тоқталып, ол көпірде бір-
бірінің арасында дүниеде өткен зұлымдықтар үшін кек, қысас 
алынады. Есептесіп болған соң, жаннатқа кіруге рұқсат етіледі. 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мүміндер тозақтан құтылған соң, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет