Ақырет өткелдері


«Туылған кезіндегі дауысын сұра?»



Pdf көрінісі
бет117/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

«Туылған кезіндегі дауысын сұра?» – деп бұйырды. Оған қайта 
келіп сұрадым. Ол: «Бір айлық сәбидің дауысымен шыңғырды», – 
деді. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Мен саған (ойымда) 
бір жұмбақ жасырдым», – деді. Ибн Сайяд: «Шаң түсті 
қойдың тұмсығын және дұхан», – деп айтайын десе, дұханға 
тілі келмей, «дұх, дұх», – деп айтты», – деген
2

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «дұхан» (түтін) дегенде, Аллаһ 
тағаланың: «Ендеше, аспанның бір ашық түтін келтіретін 
күнін күт»
3
, – деген сөзін мақсат тұтқан еді. 
Ибн Кәсир (Аллаһ оған рақым етсін): «Ибн Сайяд жын тілінде 
сөйлейтін көріпкел еді. Жындар болса тілі келмей үзіп-үзіп 
сөйлейді. Сол үшін де ол «дұхан» деп айта алмай, «дұх» деді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сөздері шайтаннан екенін білген соң: 
«Жоғал әрмен! Шамаң келмейді», – деп айтты», – деген. 
г) Ибн Сайяд Дәжжал ма, әлде ол емес пе? 
Ибн Сайядтың Дәжжал болуы мүмкін екендігі жайлы әңгіме 
ел арасына кең таралып кетеді. Тіпті Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ 
оған разы болсын) адамдардың арасында, Пайғамбарымыздың 
1
Әл-Бұхари. 
2
Ахмад. 
3
«Дұхан» сүресі, 10-аят. 


132
 
 
(с.а.с.) алдында Ибн Сайядтың Дәжжал екендігіне қасам ішетін. 
Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын. 
Мұхаммед ибн әл-Мункадир: «Жабир ибн Абдуллаһты (Аллаһ 
оған разы болсын) Ибн Сайядтың Дәжжал екендігіне қасам 
ішкенін көрдім де: «Аллаһпен қасам ішесің бе?» – деп едім, ол: 
«Омардың осы үшін Пайғамбар (с.а.с.) алдында қасам ішкенін 
естігенмін. Пайғамбар (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын 
еді», – деп айтты», – дейді
1

Нафиғ: Абдуллаһ ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы 
болсын): «Аллаһпен ант етейін! Ибн Сайядтың Мәсих Дәжжал 
екендігіне күмәнданбаймын», – дейтінін риуаят еткен
2

Зәйд ибн Уаһбтан риуаят етілген хадисте Әбу Зарр (Аллаһ 
оған разы болсын): «Мен үшін Ибн Саидтың
3
Дәжжал екендігіне 
он рет қасам ішу, ол ондай емес екендігіне бір рет қасам ішуден 
жақсырақ», – деген
4

Нафиғтан риуаят етілген хадисте былай делінеді: Бірде 
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Ибн 
Саидты Мәдина көшелерінің бірінде кездестіреді. Абдуллаһ 
қараса, Ибн Саидтың бір көзі соқыр екен. Ибн Омар таңғалып, 
Ибн Саидтан: «Көзің қашан мен көріп тұрғандай болып қалды?» 
– деп сұрайды. Ибн Саид: «Білмеймін», – деп жауап береді. Ибн 
Омар: «Басыңдағыны білмейсің бе?» – дейді. Ибн Саид: «Егер 
Аллаһ қаласа, оны сенің таяғыңда қылар еді», – дейді. Ашуланған 
Ибн Омар оны асатаяғымен салып қалғанда, таяғы сынып кетеді. 
Қатты ашу қысқан Ибн Саидтың ісініп кеткені соншалық, жолды 
жауып қояды. Ибн Омар: «Аллаһпен ант етейін! Оны ұрғанымды 
сезбей қалдым. Сосын барып әпкем Хафсаға айттым», – дейді. 
Сол кезде Хафса оған: «Ибн Саидтан саған не керек болды? Сен 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Әбу Дауд. 
3
Ибн Сайядты Ибн Саид деп те атайтын. 
4
Ахмад. 


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет