Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет44/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   255
 
 
Яғни адам өлгенде оның көзінің ашық қалуы – көз жанарының 
шығып бара жатқан рухқа ілесуі болып табылады. 
Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
Әбу Сәләмәға кірді
1
. Оның көздері ашық қалған еді. Ол (с.а.с.) 
оның (көзін) жауып: «Жан шықса, көз ілеседі», – деді. Сол 
сәтте отбасымнан адамдар дауыстады. (Пайғамбар (с.а.с.))
«Өз-өздеріңе қарсы дұға қылмаңдар! Тек жақсылықпен (дұға 
қылыңдар). Өйткені періштелер сендердің айтқандарыңа 
«әмин» (қабыл болсын) деп айтып тұрады», – деп айтты», – 
деген. 
Міне, сондықтан да өлген адамның қасында тұрған 
жақындары қате бір нәрсе айтудан сақ болу керек. Өйткені 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай, сол сәтте періштелер 
адамдардың айтқанына «қабыл болсын» айтып тұрады. 
Осы себепті де Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһым! Әбу 
Сәләмәны кешір! Тура жол тапқандардың ішінде оның 
дәрежесін көтер! Оның артындағылардың (тірілердің) 
арасынан оның орнын басқыз! Бізді және оны кешір, уа, 
әлемдердің Раббысы! Оның қабірін кеңейт және ол үшін 
(қабірін) нұрландыр!» – деп дұға қылды
2

Сондықтан қайбір мұсылман жантәсілім еткен пендені көрсе, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай жоғарыдағы дұғаны 
айтуы керек. 
Амр ибн Астың (Аллаһ оған разы болсын) өмір жолынан 
мынадай бір әңгіме келтіріледі: Амр дүние саларда оның қасында 
ұлы Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бар 
еді. Ол әкесіне: «Уа, әкетай! Сен өлім келген кезде ақылды
1
Бұл жерде Әбу Сәләмәның (Аллаһ оған разы болсын) дүние салған сәті 
туралы айтылған. 
2
Муслим. 


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет