Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет46/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   255
 
 
Олай емес! Негізінде, бұл—ол айтатын бір сөз ғана. Олардың 
алдында олар қайта тірілтілетін күнге дейін барзах бар»
1
, – 
деп әңгімелейді. 
Әйтсе де мүмін пенде бойынан жаны шығар кезде Аллаһпен 
жолығуға асығып, тағатсызданады екен. Айша (Аллаһ оған разы 
болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім 
Аллаһпен жолығуды қаласа, Аллаһ онымен жолығуды 
қалайды. Ал кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та 
онымен жолығуды қаламайды», – деген. 
Мұны 
естіген 
Айша 
(Аллаһ 
оған 
разы 
болсын) 
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Шын мәнінде, біз өлімді жек 
көреміз»
2
, – дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Олай емес! Бірақ мүмінге 
өлім келсе, Аллаһ тарабынан разылық және сый-құрметпен 
сүйіншіленеді де, ол үшін алдындағыдан (өлімнен) сүйікті 
ештеңе болмайды. Сөйтіп, ол Аллаһпен жолығуды қалайды. 
Аллаһ та онымен жолығуды қалайды», – деген. 
Осылайша, мүмін адам Аллаһтың өзіне әзірлеген сый-
құрметіне ұмтылып, жанының тез шыққанын қалайды. Сондай-ақ 
Аллаһ тағала да пендесінің ықыласына қарай онымен жолығуды 
қалайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін әрі қарай жалғастырып: «Ал 
кәпірге (өлім) келсе, Аллаһтың азабы және жазасымен 
хабардар етіледі де, оған алдындағыдан жеккөрінішті ештеңе 
болмайды. Сөйтіп, ол Аллаһпен жолығуды қаламайды, Аллаһ 
та онымен жолығуды қаламайды», – деген
3

Сондай-ақ тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаназа 
оқылып, (табытты) еркектер желкесіне көтерген кезде (рух) ізгі 
болса: «Мені алып барыңдар», – дейді. Ал ізгі болмаса, өзінің 
1
«Муминун» сүресі, 99-100 аяттар. 
2
Яғни біздің бұл сезіміміз Аллаһпен жолығуды қаламағандығымызға 
жата ма деген мағынада. 
3
Әл-Бұхари. 


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет