Ақырет өткелдері


олар бір-бірімен сапырылысып жатқан сағымға ұқсас



Pdf көрінісі
бет210/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   255
 
олар бір-бірімен сапырылысып жатқан сағымға ұқсас 
тозақтың қасына жиналады да, тозаққа түсе бастайды. Бұл 
жағдай Аллаһқа құлшылық еткен игілер мен күнәкарлар ғана 
қалғанша (жалғасады)...», – деген
1

б) Сират көпірі 
Сосын мұсылмандар мен екіжүзділердің алдарына көпір 
қойылады. Бұл көпір – махшар мен жаннаттың арасын жалғаушы, 
тозақ үстінен жүргізілген өткел. Сол кезде көзге түртсе көргісіз 
қараңғылық болады. 
Айша (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбардан 
(с.а.с.) 
біреу: 
«Жер 
басқа 
жермен 
ауыстырылғанда адамдар қайда болады?» – деп сұрағанда, 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Олар көпір алдында қараңғылықта 
(болады)», – деп жауап берген
2

Сират туралы Аллаһ тағала: «Раббыңа серт! Әлбетте, олар 
мен шайтандарды (бір жерге) жинаймыз. Одан соң Біз оларды 
міндетті түрде тозақтың айналасына тізерлеген күйлерінде 
келтіреміз. Одан кейін Мейірімді (Аллаһқа) бәрінен де қарсы 
болғанды ортаға шығарамыз. Мұнан соң Біз олардың ішінен 
тозаққа кіруге лайықты болғандарын басқалардан жақсы 
білеміз. Сендерден (сират үстінен) өтпейтін ешкім жоқ. Бұл – 
Раббыңа міндетті болған бір үкім. Одан соң тақуа 
болғандарды құтқарып, залымдарды онда (яғни тозақта) 
тізерлеген күйлерінде қалдырамыз»
3
, – деген. 
Хасан әл-Басриден риуаят етілген мынадай бір нақыл сөз бар: 
«Бір кісі бауырынан: «Сен тозақтан өтетініңді білесің бе?» – деп 
сұрайды. Ол: «Әрине!» – деп жауап береді. Әлгі кісі: «Ал одан 
1
Муслим. 
2
Муслим. 
3
«Мәриям» сүресі, 68-72 аяттар. 


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет