Ақырет өткелдері


-белгі: Базарлардың бір-біріне жақын орналасуы



Pdf көрінісі
бет92/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   255
24-белгі: Базарлардың бір-біріне жақын орналасуы 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Фитналар бой көтеріп, өтірік 
көбейіп, базарлар жақындаспағанша, Қиямет келмейді», – 
деген
2

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «базарлар жақындаспағанша» 
деген сөзінің түсіндірмесіне ғұламалар мынадай пікірлер 
білдірген: 
1. Адамдардың нарық бағаларынан тез хабардар болуы
2. Бір базардан екінші базарға, арасы ұзақ болса да, тез арада 
жетуі; 
3. Барлық базарларда бағалардың шамалас болуы. 
1
Әл-Бұхари. 
2
Ахмад. 


104
 
 
25-белгі: Ислам үмбетінде ширктің пайда болуы 
Саубан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер үмбетіме қылыш қойылса, одан 
Қияметке дейін көтерілмейді
1
. Менің үмбетімнен бір 
тайпалар мүшріктер сияқты пұттарға табынғанға дейін 
Қиямет келмейді», – деген
2

Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Лат пен Уззаға ғибадат етілмейінше, 
күн мен түн кетпейді», – деген. Сонда Айша анамыз: «Уа, 
Аллаһтың елшісі! Мен Аллаһ тағаланың: «Ол елшісін 
туралықпен және мүшріктер (хақ дін Исламды) жақтырмаса 
да бүкіл діндерге үстем болатын хақ дінмен жіберді»
3
, – деген 
сөзі түскен кезде бұл аяғына жетті деп ойлаған едім», – дейді. 
(Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол әлі Аллаһ қалаған мерзімде болады. 
Сосын Аллаһ жағымды жел жіберіп, жүрегінде тозаңның 
салмағындай иманы бар адамдар өледі де, қайыры жоқтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет