Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет115/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Дәжжал сол көзі соқыр, шашы қалың», – 
деген
1

Әнәс (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Екі көзінің арасында «кәпір» деп 
жазылған», – деген
2

Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен 
хадисте «оң көзі соқыр» делінсе, Хузайфа (Аллаһ оған разы 
болсын) риуаят еткен хадисте «сол көзі соқыр» делінген. 
Ғұламалар бұл туралы: «Екі көзі де айыпты. Оң көзі көр, солған 
жүзім сияқты, ал сол көзін шел басқан», – деген. 
в) Ибн Сайяд кім? 
Хадис кітаптарында Дәжжал аталған орында Ибн Сайяд 
аталмай қалмайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс 
аударып келгенде, мәдиналық яһудилерде яки ансарларда 
Абдуллаһ ибн Сайяд деген жас бала бар еді. Оның көріпкелдігі 
бар болғандықтан, сахабалар арасында «ол – Дәжжал» деген 
ойлар туындаған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да оның Дәжжал 
болуынан күдіктенген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ибн Сайядты Дәжжал 
деп ойлауының себебі, оның кейбір сипаттары Дәжжалдың 
сипатына сай келетін еді. Пайғамбар (с.а.с.) осы нәрсенің анық-
қанығына көз жеткізгісі келіп, біраз әрекеттер жасаған. 
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Омар 
Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бірнеше адам болып Ибн Сайядқа 
барады. Олар келгенде, (Ибн Сайяд яһудилер) қамалдарының 
тұсында балалардың арасында ойнап жүр екен. Ол кезде Ибн 
Сайяд естияр жасқа жақындап қалған болатын. Ол Пайғамбар 
(с.а.с.) өзін қолымен түрткенше байқамайды. Сосын (Пайғамбар 
1
Муслим. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 


130
 
 
(с.а.с.)) Ибн Сайядқа: «Менің Аллаһ елшісі екендігіме куәлік 
бересің бе?» – дейді. Ибн Сайяд (Пайғамбарға (с.а.с.)) қарап: 
«Сенің сауатсыздардың елшісі екендігіңе куәлік беремін», – дейді 
де, сосын: «Ал сен менің Аллаһ елшісі екендігіме куәлік бересің 
бе?» – деп сұрайды. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны мойындамай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет